Қашықтан оқыту жайында
Бүкіл әлемді дүрліктірген коронавирусты инфекцияның алдын алу және оны болдырмау мақсатында (пандемия COVID-19) Білім және ғылым министрлігі оқу процесін сандық білім беру технологияларын қолдана отырып, қашықтықтан оқытуға көшірді.
Қоғамдық,әлеуметтік, мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер ететіні сөзсіз еді. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа технологиясын сабақта тиімді қолдану басты мақсаттарының бірі - баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Қазіргі уақытта білім алудың ілгері даму мүмкіндігі зор тәсілдерінің бірі-заманауи телекоммуникациялық технологияларды, атап айтқанда интернет желісі қамтамасыз ететін мүмкіндіктерді қолдана отырып, қашықтықтан оқыту.Түрлі мақалаларды ескере отырып, қашықтықтан оқыту-бұл әдеттегі күндізгі немесе кешкі мекептерден көп айырмашылығы бар оқытудың жаңа, арнайы формасы екендігіне көз жеткізуге болады. Ол оқушы мен мұғалімнің , оқушылардың өзара қарым-қатынасының өзгеше формасын, өзгеше оқу құралы мен әдістемені, оқытуды ұйымдастырудың өзгеше түрін ұсынады.
Біз үшін қашықтықтан оқытудың маңыздылығы - білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеру. Сонымен қатар әлемдік ақпарат кеңістігіне жол ашып, оқушылардың ғылыми және шығармашылық ізденістерін арттырып, оны өз игілігімізге жарата білсек, ұтар тұсымыз да сол болмақ.
Сапалы білім - ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету - мұғалімнің басты міндеті.
Қашықтан оқытудың әсерлі болуы мұғалімге тікелей байланыстылығын, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістерді, талаптарға шолу, талдау жасай отырып, білім беруді ақпараттандырудың мәні мен мазмұнын сипаттау арқылы ақпараттық технонологиялар оқу үрдісінде күнделікті қолданылады. Оқу мақсатына қол жеткізу үшін барлық оқушылардың қызығушылығын анықтап, қабілеттерін есепке ала отырып жұмыс жасалынады.
Қазіргі кездегі компьютерлік технологияның даму деңгейі жаңа дәуірдің мультимедиялық, телекоммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін, толыққанды сапалы, нақты алғы шарттар болып табылады. Мұндай мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін білім саласында да, сондай-ақ қазіргі кездегі ақпараттық коммуникациялық технологияны дамыту саласында да мамандарды біріктіруге күш салуда.
Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелілігін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алды. Мектеп пәндерін оқыту процесінде компьютерді қолдану мұғалім мен оқушы қарым қатынасы жүйесін, олардың іс-әрекеттерінің мазмұнына, құрылымына өзгеріс әкеледі, түрлендіреді. Демек, оқыту процесінде компьютерді қолдану білім мен біліктілікке қоятын талаптарды қайта қарап, жетілдіріп жүйелеуді талап етеді.
Қазіргі замандағы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім алу үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. Дыбыстық, графикалық, бейне, мультимедия, гипер-текстік элементтермен қашықтан компьютерлік оқытудың мүмкіндігі пайда болды. Осы орайда айта кететін, қазіргі таңда барлық мұғалімдер мен оқушыларға, тіпті, ата-аналарға таныс оқыту құралдарының бірі - Bilim Land онлайн платформасы. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа ақпараттарды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тестік бақылауға арналған программалық құрал.
Қашықтан оқыту - ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Қашықтан оқытуда екі компонент бар: оқытуды басқару және өз бетімен білім алу. Дегенмен бастауыш сыныптарда, әсіресе орыс сыныптарында қазақ тілі сабағын жүргізуде бірінші компонентке аса көңіл бөлінеді.
Жоғарыда айтып кеткендей, бастауыш сыныптарда сабақ жүргізу барысында оқытуды басқару компоненті басты назарда. Яғни оқушылармен тікелей байланыса отырып сабақ жүргізу.Осы орайда бізге ең тиімді платформалардың бірі Zoom видео платформасы. Бұл платформада түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға мүмкіндік жоғары. Сонымен қатар, рефлексия жүргізу, сұраққа тікелей жауап алу, диалогқа түсу арқылы оқушымен толыққанды байланыс орната аламыз. Бұдан бөлек көптеген әдістерді, атап айтқанда, А,В,С әдісі, Артығын алып таста әдісі, Ашық және Жабық сұрақтар әдісі, Бір минут әдістерін жүргізу өте ыңғайлы. Мысалы, Диалогқа түсу әдісіне тоқталатын болсақ:
Диалогқа түсу әдісі: Оқушыларды мұғаліммен және бір-бірімен диалог жүргізуге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz