Мемлекеттік биліктің мақсаты - ортақ игілікке жету лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Стк-208 Құрманбай Мади

Деңгейлік тапсырмалар:

1-деңгейлік сұрақ. Саяси ғылымның тарихын оқып білудің маңызы неде?

Саясаттану ғылым ретінде. Саясаттану сөзі ("политология") гректін, «политика" және "логос" деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.

Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, . Оныңдұрыс-бұрыстығы, сайыпкелгенде, адамдардын, . Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі. Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы кұбылысын өте ерте заманнан түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдін ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстық қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарадық. Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, сол кездегі мифтарға сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады.

1 -деңгейлік сұрақ. Аристотель мемлекеттің түрін бөлгенде қандай өлшемді басшылыққа алды?

Аристотельдің ойынша, мемлекет - қауымның дамығаң түрі, ал кауым - отбасының дамыған түрі. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлектті дұрыс және бұрыс түрлерге бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократияны және политияны жатқызды. Ал тирания, олигархия мен демократияны мемлекеттің бұрыс түрі деп санады. Мемлекеттің дұрыс түрінде әкімдер халық, ел пайдасын ойлайды, билік қоғамға қызмет етеді. Ал бұрыс түрінде олар өз бастарының пайдасын ойлайтын көрінеді.

2-деңгейлік сұрақ. Ортағасырлық саяси идеялардың ерекшеліктері неде?

Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды /V - XVI ғасырлар/. Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды.

Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік католиктік ширкеудін, папалықтың және ақсүйек феодалдардың арасында қоғамдағы басқарушы рөл үшін киян-кескі қүрес болып тұрды. Үкімет басында дін иелері ме әлде ақсүйектер болуы керек пе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды.

Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді. Атап айтқанда, ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды. Жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттілігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндірді. Мемлекеттік биліктің мақсаты - «ортақ игілікке» жету лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін феодалдық-сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс.

2-деңгейлік сұрақ. Қоғамдық келісім теориясы деп нені айтады?

Қоғамдық келісім (лат. socialis contractus - общественный договор-қоғамдық келісім, шарт) - басқарушылар (билеушілер) мен олардың қол астына қарайтындар арасында өзара құқықтары мен міндеттерін анықтайтын реалды (шын) немесе гипотезалық (болжамдық) шарт немесе келісім. Қоғамдық келісім теориясына сәйкес, адамдар көне заманда олардың өзі үшін қолайлы немесе қолайсыз болуы мүмкін анархияның (бассыздықтың) табиғи жағдайында өмір сүрді. Кейін, табиғи себептерге байланысты, индивидтер арасында шарт жасау арқылы қоғам (және мемлекет) қалыптасты.

Ұқсас идеяларды ертедегі Грекияда бұрын софистер айтса да, қоғамдық келісім теориясы XVII-XVIII ғ. ғ. кең таралу алды және Т. Гоббс, Дж. Локк, Ж. Ж. Руссо аттарымен байланыстырылады. Сол уақыттағы басқа саяси доктриналардан айырмашылығы, олар өздерінің теорияларында жеке игілік пен қоғамдық келісім тұрғысынан саяси билікті ақтауға тырысты. Олар биліктің толық жоқтығымен сипатталатын табиғи жағдайдың кемшіліктерін азаматтық қоғамның (яғни бар буржуазиялық қоғамның) артықшылықтарымен салыстыру арқылы мемлекет және құқық институттарының маңызы мен мақсаттарын әйгі етіп көрсетуге тырысты.

Қоғамдық келісім - әлеуметтік келісім тұжырымдамасы адамдар өздерінің мүдделерін өз ортасында қамтамасыз ету үшін мемлекет пайдасына өздерінің егеменді құқықтарын ішінара бастарынан туындайды. Әлеуметтік келісім-шарт азаматтардың мемлекеттік басқарудың қағидалары мен қағидалары бойынша тиісті заңдық жобамен қол жеткізілген келісімді білдіреді.

Әлеуметтік келісім шарттың негізгі қағидасына сәйкес, басқарылатын мемлекеттің ерікті келісімі негізінде заңды мемлекеттік орган құрылады. Бұл теориялардың көпшілігінің бастапқы нүктесі адамның жеке пайдасын дербес бақылайтын табиғи мемлекет деп аталатын адам өмірінің жағдайын зерттеу болып табылады.

Әлеуметтік келісімшарт пен азаматтық құқықтар бір мезгілде алынған, табиғи құқықтар емес, олар мәңгілікке бекітілмейді. Шарттың өзі - нәтижеге жетудің жолы - бәріне пайда - және жалпы мүдделер кезеңі (Руссодың ортақ тілегі) дейін заңды болып табылатын (Locke немесе Руссоның секілді кейбір философтарына қарағанда) . Сондықтан, келісімшарт кемшіліктерді анықтаған кезде сайлауды немесе заң шығарушы сияқты құралдарды пайдаланып ережелерді өзгерту туралы қайта келіседі. Локк диктатураға әкеп соғатын шарт болған жағдайда көтерілуге ​​құқығы бар екенін дәлелдеді.

3-деңгейлік сұрақ. Қазақ халқының рухани мұрасындағы саяси ойларға не жатады?

Қазақ халқының рухани мұрасы да саяси ой-пікірлерге бай. Оның ішінде ең шоқтығы биігі ислам фәлсафасының негізін салушылардың бірі -біздің қандас бабамыз ұлы ойшыл әл-Фараби.

Қазақтың бірінші фәлсафашысы, әлеуметтанушысы, математигі, физигі, астрономы, ботанигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан әл-Фараби 870-жылдары өмір кешті. Ол Арыс өзенінің Сырдарияға кұяр жерінде орналасқан Фараб (кейінгі Отырар) қаласында туды. Жасында сонда оқу-тәрбие алып, кейін Бұхара, Александрия, Каир, Дамаск, Бағдат қалаларында тұрып, білімін ұштап, қызмет атқарды. Оны әріптестері көзі тірісінде-ақ "екінші Аристотель" деп атаған болатын.

Бабамыз ғылымның сан саласы бойынша 160-тан астам трактаттар жазып, артына мол мұра қалдырды. Саясаттануға байланысты "Рақымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы", "Азаматтық саясат", "Бақытқа жету жолдары", "Саясат туралы" деген еңбектері бар.

Ұлы ойшыл "Рақымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы" деген саяси трактатында мемлекетті адамдардың өз қажетін бірлесіп қоғамдық жолмен жақсылап қанағаттандыру үшін жасаған ұйымы деп білді. Оның пайда болуына тіршілік үшін күрес айтарлықтай ықпал етеді. Сондықтан адамдарды бір-біріне көмектестіріп, барлық жұрттың жақсы тұрмысына қам жеп, қамқорлық жасаған мемлекет қана өз міндетін атқара алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта ғасыр мен қайта өрлеу жылдарындағы саяси ой-пікірлер
Cаяси құқықтық ілімдер тарихының қалыптасуы
Cаясаттану ғылымының тарихы
Адам құқығының дамуы жайлы қазақ ойшылдарының идеялары
Орта ғасыр мен қайта өрлеу жылдарындағы, жаңа замандағы саяси ой-пікірлер
Қазақстандағы саяси ойдың дамуы мен өрлеуі
Саяси ғылымдардың негізгі кезеңдері мен қалыптасуы
Саяси ойлар және қазіргі кездегі саяси мектептедің тарихы
Әлемдік саяси ойдың дамуы
Демократия туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz