Азаматтық қарсы тұру жылдарындағы Алаш қозғалысы және большевиктер


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

04. 02. 2021 жыл

Байжігіт Ұлжан

Топ 111

Тақырып: Азаматтық қарсы тұру жылдарындағы Алаш қозғалысы және большевиктер.

1. Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктері.

Азаматтық қарсы тұру Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылғы 26 қазанда Петроградта өткен Кеңестердің Бүкілресейлік II съезінде большевиктер барлық делегаттың үштен екі бөлігіне жетпейтініне, яғни - 390 адам болғанына қарамастан, 690 делегаттың төрттен үш бөлігіне жуығы билік Кеңестердің қолына берілсін деушілер жағында болды; «Бүкіл билік демократияға берілсін» деген әсер-меньшевиктерге дауыстың 15%-ы тиді, 7%-ы «Коалиция» ұранын қолдады. Дәл осының өзі большевиктердің көсемі В. И. Ленинге жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестерінің басым көпшілігі съезге қатысты, шаруа Кеңестерінен делегаттар келді, ОАК-нің (Кеңестердің Орталық Атқару Комитеті) бұрынғы құрамы өкілеттігін аяқтады деп атап көрсетуіне мүмкіндік берді, яғни оның пікірі бойынша «жұмысшы, солдат және шаруалардың басым көпшілігінін еркі» айқын білдірілді, сондай-ақ «жұмысшылар мен гарнизонный жеңіске жеткізген күресі» Кеңестердің II съезінде билікті өз қолына алуға негіз болды.

Съезд лениндік ұсыныс бойынша «барлық билік жергілікті жерлерде жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының Кеңестеріне өтеді» деген шешім шығарды. Қазақстан тәрізді «Ресейде қоныстанған барлық ұлттарға болашақта дамуы бағытын өзі анықтауға шынайы құқық беріледі» ұраны ұлттық өңірлер үшін аса маңызды болды.

Съездің Бейбітшілік және Жер туралы қабылдаған декреттері аштық пен шаруашылық күйзелістен қалжыраған халықтың басым көпшілігінің жаңа биілікті бірден қолдап шығуын қамтамасыз етті.

Керенский үкіметі құлап, оны қорғап қалуға орталықтан да, жергілікті жерлерден де ең болмаса бірнеше полк әскер табыла қоймады, мұның өзі Уақытша үкіметтің құлау сәтіне жеткенін дәлелдеп берді. Бірақ бұл Кеңес үкіметіне балама билік мүлде жойылды дегенді білдіре қоймады. Керісінше, Кеңестердің II съезінің қорытындыларын мойындамайтын, Ресейдегі заңды үкіметті озбырлықпен басып алу деп, Қазан қарулы көтерілісін айыптайтын бұрынғы биліктің жергілікті органдары, ұлттық-демократиялық ұйымдар, кейбір өңірлердегі қазақ әскерлерінің басшылығы түрінде әлі де сақталып қалды. Бұл күштердің қай-қайсысының да мақсаттары мен міндеттері әр түрлі болғанымен, оларды Кеңес өкіметіне және оның бағдарламалық идеяларына қарсы бірігуге алып келді. Сол себепті, басқа да өңірлердегі сияқты, Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату, отандық тарихнамада 70 жылдан астам уақыт айтылып келгеніндей, бірден «салтанатты шеру» бола қоймады. Шын мәнінде 1917 жылғы қазанның аяғы - Петроградта қарулы көтерілістің басты қорытындылары өлкеге белгілі бола бастағанынан бастап, 1918жылғы наурыздың басына - Верный (Алматы) қаласында большевиктер жеңіске жеткенге дейінгі кезеңде Қазақстанда 1918 жылы жаздың басында кең көлемдегі Азамат соғысы басталады деп күтілген еді. Кеңестерге қарулы қарсылық көрсетуші басты күштер қазақ әскерлерінің басшылары, кадеттер мен әсерлердің, халықшыл социалистер мен меньшевиктердің жергілікті ұйымдарының жетекшілері саналды. «Алаш» партиясының көсемдері тұтастай алғанда осы күштерді қолдап келді, дегенмен 1917 жылғы қазанның аяғы мен 1918 жылғы наурыз аралығында (Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату кезінде) олардың позициясы тактикалық жағынан елеулі өзгеріске ұшырады. Казан революциясынан көп бұрын-ақ қазақтың ұлттық-демократиялық қозғалысының көсемдері өз бағдарламалық көзқарастарын Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы жайлы өз бағдарламалық көзқарастарын кеңінен насихаттаған болатын, ал қарулы күрес Петроградта жеңіске жеткеннен кейін-ақ 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдос Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдулхамид Жүндібаев және Ғазымбек Бірімжановтар құрастырған «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Бағдарлама жобасында он тарау бар. Олардың әрқайсысына тақырыпша қойылған. Алаш партиясының көсемдері Петроградта қарулы күштердің жеңгені туралы хабарды ести салысымен Қазақстанда билік Кеңестердің қолына өтіп кетпеуі үшін нақты қадамдар жасай бастады. «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 26 қарашадағы, яғни Қазан революциясының келесі күнгі нөмірінде өз оқырмандарына былай деп үндеу тастады: «Ресей күйзелісті бастан кешіріп отыр, бір аяғы жерде болса, екінші аяғы - көрде. Ертең не боларын ешкім де білмейді . . . Біреулер тірі қалу үшін жанталасса, басқалары бұл бүліктен қалай шығамыз деп бас қатырады. Біз, қазақтар, оған қарап тыныш отыра алмаймыз. Мұндай қарбалас кезеңде заң жүрмейді, бізді ешкім де қорғамайды. Сол себепті біз, біріншіден, өлмей тірі қалу үшін, екіншіден, байлықтарымызды талан-таражға түсірмеу үшін, үшіншіден, бұл бүліншіліктен іргемізді аулақ салу үшін өз күшімізге ғана сүйенуге тиіспіз. Ол үшін ешкім де өз білімі мен күшін аяп қалмауға тиіс». Бұл қиын жағдайдан шығу жолын іздестіру үшін Алаш партиясының басшылығы II Бүкілқазақ съезін шақыруды ұйғарды. Съезді өткізу мәселесі бойынша құрамына Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Досжанов және Е. Омаровтар кірген комиссия құрылды. Осы комиссияның шешімі бойынша съезге әрбір уезден екі ақсақалдан және Қыр өлкесінің облыстық қазақ комитеттерінен екі мүшеден шақырылды. Олардан басқа қазақ қоғамы аса құрмет тұтатын 30 адамға шақыру жіберілді, олар: Омар Қарашев, Қайырша Ахметжанов, Ғабдолла Ешмұхамедов, Ахметжан мен Қожахмет Оразаевтар, Шәкәрім Құдайбердиев, Халел Досмұхамедов, Мұстафа Шоқай, Жаһанша Досмұхамедов, Бақтыгерей Құлманов, Шәңгерей Бөкеев, Есенқұл Машанов, Мұхаметжан Тынышбаев және т. б. Сондай-ақ «Ұран», «Сарыарқа» «Бірлік туы», «Тіршілік» және басқа газеттер өкілдеріне де шақырулар жіберілді. Съезд Орынборда 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында өтті. Оған қатысқан ташкенттік журналист былай деп нақты атап көрсетті: «Съезге қазақтың он облысынан - Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Ферғана, Сырдария, Каспий бойы және Астрахан губерниясындағы Бөкей Ордасынан 80-ге жуық делегат қатысып отыр. Олардың басым көпшілігі орысша жақсы сөйлейді. Көбінің жоғары және орта білімі бар, еуропаша киінген»

Қолданылған әдебиеттер

  1. Жаһид - арабтың жаһид немесе жуһуд сөзінен ауысып колданылған нұска, «тырысады, талпынады, күлшынады» деген мағынаны білдіреді (Борисов В. М. Русско-арабский словарь. Т. II. М., 1982, с. 332. )
  2. ↑ Тараки - арабтын тараққаи сөзінен ауысып колданылған нүска, «дамыту, өркендету» деген мағынаны білдіреді (Борисов В. М. Русско-арабский словарь. Т. II. М., 1982, с. 163. )
  3. ↑ «Астынғы» сөзі түпнүскада «астығы» деп қате басылды ма деген ойдамыз.
  4. ↑ Свободный Туркестан. Ташкент, 1918, 20 қаңтар.
  5. ↑ Сарыарқа, 1918, 25 қаңтар, №2.
  6. ↑ Қ. Р Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мұрағаты, 124-іс, І-т., 137-п.
  7. ↑ Нурпеисов К. Алаш и Алашорда (на каз. языке) . А., 1995, 156-6.
  8. ↑ Қазақ 1917, №255; Бөкейханов А. Шығармалар. А., 1994.
  9. ↑ ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мүрағаты, 124-іс, 6-т., 9-парактың сырты. Өз кезегінде Алашорда көсемі Ә. Бокейханов Қазақстанның (Қазақ автономиясынын) Түркістанмен (Қоқан автономиясымен) бірігуіне қарсы шықты. М. Дулатовтың айтуынша Ә. Бокейханов бұл туралы көзқарасын мына тұрғыда дәлелдеп шықты: «Орта Азияның халықтары, солардын қатарында өзбектермен бірігуге болмайды. Оларда діни фанатизм мен кертартпалық ғұрыптар көп сақталынған. Орта Азия халықтары шариғат заңымен емір сүреді. Олар мәдени тұрғыда бізден бір саты төмен тұр. Сондықтан олармен бірігуден ешбір нәтиже шықпақ емес. (Сонда. )

↑ Түркістан (Қоқан) автономиясынын құрамындағы өзбек өкілдері де Алашорда көсемі Ә. Бокейханов туралы дұрыс көзқараста болмады. Қазақтардын Сырдария облыстық съезіне қатысуға Қоқанға келген Б. Құлманов, Т. Ибрагимов, М. Дулатовтарға олар бұл туралы былай деген: «Сіздердің көсемдеріңіз кадет Ә. Бокейханов барып тұрған орысшыл адам». Түркістан (Қоқан) автономиясының өкілдеріне Сырдария облысын Қазақ автономиясына қосу туралы пікір ұнамады». (Сонда, 19-п. )

2. Қазақ елі «ақтар» мен «қызылдар» күрестері жылдарында

Азамат соғысы - мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптар, діни ағымдар мен кландар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес. Англияда «Алқызыл және ақ раушан» (1455 - 58), АҚШ-та буржуазиялық Солтүстік пен құл иеленуші Оңтүстік (1861 - 65), Францияда монархистер мен республикашылдар (1871), Испанияда фашистер мен демократтар (1936 - 39) арасындағы азамат соғыстары болып өтті.

1918 - 20 ж. Кеңестік Ресейде орын алған Азамат соғысы Қазақстанды да қамтыды. Ол іс жүзінде 1917 жылғы Қазан төңкерісінің жалғасы болды. Азамат соғысы жылдарында қарулы күрестің бір жағында Қазан төңкерісі жеңісі нәтижесінде жеңіліс тауып, саяси және экономикалық биліктен айырылған күштер тұрды. Оларға АҚШ, Англия, Франция, және Жапония мемлекетінің үкіметтері жан-жақты көмек көрсетті. Күрестің екінші жағында Қазан төңкерісі нәтижесінде өкіметті өз қолына алған большевиктер партиясы бастаған күштер тұрды. Олар большевиктік ұрандар мен Кеңес өкіметі жариялаған социализм идеяларына сенген жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінен қолдау тапты. Большевиктер мен Кеңес өкіметін жақтаушылар «қызылдар» деп аталса, оларға қарсы тұрғандар «ақтар» деп аталды.

Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы қарулы күрестің негізгі күштері Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак әскерлері, өнеркәсіп орындарының бұрынғы қожалары, кезінде Ресейден қоныс аударып келушілердің ауқатты топтары, қазақ ауылының бай-шонжарлары және солардың мүдделерін қорғайтын саяси партиялар мен ұйымдар (кадеттер, эсерлер, ұлттық және діни саяси ұйымдар) болды. Алашорда үкіметі азамат соғысының алғашқы кезінде Кеңес өкіметіне қарсы күштермен байланысып, қазақ халқының мүддесін қорғауға тырысты.

Қазақстанда азамат соғысының Ақтөбе (немесе Солтүстік Түркістан), Орал және Жетісу майдандары құрылды. Қазақстандағы шешуші соғыс қимылдарына «қызылдар» жағынан Михаил Фрунзе, Валериан Куйбышев, Василий Чапаев, Иван Белов, т. б., ал «ақтар» жағына Александр Дутов, Владимир Толстов, Борис Анненков, т. б. басшылық етті. Торғай далаларында «ақтарға» қарсы күресте Амангелді Иманов, Батыс Қазақстанда Хамит Чурин, Бейсен Жәнекешев, т. б. көзге түсті. Ал Әліби Жангелдин азамат соғысы қызу жүріп жатқан кезде (1918 жылдың күзі) Мәскеуде жасақталған қару-жарақ керуенін Түркістан майданына жеткізді.

1920 жылдың көктемінде Қазақстандағы азамат соғысы Кеңес өкіметінің жеңісімен аяқталды.

Қолданылған әдебиеттер

  1. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
  2. ↑ Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-933-9

↑ “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев - Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

3. Қазақ АССР және Түркістан Республикасы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық қарсы тұру жылдарындағы Алаш қозғалысы және большевиктер туралы
Алаш партиясының бағдарламалық жобасының маңызы
Қазақ саяси партиясы
Қазақ облыстарының автономиясын құру
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері туралы ақпарат
Ақпан революциясынан кейін
Алаш қозғалысының бастау көздері және Алаш партиясының бағдарламасы
Сібір және Түркістан автономиялары мәселесі
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы: тәуелсіздік үшін күрестің жаңа кезеңі
Алаш қозғалысының тарихнамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz