Композиция, сюжет және нарратив. Композициялық тәсілдер. Баяндау (нарратив) және оның түрлері Авторлық баяндау


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Факультет: Филология және әлем тілдері
Кафедра: Қазақ тілі мен әдебиеті
Тақырыбы: Композиция, сюжет және нарратив. Композициялық тәсілдер. Баяндау (нарратив) және оның түрлері Авторлық баяндау.
Орындаған: Мәзенова Тоғжан ҚТӘ 302-топ
2020 жыл
«Сюжет», «сюжетқұрылысы» - отандық және дүниежүзілік әдебиеттану ғылымында біраз зерттелген ұғымдар. Сюжет - бұл «оқиғаның көркем мәтіндегі», «дәйектілігі суретте бейнеленген оқиғалар» және «оқиғалар тізбегі, бұрылыстар мен кедергілерден өтуге әрекет, кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, айқын әрекет жүретін көркем шындық арқылы» өтіп жатқан іс-шараларды білдіреді деген көптеген және әртүрлі анықтамалар берілген.
Оқиғалардың арасындағы байланыс характерге тәуелділігне қатысты екі негізгі типпен ерекшеленеді: хроникалы және шоғырлы (концентрациялы) . Хроникалы және шоғырлы сюжеттер оқиғадағы кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне байланысты бір-бірінен ерекшеленеді. Сюжет типтерінің критерийі- оқиғалар арасындағы характер байланысы. Хроникалы және шоғырлы сюжеттердің арасындағы негізігі айырмашылығы- бұл әрине уақыт. Хроникалы сюжет уақыттың ағысын жаңғыртады. Шоғырлы сюжетте уақыт ешқандай физикалық мәнді анықтамай, психологиялық уақытпен алмастыралады. Мұнда қақтығыс, шиеленіс маңызды болғандықтан, детектив, триллер, әлеуметтік және психологиялық романдар мен драмалар жатады.
Э. М. Форстер өзінің «Аспекты романа» кітабында сюжеттің екі түріне де мысал келтірген: «Патша қайтыс болды, сосын патшайым өлді»- бұл хроникалы сюжет; «Патша қайтыс болды, сосын патшайым қайғыдан өлді»- бұл шоғырлы сюжет.
Хроникалы сюжеттер адамдардың сыртқы жағы ғана көретінетін шытырман-оқиғалы романдарда, бірнеше ұрпақтан жалғасқан бір отбасының немесе белгілі әлеуметтік-тұрмыстық ортаның көрінісі әлеуметтік-тұрмыстық романдарда кеңінен пайдаланылады. Сюжеттің хроникалы типі кейіпкердің ішкі әлемін суреттеу қажеттілігі туғанда ғана жазушыны қызықтыруы мүмкін. Хроникалы сюжет уақыт тізбегімен болып жатқан эпизодтардан тұрады.
Хроникалы сюжеттердегі оқиға тұтастықпен, қатаң логикалық дәлелдеумен ерекшеленбейді. Себебі, хроникалы сюжеттерде ортақ конфликтке бағытталмайды. Олар өз алдына бір-бірімен логикалық байланысы жоқ оқиғалар мен факттерге шолу жасайды. Бұл оқиғаларды тек уақыт ағымына қарай бір арнаға тізбектілуі байланыстырады.
Хроникалы типті сюжеттерде шарықтау шегі әлсіз баяндалған, не болмаса мүлде болмайды. Мысалы, Гогльдің «Өлі жандар» поэмасының бірінші томында шарықтау шегі жоқ. Хроникалы сюжетте басталуы айқын берілмей, оқиғаның дамуында уақттық делелдеулер басым болып келеді. Бірақ тізбектес сюжетте эпизодтар қосылуы мүмкін, кейде тіпті ауқымыды себеп-салдарлы байланыспен байланысқан оқиғалар, яғни түрлі шоғырлы сюжеттер қосылып кетуі мүмкін.
Таза хроникалы сюжетте оқиғалар бір-бірімен хроникалы қатар тізіп, байланыста болады, яғни сюжет пен фабула сәйкес келеді. Шығармада оқиғалардың орналасу хроникалы принципіне қарай жазушылар оларды «тарихи», «хроникалы» немесе ежелгі орыс әдебиетіне сәйестендіріп «повесть» деп атады.
Тізбектес сюжеттің мынадай түршелері бар:
1) экскурсты тізбектес;
2) дискретті тізбектес(оқиғалар біркелкі беріледі) ;
3) тезбекті-паралельді (бірнеше тізбекті сюжеттер болса, олардың әрқайсысы тізбекті, кейде тоғысады) .
Әдебиет-бұл ең алдымен, өнер, бірақ сонымен қоса, ерекшелігіне қарамастан ақпарат болып табылады. Әлемдік көркем әдебиеттің ақпараттық көлемі үздіксіз өсіп келеді. Бірақ, ғылым мен техника, идеологиямен салыстырғанда, көркем әдебиетте жаңа ақпарат бұрынғы ақпаратты ығыстырмайды. Осылайша, уақытпен бірге өсіп келетін әлемдік әдебиеттің көлемі шындығында өзгермейді, адамдардың өмір жолының негізгі сюжеттік жолын айқындайтын сюжеттер қайталанып қолданылады.
Қазақ прозасы тереңдеген сайын құнарлана, құнарланған сайын күрделене, күрделенген сайын əлемдік деңгейдегі жаңашылдықтар, жаңа ізденістер бой көтерді. ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ басында қоғамдық өзгерістерге байланысты əдеби процесте де көптеген өзгерістер пайда болды. Сондықтан да қазіргі қазақ əдебиеттану ғылымыда прозаның күрделі мəселесінің бірі сюжет, нарративқа көңіл аударуда.
Нарратология, нарратив теориясы, баяндау теориясы, жалпы алғанда, баяндауды зерттейтін ғылыми пəн. Нарратология əр түрлі нарративтің жалпы белгілерінің көрінуін, олардың арасындағы айырмашылықтарды айқындау, нарративтің пайда болуымен дамуы заңдылықтарын бір жүйеге келтіруді мақсат етеді. Сондықтан да нарратология екіге бөлінеді:
- классикалық (бұл жағдайда нарративтіліктің белгісі ретінде нарратордың қатысуы жатады) ;
- құрылымдық (бұл жағдайда нарративтілік баяндалатын мəтінге қарама-қарсы уақыттың дамуы бойынша анықталады) .
Сонымен қатар нарратологиядағы əдеби мəтінді екі түрлі жолмен қарастыруға болады:
- баяндалатын оқиға (мазмұн) арқылы;
- хабарлау ретінде (көрініс) .
Осы диахрония негізінде нарратологияның басқа да түсініктері пайда болады: фикционалдылығы (жасандылығы, ойдан шығару) жəне фактуалдылығы (бар болуы, іс жүзіне асыру), нарратор (баяндаушы) типтері, баяндау инстанциясының иерархиясы, сатысы (шынайы жəне абстрактілі автор, нарратор, идеалды жəне нақты оқырман, оқырман бейнесі), автор бейнесі (баяндаушыны бөліп ажырату немесе оқырманмен тілдесу жəне ойнау мақсатында баяндаушы- кейіпкердің жеке мінез-құлқы мен биографиялық белгілерін айшықтау) жəне т. б.
Көркем мəтіндегі баяндау терминін сөздердің барлық типтерінің (баяндау, бейнелеу, əңгімелеу) жиынтығы ретінде түсіну қажет.
Баяндау - белгілі бір əңгімелеушінің немесе баяндаушының (дыбыс шығаратын) сөйлеу актісі.
Оның негізгі белгілері, ерекшеліктері:
а) шығарманың туу деңгейі бойынша: əңгімелеуші көбінесе бір уақытта қаһарман болып туындағы оқиғаларды көзімен көруші жəне тіпті автордың образы болып көрінеді (қаһарман- əңгімелеуші, автор-əңгімелеуші) ; жеке хабарлаушы көрсетілмейді; абстрактылы, оның ішінде хабарлау қызметін атқарады;
ə) жеке көзқарастың болуы немесе болмауы: баяндаушы - жасаушы-автордың (автор-творец) көзқарасына жақын көзқарас, алайда үнемі онымен сəйкес келе бермейді; кейде баяндаушының көзқарасы болмаған жағдайда жасаушы-автордың идеяларымен толықтырылады; əңгімелеуші - шығармада дара, эмоционалды бағалау позициясын иемденеді (обладает), кейіпкерлердің өзіндік көзқарасына жақын, автор-жасаушының позициясынан жеңіл ажыратуға болады;
б) тілдік көркемдеуішімен: əңгімелеуші үнемі мен-баяндаушы формасымен көрінеді (мен оған таңертең келдім) ; бағалау, эмоциялы сөздерді қолданумен, əңгімедегі оқиға барысына көңіл аудару, стильді əңгіме арқылы азайту; баяндаушы бұл жағдайда бейтарап: мен жіктеу есімдігімен көрсетілмеген, сөзді қолданудың оқиғалар мен кейіпкерлерді тура бағалауға əсер етпейтін кейіпкер əлеміне жəне пəндік əлемге қатысы бар; нысаналы көріністерді, бейнелерді (объектные изображения) есепке алмағанда стильдің төменділігінің жоқтығы; баяндаушының тілі нағыз, шын (реальный) автордың тіліне өте жақындығы;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz