Дарынды балаларды анықтау - баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып 9. Дарынды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі
Сұрақтар:
1. Дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі мұғалім іс-әрекетінің мазмұны.
Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.
Ж.Ж.Руссо
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс.
Дарындылықты анықтаудың дайын үлгісі, әдіс-тәсілдері жоқ. Дарындылық, жеке қабілеттілікті дамыту, интеллектуалдық, шығармашылық мәселесіне педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Адамның психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектерінде кездеседі. Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі- Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарын да толғандырған мәселе. Мысалы, Әл-Фараби Бақытқа жету трактаты еңбегінде этикалық мәселелермен қатар, адам қабілеттілігіне білім беруде түрлі озық әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарына көңіл бөледі. Абай жетінші қара сөзінде баланың ақыл-ойы, қабілеттілігі туралы мынадай пікір айтады: Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі- ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар- тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, таппайды. Біреуі білсем екен деп, не көрсе соған талпынып, жалт-жұлт еткен болса, оған қызығып, аузына салып дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да тұра жүгіріп, ол немене? бұл не? деп, ол неге үйтеді?, бұл неге бүйтеді? деп, көз көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені. Баланың білсем екен, үйренсем деген талабын ұштайтын, жеке ерекшелік қасиет, қабілеттерін ескере отырып оларды біліммен, іскерлік, дағдымен қаруландыратын, танымдық ой-өрісін және шығармашылық әлеуетін дамытатын мұғалім-ұстаздың ерекше мақсатты қызметінің қажеттілігі жоғары. Шәкәрім Құдайбердіұлыда Насихат атты туындысында өмірдің тұтқасы өнер мен білімде, өнерлі озады, білімді ғаламды билейді, ғылым таусылмас кен, оны жас күніңде үйрен деп насихаттайды.
Сондықтан қай уақытта да дарынды тұлғаны дамыту өзекті мәселе болып келеді.
Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады.
Дарынды балалармен жұмыс істеу дарындылықты айқындаудан басталады. Ол үшін алдымен бала бойындағы қабілеттікті, бейімділікті тани білуіміз қажет. Ғылыми зерттеулерде баланың әр кезіндегі қабілеті, белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі жас кезінен белгілі бола бастайтынын дәлелдеген.
Қабілет-дәреже әр адамда әр түрлі денгейде болады. Іс-әрекетті шығармашылықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттің түрін дарындылық деп атайды. Біреулер Дарындылық-іс-әрекеттің белгілі бір салада ерекше жетістіктере жетуге жағдай жасайтын, адам қабілеті дамуының жоғарғы дәрежесі десе, енді біреулер Дарындылық үш қасиеттің - ортадан жоғары ақыл-ой қабілеттілігі, шығармашылық жол таба білу және мақсатқа құштарлықтың үйлесімділіг дейді (америкалық педагог Дж.Рензулли). Ал педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі. Белгілі психолог Н.С. Лейтестің айтуынша: Дарынды бала-бұл белгілі бір салада жетістіктері айқын көрінетін немесе сондай жетістіктер әлеуеті мол бала. Дарындылық - қабілеттердің жиынтығы, қызметтің бірнеше түрінен көрнекті нәтижеге жеткен, қоғамға пайдалы ісімен көзге түскен жеке адам.
Шығармашылық-өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы. Талант-қабілеттіліктің ең жоғары деңгейі.
Данышпандық-қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.
Дарынды балаларды анықтау-баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалады:
1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу.
2. Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.
3. Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау.
4. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары.
5. Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр.
Осы айтылған тұжырымдарды қорыта келе, дарынды балалардың қабылетін дамытудың келесі жолдарын іріктеп алуға болады:
1. Сабақтар;
2. Пәндік үйірмелер;
3. Тіл мерекесі;
4. Абай оқулары;
5. Олимпиадалар;
6. Интеллектуалдық ойындар, дебат (пікір сайыс) клубы;
7. Ғылыми-практикалық конференция (ізденімпаздық жұмыс, зерттеу жұмысы, рефераттар қорғау, жоба қорғау);
8. Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру (мұражайға бару, белгілі адамдармен кездесу);
9. Шеберлер байқауы (ақындар айтысы, шешендер сайысы, би үйірмесі, шебер қолдар үйірмесі);
10. Оқушылардың аудандық, облыстық, республикалық шығармалар, жобалар байқауларына қатысу.
Осы оқушылар өз дарынды қабілеттерін дамыта білетін оқушылар. Адам өмірге өзіндік қасиеттері мен қабілеттерімен келеді. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын -- тәрбие мен оқыту. Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойында ерекше қасиеттерді оған жақын жасы үлкендер дұрыс жеткілікті бағаламаса, оның өзгелер сияқты болып қалып қоюуы мүмкін. Сондықтан мектебіміздің оқушыларына дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп, тәлім-тәрбие беру мектеп ұжымының басты міндеті деп санаймыз.
Мектебімізде дарынды оқушылармен жұмыс практикалық тұрғыда негізінен төрт бағытта ұйымдастырылады. Олар: интеллектуалдық, спорттық, өзін-өзі басқарушылық-ұйымдастырушылық, көркемөнерпаздық.
Мектеп оқушылары қабілет-қарымына, дарынына қарай өз қабілеттерін осы бағыттағы жұмыстарға қатынаса отырып дамыта алады. Енді аталған бағыттағы жұмыстарға жеке-жеке тоқталсақ.
Дарынды және шығармашылық қабілеті жоғары балалармен жұмыс істейтін мұғалімге қойылар талап та, көтерер жүк те ауыр. Ол қалыпты деңгейден ерекше, өзі де ізденуші, зертеуші, шығармашылық тұлға болуы керек.
Дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдерге төмендегідей талаптар қойылады:
-- кең пейілді, нақты болу;
-- интеллектуалды дамуының жоғары болуы;
-- іскерлігімен, қызықтыратын тақырып ауқымы кең болуы;
-- белсенді, тынымсыз, мінез-құлық икемі;
-- әзілдесе білуі;
-- өзін-өзі жетілдіру барысында көзқарасын өзгертуге әзір болуы;
-- өзіндік дүниетанымдық көзқарасы болуы;
Орташа балалармен салыстырғанда, дарынды балалардың
даму деңгейі:
* оңай оқиды;
* үлкен тіл байлығына ие;
* және сөз қорына ие;
* абстраттік ойлау;
* қабілеттері ертерек қалыптасады;
* тапқыр, қажырлы;
* шығармашылыққа бейім;
* өзгенің ұстанымын қабылдауы қиын келеді;
* жоғары әлеуметтік мұраттарымен ерекшеленеді;
* адамдардың көңіл-күйін байқағыш келеді;
* әділетсіздікке ерекше ұшқыр жауап береді.
Дарынды оқушылармен жұмыс барысында қолданылып жүрген психологиялық әдістемелер:
* "Дарындылық картасы" әдістемесі (Савенков);
* Джонс креативтілігі сұрақнамасы;
* Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің диагностикасы;
* Оқу мотивін анықтау сұрақнамасы;
* Баланың профильдік қызығушылығын анықтау әдістемесі;
* Жалпы дарындылықты анықтау әдістемесі ( ата аналарға сауалнама).
Оқушының дарындылығын анықтауда қолданатын әдіс-тәсілдер:
* Баланың отбасылық жағдайын зерттеу;
* Шығармашылық қабілетін анықтау;
* Сауалнамалар, тренингтер өткізу;
* Пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба сайыстарына қатысу.
ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ғасыр талабына сай зерделі, ой-өрісі жоғары азаматты қалыптастыру - мемлекетіміздің стратегиясы болып отыр. Дарындылықты дамыту білім саласына қатысты заңнамаларда жақсы көрініс тапқан. Мысалы, 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған Бала құқықтары туралы конвенцияның 29,31 баптарында қатысушы мемлекеттер баланың ... жеке тұлға ретінде дамуына, баланың бойындағы дарынын және ақыл-есін, дене бітімдік қабілеттерін барынша толық дамытуға, ...келіседі, ...Білім алу тұлғалық, дарындық, саналық және шымырлық қабілеттің барынша дамуына бағытталуы керек делінген. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 17 шілдедегі қабылданған Білім туралы заңында жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту білім беру жүйесінің міндеттері деп көрсетілген.
2. Оқушыларды шығармашылық бағыттағы жұмыстарды өздігінен орындауға баулу, олардың қабілеттерін шыңдаудың, дамытудың тиімді жолдары.
Дамыта оқытудың басты мақсаты -- баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту.
Бір нәрсені жасауға, тудыруға деген қабілеттілік балаларда мектеп жасына дейін де көрінеді. Адам бойындағы қабілеттерді дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі табуына көмектеседі. Өйткені, адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Ол өзін-өзі шынайы болмысына бастайтын жол іздеуі керек. Адам өзін-өзі жетілдіруге де, сонымен қатар, сонымен қатар өзін-өзі жоюға да қабілетті болады. Адамның өз болмысын тануға ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан, талап тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады -- деп көрсетілген Қазақстан Республикасы Орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында. Кез-келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Оқушының шығармашылық іс-әрекеті және оның мәнін түсіну үшін жеке тұлғаның ғылыми -- педагогикалық зерттеулердің обьектісі ретінде анықталу сипатын білу қажеттілік болып табылады. Шығармашылық іс-әрекет тұлғаны құраушы және оны айқындаушы фактор ретінде де қарастырылады.
Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан да бастауыш мектеп алдында балаға жүйеленіп, дайындалып берген белгілі бір білімді ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс жеткізе білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
Жеке тұлғаның ерекшеліктеріне тән қасиеттер оның санасына, өзіне-өзінің сын көзімен қарауына, адам баласының есіне әсер ететін ішкі және сыртқы түйсік, түйсіктердің әсеріне және оның ерік-жігер күші мен әсерленушілік сезім дүниесіне байланысты құбылыс деген пікірді біздер қуаттаймыз. Оның себебі, ұлы ғұламаларымыз осы ой-пікірде болған деп білеміз.
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу-танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі.
Мектептегі оқу процесі оқушылардың іздемпаздығын, танымдылық белсенділігін арттырып, шығармашылық әлеуетін дамытуында жол ашуы қажет.
Оқыту процесі -- екі жақты процесс болғандықтан, оқушының өзіндік жұмысы, дербес іс-әрекеті мұғалімнің басшылығымен қатар, олардың іздемпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар оқушылардың өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшеліктері олардың ықыласына және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп пікір айтады.
Оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары формасына олардың өз еркімен амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады.
Оқушылардың шығармашылығын, іздемпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық, пәндік апталықтар мен ғылыми-шығармашылық апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет.
Оқушылардың танымдық іздемпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану-олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай-ақ мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркем өнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.
Шығармашылыққа үйрету тұлғаның интеллектуалдық аспектісі ғана емес, оның психологиялық, мінез-құлық ерекшеліктерін де көздейді. Оған жігерлілік, жаңа жағдайларға бейімделуге икемділік, қаржылық пен табандылық, тәуелсіздік пен адамгершілік сезімі, ынтымақтастық, қажырлы еңбекке қабілеті, белгісіз жағдайдағы өзіне сенімділік, ақиқатты іздеудегі және қарым-қатынастағы адалдық жатады. Әр сыныптағы әр оқушыға байланысты мұғалім өзінің мақсатқа жету жолдарын іздейді. Ол оның үстіне басты шарты аталған қасиеттерді көрсетуге тырысады.
Оқушылардың жоспарлы жұмыс істеуге және өз жұмысының нәтижесін өзі тексеруге, оларды тапсырманы орындаудың тәртібі мен әдістерін анықтай білуге, сабақта, бір күнгі, апта ішіндегі, ай ішіндегі өз жұмысын жоспарлай білуге ұсынылған критерийлер негізінде өз жұмысының нәтижесін талдау мен бағалауға, сондай-ақ мұндай критерийлерді өздері жасауға үйретуді көздейді.
Шығармашылық сабақтың базалық негізін анықтауда әр жағдайда сабақтың үйлесімді үлгісі таңдап алынды. Шығармашылық сабақтың мақсаты оқушылардың өзіндік білімділік нәтижесін құру болып табылады.
Оқыту сабақтарының шығармашылық сипаты оқушының танымдық белсенділігін оятып оның шығармашылық қабілеттерінің дамуына адамгершілік қасиеттеріне әсер етеді. Ұжымдық сабақтарда өзінің сыныптасының кемшілігін көруге өзгелердің ісінен сабақ алуға танымдық әлеуметтік ұстанымының қалыптасуына өз ортасының пікірінің әсері зор. Мұндай сабақтарда оқушылардың ұжымдық ой-пікірлері қалыптасады.
Сабақ үстінде ұжымдық шығармашылық қалыптасуы үшін оқушылардың міндеттерін көрсетсек:
+ өзіндік пікірлерін дәлелдеу;
+ пікірталастар мен талқылауларға қатысуы қажет;
+ өзінің жолдасына мұғалімдерге сұрақ қоюы;
+ жолдасының жауабыңа пікір айту;
+ сыныптасының жауабы мен жазбаша жұмысын бағалау;
+ үлгерімі нашар сыныптастарын оқытумен айналысу;
+ үлгермеушілерге түсініксіз жерін түсіндіру;
+ өз бетімен қиындау тапсырмаларды таңдау;
+ танымдық тапсырманың шешімдерін табуда бірнеше нұсқасын көрсету;
+ өзіндік бағалауға жағдай туғызу өзінің танымдық және практикалық әрекетін талдау;
+ тапсырмаларды шешуде бұрыннан білетін әдісті қолдану арқылы орындау.
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрленіп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы сыныптағы оқушылардың іс -- әрекетін бақылауға қолайлылық оқу -- танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі.
Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс -- әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағлымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс -- әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет, білігін ұштай түседі.
Шығармашылық сабақтардың оқушылар үшін мынадай маңызды жақтары бар:
# оқушының танымдық іздемпаздығы қалыптасады;
# сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренеді;
# шығармашылық ой-өрісі артады;
# кітаппен жұмыс, көркем және ғылыми әдебиеттер, баспа материалдармен жұмыс істеу біліктерін қалыптастырады;
# ұжымдық ой-пікірлері жетіледі, топ мүшелерін пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренеді;
# мұғаліммен оқушылардың қарым-қатынасы ынтымақтастықта болып, сенімділіктері артады;
# оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренеді;
# білімін жүйелі түрде толықтыруға;
# өз әрекетіне сын тұрғысынан қарауға;
# тұжырым жасап қорытындылауға үйренеді;
# оқу міндеттерін тиімді шешу мүмкіндігін тудырады.
Жаңа материалдарды түсіндіруде ақпарат беруші қызметінде ғана қалмай, мұғалім баланың танымдық дербестігін қалыптастырудағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың қабілеті мен дарындылығын психологиялық диагностика арқылы анықтау және дамыту
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың нәтижесі
ОҚУШЫЛАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚЫЗМЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДАРЫНДЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Дарынды балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері
Данышпандық - қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі
Мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы
Дарынды балалардың қабілетін анықтау
Дарынды балаларды анықтау
Кіші мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы
Пәндер