ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ҰҒЫМЫНА ҚҰРЫЛЫМДЫҚ - МАЗМҰНДЫҚ СИПАТТАМА



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ҰҒЫМЫНА ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-МАЗМҰНДЫҚ СИПАТТАМА

Зерттеушілік құзыреттілігі ұғымының генезисін (шығу тарихын) зерттеу кезінде түрлі ғылыми білімдерде зерттеушілердің көптеген анықтамалары мен түсіндірмелері бар екені анықталды (Г.И. Аксенова, Т.Д. Андронова, В.В. Буткевич, Ю.В. Варданян, В.В. Грачев, И.Ф. Исаев, Н.Е. Мажар, А.И. Мищенко, Л.С. Подымова, Е.Г. Силяева, Е.Н. Шиянов және басқалар), бірақ та біз педагогтың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі бойынша Н.Г.Лебедеваның [1] жұмыстарын әбден лайықты жұмыс деп есептедік, ол талантты балалар мен жастармен жұмыс жасайды және мәліметтерге төмендегіде түрде түпкілікті талдау жүргізеді:
- педагогтың зерттеушілік құзыреттілігі метапәндік сипатқа ие болып табылатын түйінді құзыреттілік ретінде қарастырылады (А. В. Багачук, Ю. В. Рындина, Е. Л. Макарова, М. Б. Шашкина, А. В. Хуторской, П. И. Третьяков, Г. С. Саволайнен);
- зерттеушілік құзыреттілік тұлғаның интегративті сипаттамасы ретінде қарастырылады, ол әдіснамалық білімдерді, зерттеушілік іс-әрекет технологиясын меңгеруді, олардың құндылығын мойындауды және оны кәсіби іс-әрекетте пайдалануға дайындығын бағамдайды (М.Б. Шашкина, А.В. Багачук);
- зерттеушілік құзыреттілік тұлға сапасы ретінде, білім, құндылық бағдарлар, зерттеушілік іс-әрекетке деген қажеттілік пен тәжірибе жиынтығы, ол субъектінің қызметтерін орындауға дайындығы мен қабілеттерінің көрінуі (В. А. Константинов);
- зерттеушілік құзыреттілік кәсіби құзыреттіліктің дәл өзі (В. А. Адольф, Л. А. Голубь, А. А. Деркач, В. С. Лазарев, Т. А. Смолина және басқалар), жалпы және кәсіби білімділіктің ажарамас құрамдас бөлігі деп қарастырады (Б. С. Гершунский, В. В. Лаптев және басқалар);
- зерттеушілік іс-әрекетті жүзеге асыру үшін қажетті білім және іскерліктер жиынтығы (В. Н. Введенский, Т. А. Воронова, М. А. Данилов, А. Н. Журавлев, Э. Ф. Зеер, Т. А. Смолина, П. И. Ставский, Н. Ф. Талызина, М. Н. Скаткин, М. А. Чошанов, О. Н. Шахматова, А. И. Щербаков және басқалар);
- зерттеушілік құзыреттілік тиімді зерттеушілік іс-әрекет үшін қажетті тұлғалық сапалардың жиынтығынан құралады және функциональдық құзыреттілікпен теңдестіріледі (Б. Г. Ананьев, А. Г. Аллахвердян, А. А. Бодалев, А. А. Вершина, А. А. Деркач, Н. В. Кузьмина, В. В. Лаптев, А. Н. Лук, А. К. Маркова, И. Я. Никанорова, Е. В. Попова, Н. А. Рыбаков, А. П. Тряпицына, В. Д. Шадриков және басқалар).
Осылайша, Н.Г. Лебедева зерттеушілік құзыреттілігі анықтамасының негізіне не қойылғанына байланысты бұл ұғымды зерттеудің бірнеше бағыттары бар деген қорытынды жасайды. Алғашқы бағытты жақтаушылар құзыреттілік ұғымы аясынан шыға отырып, зерттеушілік құзыреттілігін негізгі құзыреттіліктердің бірі ретінде қарастырады. Ал екінші бағыт өкілдері анықтаманың негізіне іс-әрекет ұғымы анықтамасын алады және зерттеушілік құзыреттілігін тұлғаның зерттеушілік іс-әрекетті жүзеге асыруға дайындығы ретінде қарастырады. Үшінші топ өкілдері базалық ұғым ретінде зерттеу ұғымын алады және сәйкесінше зерттеушілік құзыреттілігін тұлғаның зерттеулерді (педагогикалық, психологиялық және т.б.) дайындау және жүргізуге әзірлігі ретінде анықтайды.
А.А. Ушаков, өз кезегінде, [2] жаңа мәселелерді шешуде дербес ізденіске қабілеттілігі мен дайындығы және тұлғалық-мәнді білімдер, іскерліктер, дағдылар, іс-әрекет тәсілдері және құндылық бағдарлары жиынтығының негізінде шынайылықты шығармашылық тұрғыда түрлендіруі түрінде көрінетін тұлғаның интегральды сапасы ретінде нақтылайды және айқындайды.
Зерттеушілік құзыреттілігі ұғымы келесідей түрде түсіндірілуі мүмкін:
⮚ ...болашақ мұғалімның жеке тұлғасының біртұтас, интегральды сипаттамасы, ол іс-әрекеттің мағыналық контексінде функционалдықтан түрлендіргішке ауысу мақсатындағы өз іс-әрекетіне және өзіне іс-әрекет субъектісі ретінде белсенді зерттеушілік ұстанымын ұстануға дайыныдығының көрініс табуы ретінде қарастырады (Ю.В. Рындина [3]);
⮚ ...зерттеушілік құзыреттілік кез-келген кәсіби іс-әрекеттің маңызды сапалы сипаттамасы, қазіргі заманғы жылдам өзгеретін әлемдегі адамның стилі болып табылады (Л.А. Даринская [4]);
⮚ ...зерттеушілік құзыреттілік - бұл жеке тұлғаның интегральды сапасы, зерттеушілік міндеттерді өз бетімен шешуге қабілеттілігі және дайындығы, зерттеушілік іс-әрекеттің технологияларын меңгеруі, зерттеушілік іскерліктер құндылығын мойындауы және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚОРЫ
Болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясын қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілінен құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары
Студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі
Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру
Оқушыларды сыныптан тыс креативтік шығармашылыққа баулу
Болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау үдерісіндегі педагогикалық практика
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Құзыреттілік теориясы
Танымдық құзыреттілік сипаттамасы
Пәндер