Қазақ әдеби туындыларының экранизациясын сабақта қолданудың тиімділігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ әдеби туындыларының экранизациясын сабақта қолданудың тиімділігі
Қазақ әдебиеті - ғасырлардың тыныс тіршілігін, салт дәстүрін, мәдени мұрасын, тарихын, өнерін өзінің бойына жинақтаған қазақ халқының алтын қазынасы. Бұл пән оқушылардың бойында адамилық құндылықтарды қалыптастыруда, рухани қорын байытып, патриоттық сезімге тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Әр халықтың ұлттық коды, өзіндік ерекшеліктері осындай бай әдебиетімен, мәдениетімен, салт-дәстүрі және әдет-ғұрыптарымен ерекшеленіп отырады.
Қазіргі жаһандану заманында әлем халқы цифрлық тұрғыдан биік белестерді бағындырып жатқанымен, бұл адамзат баласын рухани деградациядан, дағдарыстан арашалап қала алмайды. Сондықтан да қазіргі уақытта әлемнің көпшілік елдері ұлттық ерекшеліктерін, мәдениетін жоғалтып алмау және рухани құлдыраудан сақтану үшін өздерінің дәстүрін, тарихын, мәдени мұрасын зерделеп, соны паш етуге, насихаттауға көшкен. Осы орайда Қазақстан Республикасынығ Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Тәуелсіздік бәрінен қымбат мақаласында айтып өткен мына сөзі ойымызға оралады: Мен құзырлы органдар мен отандық телеарналарға мемлекеттік тапсырыстың белгілі бір бөлігін міндетті түрде тарихи тақырыптарға бағыттауды тапсырамын... Бүгінде әлемдік киноиндустрияда тарих тақырыбындағы сценарийлерге сұраныс жоғары. Американың да, Еуропаның да айтулы оқиғалары туралы фильмдер өте көп. Қазір Netfliх, HBO және басқа да алпауыт кинокомпаниялар Азияға бет бұруда. Осы орайда біздің де шежіремізде ауқымды фильмдерге арқау болатын маңызды белестер мен оқиғалар баршылық... Әрбір халық өзінің арғы-бергі тарихын өзі жазуға тиіс. Бөтен идеологияның жетегімен жүруге болмайды. Ұлттық мүдде тұрғысынан жазылған шежіре ұрпақтың санасын оятып, ұлттың жадын жаңғыртуға мүмкіндік береді. Иә, мемлекет басшысының бұл сөзі өте орынды айтылған. Әдебиет - тұтас тарих, заман тынысы. Қазіргі уақытта біз әдебиетіміз бен тарихымызды өз деңгейінде игеріп, зерттеп, баға бере алған жоқпыз. Тіпті, ел үшін жанын берген әдеби, тарихи тұлғалар туралы фильмдер де саусақпен санарлық. Әдеби туындыларды фильмдер көрсету арқылы өту бір жағынан оқушыны кино саласынан хабардар етсе, екінші жағынан кітапты қызығушылықпен оқуға ынталандырады. Әдеби туындылардың халық тарапынан толық игерілмеуі халықтың рухани сауатсыздығына тікелей ықпал етуі мүмкін. Сонымен қатар кино саласындағы төл туындыларымыздың көпшілігін қазіргі жас буын, мектеп оқушылары біле бермейді. Өйткені, олар теледидарда ғана көрсетіледі. Ал қазіргі жас ұрпақ көгілдір экранды емес, көбіне ұялы телефоннан шетелдің туындыларын тамашалайтындығын бәріміз де жақсы білеміз. Осы тұрғыдан алып қарағанда әдебиет сабағында киноны көрсету арқылы баланың санасын ескі стереотиптерден тазартып, қазақ әдебиетіне, мәдениетіне, өнеріне деген өзіндік жеке көзқарасын қалыптастыра аламыз.
Экранға үңіліп отырғандарды кітап оқитындар басқарады деген екен бір ғұлама. Осыған орай мен оқушылардың әдеби, мәдени сауаттылығын қатар жақсарту мақсатында әдебиет сабағын кино саласымен сабақтастыра оқытуды ұсынғым келеді. Бұл бір жағынан әдеби туындыларды фильммен салыстыра отырып талдауға, бағалауға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, қазіргі уақытта көптеген пәндер бірсарынды тапсырмалар беруден тұрады. Алайда бұл әдіс оқушыларға ізденіс жасау үшін ешқандай мотивация бере алып жатқан жоқ.
Әдебиет сабағы негізінен шығармашылыққа, өнерге жақын. Сондықтан да ол жан-жақты шеберлікті, креативтілікті қажет етеді. Визуалды ақпарат оқу немесе есту арқылы қабылданған ақпаратқа қарағанда адамның санасында ұзақ сақталады, бұл оқушылардың әдебиет сабағын терең игеруіне ықпал жасайды.
Кино өнері - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫН ЗАМАНАУИ КӨРНЕКІЛІКТЕР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ
Әдебиет сабақтарында көрнекілікті пайдалану жолдары
Мұхтар Әуезов пен Джек Лондонның шығармашылық лабораториясын зерттеу
Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды пайдаланудың жолдарын зерттеу
Әдебиет сабағындағы көрнекілік құралдарының жалпы сипаттамасы
Комикс жанры қазақ тілі мен әдебиетінде
Әдебиеттен сыныптан тыс жұмыстарының зерттелуі
Мектеп бағдарламасында көрем еңбек өнерінің элементтерін көркем тіл проблемалық ретінде қарастыру мәселесі
Медеу Сәрсекеевтің шығармаларының бастауыш сыныпта оқытылуы
Табиғат көріністерін бейнелеуге оқушыларды үйретудің тиімді әдістері
Пәндер