Мұсабай жырау мұрасы:өмір шындығы және көркемдік шешім


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Без названия

Факультет: Филология және әлем тілдері

Кафедра: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тақырыбы: Мұсабай жырау мұрасы:өмір шындығы және көркемдік шешім

Орындаған: Мәзенова Тоғжан ҚТӘ 302-топ

2020 жыл

Мысабай (Мұсабай) Аманқұлұлы (кей деректе Бектұрғанұлы) (1820, Қазалы уезі, Табанкөл ауылы - 1909, сонда) - жырау.

Жасынан ескіше оқып, шығыстық сюжеттер негізінде дастандар жазды, сазгерлік өнерімен, суырыпсалма ақындығымен танылды. Оның “Біреу жарлы, біреу бай, Бәрін қылған бір құдай” деген өлең жолдары ел аузында мәтелге айналды. Ол “Жанқожа батыр” жырын алғаш халық арасына таратушылардың бірі болды. Бұл жырды Н. Г. Веселовский 1893 ж. Қазалыда жазып алып, “Киргизский рассказ о русских завоеваниях в Туркестанском крае” атты кітапта жариялады (1894, Петербург) . Кейін жергілікті сот қызметкері И. В. Аничков Мысабайдан жырдың көне қолжазбасын алып, “Киргизский герой Джахандхожа Нурмагамбетов” атты кітабына енгізген (Қазан, 1894) . Бұл жырды С. Сейфуллин “Жаңа мектеп” журналында (1926) жариялады. Мысабай “Бекет батыр”, “Қыз Жібек” жыр-дастандарын жеткізуші ретінде де танылды.

XIX ғасырдағы еленбей кетуі мүмкін емес жыраулардың бірі Мұсабай жырау. Жыраудың 1840-1860 жылдар аралығындағы Сырдың төменгі саласын мекен еткен қазақ егіншілерінің тыныс тіршілігін, олардың Жанқожа Нұрмұхамедов бастаған Хиуа хандығы мен Ресей отарлаушыларына қарсы азаттық күресін жырлаған "Жанқожа батырдың толғауы" атты 43 шумақтық жырының Мұсабай жырау нұсқасын Қазалы бекінісінде қызмет атқарған орыс офицері И. В. Аничков оның өз аузынан жазып алып, 1894 жылы алғаш рет С. Петербургте Н. Веселовский шығарған жинақта қазақ, орыс тілдерінде жариялаған. Шығарма жайлы алғаш пікір білдірушілердің бірі қазақтың белгілі жазушысы, зерттеуші С. Мұқанов жырдың Аничков нұсқасы олақ деген пікір айтады. Дегенмен де жырдың сол кезеңдегі қазақтар мен хиуалықтар арасындағы қарым-қатынастардан мәлімет беретін дерек ретінде құндылығы аса жоғары. Жырды тарихи жыр деуге толық негіз бар, себебі шығармада есімі аталған кейіпкерлердің барлығы да өмірде болған адамдар. Мұсабай жыраудың Жанқожа батырды ерекше сыйлап, құрмет тұтқанын және оның өлімінен кейін елі үшін қызмет еткен батырдың есімін халықтың есінде сақтауды мақсат еткенін оның "Есіл ер қапияда кетті қолдан, енді батыр қазаққа Жанқожадай табылмайды" - деген сөздермен шығармасын аяқтауы дәлел болады деуге болады. Шығармада негізінен үш оқиға: Жанқожа бастаған Сыр бойы егіншілерінің Хиуа хандығына және Ресей отарлаушыларына қарсы күресі және батырдың өлімі жырланады, яғни жырдағы негізгі тақырыптардың бірі қазақтардың Хиуа мемлекетімен қарым-қатынастарын жырлауға арналған. Мұсабай жырау өз шығармасының осы сюжеттік бөлігінде Хиуа хандығының Сыр бойында салдыртқан қамалында билік жүргізген Бабажанның жергілікті халыққа көрсеткен зорлық-зомбылықтарын: зекетшілердің тиісті деп есептелетін салықтардан тыс елдегі жас қыз, жүйрік ат, жақсы бұйымдарды қалдырмай жинап, оған оған наразы болған халықты Жанқожа батырдың інісі Ақмырзаның бастап көтеріліске шыққандығы, бірақ олардың сәтсіздікке ұшырағаны жайлы баяндалады.

Жанқожа батыр туралы тарихи жырлардың ең таңдаулыларының бірі және бұрын-соңды зерттелмегені - Лұқпан Кенжеұлы жырлаған нұсқадан да қазақ-өзбек қатынастары жайлы құнды мәліметтер алуға болады.

Осыдан кейін Жанқожа

Нағыз ер болды “келсең, кел”.

Жанқожа батыр ер болды,

Ел ішінде бір болды.

Аңдып жүрген дұшманның

Жүрегіне шер болды.

Ығысқан қазақ елаты

Паналап ерді көп қонды.

Патшалық құрған іргелі

Үргеніш, Қоқан ел болды.

Елші келіп хандардан,

Қатынасы мол болды.

Атағы шығып аспанға,

Күннен-күнге зор болды.

Тыныштық болып бір заман,

Таныды батыр оң-солды.

Екі адам басы қосылса,

Жанқожа батыр сөз болды, - деп бір кездері қазақтар мен көршілес Орталық Азия мемлекеттері арасында арасында бейбіт, тең дәрежелі қарым-қатынастар болғанын сағына жырлайды.

Хиуалық сарттар ел билеп,

Сырдың бойын шулатқан.

Ақмырзаны өлтіріп,

Бабажан сарт суға атқан.

Бұл хабарды есітіп,

Кіші жүз болып ар тұтқан.

Жанқожа сынды батырдың

Аулында жатқан кезі еді.

Шаһар толған мал-бақта,

Ақмырзаның өлгенін

Батырға барып айтуға

Жеке батыр жол тартқан.

Асығыс жүріп, тез жетіп,

Жанқожадай батырға

Былайша деп сөз қатқан:

“Алты Алаштың ұлына

Пана болған ер едің,

Өрлеген бақыт, талаптан.

Қысымшылық қылып тұр

Бабажан сарттың әлегі:

Салық салып, мал жинап,

Қазақты жиды жан-жақтан.

Бабажанның тырнағы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі ғашықтық эпос
Қобыз – ежелден келе жатқан аспап
Банктік тіуекелдер және оларды бағалау әдістері
Қыз Жібек жыры және оның поэтикасы
Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
Базар Жырау Оңдасұлының шығармашылығы
Жыраулар поэзиясы
Базар жырау
Жыраулардың өлең құрылымы негізінен толғау
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz