Дигибридті және полигибридті будандастыру


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Аграрлық техникалық институты
Баяндама
Дигибридті және полигибридті будандастыру
Орындаған:Куанышбаева. Б. К.
Тексерген:Бермагамбетова. Н. Н.
Тобы:18-700-11
Курс:2
Қостанай, 2020
Дигибридті және полигибридті будандастыру. Бұл белгілерді комбинирлеу немесе тәуелсіз тұқымқуалау заңы: Екі альтернативті белгілері бойынша айырмашылығы бар, екі гомозиготалы дараларды будандастырған кезде, осы белгілердің әртүрлі комбинациясында тәуелсіз тұқымқуалау көрінеді.
Дигибридті будандастыру моногибридті будандастыруға қарағанда күрделірек болады. Бұл будандастыру қарама-қарсы екі жұп белгілердің бір уақытта тұқым қуалауын зерттейді. Екі жұп қарама-қарсы белгілері бойынша айырмасы бар дараларды будандастыруды дигибридті будандастыру деп атайды.
Г. Мендель өз тәжірибелерінде тұқымының түсі сары, пішіні тегіс және тұқымының түсі жасыл, пішіні бұдыр бұршақ өсімдіктерін қолдан будандастырған. Бірінші ұрпақ (Ғх) өсімдіктерінің барлығының тұқымының түстері сары, пішіні тегіс болған.
Сонымен екі жұп белгілерді анықтайтын гендерді белгілейік. Тұқымның сары түсін анықтайтын генді - А (доминантты), жасыл түсті - а (рецессивті) тұқымның тегіс пішінін анықтайтын генді - В (доминантты), бұдыр пішінді - b (рецессивті) . Тұқымның түсін және пішінін анықтайтын гендер әр хромосомада орналасқан. Тұқымы сары, тегіс бірінші ұрпақ будандарын (Ғ1) өздігінен тозандандырғанда, екінші ұрпақта (Ғ2) Мендельдің ажырау заңына сәйкес белгілердің ажырауы байқалады.
Бірінші ұрпақ буданы екі жұп аллельдер бойынша дигетерозигота болғандықтан (АаВb), төрт типті гамета түзеді, себебі А және В гендер гомологті емес хромосомаларда орналасқан. Ал хромосомалар мейоздық бөлінудің I анафазасында полюстерге бір-бірінен тәуелсіз ажырайды. Хромосомалардың тәуелсіз үйлесуіне сәйкес гаметалардың түзілуін мынадай әдіспен шешуге болады. Жасушаның мейоздық бөлінуінде А гені бар хромосома В және b аллелі бар хромосомамен сіңлілі жасушаға өтуінің ықтималдығы бірдей болғандықтан, үйлесуі АВ және Аb болады. Осы сияқты а гені бар хромосома В және b аллелі бар хромосомамен сіңлілі жасушаға өтуінің мүмкіндігі бірдей болғандықтан, аВ және ab гаметалар түзіледі. Сонымен дигетерозиготадан 4 түрлі гаметалар типі түзіледі.
Әр түрлі гаметалар типтерінің үйлесімділігін жеңіл анықтау үшін ағылшын генетигі Р. Пеннет тор жасауды ұсынды. Кейіннен бұл Пеннет торы деп аталды. Тордың сол жағындағы тік сызық бойымен аналық, жоғары жағындағы көлденең сызық бойымен аталық гаметаларды орналастырады. Ал тордың ұяларында аналық және аталық гаметалардың үйлесуінен пайда болған зиготалар жазылады. Пеннет тордың көмегімен екінші ұрпақ дараларының фенотипі мен генотипін оңай анықтайды.
Полигибридті будандастыру . Бір-бірінен үш немесе одан да көп белгілерінде айырмашылығы бар дараларды будандастыруды полигибридті будандастыру деп атайды. Оларда белгілердің ажырау сипаты дигибридті будандастырумен салыстырғанда біршама күрделірек болады. Мысалы, егер тұқымы сары тегіс, қызыл гүлді бұршақ өсімдігін тұқымы жасыл бұдыр, ақ гүлді бұршақпен будандастырса, доминанттылық заңына сәйкес F1-де алынған будан ұрпақтың барлығы да біркелкі, яғни аналық өсімдікке ұқсас болып шығады. F2-де ажырау жүреді. Тұқымның пішінін анықтайтын гендерді Аа, түсін Bb, ал гүлдің түсін Сс деп белгілейік. Сонда ата-аналық формалардың біреуінің генотипті ААВВСС, ал екіншісінікі ааbbсс, ал F1-де алынатын будан организмдікі АаВbCc болып келеді. Мұндай будан өсімдік сегіз түрлі гамета түзеді:ABC, Abc, Abc, aBc, abC, abc. Сегіз типті аналық жыныс жасушалары сегіз типті аталық гаметалармен кездейсоқ кездесіп, өздігінен тозаңданудың нәтижесінде F2-де зиготалардың 64 түрлі комбинациясы түзіледі. F2-де даралар фенотип бойынша 8 түрлі топқа бөлінеді. Олардың арақатынасы: 27 АВС: 9ABC: 9AbC: 9Abc: 3abC: 1abc. Сонда фенотип бойынша 27: 9: 9: 9:3: 3: 3: 1 арақатынасындай болып келуі тригибридті будандастыру кезінде гендердің тәуелсіз ажырауына байланысты болады.
Дигибридтік будандастыру нәтижесінде әр түрлі хромосомада орналасқан гендер анықтайтын белгілер бір-бірінен тәуелсіз тұқым қуалайды. Бұл - Мендельдің үшінші заңы.
Екінші ұрпақта ата-аналарынан өзгеше жаңа белгілері бар даралар пайда болады.
Полигибридті будандастыруда белгілердің ажырауын Пеннет торы арқылы көрсету тиімді
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz