Философияның негізгі бөлімдері - онтология
Қазақ ұлттық қыздар педагокикалық университеті
Реферат
1-аралық бақылау
Топ:105
Дайындаған:Турдымуратова Ш.П
Тексерген: Курманбаева Л.Т
Тақырыбы: Философияның негізгі бөлімдері - онтология
2020-2021
Философияның негізгі бөлімдері - онтология
Онтология тақырыбы бойынша, оның ауқымында қамтылатын - Болмыс, Материя, Даму, Табиғат атты төрт мәселе қарастырылады. Болмыс мәселесінде: болмыс ұғымының концептуальды (таза жалпы ұғымдық көрінісі) деңгейі, бұл ұғымның философия тарихындағы байыпталу көріністері, болмыстың ішкі мәні, тұтастығы және түрлері мен олардың арақатынасы, болмыстың қабаттары туралы ілім, болмыстың баламалары зерделену объектісіне айналады. Материя туралы түсінікте: материя ұғымын анықтау, материяның қасиеттері, құрылымы, дүниенің материалдық бірлігі, субстанция туралы көзқарастар жүйесі, қозғалыс және оның формалары мен түрлері, материяның өмір сүруінің формалары ретіндегі кеңістік пен уақыт мәселелері және оның қазіргі заманғы жаңаша танымдық көріністері қарастырылады. Даму бойынша: болмыстың даму заңдылығы ретіндегі диалектиканың негізгі қағидалары, дамудың формалары мен түрлері, диалектиканың үш заңы: қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі, сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне өзара ауысу заңы, терістеуді терістеу заңы және категориялар жүйесі сарапталады. Табиғат мәселесіне орай, табиғат ұғымы және оның жаратылу теориясы, материя қозғалысының жоғарғы формасы ретіндегі - өмір, қоршаған орта туралы толғанылады. Болмыс - өмір сүретіндердің әртүрлілігі үшін және тұтастай әлемнің бар болуының негізін бекітетін философиялық категория. Яғни, тіршілік ету, бар болу қасиеттерін жинақтаған бүкіл әлем, ондағы заттар мен құбылыстар, идеялар дүниесі. Ол кейде дүние, әлем түсініктерімен сәйкес, синонимдес мағынада да қолданылады. Бірақ болмыс атауында оның бар болуына, тіршілік етуіне, осы әлемге қатысуына баса назар аударылса, әлем, дүние сияқты түсініктер болмыстың шынайы түзілімінің тұтастығын бейнелеу үшін қолданылады. Мәселен, әлемдегі болмыс - әлемнің бар болу, өмір сүруін бекіте түссе, әлем болмысы сол әлемнің шынайлығы мен жалпы болуға қатысуын анықтай түседі. Демек, болмыс, жалпы алғанда, не нәрсе, ол мейлі материалдық немесе руханилық болсын, әйтеуір бар болса, соны тұтас қамтитын философиялық категорияға айналған. Болмыс түсінігін философияға алғаш енгізген көне Грекиядағы Элеаттар мектебінің негізін салушы Парменид болатын. Оның тұжырымы бойынша болмыс - бүтін, шынайылық, игіліктілік, әсемділік бола отырып, біртұтас қозғалыссыз, тұйық шар формалары деп түсіндіріледі. Кейінгі Элеаттар мектебінің өкілдері шынайы болмысты сезімдік әлем мен алдамшы болып көрінетіндерге қарсы қойды, болмыс туралы ілімді таза, біртұтас, өзгермейтін мәңгі өмір сүретіндерді қарастыратын ілім етіп құрды. Дүние, болмыс туралы ойтолғаныстар философия тарихында көне замандардан-ақ басталған. Мифтік дәуірде болмыстың тылсым қырларына үңілу, оның жеке элементтерін қастерлі санау, дүние мен адам қатынасының қыры-мен сыры толғанылған. Болмыстың арнайы жүйесі мен оның сапалары, категориялар жүйесі, пайда болуы мен қалыптасуы, болмыс пен бейболмыстың арақатынасы сияқты мәселелер көне Үндінің алғы философиясында, әсіресе, вайшешика ілімінде таразыланады. Грекиядағы Милет мектебінің өкілдері болмыстың сапалы анықталған бастамаларын көрсетуге ұмтылды, бүткіл дүниенің сан алуандығы мен көптүрлілігіне байланысты олардың әу баста бір бастапқы ортақ негізі болуы тиіс деген ұғымды басшылыққа ала отырып, оны материалдық зат ретінде пайымдаған болатын: Мәселен, Демокрит - атом, Анаксимен - ауа, Анаксимандр - апейрон, Фалес - су дүниенің бастапқы түпнегізі деп ұсынды. Ал орта ғасырда онтология теологиямен байланыста қарастырылды да, абсолютті болмыс құдаймен барабар деген түсінік басым болды. Мәселен, схоластикада осындай үдерістер бойынша: субстанциялық-акциденциялық, актуалды-потенциалды, кездейсоқ-қажетті болмыс деңгейлері ажыратылды. Универсалийлердің онтологиялық статусы жөнінде, яғни, жалпы атаулардың шынайы және шынайы еместігі турасында номиналистер мен реалистер айтысты. Онтология (онтос - өмір сүретіндер, мән; логос-ілім деген мағынада) - болмыс туралы ілім, өмір сүріп тұрғандардың формасы, оның іргелі қағидалары, болмыс туралы неғұрлым жалпы анықтамалар оны категория ретінде қарастыратын философияның басты салаларының бірі. Онтология терминін 1613 жылы Гоклениус енгізген және 1656 жылы бұған тәуелсіз түрде бұл термин И. Клаубергтің еңбектерінде кездеседі. Метафизика негізі болып саналатын, заттар мен болмыс метафизикасы - онтология деп тұжырымдалады.
Болмыс туралы ілім бұған дейін осындай арнайы атауға ие болған соң, жаңа дәуірде онтология гносеологиямен жалғасты. Бұл кезеңде: натуралистік онтология - математика мен жаратылыстану объектілері сезімдік түрде танылмайды деп танитын, дискреттік онтология - атомдық түсініктердің өрлеуі, болмыстың үздіксіздігі туралы пайымдаулар, монистік және плюролистік онтология - объективті өмір сүретіндердің бірлігі мен көп түрлілігі ұсынылды. Классикалық неміс философиясы идеализмінде, әсіресе, Г.Ф.Гегельдің ұғымынша, ойлау мен болмыс сәйкес; ойлау, рух, абсолютті ақыл - болмыс субстанциясын құрайды. Бірақ бұл сәйкестік таным мен даму заңдылықтары бойынша түсіндірілген. Ол онтологияны - мәннің абстрактілі анықтамалары жөнінде ілім деп тұжырымдаса, И.Кант онтологияны мазмұнсыз метафизика деп санап, оны трансцендентальді философиямен алмастырады да, философияны тек таным теориясы деп түсіндіреді. Сонымен қатар болмысты философияның салалары мен бағыттары бойынша сараптауға болады; теологияда - құдай болмысты мәңгі жаратушы, оған өз үстемдігін жүргізуші, метафизикада, идеализмде болмыс - рух түрінде, материалистерде - материя, әлемнің тұтастай алғандағы заттық құрылымы, энергетизмде - жайлаған энергия болып түсінілген. Қазіргі онтологияда болмыс әр түрлі тіршіліктің тұтастығы деген ой-пікірге келіп тоғысады. Ал ХХ ғасырдағы экзистенциализм ағымы болмыс мәселесімен арнайы шұғылданаған болатын. Мәселен, М. Хайдеггердің іргелі (фундаментальді) онтологиясында - болмыс қалай өмір сүруді иеленеді, негізі неге өмір сүріп тұрғандар бар, ештеңе неге жоқ, болмыстың мағынасы неде? деген сауалдар қойылады да, адам болмысы жалпы болмысқа қатысты түрде талданады. Адам өмірінде қол астына иеленетін керек заттар, практикалық нәрселер, ал адам үшін тек теориялық маңызы барлар - нақты болмыс деп ажырата келе, болмыс өлімге бағытталған, ол уақыт бойынша емес, болмыс сол уақыттың өзі ретінде өмір сүретіндігі туралы пайымдалды. Болмыстың мағынасын толықтай зерделеу үшін оның қарама-қарсы жағы, баламасы Ештеңе немесе Бейболмыс арқылы ашылатындығын терең байыптаған неміс ойшылы мынадай тұжырымдарға келеді: болмыс ештеңені жоққа шығарудан пайда болады, ештеңе өмір сүретіндерге толығып, шоғырлануға, тиелуге мүмкіндік береді, содан соң болмыс ашылады, ашылу үшін өмір сүреді, бар болуды қажетсінеді. Осы ағымның өкілін Ж.П. Сартрдың көзқарасы бойынша, болмыс таза, логикалы, өзімен-өзі барабарлық. Тілде бар сөзі арқылы қолданылады. Сондай ақ, ХХ ғасырдағы неопозитивизм, постмодернизм сияқты ағымдарда болмыс философиясынан бас тарту түсінігі бар. Болмыс философиясынан бас тарту - философиядағы негізгі категория - болмыс проблемасын проблема ретінде, философия объектісі ретінде жоққа шығару. Бұл тек болмыс қана емес, дәстүрлі метафизикалық проблемаларды терістейтін пікірлермен байланысты туындаған. Бас тарту басқа қырынан келу, ішінара жоққа шығару, мәселесінің қойылуын өзгерту түрінде емес, болмысты тікілей ескірген ұғым ретінде қарастырады. Болмыстың мәні мәселесі оның жалпылама сипаты мен негізгі өмір сүру формасына, ішкі заңдылықтарына байланысты болып келеді. Яғни, ол барлық өмір сүретіндердің бірлігі, тұтас әлем болып табылатын болмыс ұғымынан туындап, екі түрлі сипатта анықталады: 1) кез-келген бар болып тұрған жеке нәрселерге қатысты, көлемі жөнінен неғұрлым кең, бәрін қамтитын ұғым, ал мазмұны жөнінен кедей, өмір сүруден басқа ешқандай қасиетті иемденбейді; 2) тек бір затқа қатысты, бәрінің бірлігі, сондықтан, оның мазмұны шексіз, мүмкін болатын барлық қасиеттерді жинақтайды, әр түрлілікті тұтастандырып тұрады. Бұдан дүниенің мәнін тереңірек ашу үшін болмыстың қырлары мәселесі туындайды, болмыстың қырлары - болмыс сипатын ашудың метафизикалық негіздері, оны айқындаудың іргелі сауалдары. Болмыстың ең негізгі сипаты - бар болу, одан айрылса болмыс емес. Яғни - бар. Бұдан болмыстың бірінші қыры туындайды: 1) Дүние бар ма, болса ол қай жақта деген сауалға - бар, барлық жерде деген жауап беріледі. Себебі, ол болмайтын болса, онда болмыс туралы түсініктер мен идеялардың барлығы да болмас еді, біздің өмір сүруіміз бен әлемге қатынасымыздың өзі жалған болып табылар еді. Ал болмыс еместік арнайы орынды иеленбейтіндіктен, болмыс барлық жерде де бар және рухани кеңістікті де тұтас қамтып тұрады, бұдан болмыс болмайтын жер жоқ деген нақты тұжырым алынады. 2) Болмыстың әр түрлі қырлары тең өмір сүреді, барша тіршілік ететіндер органикалық еместер, организмдер, мегаәлем т.б. барлығы бар болу құқы бойынша, жалпы алғанда, өзара тең. Бұл теңдік дүниедегінің барлығының: қалыптасып, пайда болып, одан соң белгілі бір уақыт бойынша өмір сүріп, кейіннен мүмкіндіктерін сарыққаннан соң жойылатындығы арқылы анық көрінеді. Олардың тең құқықтығы антропоцентристік емес, онтологиялық мәнде - бәрі де осы дүние элементтері, өмір сүру құқын тең дәрежеде иеленген. Болмыс өзінің жеке түрлері бойынша олардың да ішкі мағынасын, табиғатын анықтайды. Осыған орай, жеке заттар мен құбылыстар болмысын бөліп алуға да болады. Мәселен, ағаш болмысы, өсімдіктер болмысы т.б. Бірақ олардың болмысы, яғни, бар болуы өзін-өзі оқшауламайды, барлығы тұтас болмысқа кірігеді, олай болса, жалпы мен жеке ұғымдарының салыстырмалылығынан жалпы біртұтас болмыс құрылады. Бір нәрсенің болмысы оның жалпы шығу тегін, өмір сүру қағидаттарын, тіршілік ету сәтін, басқада нәрселермен қатынасын және түпкілікті жойылуға дейінгі қалпын, демек, бүкіл ішкі және сыртқы табиғатын тұтастай ашу үшін қолданылатын болса, тұтас болмыс атауы да оның осындай шынайы сипаттарын түгелімен қамтиды, себебі, ешқандай қамтылмай қалған сипат болмауы тиіс. Нақтырақ айтсақ, қасиеті, қызметі, құрылымы, шығу тегі, жаратылуы, бұрынғы-қазіргі-болашақта қандай болуы мүмкін күйі т.б. тұтаса келе сипатталып, бір-бірімен байланыста қарастырылуы тиіс. Мәселен, ұлттық таным түсінікте жалпы табиғаты осындай, болмыс-бітімі сондай, бары сол деген сияқты фразалар бүгінгі күнге дейін нақты қолданыста. Бұл түсіндірмелер сол нақты объектінің тұтас болмысын қамтитын сипаттарды анықтау үшін қолданылады. Халқымызда дүние, әлем деген сияқты жалпы атаулармен қатар, парасатты толғанылған (ғылымиланған деуге де болады): он сегіз мың ғалам, тылсым дүние, сегіз қиыр шартарап деген сияқты ұғымдар болмыстың көптүрлігін және өзара байланысын, тұтастығын, шексіздігін, таным үрдісінде түйткілділігін, кей сәттерде тіпті танылуы да күрделілігін сипаттайтын ұғымдар болып табылады: 18 мың ғалам - болмыстың сан алуан күрделілігі мен шексіздігі, шетсіздігі, жасампаздығы, ақиқаттығы, мәңгілігі турасындағы космологиялық-онтологиялық ұлттық дүниетаным түсінігі болса, тылсым дүние - (феномендік, иллюзиялы, сакральді және т.б. түсініктерге жақын) адам танымының шегін білдіре отырып, болмыстың үнемі ішкі мән-мағынасын сақтайтындықты өзіне ұсынатын және адам дәрменсіздігінің сезімдік жай-күйін де білдіретін қатынасты қоса қамтитын субъекті мен объектіні ажыратқан, адам және дүниенің асқақтығы мен құпия қыр-сырын, болмыстың жұмбақ танылмаған құбылыстарын жинақтайтын қазақ философиясындағы әлемнің сипаты. Ұлттық таным-түсінікте болмысты, әлемді екі бағдарда ажыратып пайымдау үрдістері қалыптасқан: 1) пессимистік - күнделікті өмірде үмітсіздік пен жарқын болашаққа сенбеуді білдіретін көңілсіз әлемді елестететін дүниеге көзқарасты құрай отыра, әлем - үмітсіз, ал адам өмірі - өткінші деп санайтын бағдар. Бірақ бұл пессимизмнің өзі өмірдің, әлемнің өткіншілігіне, қысқалығына өкініш сезімдері арқылы қайтадан шабыттануға өтеді. Бұны жалған дүние ұғымы арқылы береді: алдамшы дүние, өтпелі дүние т.б. мағыналарды жинақтайтын тұтас әлем мен адам болмысының өткіншілігін түйсінуді білдіретін, өткіншілікке риза еместікті үнемі байыптаудан туған қазақтардың болмыс, дүние жөніндегі философиялық түсінігі. Бұны кейде тек қана жалған деп те атайды. Жалған - материалдық болмыстың (әсіресе адам тән) өткіншілігінен, өзгергіштігінен туындаған мәңгілікке, тұрақтылыққа қарама-қарсы түсінік. Сонымен қатар қайтымсыздыққа өкініш арқылы мәңгілікті аңсау, үздіксіздікті ұсыну түсініктері де жоқ емес. Бұнда әлем мен адам болмысы өзара кірігіп кеткен. Халқымыз осыған орай, адам болмысының өтпелілігін қамшының сабындай қысқа ғұмыр деп сипаттайды. Бұл көбіне поэтикалық, көркемдік танымда жиі қолданылады. Бірақ өткіншілікке өкініш арқылы жалғанды жалпағынан басу, яғни еркіндік пен мағыналы өмір сүру ниетін де білдіреді. Абсурд - түсінігіне жақын, бірақ түпкілікті түңілушілік жоқ, өткіншілікті амалсыздан мойындау ғана бар; 2) оптимистік - пессимизмге қарама-қарсы, үздіксіз дамуға және болашаққа үмітпен қарайтын, өмірге ризашылық пен сүйіспеншілікті білдіретін, біздің әлем бүкіл бар болатын әлемдердің ішіндегі ең жетілген, қолайлысы деп есептейтін позитивті көңіл-күймен берілетін дүниеге, өмірге көзқарастың түрінен туындайтын болмыстың жалпылдама сипаттамасы. Мәселен, жарық дүние - адам өмірінің осы дүниедегі мағыналылығын, әсемдігі мен асқақтығын рәсімдейтін, сонымен қатар кеңдігі мен шексіздігін білдіретін, әсіресе, өмір дүниесін бейнелейтін, оптимистік, өміршеңдік, әрекетшілдік пен жігерлік сипаты бар ғаламның жалпы бейнесі. Бұнда болмыс пен адам болмысының мағынасы өздігінен ашылып тұр. Ал Заман - сол уақыттағы қоғамның күрделі хал-ахуалы мен мән жайын сипаттайтын әлеуметтік болмыстың; өмір жағдайы, адам мақсат мұраттары сияқты құндылықтарды қоса қамтитын қоғамдық-тарихи процестің нақты бір кезеңі. Ол оптимистік бағытта: қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман, түзелген заман және пессимистік бағытта: зар заман, ақыр заман т.б. кездеседі. Заман түсінігі қоғамдық болмыстың объективті даму тенденциясын да білдіретін субъективті факторларды да қамти отыра, әлеуметтік болмыс деген ұғымның шынайы, өткір келбетін, пердесін ашып көрсетуге келіп саяды. Болмыс жалпы алғанда, адамның таным объектісіне айнала ал ма деген сауал бойынша философияда болмыс пен ойлаудың арақатынасы туралы толғаныстар басты мәселе ретінде ұсынылған болатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген ағымдарда бұл метафизикалық шешімін таппайтын сауал ретінде де қабылданады. Демек, ойлау мен болмыс бір-біріне қатысты, себебі, болмыс туралы бүгінгі күнге дейінгі қалыптасқан ұғымдар мен идеялар осының айғағы. Демек, болмысты болмыс еместен қалай ажыратамыз деген сауалға, оның мынадай қасиеттерін тиянақтап көрсетуге болады: болу, бар болу, (әлемге) қатысу, өмір сүру, тіршілік ету, көріну, объект ретінде ұсынылу т.б. Сонымен қатар болмыстың ішкі мәнінің өмір сүретіндігін анықтау мақсатында Барлық (сущее), демек, бар екендік туралы айталады, бұл болмыстың жалпы атауынан гөрі нақты бар нәрселерді сипаттау сәтінде қолданылатын ұғым. Ал бірдеңе немесе әлдене (нечто) әйтеуір не болса да бар, жоқ емес деген мағынаны білдіру үшін қолданылатын түсінік. Болмыстың мәнін түсінудің тағы бір тұсы оның тұтастығын, ішкі бірлігін түйсінуде болып табылады. Болмыс біртұтас, ал оның жекелеген элементтері осы тұтастықты құраушы ғана емес, оның қажетті, өзге түрлерге ықпалдылығы бойынша өмір сүретін жалпының ішіндегі жекелігі. Бұдан болмыстың бүтіндігінің органикалық бірлігі түсінігі туындайды. Яғни, органикалық бүтін оның әрбір бөлшегінің маңызды құрылым екендігін, егер ол бөлшек қатыспаса, бүтіндіктің бұзылатындығын негізге алады. Бұндай болмыстың бүтіндігі диалектикада - бәрінің бәрімен байланысы қағидасы бойынша, синергетикада - әлемнің тұтастай бір-бірінен туындап, өздігінен ұйымдасып отыратындығы арқылы дәйектеледі. Мәселен, экологиялық баланс ұғымында табиғаттағы әрбір тіршілік иесінің осы тұтастықты құрайтындығы және олардың мөлшерінің, санының сақталып отыруы тиіс екендігі туралы айтылады. Осыған орай, әрбір тіршілік иесімен, заттармен, құбылыстармен қатар әрбір адам да осы болмыс тұтастығының қажетті элементі болып табылады. Абай айтқандай: Сен де бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та бар қалан деген тұжырым осы болмыс тұтастығын анық ашып көрсететін тұжырым екендігі сөзсіз. Ол әрбір болмыс элементін кірпішке теңей отыра, әрбір адамның әлем алдында кірпіш тәрізді теңдігін байыптайды. Болмыстың сан түрлі алуандығына, тіршілік ету дәстүрлерінің әр түрліліліне, жалпы сансыз формада болатындығына байланысты оларды топтап, түрлерге ажыратып қарастыру жолға қойылған. Осыған орай, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz