ХХ ғ. б. алаш басылымдарындағы әдеби-сын мәселелері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Филология және әлем тілдері факультеті
Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: ХХ ғ.б. алаш басылымдарындағы әдеби-сын мәселелері

Орындаған: А. Аманжанова
Тексерген: Ш.Шортанбаев

Алматы, 2021 жыл
Қaзақ әдeбиеті тaрихының ХХ ғ.б. кeзеңі дaму тұpғысынан aлғанда, aйрықша дeп aйтуға бoлады. Кeзең әдeбиеті - ХІХ ғaсырдың eкінші жaртысындағы әдeбиеттің зaңды жaлғасы. Әйтcе де ХХ ғ.б.әдeбиеттің aйрықша дaмуына әсер еткен бірнеше мәселе болды. Олар: осы кезеңдегі орыс патшалығындағы саяси-әлеуметтік жағдайлардың күрделілігі, бірінші орыс төңкерісі (1905-1907) нәтижесінде пайда болған демократиялық жағдайлар, олардың орыс халқымен бірге бұратана елдердің де мәдени тұрғыдан алға озуына ықпал етті. Оқу-ағарту ісі дамыды. Кітап бастыру ісі де жақсы жорлға қойыла бастады. Баспасөз ісі де патшалық тарапынан қанша қысым көрсе де бұған дейін болмаған дәрежеде өсті. Осы жағдайлардың барлығы да ХХ ғ.б.қазақ әдебиетінің өсуіне елеулі әсер етті. Әсіресе, кітап бастыру мен баспасөз ісінің дамуы әдебиеттің дамуына мол ықпал еткені даусыз. Патшалық цензура тарапынан үздіксіз қысым, зорлықтың мол болуына байланысты жеке қайраткерлік тұлғалардың бастамасымен шығып отырған қазақ газеттері ұзақ өмір сүре алмай, жабылып қалып отырды. Аталған кезеңде қиыншылықтарға қарамай, ұзақтау өмір сүрген және қазақ әдебиетінің дамуына өз басылымдары арқылы мол ықпал еткен екі-үш ғана басылым болды.
Ұлт басылымдарын жамағаттың жазылу арқылы демеу беріп қолдауындағы жауапкершілігі мейлінше қажеттігін жырлаған
Ш. Құдайбердіұлы Қазақ (1913.16.VI) газетінде жарияланған шағын ой толғанысында Білімсіз ел жас бала сықылды: бір жаңа нәрсе көрінсе, бұрынғыны тастап соған ұмтылмақшы. Біздің қазақ Қазақ газетасы шыққан соң Айқап журналын тастап кете ме деп кәдік көремін. Тамам қырғыз һәм қазаққа бір журнал, бір газет көптік қылмас, екеуін де алу керек! Газетаға сөз жазушы мырзалардан өтінемін Қазаққа да, Айқапқа да жазып тұрсаңыздар екен?! деп жазды. Б. Майлиннің Айқап ойларында бар ма? мақаласында жазғанындай ол тілек жалғыз Шәкәрімнің тілегі емес еді. Бүкіл қазақ тілегі болуға лайықты еді.
Би һәм билік туралы мақаласында қазақ дауына отарлаушы шенеунігінің құлқын пиғылы тұрғысынан емес, әділдік пен туралыққа, ар өлшеміне негізделген ата салтындағы әдет-ғұрып бойынша билік шешудің ұтымды да тиімді жолдарына қатысты келелі ой түйеді. Бұрынғы қазақтың ескі жолының көбі осы күнге қолайлы екеніне әрі бірталайының шариғатпен жанасатынына әлеумет назарын аудартады. Би және билікке қатысты бабалар салтын жаңғырту жолындағы міндеттерді де екшейді. ...Соларды тексеріп, қолайлысын алып, осы күнгі өмірге келімсізін түзетіп, бір жоба жол қылып жазса, қазаққа содан қолайлы жол болмас еді. Оны жазу қазақтың ескі құлақты кемеңгерлері мен оқымысты жастарының ақылдасуымен табылады. Өзге жұрт қазақ жайын қанша білемін десе де анық жете білмейді деп ұлттық болмыстан туындайтын басты ерекшеліктерге этикалық сипат дарытады. Заманның кіріне ластанған әрі пейілін арсыздық шырмаған билерді азайту керектігіне ой сәулесін түсірген Ш. Құдайбердіұлы оны қазақ ұлағатымен (мақал-мәтелдер) дәйектей келе, жөнсіз даудың қиянатқа ұрындырып, барымташылыққа ұластыратынын байыптайды. Ал Барша қырғыз-қазақ білімділеріне ашық хатында Қазақ шежіресін жазып бастырып шығарғанын айтып, ататекті таратуда, шежірені түзуде қателер болса Қазақ арқылы білдірулерін сұрайды. Егер де арғы жердегі сөздердің қатесі бар деушілер болса, оны дәлелмен, білімді жұрттың шежіресімен анықтау керек. Олай болмағанда, құр ғана менікі дұрыс деген сөз толық бола алмайды деп ата тарихының мәуелі арнасы шежіре түзуде адалдық пен ақиқат жолын нұсқайды. Қазақтың басты руларының шежіресін кітапша етіп бастыру керектігіне қатысты ұсынысын да айтады. Осыған орай Қазақта Желкектің Шәкәрім ақсақалға мақаласы жазылып, шежіреге қатысты сын ескертпелері берілген (268 бетті). Автор Ш. Құдайбердіұлы шежіресін Түрік тарихымен танысқысы келген адам бұл шежірені оқымай кете алмайды деп бағалайды.
Абайдың қайтыс болғанына 10 жыл толуына арнап жазған мақаласында М.Дулатов Абайды қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, қазақ тілін қалпштастырушы ретінде бағалай келіп, оны Ломоносовпен салыстырған (1914, №67). М.Дулатов Тіл құрал деген мақаласында А.Байтұрсынов дайындаған оқулыққа сын жазған. Онда қазақтың әдеби тілі жөніндегі өз пікірін білдіре отырып, қазақ тілінде сөйлегенде оны араб, парсы, орыс сөздерімен шұбарлауға үзілді-кесілді қарсы шығады (1915, №93). Проза жанры төңірегінде мәселе көтерген газет Роман не нәрсе? деген тақырыппен басылған мақаласында (1914, №48) оған жан-жақты түсінік бере отырып, шет елдердегі, Россиядағы романдардың дүниеге қалай келгендігі жөнінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғ. б. Алаш басылымдарындағы әдеби-сын мәселелері жөнінде
ХХ ғ. б. Алаш басылымдарындағы әдеби-сын мәселелері туралы
Қазақ кітаптары мен қисса-дастандардың көрнекті зерттеушісі
Газет мақалалары тақырыптарының синтаксистік құрылымы
Қазақ жастары мерзімді баспасөзінің тарихы (ХХ ғасырдың басы – 1940 жж.)
Хабар жанрларының тақырыптық шеңбері
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиеттану ғылымының даму бағдары
Тәуелсіздік кезеңдегі «Қазақ әдебиеті» газеті
Қазақ баспасөзін дамытудағы қазақ зиялыларының рөлі
Қазақ тілі газеті
Пәндер