Мемлекет - қоғамның сясатын жүзеге асыратын саяси ұйым


МЕМЛЕКЕТТІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ (ФУНКЦИЯЛАРЫ)
Мемлекет дегеніміз - басқару функциясын орындайтын, оның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті алғышарттар мен жағдайлар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Мемлекет өзіне ғана тән функциялары, әдістері, әсер ету нысандары бар ерекше құрылым болып сипатталады. Соның арқасында, біз мемлекетті қоғам ішінде күрделі саяси организм ретінде ұғынамыз.
Мемлекет - қоғамның сясатын жүзеге асыратын саяси ұйым. Мемлекет деген ұғым екі мағынада қолданылады. Олар:
- Кең мағынасында - үлкен әлеуметтік топтың ұйымын білдіреді, «халық», «ел» деген ұғымдарға сәйкес келеді.
- Тар мағынасында - басқару құрылымының, мемлекеттік аппараттың жиынтығын білдіріп, «әкімшілік» деген ұғымдарға сай келеді. Осы мағынасында саясаттануда пайдаланылады.
Әртүрлі орын алған жағдайларға байланысты адамдар арасындағы қатынастарды реттеу қажжеттілігіне сай және қоғамдағы тіртіпті қамтамасыз ету үшін, экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, өзгелерден қорғану мақсатында тайпалар одағы өзара бірігу нәтижесінде ірі мемлекеттік құрылымдарға, яғни, мемлекеттерге айналды.
Мемлекеттің пайда болуы туралы бірнеше теориялар бар. Олардың негізгілері болып мыналар табылады:
Теологиялық теория - мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді. Бұл теория адамдардың сенімі, иманы ретінде қалыптасқан ұғым, көне заманнан дамып, нығайып келеді. Бұл теорияның негізін салушылар Ф. Аквинский және Жак Маритен.
Патриархалдық теория - мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Бұл теорияға сәйкес, отбасы басшысы - әке, мемлекет басшысы - монарх. Патриархалдық теорияның өкілі және зерттеушісі - Аристотель.
Материалистік теорияның негізін қалаушылар - К. Маркс, Ф. Энгельс, В. И. Ленин, И. В. Сталин. Материалистік теорияға сәйкес, мемлекет еңбек бөлінісінің нәтижесінде, қоғамның бір-біріне қарсы таптарға бөлініп, артық өнімнің пайда болуымен байланысты қанаушы таптың қаналушы тапты өзіне бағындыруы негізінде пайда болды.
Келісімшарт теориясы мемлекеттің адамдардың табиғи қажеттіліктері негізінде өзара келісімге келуі арқылы пайда болғандығын жақтайды. Бұл теорияның жақтаушылары Г. Гроций, Б. Спиноза, Д. Локк, Т. Гоббс, Ж. Ж. Руссо, А. Н. Радищев болды.
Мемлекеттің пайда болуы туралы психологиялық теория мемлекеттің адамдардың психологиялық тұрғыдан бірге өмір сүруге деген қажеттілігінің жемісі екендігін негіздейді. Мемлекет пен қоғам адам дамуының психологиялық заңдылықтарының нәтижесі екендігін орнықтырады. Бұл теорияның өкілі Л. И. Петражицкий.
Күштеу теориясының негізін қалаушылар неміс ғалымы К. Каутский және неміс философы К. Е. Дюринг, автриялық әлеуметтанушы Людвиг Гумилович болды. Осы теорияға сәйкес мемлекет халықтардың бір-бірін жаулап алуы нәтижесінде пайда болды. Халықтар бір-бірін жаулап алған соң, жаулап алушылар жауланған аумақтарда өз билігін орнықтыру үшін мемлекет құрды.
Бұл теориялардың әрқайсысының белгілі бір дәрежеде ақиқаты бар. Теориялардың негізін қалаушылар өздері өмір сүрген кезеңдегі қалыптасқан жағдайларға байланысты мемлекеттің пайда болу себептерін ашып көрсетуге тырысқан.
Мемлекеттің мәнін түсіну мемлекет және құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекеттің мәні - бұл оның мазмұны, мақсаттарын, қызмет етуін анықтайын басты қасиеті. Басқаша айтқанда, мемлекеттегі билік пен оның құрамында болатындардың бәрі.
Кез келген мемлекетте қарама-қарсы болып келетін екі мән - таптық және жалпы әлеуметтік мән болады.
Мемлекет бұқара көпшіліктің билігі ретінде өзін-өзі басқарудың бұрынғы органдары қауымдық құрылыста басқару қызметтерін атқаруды тоқтатқаннан бастап пайда болады. Қоғам әлеуметтік жіктелуге аяқ басады, бұрын қоғамның барлық мүшелеріне тиісті болған билік саяси сипатқа ие болады, сөйтіп ол қуатты әлеуметтік топтарддың, таптардың мүддесіне бейімділік танытады. Мемлекеттің таптық мәні қашан даболсын билікте қоғамның қуатты тобының мүддесін жақтау арқылы білінеді.
Мемлекет тек ауқатты таптың ғана қамын ойлаумен айналыспайды, қайта ол бүкіл қоғамның қамын да ойластыруға мәжбүр болады. Өйткені, қоғам бірегей құрылым болғандықтан, соған сай дәулетті топтар ондайғы кедей қаналушы топтарсыз өмір сүре алмайды. Кез келген мемлекет қашан да жалпы әлеуметтік қызметтерді жүзеге асыруға мәжбүр болады, сондықтан да бүкіл қоғам мүдделерін де ескеріп қызмет атқаруға тиіс. Осының барлығы мемлекеттің жалпы әлеуметтік мәні болады.
Мемлекет функциялары (қызметі) - бұл мемлекеттің мәнін және мақсат-міндетін білдіретін оның қызметінің негізгі бағыттары. Мемлекет функциялары оның мақсат - міндетімен байланыстырылған, оның мәніне тәуелді және өзгеруіне байланысты, басқа тәртіптегі мәнге өтуіне байланысты өзгеріп отырады. Сонымен, мемлекет функциялары - өзгеріп отыратын категория.
Мемлекет қызметінің негізгі белгілері:
- Қызметтің жүйесі, оның атқаратын жұмыстарының мазмұны және қатынастардың түрлері арқылы анықталады;
- Функция жіктеліп кешенді түрде жүргізіледі;
- Мемлекеттің қызметі аппараттарының қызметіне ұқсамайды.
Мемлекет функцияларының түрлерге бөлінуі әртүрлі негіздер бойынша жүзеге асырылады:
- Әрекет ету ұзақтығына қарай - тұрақты және уақытша болып бөлінеді. Тұрақты функциялар мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады, ал уақытша функциялар төтенше сипаттағы белгілі біір міндетті шешумен өз әрекетін жояды.
- Маңыздылығына қарай функциялар негізгі және қосымша функциялар деп бөлінеді.
- Қоғамдық өмірдің қай саласында жүзеге асырылуына байланысты - ішкі және сыртқы функциялар.
Мемлекеттің ішкі қызметі мемлекеттің қоғамның ішкі өмірін басқаруға бағытталған іс-шараларының жиынтығы. Мемлекеттің ішкі қызметтеріне оның әлеуметтік қызметін, экономикалық қызметін, экологиялық қызметін, құқықтық тәртіпті қорғау қызметін, қаржылық бақылау қызметін, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау қызметін жатқызуға болады.
Экономикалық функция - мемлекеттің экономикалық дамуының негізгі стратегиялық бағыттарын анықтау, олардың орындалу жолдары, тәсілдерін көрсету. Экономиканың дамуын реттеудің төрт түрлі тәсілін атауға болады:
- Салық саясаты арқылы мемлекет бюджетінің дамуын реттеп-басқару;
- Экономиканың тиісті, қажетті саласына жеңілдік беріп дамыту;
- Ғылым мен техниканы дамытып экономиканы көтеру;
- Мемлекеттік өндірісті дамыту.
Кез келген мемлекет халық арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге міндетті. Түрлі дауларды шешу, қамқорлық жасауды, халық арасында туындайтын қарама-қайшылықтарды реттеу - тек қана мемлекет қолынан келетін іс. Демек, мемлекет әлеуметтік функцияны атқарады. Осы қызметті үздіксіз жүргізетін мемлекетті әлеуметтік мемлекет деп атайды.
Қаржылық бақылау функциясы - қоғамдағы барлық азаматтардың, бірлестіктердің, ұйымдардың, мемлекеттік бюджеттің шығысы мен кірісін реттеп-басқарып отыру. Бюджеттің дұрыс пайдалануын Қаржы министрлігі мен Парламент қатаң тексеріп, бақылап отырады. Жергілікті басқару аппараты өз бюджетінің дұрыс пайдалануын өзі бақылап, тексереді. Шекарадан заттың шығуын, кіруін, одан түсетін кірісті мемлекеттік кеден аппараты тексеріп, бақылап отырады.
Табиғатты қорғау - қазіргі әрбір мемлекеттердің, дүниежүзілік қауымдастықтардың жұмыстарындағы өмірлік маңызы бар мақсаттарға жатады. Адамзат баласының қазіргі кездегі тіршілік ету әрекетінің қоғамдық масштабта табиғатқа теріс ықпал жасауынан туындап отыр. Яғни, табиғатты бүлдіру шектен тыс жүзеге асып отыр. Осы мәселемен мемлекеттік экологиялық функциясы күреседі.
Қандай қоғам болса да білім-ғылымсыз, мәдениетсіз өсіп-өркендеуі мүмкін емес. Мемлекеттің ғылымды, білімді, мәдениетті басқарып, дамытып отыратын мәдени функциясы болады. Адамдардың денсаулығы, рухани сана-сезімі, білімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүр т. б. мемлекет бақылауында болады, ал мемлекет оны тиісті дәрежеде дамытып отырады.
Мемлекет үшін басты қызметтердің бірі болып адам және азамат құқықтарын қорғау қызметі. Себебі, мемлекет үшін басты қазына адам, адам өмірі мен денсаулығы болып табылады. Бұл қызмет арқылы мемлекет адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін, денсаулығын, меншігін, оны қоршаған өмір сүру ортасын қорғайды.
Мемлекеттің құқықтық тәртіпті қорғау қызметі қоғамдағы тәртіпті қорғау, қоғам мен мемлекеттік дұрыс өмір сүруін қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Мемлекеттің бұл қызметі тек адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғап қоймай, бүкіл қоғам мен мемлекеттегі тәртіпті қамтамасыз етіп, мемлекеттің конституциялық құрылысы мен аумақтық біртұтастығын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттің сыртқы қызметі - мемлекеттің халықаралық аренадағы рөлін айқындауға және өзге мемлекеттер мен халықаралық ұйымдармен байланысын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларының жиынтығы. Мемлекеттің сыртқы қызметтеріне өзге елдермен дипломатиялық байланыс орнату, сыртқы жаудан қорғану, бейбітшілік қызметтерін жатқыза аламыз.
Мемлекеттер бір-бірімен экономикалық, сауда, мәдени, ғылыми, саяси т. б. түрлі қатынастарда болады. Мұндай қатынастар тең негізде қалыптасатын болса, әр елдің дамуына қолайлы жағдайлар туғызады. Осы салада өзге елдермен дипломатиялық байланыс орнату функциясы жүзеге асырылады.
Мемлекет басқа мемлекеттермен сан алуан қатынастарға түседі. Алдымен мемлекет өз тәуелсіздігін, аумағының тұтастығын басқа елдердің қол сұғуынан қорғауға, сақтауға әрекет жасайды. Ол өзінің шекарасын, аумағын бекітеді, күзетеді. Сол үшін қажетті қарулы күштер құрады, басқа мемлекеттермен шарттар жасасады. Осы міндеттерді атқару функциясы сыртқы жаудан қорғану функциясы деп аталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz