Бөлме өсімдіктерін күту және баптау жолдары

Ата-бабаларымыз: Гүл - жердің көркі дейді емес пе? Десек те, гүлдің де гүлі бар. Ол үшін Гүл өсіре білесіз бе? деген сұраққа жауап іздейміз. Жасыл желек патшалығының төресі гүлдер жайлы, олардың құпиялары, сонымен қатар, адамзат өміріне ауадай қажет дәрілік шипалығы, басқа да биология ғылымына тікелей қатысты гүл ерекшеліктері жөнінде жан-жақты ізденуге болады. Өсімдіктер бөлмеге таза ауа мен хош иіс, оның ішкі жабдықталуына өзіндік жарасымдылық, әдемілік және үйлесімділік береді. Бөлме өсімдіктерінің өсуі, гүлдеуі үшін табиғи жағдайға өскен ортасына сай болатындай етіп, қолайлы жағдай жасау керек.Ол үшін қажетті мөлшердегі жарық, ауа, топырақтың ылғалдылығы және температуралық режим керек.Өсімдіктердің ең басты қасиеті - олар адам өміріне зиянды микроорганизмдерді қырып жіберетін ерекше зат - фитонцидтерді өз бойынан, бөліп шығарады. Сондай-ақ, адам өмірі үшін ең басты пайдасы - ауадағы көмірқышқыл газын өз бойына сіңіріп, оттегіні бөліп шығарады. Бөлме өсімдіктері үйді тек шаңнан тазартып қана қоймай, жиhаздардан және еден мен қабырғадағы синтетикалық жабулардан бөлінетін улы заттарды (бензол, формальдегид) бейтараптандырып отырады. Бұл тұрғыда шырмауық, фикустың Бенджамин түрі және филодендрон мен кәдімгі алоэ өсімдіктері өте пайдалы .Бөлме өсімдіктерінің тағы бір ерекшелігі - ауаны үнемі ылғалдандырып тұрады. Кейде үй ысығаннан бөлмедегі ауа қатты құрғап кетеді . Әсіресе адамның көзі тез шаршап, шашы мен терісі құрғай бастайды. Мұндай кезде бөлмеде спармания, циперус,т.б.өсімдіктер болғаны дұрыс. Бұлар құйылған судың 90%-ын жапырақтары арқылы сыртқа шығарып, ауаны тез ылғалдандырып отырады.
Адамзат дамуының алғашқы дәуірінде олардың негізгі қорегі өсімдіктер болғаны мәлім. Тағам үшін ішіп - жейтін өсімдік түрлерінің көбеюіне байланысты адамдар олардың әрқайсының ерекше дәмі, иісі, қасиеті барын да байқаған. Ертедегі египеттіктер де алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос, көкнар, жалбыз, тал, аршаның шипалық қасиеттерін біліп үй бөлмесінде, үй ауласында өсіре бастаған. Мұнан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдіктікті пайдалана біліп, гүлдер отырғызумен де әуестенген. Кейін өсімдіктердің далада, үй ауласында, үй бөлмесінде өсетін түрлері пайда болып, олар сәндік қызмет атқарды. Адамдар үйінде, ауласында өсетін гүлдерді бір - біріне сыйлап, оның жұпар иісінен, әсем түрінен ләззат алады.
1. Бөлме өсімдіктерінің түрлері
Бөлме өсімдіктерін өсіру барысында дұрыстап таңдап алған дұрыс болады. Жақсы өсіріп жетілуіне жағдайларды жақсы жасау қажет. Оны міндетті түрде табиғат жағдайындай жасау керек. Бөлме өсімдіктерін өсіру үшін білеміз жарық керек, жағымды температура болуы тиіс және әрине ылғал жеткілікті мөлшерде қажет. Бөлме өсімдіктерінің кей біреулері жарықты сүйгіш, кей біреулері көлеңкеге төзімді, сонымен қатар жарықты шашыраңқы түсуін жақсы қөретін түрлері де кездеседі.
Жарықты жақсы көретін немесе жарық сүйгіш өсімдіктер. Бұларға таулы жерлерде және шөл дала да өсетін өсімдіктердің барлығын жатқызуға болады. Олар - кактустар, сүттіген, сенеция, стапелия, литопса, фаукария, зониум т.б., яғни гүл жаратын өсімдіктердің көпшілігі (амариллис, жасмин, кливия, панкрациум, пеларгония);
Жарықты шашыраңқы түсуін талап ететін өсімдіктер. Оларға фукция, эухарис, аспарагус, бегония, глоксиния, сенполия, пенеромия жатқызуға болады. Аталған өсімдіктер Американың тропиктік ормандарында өсетін шөптер - маранттар, хкалатея, строманте, ктенанте және фиттония, бромелия тұқымдас өсімдіктеріне жататын - эпифиттер.
Жылы сүйгіш немесе жылылықты талап ететін өсімдіктер. Бұлар тропикті өсімдіктер болып табылады. Мысалы пеперомия, бегония, ароид тұқымдас өсімдіктерді (антуриумдер, аглаонемдер, диффенбахия, сингониум), кордилиндер, драцендер, бромелия мен геснерия тұқымдастар болып табылады. Аталған өсімдіктердің барлығы қыста 20°С температурасында жақсы өседі.
Субтропиктік өсімдіктер. Атып айтсақ кактустар, суккуленттер, хлорофитум, бересклет, фатсия, шырмауық, лавр, тікенекті мюленбекияға қыстқы температура 6°С-тан 12°С аралығында болған дұрыс. Егер температура режимі бұзылған жағдайда өсімдіктер сарғайып, жапырағыңның түсі өзгереді.
Көлеңке сүйгіш өсімдіктерге тікенекті өсімдіктерді, қырыққұлақтарды, руэллия, аспидистра, шырмауық, традесканция, зебрина, монстер, филодендрон, сингониум, сциндапсус, спатифиллюм, саркококка, фикус тағы да басқа көп түрлері бар қылқан жапырақты өсімдіктерді атап айтуға болады.
2. Гүлдердің құпия сырлары
Бөлме өсімдіктерің зерттеу барысыңда адамдарға әртүрі жақтан әсер ететіні дәлелденген. Мысалы оның ішінде лалагүлі (лилия), қазтабан гүлі (гусиные лапки) бөлме ауасының ластанудан қорғап отырады, яғни соның ішінде формальдегидтерден тазартады. Ал бегония мен фикус гүлдері адамдарға тек оң энергиясын жіберіп, үйге келген адамдардың жағымсыз күшін өз бойына сіңіріп отырады. Раушан гүлдер, орхидея, өрмелегіш (лиана) өсімдіктері теледидардан, компьютерден, толқынды пештердің сәулелерінен сақтануға көмектеседі екен. Ал егер балалардың бөлмесінеде шегіргүлдер (фиалка) өсіп түрса, онда баланың өсіп-жетілу уақытылы және көңіл күйін бірқалыптылыққа бейімдейді екен. Тағы бір мысал Қазтамақ (герань) гүлінің жанында 15 минут қөлемінде отырсаңыз жеткілікті болып, адам өзінің боында жаңа күш сезініп, демалып қалады. Себебі бұл өсімдікте эфир майын түзіп шығарады. Сондықтан зат алмасу процесі күшие түседі. Ұсақ бұрыштар жапырақты және хризантемалар сияқты бөлме өсімдіктері отбасындағы немесе жұмыс орнындағы адамдардың қарым-қатынастың жақсы қалыптасуына әсер етеді.
ПІЛ ҚҰЛАҒЫ (алокасия ALOCASIA) гүлінің сұлулығы жалпақ жапырақтылығында. Жапырағы көлемді болғандықтан гүл піл құлағы деген. Тағы да бір себеп, жаңбыр жауады ау дегенде піл құлағының жапырағынан тамшы тамады, сондықтан да гүлді жылауық, немесе ауа райын болжаушысы деп атап кеткен. Гүл көптеген макроэлемент мен дәруменге бай, мысалы фитостерол, темір, никель, хром, мыс тағыда басқа пайдалы заттар кездеседі. Құрамында биологиялық белсенді заттардың мол болуына байланысты қөптеген инфекциялық ауруларға қарсылық білдіріп төтеп бере алатындығын көрсетеді. Зерттеушілер бұл өсімдіктерін мастопатия, ревматизм, денедегі түрлі жараға сондай-ақ, аллергия, қабыну мен ісікке және асқазан ауруларына ем бере алатындығын атап айтқан.
ЖА САҢШӨП (АҚША АҒАШЫ)
Жасаңшөп (ақшалы ағаш) кәдiмгi ақшаны әкеледi.Өсірген жасапшөптің жапырағына аса көңіл бөлген жөн. Себебі жапырақ мейлінше үлкен болса ол мол қаржы алып келеді деген сөз. Ал егер мейлінше ұсақ, көп болса ақша кішкене - кішкене жан жақтан мол қаржы келеді деген сөз. Ақша гүлін өсіре отырып, оған күнде тиын салып тұру керек. "Балықты қалай су қызықтырады, ақша менің гүлімді де солай қызықтырады." деп айтқан жөн. Жасаңшөп (толстянка) фэн-шуй ілімі бойынша қаржы ісінде сәттілік әкелетін өсімдік болып есептеледі. Өсімдіктен бөлінетін тозаңдар адам ағзасына пайдалы. Ол ауаны тазалайды. Өсімдік ағзаның психикалық және физикалық шаршағанын басады. Адам ағзасын жұқпалы ауруларға қарсы белсендіреді.
Күй талғамайтындықтан қараңғылау бөлмеде де жақсы өседі. Бөлме өсімдіктерінің әрқайсысына тән сенімдер бар. Көбі жасаңшөпті ақша шақыратын өсімдік деп жатады. Ағаш биіктеп өссе, жапырағы қалың әрі үлкен болса, қаржылық жағдайдың жақсаратынын білдіреді деп сенеді. Ал өсімдік жақсы өсуі үшін оған күтім жасау керек.
Гүлдің жақсы өсуі оны дұрыс отырғызудан басталады. Оның өскінін ешкімге көрсетпей (ұрлап) немесе сатып алады. Отырғызар алдында өскіннің түбін сәл құрғатады. Гүлсауыттың түбіне ақша шақырсын деген ниетпен тиын салып, сонан соң гүлді отырғызады. Өсімдік биіктеу өсуі үшін көктем басталған кезде қырқады. Өте қараңғы бөлмеде ұстауға болмайды. Өсімдік жаздың ыстығына төзімді болғанымен, қыста бөлме температурасын он бес градустан асырмау керек. Ыстыққа төзімді болу үшін өсімдікті көктемнің ыстығынан бастап бейімдеген дұрыс. Оны топырағы құрғаған кезде ғана суарады. Сұйық тыңайтқыштармен тыңайтады. Өсімдік биіктеп, ыдысы тарлық еткенде ғана ыдысқа алмастырады.
ФИ КУС -- ҚЫЗҒАНШАҚ ӨСІМДІК
Кейбір өсімдіктер өз қожайынын басқа бір адамнан қызғанатын көрінеді. Ағылшын ғалымдары көп жылдар бойы адам мен өсімдіктердің қарым-қатынасы туралы зерттеулер жүргізген. Ағылшын физиологы С.Мейсонның бөлмесінде көп жылдар бойы фикус өсіп тұрған. Ғалым үйленгеннен кейін оның әйелі күннен-күнге әлсіреп, сырқаттанып қалады. Ал жерік болған кезде берекесі қашып, тіпті, дәрігерлердің қандай ем қолданғанына қарамай, түсік тастайды. Ғалымның ойына бөлмесінде өсіп тұрған фикус түседі, әйелінің ауруға шалдыққанына сол кінәлі деп оны үйдің қасындағы баққа апарып қояды. Көп ұзамай әйелі құлан-таза айығып, қайтадан бала көтеріп, дені сау, әдемі сәбиді дүниеге әкеледі. Сөйтсе, фикус өз қожайынын әйелінен қызғанып, химиялық қоспа заттар бөле бастаған, ол зат Мейсонның өзіне ешқандай әсер етпеген.
ҚА ЗТАМАҚ -- ЕҢ ЖАҒЫМДЫ ГҮЛ
Әр ине, өсімдіктердің барлығы тек зиянды екен деуге болмайды. Мысалы, фиалка (шегіргүл) өз қожайынын жақсы көретіні соншалық, ол басқа жаққа сапарға кетсе, сағынады екен. Ал қазтамақ (герань) бірінші суғармаса, кәдімгідей ренжитін көрінеді. Өзінің ренішін ол көпке дейін гүл ашпай тұру арқылы білдіреді. Ең жағымды гүлдердің бірі қазтамақ деп есептелінеді. Қазтамақ тұрған бөлмеде ұрыс-керіс те болмайды, ал бола қалған жағдайда өсімдік адамның жүйке жүйесіне әсер ететін зат бөле бастайды. Содан ұрысып қалғандар тез татуласып кетеді екен. Сондықтан болар, бұл гүлді бұрындары әр үй өсірген.
ЖАЛТЫЛДАҚ ЭХМЕЯ
Бұл өсімдіктер адам бойындағы мақтаншақтық пен жағымпаздыққа шыдай алмайды. Ол жүйке жүйесін тыныштандырады. Бұл гүлді жатын бөлмеге өсірмеген жөн. Ол адамды ұйқысыздыққа әкеп соқтырады. Сондықтан бұл өсімдікті қонақ бөлмеге немесе кеңселерге өсірген жөн.
ЖА ЛТЫР СҮТТIГЕН
Бұл өсімдік нәзік жандыларды жақсы көреді. Және өзінің иесін жақсы көретіні соншалықты ол жағымсыз жаналық алып келген қонақты жек көреді екен. Ол үйге келген адамдардың жағымсыз энергиясын өзіне тартып, мейлінше өзінің қожайынына сол сөзді естірткізбеуге тырысады екен.
ҮН ДI ЖӘНЕ ЖАПОН АЗАЛИЯСЫ
Олардың тамаша гүлдері және жалтыр жапырақтары сергектiктiң атмосферасын тудырады. Жағымды энергиямен үйді толтырады. Ол адамды ұйқысынан тұрғызады және оттегінің молдығымен пайдалы.
КА РЛИК АНАРЫ Адамға гранат әсері тәуліктің уақытына тәуелді болады: ол таңертеңнен жұмысқа қабiлеттiлiктi сергiтiп, жағдай жасайды, көңiлдi жақсартады, ықылас шоғырландыруға күндiз көмектеседi және әр нәрсенiң басын бiр ұстағанында емес, күнiне iстеп шығатын істі кешке дейін то лық орындап шығуға әсер етеді. Гранат үй дегi адамдардың денесіндегі майда жарақаттарының жазыла бастауын үдетуге қабiлеттi, және бұлшық еттердiң күшеюiне мүмкiндiк туғызады. Анар қан тамырларындағы қан ұйықтардың еруiне мүмкiндiк туғызатыны және жүрек-қолқа ауруларына кедергi келтiретiні керемет.
ХАН БЕГОНИЯСЫ
Бегония адамдарға қиын жағдайларда тығырықтан шыға алмай жүрген адамдарға жақсы энергиясы арқылы тез шешім қабылдауға көмектеседі. Ол қабiлеттi және қарым-қатынастың қорқынышты жеңуге көмектеседі. Қызыл жапырақты бегониялар темекімен әуестенгендерге және бронхитпен ауыратын адамдарға өте пайдалы.
ШЕ ГIРГҮЛ (УЗАМБАРСКАЯ)
Осы топқа керемет түрлi формалары және түстері бар гүлді мыңдаған шақты сорттары және барқыт бетi бар еттi жапырақты түрлері жатады. Шегiргүлдер үйдiң атмосферасына жұбататын, тыныштандыратын энергия бөледі. Ақ гүлдерi бар өсiмдiктер кез келген үй үшiн жақсы. Шегiргүлiнiң ағы жүйке олқылығынан, жүйке жүйесiне салмақ түсуден сақтау қабiлетi бар. Сонымен бiрге ол шыбын-шiркейлерден құтылуға қабiлеттi. Қызғылт шегiргүлдер қанағаттық сезiмдердi, сенiм туғызады, тағамдағы қажеттiліктерді азайтады, жұмыс немесе қарым-қатынастан қуаныш сезiмiн шақырады.
КӨГIЛДIР ШЕГIРГҮЛДЕР
Олар әдемiлiкті жақсы сезетiн адамдарға творчестволық өмірде көмектеседi. Оларды музыкалық, көркем және орта мектептерде, творчестволық студияларда ұстауға болады. Шегiргүлдер күлгiн гүлдерiмен үйдегi энергетикалық атмосфераларды әсемдейдi. Олар өзара түсiнбеушіліктерді жеңуге көмектеседi. Барлық шегiргүлдер тамақ және қалқанша бездiң жұмысын үйлестіруге көмектеседi. Олар тамақтағы iсiп қызару процесстерiн азайтуға қабiлеттi.
КА ЛАНХОЭ
Бұл еттi жапырақтары бар әдемi гүлдеген өсiмдiктер және ақ, сары, қызғылт сары, қызғылт гүлдерден тұрады. Ол әдетте сәуiрде гүлдейдi, бiрақ үй ішінде жыл бойы гүлдей алады. Бұл өсімдіктер адам бойындағы шаршағанды басады. Болмашы нәрсеге ренжуден бойыңды алшақ ұстауға көмектеседі.
ПА РСЫЛЫҚ ЦИКЛАМЕН
Бұл дымқыл ауа және ағыл-тегiл суаруды қажетсiнетiн өте нәзiк өсiмдiктер. Оның айнымалы және қызу сипаты туралы шұбар жапырақтар айтады, бiрақ гүлдер жарық айдай сұлу қуаныш және шабыттың куәлiк қағаздары. Цикламенге тән қасиет шабыттың энергиясын бөлу, көңiлдi жақсарту. Ол организмнің қабiлеттiлiгiн арттырады, қоршаған ортаның кез келген зиянды әсерлерiне бейiмделуге ықпал етедi, сонымен бiрге өте төмен температураларда суыққа төзімді, аллергиямен азап шегетіндер үшiн пайдалы.
АСПАРАГУС
Бұл аспарагустiң түрi әлсiз адамдардың ойлар және сөздерiнiң энергиясынан атмосфераны тазартуға бейім. Кейде жағымсыз әсерлер адам жанында ұзақ жазылмай тұрады. Аспарагустiң нәзiк әсерi ренiштер туралы, басқа күнделiктi кикілжіңді ұмытуға көмектеседi.
ФУКЦИЯ
Бұл айдай сұлу, ағыл-тегiл суаруды қажетсiнетiн өсiмдiк. Ол адамдарға сергектік, көтеріңкі көңіл сыйлайды. Адам бойындағы жағымсыз энергияны тартып алып, адамға ерекше әдемілік, көтеріңкі көңіл сыйлай алады. Бұл өсімдік сонымен қатар кішкене балаларды жақсы көреді екен. Дәрігерлер бұл өсімдікті әсіресе баласы жоқ адамдарға сыйға тартқан жөн деп санайды. Сонымен бiрге оны өмірден туңіліп жүрген адамдарға сыйға берген пайдалы. Фукция асқорыту жүйесiнiң аурулары, сүт бездерiн, өт жолдарын қорғайды.
КАЛЛОЛАР
Бұл өсiмдiктер үйдi мекендеушiлерiнiң бақытының тұмары қызмет көрсете алады. Оның сары гүлi шұңқыр сияқты ақ жапқышпен буынған. Сары - шабыт, қуаныш, өнердiң түсi, ақ - тазалықтың түсi. Сұлулықтың арқасында - каллолар үйдегі атмосфераны, көңiлсiз адамдарды қуанышқа, шаттыққа бөлей алады. Каллолар адам иммунитетін жоғарылатуға қабiлеттi, ренжігенде және жабырқағанда, өзіңді жалғыз сезінгенде бөлмеде каллолар болса, ол сені жалғыздықтан құтқарып, қуаныш сыйлайды. Сонымен қатар ол жақсылықты жаны сүйеді, бiреудің оны кекетiп, қорлағанынан қорқады.
АГАВА
Бұл өсiмдiктердің таңғажайып түрi (ащы алоэға қарағанда), тәттi шырынымен тыныштандыруға қабілетті шырынды, еттi жапырақтары бар, үйде татулық атмосферасын туғызады. Мысалы, агава адамды тыныштандыра алады, ашу, ызаны болдырмауға тырысады. Адамға бұл өсімдік адамның ішкі сырын ішіне бүгіп қалмауға көмектеседi.
Дымқыл агава жүйке жүйесi үшiн пайдалы, невральгияның тез емдеуiне мүмкiндiк туғызады. Сонымен бiрге ол зат алмасу процесін жақсартады, түршiгудiң тез жазыла бастауына мүмкiндiк туғызады.
КАКТУСТЫҢ КӨҢІЛІН АУЛА
Жапырақтардың тікенек, тік (кактус, алоэ) болғаны адамға жағымсыз қолайсыздық туғызуы мүмкін. Әсіресе, отбасында ұрыс-керіс шақырады.
Қоршаған ортаның адамға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Әсіресе, өсімдік әлеміне қандай көзқараспен қарасаңыз, ол да сізге солай жауап береді. Адамзат баласы сан ғасырлар бойы өсімдікті ем ретінде қолдануда. Өсімдік әлемінің адамға берері көп десе де болады. Мысалы, гүлді құмырасымен біреу сыйға тартса, сіз ол адамға сол гүл үшін аз болса да ақы төлеуіңіз керек екен. Себебі құмырадағы гүл мені бағалады деп риза болып, одан әрі жайқалып өсе түседі екен. Ал өсімдіктерге дұрыс қарамаса, уақытында суғарып тұрмаса ренжіп, адам ағзасына зиянды улы химиялық заттар бөліп шығаратын көрінеді. Мысалы, қызанақ көшетін бөлмеде өсіріп, су құюды ұмытып кетсеңіз, түнімен ұйықтай алмайсыз. Ал кактустар да адамның көңіл-күйіне әсерін тигізеді екен. Кактусқа түу, түрі құрысын, қандай сүйкімсіз деп айтқан сәтте-ақ құрамында алкогольдік қоспалар бар улы зат бөліп шығарады екен. Бұл зат адамды ішімдікке итермелейтін көрінеді. Содан адам ішімдікке әуестеніп кететін кездері болғанын ғалымдар анықтаған.
ШЫРМАУЫҚ
Табиғаттың әсем жаратылысы болып саналатын гүлдер тазалық пен сұлулықтың нышаны екені белгілі. Десек те гүлдердің жағымды қасиетінен басқа да жағымсыз қасиеттері бар екен. Былайша айтқанда, қарапайым гүлдердің адам баласына кері зиянды жағы да болады. Құпиясы мен жұмбағы көп мына тіршілікте мұндай нәрселерге бас ауыртатындар аз. Алайда ата-бабаларымыз табиғаттың тылсым жаратылысына аса жауапкершілікпен, сақтықпен қарап келген. Мына шырмауық гүлді өсірудің қажеті жоқ. Өйткені шырмауық гүлін өсірсең, үйден ұрыс-керіс кетпей, гүл тәрізді шырмалып жүресің. Тіпті Біреуден шырмауық гүлін алсаң, ерлі-зайыпты кісілер ажырасып кетеді деген бұрыннан қалған сөз бар. Сондықтан мұндайға мұқият болу керек.
ТҮЙМЕДАҚ -- күтімі жеңіл гүл. Америкалықтар хлорофитум гүлі бөлме ауасын жақсы тазартатынын ғылыми жолмен дәлелдеген. Сондықтан олар көп ретте мектеп, балабақша бөлмелерінде осы гүлді өсіруге кеңес береді екен. Аканик гүлін қазақтар уқорғасын деп атайды. Қытай ғалымдары уқорғасынның алдында адамзат қарыздар деген. Өйткені уқорғасыннан неше түрлі дәрілер алынады. Мысалы, бір ғана пілқұлағы (алоказия) гүлінің жапырағынан бірнеше дәрі жасалынады. Шырмауық гүлінің жапырақтарын суық суға бір салып алып, көз терісіне басса, көздің қан қысымы мен көз шаршауын басады. Ал кейбір гүлдердің адамның көңіл күйін көтеретін қасиеті тағы бар.
Аулада бір жылдық және көпжылдық гүлдерді өсіруге болады. Көпшілік негізінен көпжылдық гүлдерді таңдайды. Жаңадан гүл өсіруді бастаған адамдар үшін ең бірінші түймедақ (ромашка), бақытгүлін (хризантема) еккені дұрыс. Өйткені бұл гүлдердің күтімі жеңіл, аса күтімді талап етпейді.
Ертедегі египеттіктер алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос, көкнар , жалбыз, тал, аршаның шипалық қасиеттерін біліп, үй бөлмесінде, үй ауласында өсіре бастаған. Бұдан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдікті пайдалана біліп, гүлдер отырғызумен де әуестенген. Кейін өсімдіктердің далада, үй ауласында, үй бөлмесінде өсетін түрлері пайда болып, олар сәндік қызмет атқарды.
Өсімдіктерді орналастыру: Қазіргі кезде өсімдіктерді қабырға іліп қоятын гүл өсіргіштерде, жұмыс столына бекітілген ағаш не пластмасса жәшіктерде өсіру кең тараған. Өсімдіктерді шоғырлап өсіру аз орын алады, оларды баптап күту қолайлы. Сондықтан шоғырлап отырғызылатын өсімдіктерді шамасы мен өсу түріне қарай таңдап алған жөн. Көшеттің түбін бүркеу үшін жайылып өсетін ампель өсімдіктерін (хельксина, пилей, пеперомия, фикус, шырмауық) пайдалануға болады. Мұндай композицияға өсімдіктердің табиғи өсетін жерлерін бейнелейтін әр түрлі материалдарды - тастар мен ағаштарды пайдаланған жөн. Сонымен бірге шоғырланып отырғызылатын өсімдіктердің түр- түсінің сәйкес келуін де ескеру керек. Гүлдердің түстері әртүрлі болуы тиіс. Өсімдіктердің мұндай шоғырына әсем жапырақты өсімдіктерді қосса тіпті жақсы. Мысалы, папоротникпен қоса асплениумды, сциндапсусты, пеперомияны, немесе цереус, сүттіген, эхинопсис, оскулярия мен глотифиллюмды бірге өсіруге болады. Ал ірі өсімдіктерді ( пальма, монстерлер, фикус, драцендер) тұғырға орнатылған жеке ағаш кеспектерге немесе арнаулы ыдыстарға отырғызу қажет. Ампель өсімдіктері сөрелерде және қабырғаға ілінетін гүл өсіргіштерде сәнді көрінеді.
Бөлме өсімдіктерінің топырағы: Әр түрлі өсімдіктер тобы әр түрлі топырақты қажет етеді. Бөлмеде гүл өсіргенде қорда, қарашірік, шымтезек, шым және күлгін құм араласқан топырақ пайдаланылады. Қорда топырағын өімдіктердің қалдықтарынан: шөптен,қурап түскен жапырақтардан т.б.дайындайды. Оларды бір жерге үйіп не шұңқырға салып, үстіне жуынды, сабын су, көң бөкпесін құяды. Тез шіруі үшін қорданы күрекпен әлсін-әлсін (3-5рет) араластырып отырады. 2-3 жылдан кейін қорданы пайдалануға болады. Әдетте оны құнарсыз топырақтың құнарлығын арттыру үшін қосады.
Жапырақ араласқан топырақты ағаштың (еменнен басқасы) қурап түсіп, шіріген жапырағынан дайындайды. Ол үшін жапырақты көктемде бір жерге жинап үйеді де, жазда 2-3 рет күрекпен қопарыстырады. 2-3 жылдан кейін топырақ пайдалануға жарайды. Шымтезек топырағын ми батпақты саз қорысты жерлердің шіріген шым тезегінен дайындайды. Топырақтың өсімдіктерге зиян келтіретін қышқылын кетіру мақсатымен оны бір жерге үйіп, 1-2 жыл ашық жерде ұстайды.
Шым топырақты былай дайындайды: Жазда немесе ерте күзде ойылған шымды (ені 10-15 см және ұзындығы 30 -35 см) арасына сиыр көңін салып, топырағын бетіне қаратып, биіктігін 1 м етіп жияды. Шірігеннен кейін (бір жылдан соң) топырақты пайдалануға болады. Жеңіл шым топырақтың (онда өсімдіктердің қарашірігі мол болады ) ауыр немесе шым топыраққа (онда саз топырақ мол болады) қарағанда өзгешелігі болады. Өсімдіктердің түріне, жасына және өсу фазасына қарай бұл топырақтарды әр түрлі мөлшерде қосып араластырады.
Өсімдіктерді суару: Әдетте бөлме өсімдіктерін өсірушілер өсімдікке суды көп құяды., соның салдарынан өсімдіктің тамыры шіриді.Өсімдікке құятын судың температурасы бөлме температурасына шамалас немесе одан 5-7°С жоғары болуы керек. Ол үшін өзен, жаңбыр, қар, тоған немесе құбыр суын пайдалануға болады.Құбыр суын хлорынан тазарту үшін алдын ала ыдысқа құйып, тұндырып қояды.Өсімдікке су құйғанда топырақтың түйіршіктері жібіп, су ыдыстың түбінен ағуы тиіс.
Өсімдіктерді бөлме температурасындағы сумен суару керек. Жазда күн сайын, қыста сирегірек суарады. Құмырадағы топырақтың құрғап кетпеуін қадағалап тұру керек. Өсімдіктерді тұнған сумен суарады. Тамырына ауа жетіп тұру үшін топырақты таяқшамен қопсытады. Қопсытқанда таяқша өсімдіктің тамырын зақымдамайтын болсын. Өсімдіктердің шаңын дымқыл шүберекпен төменнен бастап тазалайды. Олардың жапырағын шаңнан тазартқанда аса ұқыпты болу керек. Ірі өсімдіктерді аздаған сабын араластырған жылы сумен жуады. Ұсақ өсімдіктерді қол жуғышқа не шылапшынға қойып, үстінен су құйғышпен шашыратып жуады. Өсімдіктер тұрған бөлмені үнемі желдетіп отыру керек. Қыста өсімдіктерді неғұрлым жылырақ орынға көшірген жөн. Суаратын мезгілді қалай білуге болады?
Бұл оп-оңай. Гүл салынған қыш құмыраны сыртынан шерткен кезде, сыңғырлаған ашық үн шықса, онда топырақ құрғақ, суару керек деген сөз. Егер көмескілеу дыбыс шықса, онда топырақ дымқыл, суарудың керегі жоқ. Тығыз топыраққа отырғызылған өсімдіктің аққан суын сол бойда, ал жеңіл топырақтың артық суын 30 минуттан немесе 1 сағаттан кейін төгіп тастайды. Кейбір ылғал сүйетін өсімдіктердің (циперус) табандығында үнемі су жатқаны жөн. Егер топырақ өте қурап, кеуіп кетсе, онда өсімдіктің топырағы жібіп, судың бетіне шыққан көбік басылғанша ыдысымен суға салып қояды. Өсімдікке су құйғанда су құйғыштың шүмегі гүл тостағанының ернеуіне тиіп, тұруы қажет. Өсімдіктерді әсіресе күн ыстықта бүркіп те суару қажет.
Өсімдіктердің жапырақтарын таза ұстау үшін жылы суға малып алынған мақтамен не губкамен екі жағын бірдей сүртіп отырады; ал науа жапырақтарды - жұмсақ кистімен сүртеді. Түкті жапырақтарды сумен жууға болмайды ( бегония, глоксиния ), мұндай жапырақтардың шаңын щеткамен немесе кистімен тазартады.
Өсімдіктерді аптасына бір рет жуып отырады, өйткені жапырақтың көздерін шаң басып, ауруға тез шалдығады, сонымен бірге зиянкестер зақымдап, өсіп-өнуіне кедергі жасайды.
Өсімдіктерді көшеттеу және топырағын алмастырып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz