БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДАҒЫ АРТ - ТЕРАПИЯ ӘДІСТЕРІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДАҒЫ АРТ-ТЕРАПИЯ ӘДІСТЕРІ
Бұл статьяда жалпы білім беру орталықтарында тәрбиелеу, диагностикалық және реабилитациялық әдістерді қолдану арқылы бейнелеу өнері сабағында арт-терапия әдісін дамыту және қолдану ерекшеліктері қарастырылады. Автор бұл әдістің оқу үрдісіне еңгізуде қаншалықты жаңашылдықтың дұрыстығын сарамалдап, талқылайды.
The article dwells upon issues related to the study of peculiarities of art-therapy methods application at Art lessons in secondary school as a preventive, developing, diagnostic and rehabilitation techniques. Expediency of innovations in educational process are analyzed with specific attention paid to such kind of fine arts as thematic drawing.
Қазіргі замандағы жағдайды ескере отырғанда әлеуметтік-мәдени кеңістікте болатын жағымды және жағымсыз үрдістер өсіп келе жатқан ұрпаққа білім берілу жағын қарастырса толығымен отбасы және мектепке келіп тірелетінін байқауға болады. Екіойлылық, тұрақсыздық, қорғансыздық секілді қалыптарға мұғалім де оқушы да бірдей ұшырайды. Мінез-құлықтарында ақаулықтары бар, агрессивті және эмоционалды тұрақсыз балалардың саны қазіргі таңда артуда. мектеп мұғалімдеріне өзекті мәселе болып олардың жалпы нормадан тыс кеткендермен қалай күресуге болатындығы жатады. Ол тізімнен аса дарынды балаларды алып тастауға болады - олар ерекше амал-тәсілдерді қажет етеді. Дегенмен оларға ерекше амал-тәсілді қолданатын инновациялық технология мен әдісті қамтитын педагогикалық көмек керек. Осылайша арт-терапевтік әдісті жалпы білім беру орталықтарының бейнелеу өнері сабағында қолдану уақытылы және нәтижелі енгізілім болып табылады. Алайда осы уақытқа дейін арт-терапия әдісін бейнелеу өнері сабағында 5-8 сыныптар аралығында қолдану аясы жайлы көркем өнер педагогикасы аумағында толыққанды зерттелмеген.
"Арт-терапия" термині ағылшын тілінен аударғанда көркем және бейнелеу өнеріне сүйене отырып емделу дегенді білдіреді. Бұл терминді (Art-therapy) алғаш рет суретші Адриан Хилл (1938) ұсынған деп есептеледі. Оның пайымдауынша бейнелеу өнерімен адам айналыса отырып өзін аурушаңдық қалпынан өзін босата алады.
Қазіргі таңда арт-терапия айтарлықтай теоретикалық базасы бар мультидисциплинарлық тәсілдер мен әр түрлі теоретикалық әсерлерді интеграцияларға бейімді аумақ десе болады.
ХХ ғасырдың соңында арт-терапия тек психиатрияның бір бағыты ретінде ғана емес, сонымен қатар жеке бағдарлама ретінде дами бастады. Қазіргі таңда арт-терапия бірнеше жеке бағыттарды: медициналық, психологиялық, әлеуметтік және педагогикалық аймақтарды қамтиды.
Арт-терапия әдісін толыққанды зерттеп, бірнеше айтарлықтай ауқымды еңбектер жазған педагогикалық ғылымдардың авторы Л.Д. Лебедева жалпы білім беру оратылқтарында арт-терапия әдісін қолдану жайлы мәселені өз еңбектерінде баяндайды. Л.Д.Лебедеваның пікірінше арт-терапия сөз тіркесі жеке тұлғаның, топтың, коллективтің эмоционалды жағдайы мен психологиялық денсаулығын көркем-өнер негізінде қамын ойлау болып табылады.
Натурадан қарап салу, декоративті сурет салу, бейнелеу өнері жайлы әңгіме қозғау сиақты әрекеттермен қатар сабақ үстінде қандайда бір тақырыпқа иллюстрацияны қолдана отырып сурет салу айтарлықтай рөл ойнады. Әдебиет шығармаларына, оның ішінде өлең, тақпақ, жұмбақ және ертегілерді оқып оқушылар өз сурет-шығармаларында аллегориялық ойлану арқылы көркем образды бейнелейді.
Л.Д.Лебедеваның пікірінше аллегория және метафора арқылы адамның эмоционалдық сферасына көңіл бөлуі оның эмоционалдық және жүріс-тұрыс паттернін іске қосады.
Жас өспірімдер үшін авторитет ретінде көбінесе педагог пен ата-ананың пікірі емес өз құрдастарының пікірі алға түседі. Сондықтан сурет салу дағдыларында объективті баға беру қиындыққа ұшырайды. Педагогтың мұндай жағдайдағы мақсаты баланың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, өзін-өзі дамытуына үлкен мүмкіндік беру. Осыларды педагог орындай отырып арт-терапиядағы басты принцип оқушыға қауіпсіз қоршаған ортасын қалай алады.
Тематикалық-иллюстрациялық сурет салу процесі кезінде тәрбиелеушілік, дамытушылық, реабилитациялық, диагностикалық мәселелер шешіледі. Осылайша шығармашылық тапсырмада педагог оқушыға ішкі-жан мәселелерін шешуде көмегін бере алады. Көркем әдебиет шығармаларын өз бетінше иллюстрациялауда педагог оқушыға қандай да бір шектеу қоймай, оның жұмысын көптің көзінше барыша жарияламай (талқыламай) керісінше, оқушыға қысылу, ұялу, қорқу секілді факторларды ашып, көрсетуіне мүмкіндік беруі қажет.
Жалпы арт-терапевт пациентпен жеке жұмыс жасау барысында оның қорқынышын, оның өмір жолын бейнелеп беруін сұрауы мүмкін. Ал жалпы білім беру орталықтарындағы бейнелеу өнері сабағындағы тапсырмалар оқушыда көптеген негативтік реакцияларды: агрессияны, фрустрацияны, уайымшылдықты және т.б. сезімдерді тудыруы мүмкін. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласындағы ІВ Халықаралық мектебінің 10 сынып оқушысы дүниежүзілік пандемия жайлы эссені жазып, оған қатысты иллюстрацияны көрсеткен, сол уақытта мұғалім бұл балада қандай да бір мәселенің бар жоғын анықтай алды. Бала эссені өте негативті түрде, отбасында гендерлік проблема бар екендігін жазып, иллюстрацияда негативті түрде нашар суретті салып берген.
Мұндай жағдайда мұғалім оқушыға орынды позитивті кері байланыс беруге тырысуы қажет. Яғни бұл "нашар" "ұятты" жұмыс арқылы бала өзінің ішкі жан-дүниесіндегі жан-жал мен мәселесін көрсетіп отырғанын түсінуге болады.
ІВ Халықаралық Бакалавриат мектебінің 10 сынып оқушыларына бейнелеу өнері сабағында арнайы карантинге қатысты өз пікірлерін, ішкі жан-дүниесін, сезімдерін суреттей отырып эссе жазу ұсынылды. Сол эссеге сүйене отырып оқушы комикс жанрында графикалық сурет туындысын жасау керек болатын.
Эссені жазу барысында Е.өте ұят тақырыпта, цензурлы емес сөздерді қолдана отырып шығарма жазды. Бұл эссе ешқандай мектеп ұсыныстары мен ережелеріне сай емес болып табылады. Себебі, нашақорлық, алкоголь тақырыбы, секс, ұлт және дін тақырыбын қозғау мектеп политикасына қайшы, яғни ережені бұзу болып саналады. Кейін Е.-ң жұмысы кафедра және мектеп психологтары деңгейіне дейін көтеріліп, үлкен талқыға түсті. Сол талқылаудың нәтижесінде бұл балада жасөспірімдерде өсу барысында болатын горманалдық өзгерістер мінез-құлқына айқын әсер етіп, психо-эмоционалдық түрде бала оны сыртқа шығарып жатқаны анықталды. Яғни, Е. жұмысты орындау кезінде ішкі жан-дүниесіндегі мәселені осылайшы сигнал түрде жіберіп отырған.
Бұдан бөлек бейнелеу өнер сабағында балаларға төрт түрлі тақырыпта сурет салу ұсынылған: махаббат, қайғы, бақыт және еркін тақырып. Оқушылардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иллюстрация қолданбалы графикада
Бейнелеу өнері туралы мәліметтер
Музыка сабағындағы пәнаралық интеграция элементтері
АРТ - ТЕРАПИЯ - ДАМЫТУ ЖӘНЕ ТҮЗЕТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Музыка сабағындағы заманауи технологиялар
Ересектер тобында сурет салу арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жаңаша бағыттары
Оқушылардың арт - терапия арқылы денсаулық мәдениетін қалыптастыру жолдары
ПСИХОЭМОЦИЯЛЫҚ САУЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ АРТ-ТЕРАПИЯНЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Арт - терапиялық жаттығулардың бала психикасына әсері
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН АДАМНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНА ЫҚПАЛЫП ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
Пәндер