Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудегі мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттеріне сипаттама


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

23-сұрақ

Несіпбек Ақзера

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудегі мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттеріне сипаттама беріңіз

2009 жыл 28 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында айтылғандай, ҚР Конституциясында әлеуметтік қызметті құрудың негізгі міндеттерінің бірі ретінде әлеуметтік құқықтарды қамтамасыз ету мен қазіргі әлеуметтік саясатты іске асырудың ықпалды тетіктерін одан әрі қалыптастыру болып табылатындығын айтқым келеді. Бұл тұжырымдамада мемлекетіміздің кешенді дамуы және көпсалалы сипаттағы әлеуметтік-құқықтық саясаты әлеуметтік маңызы бар проблемаларды шешуге бағытталған болатын. Оған, атап айтқанда, білім беру және денсаулық сақтауды, халықты жұмыспен қамтамасыз ету мен әлеуметтік қорғауды, қоршаған ортаны қорғауды және төтенше жағдайларға жол бермеуді құқықтық реттеуді жатқыза аламын. Ең алдымен әлеуметтік мемлекет жекелеген топтарға немесе жүздерге емес, қоғам мен адамға тұтастастай қызмет ететініңбілгеніміз жөн деп есептеймін. Ол мемлекеттің есебінен барлық азаматтарға, мүмкіндігінше, бірдей мөлшерде игіліктер көрсетіп, қоғамдағы ауыртпалықты да теңдей бөлу жолымен әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге бағытталады деп айта аламын. Мемлекеттің әлеуметтік сипатын Республикамыздың Конституциясында Қазақстан мемлекетінің қолдауына кепілдік берілген білім беру, денсаулық сақтау, ғылым мен мәдениет, әлеуметтік жұмысбастылық, еңбекті қорғау, жанұя, ана, әке мен балаға, мүгедектер мен қарттарды әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және табыстары төмен тұрғындар тобын қолдау сияқты әлеуметтік салалардан көруге болады деп айтуға негіз бар. Себебі, арнаулы әлеуметтік қызметтер - қиын өмірлік жағдайда болатын адамдарға қызметтер көрсетеді сондай-ақ, туындаған әлеуметтік мәселелерді жою үшін, қоғам өміріне қатысудың басқа азаматтармен тең мүмкіндіктерін құруға бағытталған шарттарды тудырады дегім келеді. Енді әлеуметтік қызметтерді ұсынудың мемлекеттік міндеттерін айтатын болсам, ол туындаған жағдайда қиын өмірлік жағдайларды болдырмау үшін шарттарды тудыруды, арнайы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуді, арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарттарын сақтауды қамтамасыз етуді, көрсетілетін арнайы әлеуметтік қызметтердің сапасын бағалау және мониторинг жүйесін дамытуды, арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді, арнайы әлеуметтік қызметтер туралы ҚР заңнамасын сақтауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды, арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы халықаралық әріптестікті дамыту негізгі міндеттеріне жататындығын толыққанды түсіндірмесін беріп шықтым деп ойлаймын.

Ойымды қорыта келе, әлеуметтік қызметтердің түрлері, қоғамның әлеуметтік жағдайы төмен топтарына - зейнеткерлерге, мүгедектерге, еңбекке жарамсыздарға, науқас балаларға және т. б. атаулы көмек үшін толық жауапкершілік алатын болатындығын айтқым келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007.

Бүгінгі Қазақстан: деректер мен дәйектер. Астана,

Тасмаганбетов И. Н. Социально-политическое обновление Казахстана: тенденции и приоритеты. -Алматы, Институт развития Казахстана.

24-сұрақ Несіпбек Ақзера

Жұмыссыздықтың себептерін анықтай отырып, жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты және оның тиімділігін көрсетіңіз

Бізде жұмыссыздарды оқыту мен қайта даярлаудың еңбек нарығына бейімделген айқын бағдарламалары болуы керек. Мемлекет жұмыссыздарға әлеуметтік қолдауды бұл санатқа жататын адам жаңа мамандық игеруіп, қайта даярлықтан өтуге бет бұрған жағдайда көрсетуі керек.

Жұмыс берушілер халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарын жұмысқа белсене тартып, оларды еңбекақымен қамтамасыз ететіндей жағдай туғызу қажеттігі маңызды. Ең алдымен, бұл мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты. Әлемнің дамыған елдерінде осылай жасайды. Біз олардың толыққанды еңбек етуіне жағдай туғызуға тиіспіз. Мемлекеттік жәрдемақыны тек шынымен нақты жұмыс істей алмайтындар ғана алуы тиіс. Жұмысқа мүгедектерді алып, оларға жағдай жасайтын компаниялар мен корпорацияларды көтермелеу керек.

Әлеуметтік саясат адамға, оның халықаралық және ұлттық заңнамада көзделген құқықтарын қорғауға бағдарланған. Әлеуметтік саясаттың мақсаты - кез келген коғамның жоғары құндылығы ретіндегі адамды қолдау және дамыту. Әлеуметтік саясат төрт бөліктен тұрады:

Әлеуметтік саладағы заңнама мемлекеттің әлеуметтік саясаты басымдықтарының серпінін, мемлекет беретін әлеуметтік игіліктердің тізбесі мен негіздерін кеңейту, әлеуметтік қамтамасыз етуге бағытталған қаржы негіздерін айқындауда азаматтардың қатысуының жаңа нысанын жасауды есепке ала отырып, ұшқыр болуы тиіс. Әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қамтамасыз ету деңгейі осы саладағы іркіліссіз норма түзушілік процесін көздейтін мемлекеттің қаржылық мүмкіндігінің өсуіне байланысты жүйелі түзілетін болады. Мемлекет басшысы 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саясатын жаңғырту жөніндегі міндеттерді қойды.

Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының біріне жатады. Лайықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету - халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстарының әлеуетін дамытудың және іске асырудың маңызды шарты, қоғам игілігін өсірудің және өмір сүру сапасын арттырудың негізгі құралы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдегі мүгедектермен әлеуметтік жұмыс жағдайын талдау
Құқық пен экомомика, саясат
Коммерциялық банктердің негізгі қызметтерін топтастыру
Ақпараттық өнімнің қасиеттері мен типтері
Коммерциялық несие саясатының мақсаттары
Банктер нарықтық қатынастар жағдайындағы өзіндік ерекшелігі бар кәсіпкерліктің дербес түрі
Банктің бухгалтерлік балансының құрылымын талдау
Банкет түрлері, аспаздық тағам даярлау
Кәсіпорындардың өнім сапасы
Қарт адамдарға әлеуметтік көмек пен қорғау көрсетудегі әлеуметтік қызметкердің рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz