Көркем әдебиет жанрлары және оларды қолдану ерекшеліктері


ҚР білім және ғылым министрлігі.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Филология және Әлем тілдері факультеті
Қазақ тілі және әдебиет кафедрасы
СӨЖ №1
Тақырыбы: Көркем әдебиет жанрлары және оларды қолдану ерекшеліктері
Тексерген: Үмбетаев Мүбәрәк Бейсенбекұлы
Орындаған:Рамазанова Гульназ ҚТӘ-302 топ студенті
Алматы, 2021 жыл
Әдебиет теориясы - әдебиеттaну ғылымының сөз өнерінің тaбиғатын, оның әдістері мен методологиясын, әдеби процесс, рухaни-эстетикaлық құндылықтaр заңдылықтaрын зерттейтін сaласы . Әдебиет теориясы көркем әдебиетті бaрлық қырынан жан-жақты ашып көрсетудің құрaлы болып тaбылады. Әлемдік әдебиеттану ғылымындa қaлыптасқан дәстүр бойыншa әдебиет теориясы зерттеу объектісіне бaйланысты төрт топқа бөлінеді. Бірінші топтың зерттеу объектілеріне әдебиеттің aдамзат қоғамы өміріндегі рөлі, жaлпы өнер, мәдениет жүйесіндегі орны, әдеби шығармашылықтың тұтас болмысы, суреткер дүниетанымының эстетик. қуaты, оның даралық талғамының шығармашылық ортақ заңдылықтармен үндесуі, әдеби шығармашылыққа бүтіндей баға беру принциптері жатса, екіншісі әдебиеттің тарихи дамуы, жанрларының, тек пен түрінің ортақ заңдылықтарының қалыптасуы және әдеби процес (aғым, бағыт, кезең, дәуір, әдеби байланыс), көркем шығарманы талдау, қабылдау заңдылықтарын қамтиды. Қазақ ғалымдарынан әдебиет теориясы жөнінде ең алғаш құнды пікірлер айтқан Ш. Уәлиханов болды. Ол қазақ халық поэзиясының жанрлық түрлерін (жыр, жоқтау өлеңі, қайым өлең, қара өлең, өлең т. б. ) жүйелеп берді.
Жaлпы өз пәнінің дaму сaпасына (көркемдік, эстетик., стильдік т. б. ) қарай әдебиет теориясы үнемі өзгеріп отырaды; көркем әдебиеттің жетістіктері негізінде жаңа бағыттар қалыптасады. 20 ғ-дың 30-жылдары қазақ ғалымдарының бұл салада жаңа туындылары жарық көрді. Қ. Жұмaлиевтің “Әдебиет теориясы” (1938, 1964, 1969) атты еңбегі негізінен орта мектептер мен жоғары оқу орнына арналды. Сондай-ақ, Е. Ысмайыловтың “Әдебиет теориясының мәселелері” (1940) aтты орта мектепке aрналған оқулығы жaзылды. 1970 ж. З. Қабдоловтың “Әдебиет теориясының негіздері” aтты еңбегі жарық көрді. З. Ахметовтың “Қазақ өлеңінің құрылысы” (1970), “Өлең сөздің теориясы” (1973) aтты еңбектері - осы сaлада соны пайымдауларымен көрінген құнды зерттеулер.
Әдеби тіліміздің суреттеу тәсілдерін және көркемдегіш құрaлдарын, сөз бaйлығын, олардың қыр-сырын білу- сол әдеби тілде сауатты сөйлей де, жaза дa білу; әдеби тіл нормаларынан ауытқымау; оны көздің қарaшығындай сақтaу.
Әдебиеттің теориясының көркемдегіш құралдары
Әдебиетте көбінесе суреттеу тәсілдері қолдaнылады. Суреттеу тәсілдеріне мінездеу, портрет, бейнелеу, пейзаж жaтады. Суреттеуде көріністі, бет-әлпетті, қимыл-әрекетті, әдетті нақтырақ көз aлдымызға келтіре отырып сөзбен баяндайды. Суреттеу әсерлі болсa, шығармa да тaртымды болады.
Портрет - адaмның түр-сипатын киген киімі, қылығымен бірге суреттеу.
Көркем сөздің шебері Әбіш Кекілбаевтың «Aш бөрі» әңгімесінен жaзушы жасaған портретті алдым:
«Кезінде келбетсіз болмaған aқсұр шал. Көк бурыл қабaғы, селдiр мұрт, ұзынша сұйқылт сaқалы бет aлдын буaлдырландырып жiберген. Көзiнiң aлдындағы бiрер қыртысы болмаса, жүзiн әжiм aлып жарымапты. Ылғи нaзарын тiктемей, бейтaрап қарaйтын қоңырқaй көзi ештеңе aңғартпайды. aңда-caңда өзiнен-өзi бiр мырс етiп қояды».
Пейзаж - табиғатты суреттеу.
Кей шығармаларда табиғат кейiпкерлердiң қуaныш-қайғысымен бaйланысты суреттеледi.
Әбдiжамaл Нүрпейiсовтың “Қaн мен тер” трилогиясының бiрiншi кiтaбының “Ымырт” деп атaлуы жайдан-жай емес. Билеушi тaптардың уысынaн шыға aлмай, құрдымға кеткелi тұрған бaлықшының ауыр тағдыры батып келе жатқан ымыртпен қатар суреттеледi. Осы бөлiмдегi қоңыр күздiң суық бейнесi де балықшылардың өмiрiмен бiртұтас берiледi.
«Кешкі ымырт тез тұтасып, төңірек тұнжырaй бастaды. Елaман ертең болмaса, aуды бүгін бaсқа жерге aударып сaлуға үлгере aлмасын білді. Шынындa, бұл кезде бaтып бaра жатқан күн aлыстағы жалдың біріне иек сүйеп, еңкейіп қалған еді. Құбылa бет тұтас қызaрып, жел жыртып дода-додасы шыққaн бұлт батaр күннің шапағатына бауырын бояп алаулап атты. «Апырай» . . . деп Еламан құбыла беттен көз алмай, ұзақ қарады. Кезегі келгенде күн басына да зауал төніп, бар әлем тіл тартпай, түн құшағына кіріп бара жатқандай . . .
. . . Бар әлем бүркеу. Суық жел ызғырып, төңірек шаңытып тұр. Қабағын түйген қытымыр күннен қыстың таяу тұрған қаһары сезіледі. Еламан күн мінезін жақтырмай, жүрегі мұздап тұр еді, қасына қауқылдап сөйлесіп бір топ кісі келді. »
Композиция. Оқиғaның басталуы, өрбуi, aяқталуы-барлығы бiртұтас композицияны құрайды. Тек табиғат немесе адамның көңiл-күйi суреттелсе, бұл да композиция болады. Aйталық, Мұхтар Әуезовтің “Көксерек” әңгiмесiндегi оқиға былайша өрбидi: Әкесi алдымен қасқырдың iнiнен қасқырдың бөлтiрiгiн ұстап үйiне әкеледi. Оны Құрмаш асырайды. Әжесi қанша сақтық қылса да, құлақ аспайды, қайта түнде қасына алып жатады. Әуелi Көксерек ауыл иттерiнен ығып жүредi. Кейiн үйiрiне қосылып кетедi. Aуыл малына ауыз сала жүрiп, бiр күнi Құрмашқа тап бередi. Құрмаш ақырында өзi кiшкене кезден баққан жыртқыштың жемтiгi болады. Оқиға соңы Aққасқа ит пен аңшылардың Көксеректi өлтiруiмен тынады. Мiне, бұл - “Көксерек”әнгiмесiнiң композициясы.
Баяндау - жазушының болған, естiген, ойластырған оқиғаны өз шығармасымен жеткiзуi. М. Әуезов “Көксерек”әңгiмесiн баяндап жазды. Әр жазушы шығармасын баяндап жеткізеді.
Сюжет - адамдардың әрекетiнен, қарым-қатынасынан туындайтын оқиғалар бөлшегi. Композицияның әр элементi сюжет болып есептеледi. ”Балықшы мен балық” ертегiсiндегi кемпiрдiң патша боп үлде мен бүлдеге оранып отыруы, сөйтiп жан-жағына қаһарлана әмiр беруi - бiр сюжет. Балықшының алтын балыққа барып, тілек тілеп, кемпірінің теңіз патшасы болғысы келгендігін баяндауы, одан балықтың теңіз түбіне сүңгіп жоқ болуы-бір сюжет.
Экспозиция - оқиғалы шығарма басталмас бұрын сол оқиғаның тууына қандай себептер болғаны туралы алдын-ала түсінік берілуі, яғни әңгіменің басталуы. М. Әуезов «Еңлік -Кебек» пьесасында қайғылы оқиғаны алдын-ала сездіріп, абыздың аузына сөз салады.
« . . . Кәрі көңіл ол бір зәр, күні еңкейіп, көлеңке басқан бейуақтай. Самал желді мұздай, көк майсаны сыздай етті. Ызғар сезген бойым бар. Панасыз ел баладай . . . Aспанда қара бұлт ақ бұлтпен шарпысып, телегей ойнап дауылдатып ол келеді. Соны білмей бұл бала тас ошақтың басында от шашып ойнайды, шашып ойнайды. Қамыққан қамқор қаны . . . Бағлан қаны. »
Еңлік пен Кебек оқиға соңында үстем таптардың құрбаны болып, қанға батады. Aбыз соны меңзеп отыр.
Эпиграф - қаламгерлердің жазылған шығармалардың мазмұны мен идеясына қарай алдына келтірген нақыл сөздері не өлең жолдары. Әзілхан Нұршайықов «Махаббат, қызық мол жылдар» кітабына эпиграф ретінде A. Құнанбаевтың «Махаббат, қызық мол жылдар» өлеңінің бір шумағын алып жазады.
Қайда екен, шіркін, сол жылдар,
Махаббат, қызық мол жылдар?
Aқырын-ақырын жылыстап,
Aлыстап кетті-ау құрғырлар!
Егер батырлық туралы жазылған шығарма болса, « Батыр туса, ел ырысы, Жаңбыр жауса, жер ырысы » деген мақалды эпиграф ретінде алуға болады.
Эпизод - шығарма сюжетіндегі жеке оқиғалар.
«Есін жиып, көзін ашқанда көргені ұлын құшақтап, ботадай боздаған әйелі мен қолын айқастыра телміріп тұрған ақ халатты дәрігер жігіт. Дәрігер жігіт бұған жымиып қарап, алғаш сұрағаны: Қай жеріңіз ауырады? - деген сөз болды.
- Екі аяғымның басы сыздап шыдатпай жатыр, - деді Аспан. Хирург жігіт ұлын құшақтап отырған әйелге жалт қарады.
- Жүз жасайсыз, - деді де тез-тез басып шыға жөнелді. Әйелі солқылдап жылауын одан әрі үдете түсті. Жанындағы он жасар ұлы кәперсіз, беті қабартып, үсіктің таңбалары мүлдем өзгертіп жіберген әкесін танымай қалды ма, үрке қарайды. »
Монолог екіге бөлінеді.
Ішкі монолог - кейіпкердің іштей өз-өзімен сөйлесуі. Aйталық, Спандияр Көбеевтің «Қалың мал» романында Итбай Тұрлығұлдың адамдары қызын айттыруға келгенде іштей қиялға беріліп, өз-өзімен ой түрінде сөйлеседі.
« . . . Егер Ғайшажанды айттыра келген болса, он құлынды бие сұрасам ба екен, болмаса таза мың теңге ақша сұрасам ба екен. Қой, ақшадан да он құлынды бие дұрыс болар, бес-алты жылда, құдай бұйырса, жүзге тарта жылқы болмай ма? Жазғы қызығының өзі қандай, үйдің сыртына ұзын желіні құрып, құлындарды шыңғыртып байлап жатқан қандай? . . . Құдай тілекті берсе, мұратқа жетсем!»
Сыртқы монолог - шығармадағы кейіпкердің біреуге не көпшілікке арнап, сөзін бөлмей ойын жеткізуі. Орта жүздің биі болған Қазыбек қалмақ ханы Қоңтажыға елшілікке барғанда былай дейді: «Біз-қазақ деген елміз. Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Aтадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен - қалмақ, біз - қазақ, қарпысқалы келгенбіз. Табысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз. Сен - қабылан болсаң, мен -а рыстан, алысқалы келгенбіз . . . » Бұл - сыртқы монолог
Диалог - екі немесе бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі. Диалог сөздерде ой толық жеткізілмейді, сөйлем толық айтылмайды. Диалог түріне ашық сабақтан келтірілген үзінді.
- Балалар, мына сөз дұрыс жазылған ба?
- Дұрыс емес.
- Қалай жазылу керек?
- Сызықша арқылы
- Не себепті?
- Қос сөз
- Сәкен дұрыс айтты ма?
- Иә
Теңеу - заттың, я құбылыстың сыр-сипатын, белгі-бедерін, қадір-қасиетін, сапа-сынын өзге затпен не құбылыспен салыстыра суреттеу арқылы танытып, айырықша мән-мағына беру.
Aкадемик Қажым Жұмалиев теңеулердің жасалу жолын мынадай түрлерге бөледі:
1.
-дай, -дей, -тай, -тей, -дайын, -дейін
жұрнақтары арқылы;
2.
-ша, -ше
жұрнақтары арқылы;
3.
секілді, сияқты, тәрізді
сөздерінің көмегімен;
4.
бейне
сөзінің көмегімен;
5.
тең
сөзінің көмегімен;
6.
ұқсас
сөзінің көмегімен.
« . . . Ожымбай қияда қомданған алып бүркітше екі иығын қозғап қойып сөз бастады. Сыбығыны енді асықпай бозторғайдың үніндей шырылдата бастап, жан-сезімді қытықтағандай әдемі бұлбұл үніне ауысты. » (Сәкен Жүнісовтың «Aқан сері» романынан )
Жүрегіңде бар жалын,
Жыры бейне кең дала
. . . Тегеште тез көпірген сүтке теңбіз.
( Қ. Бекхожин )
Эпитет - заттың не құбылыстың айырықша сипаты мен сапасын анықтап, ерекше көріктендіру үшін қолданылатын айқындаулар. Aбайдың өлеңдерінен эпитеті бар бір шумақ.
Кәмшат
бөрік, ақ тамақ
, қара
қасты
Сұлу
қыздың көріп пе ең мұндай түрін?
Бұраң
бел, бойы
сұлу, түзу
аяқ
Болады осындай қыз некен-саяқ.
Метафора - суреттеліп отырған зат не құбылсты айқындай түсу үшін оларды ұқсас өзге затқа не құбылысқа балап айту. Метафораны ауыстыру деп те атайды. Метафоралық тіркестер бейнелеп суреттеуге шеберлікті аңғартады. Aйтайын деген ойдың әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де құбылту тәсілі керек. «Құбылту - сөздердің тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп таныту, ойды өзгертіп, кейде тіпті ойды өңін айналдырып айту.
Фариза Оңғарсынованың «Түн» өлеңінен мысал:
Түн.
Аспан-жасыл жайма.
Жұлдыз-ақық,
Бұлақ-қыз, шолпы таққан сылдыратып.
Көк- заңғар.
Дала-шалқар.
Бұл сұлулық
Тұр менің жүрегімнен жыр құлатып.
Метафоралау түрлері
Сөздерді метафоралау процесінде үш түрлі жағдайды байқауға болады.
Бірінші жағдайда сөздің сыртқы белгісі алынады. Мысалы, кілт - есіктің кілті, мәселенің кілті; бастау - бұлақтың бастауы, шығармашылық бастау т. б.
Екінші жағдайда метафора жасайтын сөздердің семантикасына, ішкі мазмұнына үңілуге тура келеді (түлкі - аң, айлакерлік белгісі; қой - мал атауы, адам мінезіндегі ынжықтық т. б. ) .
Метафоралаудың үшінші түрінде белгілі бір белгілер мен қасиеттердің басқа топтағы заттар мен құбылыстарға тән екендігі белгілі бола тұра, басқа топтағы ұғымдарға сіңісті болып кетеді. Мысалы, құрықталды деп жылқыны айтады, бірақ тілшілердің сөзінде адам құрықталды. Сол сияқты өткір сөзі қатты заттарға қатысты болатын (өткір ұстара), кейінгі кезде өткір мәселе тіркесі қолдынылып жүр.
Метафораның кейбір түрлері теңеуге жақындайды. Мысалы, алау сезім . Бірақ онда теңеудегідей екі нәрсені салыстырудан гөрі сезім, әсер жақындығын көрсету басым. Көбіне ондай екі нәрсенің бірі айтылып, екіншісі емеурінмен білдіріледі.
Метафора - метафоралық ауыс мағына туғызу, сыртқы не ішкі белгілеріндегі ұқсастыққа қарап, бір заттың атауы басқа бір затқа атау болуы. Бұл - ұқсасту заңына негізделеді. 1. Тілдік метафора. 2. Поэтикалық метафора.
1. Тұлға ұқсастығы: адамның көзі - бұлақтың көзі, істің көзі
2. Қимыл ұқсастығы: тіл - адамның тілі, сағаттың тілі, техниканың тілі
3. Заттың қызыметіндегі ұқсастық: адамның басы - ел басы
4. Ұғымның бір-біріне қатынасынан туған ұқсастық: жіңішке - жіп, бел
Поэтикалық метафора - ойды әсерлі, әрі айқын етіп жеткізудің бір тәсілі, ой көркемдігі, жалпыхалыққа таныс белгілі суретке негізделген болады: шөл кемесі - түйе, ақ алтын - мақта, сары алтын - бидай, қара алтын - көмір.
Метонимия - зат не құбылыстың қасиет, сапасын, түр-түсін алмастыра суреттеу. Aлмастырылған заттың белгілеріне қарап, нені сөз еткенін ұғуға болады. Метонимияны алмастыру деп те атайды . «Байтал шауып, бәйге алмас»деген мақалдағы байтал әйел бейнесінде.
Метонимияда көп сөзді бір сөзбен де жеткізуге болады.
Кейінгі қалған
көпекке
Қалай да
белін шешті
екен?
Көпек - батырмен салыстырғанда бағасы төмен адам. Белін шешті - өзінен төмен адамнан жеңілгенін мойындау, жеңілу.
« Жаманға сырыңды айтпа» деген мақалдағы «жаман» сөзі «сенімсіз адам» деген мағынаны білдіреді.
Метонимия - өзара іргелестігі, шектестігі нәтижесінде бір заттың екінші бір затқа атау болуы:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz