Көркем әдебиет жанрлары және олардың даралық ерекшеліктерін таныту амалдары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Филология және әлем тілдері факультеті
Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы : Көркем әдебиет жанрлары және олардың даралық ерекшеліктерін таныту амалдары.
Орындаған:
А. Аманжанова
Тексерген:
М. Үмбетаев
Алматы, 2021 жыл
Әдеби жанр (французша genre -тек, түр) термин ретінде шартты, екі
мағынада қолданылады: 1) әдебиеттің тектері - эпос, лирика, драма; 2) әдеби
шығарманың түрлері - әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, трагедия және тағы да басқалары.
Жанр мәселесінің маңында шартты пікірлер көп. Әрбір әдеби туындының
жанрлық табиғаты әр алуан : көлемді эпикалық шығармада өмірдің күрделі
шындығы нақты көркем тұлғаларға жинақталып, олардың өзара қарым-
қатынастарынан туған қат-қабат оқиғалар арқылы ашылса, лирикада адамның жеке басына тән көңіл-күйі, нәзік және терең психологиялық тебіреністер суреттеледі. Ал драмалық шығарма көбіне адамдардың қимыл-әрекетіне, қақтығыстарына - түрліше таырлар тартын құрылатыны мәлім.
Жанр -нақты тарихи түр. Бұл, сайып келгенде, әлеуметтік-экономикалық
факторларға да тәуелді. Қазақ эпосы бір кезде батырлар жыры түрінде
көрінсе, кейн аралық сипаттағы лиро-эпосқа көшті; одан келе жанрлық
табиғатын мүлде жаңартқан жаңа сападағы поэмаларға ауысты. Бұл тегін емес.
Әдебиет, яғни сөз өнері эпос, лирика, драма дейтін негізгі үш салаға
жіктеледі. Бұлар әдеби жанрлар мен түрлердің тегі деп аталады және олардың әрқайсысы мазмұны және суреттеу, баяндау тәсіліне қарай өз тарапынан жүйе құрып, жанрлық түрлерге бөлінеді. Бөлінгенімен, ішкі байланыстарын үзбей, бояулары бір-біріне кіріксе де, өздеріне тән ерекшеліктерін сақтап қалады.
Эпос (грекше epos - баяндау, әңгімелеу, тарихтар айту) - көркем
әдебиеттің байырғы, негізгі тектерінің бірі, дәлірек айтқанда, өмір
шындығын мейлінше мол қамтып кең суреттейтін, адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр.
Эпос -жан-жақты жанр: эпикалық шығармада адамның өмір жолы кеңінен
баяндалады, оның басынан кешкен тағдыр мен тіршілік толық жинақталады, ол қатысқан оқиғалар молынан суреттеледі, ол жасаған іс-әрекеттер тұтас
бейнеленеді, сайып келгенде, адамдар арасындағы қарым-қатынастар әр қырынан айқын көрсетіледі.
Өмір шындығын қамту, адам мінезін ашу мүмкіндіктеріне қарай эпикалық жанр үш түрге бөлінеді :
1) шағын көлемді эпикалық түр;
2) орта көлемді эпикалық түр;
3) кең көлемді эпикалық түр. Қандай эпостық шығарма болсын, бәрібір, осынау үш түрдің біріне жатады.
Эпостық шығармада оқиға өз бетінше автордың еркінен тыс жүріп жатқандай әсер береді. Мұнда оқиғаны суреттеу тәсілінің бір ерекшелігі - сюжет желісінің тежелетіндігі. Эпостық жанрдағы шығармаларда негізгі әңгімеге қатыссыз бөгде бір нәрселер бейнеленетін секілді. Шын мәнінде бұл - эпостың өзінің жанрлық мақсатына жету үшін қолданатын тәсілдерінің бірі.
Эпос тұтастықты көксейді, шындық дүниені қалайда кең көлемде өрету
қалайды. Нәтижеде қомақты, өркешті, кең тынысты шығарма туады. Эпостық
шығармалар тарихы сонау қадым заманнан басталады. Аңыз, ертегі, дастан,
жырлар - біздің баға жетпес ұлттық мұрамыз.
Үш текті әдебиет жанрларының бірі - лирика, адамның көңіл-күйін шертеді. Бұл жанрда ақын адамның ішкі ғаламы мен тысқы ғаламы түйіседі
(А. Байтұрсынов) . Адамның сырттан алған әсері көңіл көрігінде балқып, нәзік
сәулелі сезімге айналады. Жалт өткен сезім жарқ етіп ақын жүрегін дөп
сөзбен жарып шықса, міне, бұл - лирика.
Лирика - алдымен сезімнің гүлі, гүлдің хош иісі, көз жауын алған көркі.
Мұнда субъектілік басым. Эпоста автор оқиға көлеңкесінде қалса, лирикада
алға шығады, өзі өлең мазмұнына айналады. Және өз қалпын бетін
өзгертпейді(Аристотель) . Өлеңнің лирикалық кейіпкері көбіне автордың өзіне тартады. Лирикалық кейіпкер - жүрегін от сезімге ораған ой адамының
бейнесі. Лирикалық өлеңдегі сұрапыл тебіреніс, толғаныстар, қызу қанды
қарбалас әсерлер соқыр сезім емес, ой көзді сезім. Абай : Өмірде ойға
түсіп кем-кетігің, Тулағыш мінезің бар, жүрек, сенің десе, бұл - лирик
ақын бейнесі. Ой мен сезім лирикада ғашықтардай табысады, сол махаббат
ләззатынан көркемсөз атты перзент туады. Қуатты ойдан бас құрап, еркеленіп шығар сөз деп Абай тегін айтпаған. Өлең қолдан жасалмайтынын, ой, қайрат, жүрек тұнығынан қайнап шығатынын ескерткен. Лирикалық жанр түрлері қазақ ауыз әдебиетінде терме, толғау нысанында қалыптасты. Әлемдік әдебиетте ертеден өріс алған элегия, ода, эпиграмма, эпитафия, сонет сыршыл, композициясы белгілі нормамен жазылатын өлең секілді түрлері қазақ поэзиясында берік орын тепті. Саяси-әлеуметтік лирика түрлері де дамыды. Тақырыбы мәңгілік саналатын махаббат лирикасы, табиғат лирикасы түрлерінен қазақ поэзиясы әлемдік поэзияның қай-қайсысымен де иық теңестіретін шығармалар тудырды.
Әдебиеттің үшінші тегі - драма. Мұнда оқиға көз алдында өтіп жатады.
Кейіпкерлер бастарынан шиыршық атқан шым-шытырық оқиға кешеді. Бәрі әрекет үстінде. Жәй әрекет емес, тайталасқан күрес, айтыс-тартыс, қырқыс. Айлаға қарсы айла, әрекетке қарсы әрекет. Оны істейтін кейіпкерлердің характері. Бәрі соған байланысты: жақсылық та, жамандық та. Характер, мінезділік - адамның өзегі, алтын арқауы. Атом бөлшектенгенде орасан зор энергия пайда болатыны мәлім. Характер ядро іспетті. Драманың ойдағыдай шығуы сол ядроның қуатын қалай босата алғанына, яғни кейіпкердің мінезін қалай аша білгендігіне байланысты. Оның тәсілі сан алуан. Характер қақтығыста, тартысқа көрінбек. Ішінде бүккен сырлары, әлеуметтік-саяси көзқарасы, өзге де адамгершілік, құлықтылық, ар-инабаттылық қасиеттері жан алып, жан берген күрес, шайқастарда ашыла түспек.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz