Сыртқы экономикалық іс-әрекетте мемлекеттік реттеу


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университеті

Экономикалық теория және

халықаралық экономика кафедрасы

Пән: “Экономикалық теория”

Тақырыбы : «Сыртқы экономикалық іс-әрекетте мемлекеттік реттеу»

Орындаған :

Тексерген :

Қарағанды-2010 жыл.

“Сыртқы экономикалық іс-әрекетте мемлекеттік реттеу”

Жоспар

Кіріспе . . . 3

Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі сипаты және даму ерекшеліктері

1. 1. ХЭҚ дүниежүзілік шаруашылық негізінде . . . 4

2. Негізгі бөлім

Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі

2. 1. Халықаралық жұмысшы күшінің миграциясы . . . 7

2. 2. Төлем балансы мен мемлекеттің сыртқы экономикалық іс-әрекеті . . . 9

2. 3. Халықаралық валюта-қаржы қатынастары . . . 17

3. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты

3. 1. ҚР-ның сыртқы қатынастардың кейбір аспектілері . . . 24

Қорытынды . . . 29

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 30

Кіріспе.

Күнделікті өмірде экономика, халықаралық экономикалық қатынастар, халықаралық сауда терминдерін жиi естиміз. Қаншалықты өзгеше болып көрінгенімен, халықаралық экономикалық қатынастар мәнін түсіну жеңіл.

Халықаралық экономикалық қатынастар - халықтардың еңбек бөлінісіне негізделген, әр түрлі елдердің ұлттық экономикалары арасындағы шаруашылық байланыстарының жүйесі.

«Халықаралық экономикалық қатынастар», «Дүниежүзілік шаруашылық байланыстары», «Бүкіл әлемдік экономикалық қатынастар» және тағы басқаларының мәні бір-халықаралық экономикалық қатынастардың болуы, ұлттық мемлекеттердің болуымен тікелей байланысты.

Барлық мемлекеттер дүниежүзілік шаруашылық байланыста болғанды қалайды. Бұл елдің экономикасының әлемдік деңгейде болуына, оның дамуына көмектеседі.

Халықаралық экономикалық қатынастар теориясы ұлттық экономикалар арасындағы экономикалық қатынастардың ерекшеліктерін зерттейтін арнайы бөлімі болып табылады.

Әлемдік экономика дегеніміз - ұлттық шекарадан тысқары, адам өмірін қамтамасыз ету үшін қажнтті ресурстар мемлекетаралық айырбасты қажет ететін экономикалық жүйе.

Сыртқы экономика болмысы әр түрлі. Қазіргі таңда сыртқы сауда саясаты шетелдік тауарлар мен қызметтерді ҚР нарығына және Қазақстандық тауарлар мен қызметтерді-сыртқы нарыққа қарай жылжыту арасындағы байланысты қамтамасыз ету көзделіп отыр.

Алдағы кезенде ҚР мақсаты экспортқа бағытталған өндірісті дамыту, дәстүрлі тауарларды дамыту жаңа нарыққа қарай жылжыту есебімен өнім тарату көлемін ұлғайту, экспорттық, импорттық экономикалық тиімділігі мен құрылымын жақсартуды арттыру, әлемдік және ішкі нарықта қазақстандық өнімдердің бәсекелестік қабілеттерін көтеру, сыртқы сауданың қаржылық, көліктік және ақпараттық инфрақұрылымдарын дамыту.

Менің осы курстық жұмысымның мақсаты Халықаралық Экономикалық Қатынастар, дүниежүзілік шаруашылық, олардың сипаттамасы мен даму ерекшеліктері, мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі, жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы, төлем балансы мен мемлекеттің сыртқы экономикалық іс әрекеті, халықаралық валютааралық-қаржылық қатынастар, Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты, оның Халықаралық Экономикалық Қатынастар жүйесіндегі рөлі, сыртқы экономикалық іс әрекетті мемлекеттік реттеудің мәні мен мазмұнын ашып, саралап жазу.

1. 1Халықаралық экономикалық қатынастар дүниежүзілік шаруашылық негізінде

Әлемдік экономика немесе дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз - ұлттық шаруашылықтьң жинытығы. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады. Өзара күрделі байланыстардьң нәтижесінде бір-біріне қарама-қайшы, бірақ та біртұтас әлемдік экономикалық жүйе қалыптастырады.

Халықаралық экономикалық байланыстарды зерттеу жұмысымен А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс, Ф. Энгельс, В. Леонтьев т. б. ғалымдар айналысты. . Дүниежүзілік шаруашылық өзара, байланысты екі жүйеден - ұлттық шаруашылықтың жинытығы және халықаралық экономикалық байланыстардан тұрады. Оның дүниежүзілік шаруашылықты байланыстыратын бірнеше элементтері бар. Мысалы, егер бұл категорияға техникалық-экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы және де аймақтық дамуы жалпы бір заңдылыққа бағынады. Қазіргі кездегі өндірістің материалдық негізі машина техникасы, ұлттық шаруашылықтың даму деңгейінің, қандай болсын, оның материалдық-техникалық базасының негізіне байланысты болады. Сондай-ак, қоғамдық құрылымның сипаты мен жекелеген елдердің ұлттық шаруашылығы, әр мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты - оның басқа елдермен экономикалық байланыстарының бағытын, дүниежүзілік шаруашылықтың, әлеуметтік-экономикалык сипатын көрсетеді.

Қазіргі жағдайда кез келген мемлекеттің экономикасьшың дамуы дүниежүзілік шаруашылық байланыс арқылы ғана толық деңгейде жан-жақты дами алады.

Әлемнің біртұтастығы алуан түрлі, 160-тан астам тәуелсіз, экономикалық еркін субъектілерді қамтиды. Әр ел өзінің тарихи-географиялық, ұлттық, әлеуметтік-саяси құрылымы бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. Ұлттық экономикалық жүйелердің әлемдік шаруашылыққа бірте-бірте кіруі кажеттіліктен туындап отыр, сондай-ақ оған XX ғасырдьщ соңындағы ғаламдық зандылықтардың бірі деп қарау кажет. Бұл заңдылықтар көптеген елдерде болып жатқан экономикалық және саяси реформаларға, әр елдің ішкі күрделі шешімдеріне байланысты сол елдердің экономикасын дүниежүзілік еңбек бөлінісіне итермелейді. Социалистік елдердің экономикасы жалпы алғанда сыртқы әлемге жабық болды, мемлекеттік принципті уағыздады, соған байланысты ұзақ жылдар бойы ұлттық шаруашылықтың артта және бір орында қалуы байқалды. Бұның өзі кәсіпорындардың ғылыми-техникалық өзгерісті қабылдауын, сондай-ақ бәсекелесу механизмін төмендетті, ал ол ұсыныс пен сұраныс заңдылықтарының құралы.

XX ғасырдың соңында әлемдік экономиканың негізгі бағыты оның ғаламдық сипат алуында және бұл шешуші фактор халықаралық экономикалық байланыстардың жаңа кезеңі болып табылады.

Сонымен, әлемдік экономика - экономикадағы жалпы заңдылықтармен бірге, нақтылы болып жатқан құбылыстарды да зерттейді. Бұл ғылым дүниежүзілік шаруашылықтың даму ерекшелігін (ұлтгық экономиканы, аймақтық экономикалық кеңістікті) қарастырады.

Дүниежүзілік шаруашлықтың пайда болуы ұзақка созылатын процесс. Ал өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы транспорттық және экономикалық байланыстардың калыптасуының толық нәтижесі. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі болса, дүниежүзілік сауда-экономикалық, қаржылық және ғылыми-техникалық байланыстарды біртүтас мақсатқа біріктіреді.

Ұлттық экономиканың дүниежүзілік шаруашылықпен қосылуының, өзіндік ерекшеліктері бар. Кез келген мемлекеттің (мейлі, ол үлкен немесе кіші болсын) сыртқы экономикалық байланыс жүйесіндегі ең сезімтал тұсы - оның экономикалық саясаттағы, яғни халықаралық байланыстар жүйесінде атқарып отырған қызметінде. Бұдан қоғамнын, ішкі жағдайы, оның әлеуметтік-экономикалық және саяси бағыты, мәдени байлығы жан-жақты көрінеді.

Қазіргі кезде кез келген мемлекеттің сыртқы экономикалық байланысы, оның көлемі, құрылымы, ол байланыстардың бейнесі барлығы - ұлттық шаруашылықтың дүниежүзілік байланыстағы деңгейін көрсетеді. Дүниежүзілік шаруашылықтың әр жүйесінде мемлекет арасында күрделі байланыстар және қарама-қайшылықтар болып тұрады.

Дегенмен, өндірістің классикалық капиталистік әдісі өзінің даму зандылықтарында үлттық шекарадан шығып халықаралық деңгейге жетті. Еңбекті бөлудің интернационалдық жүйесі машина иңдустриясының пайда болуына байланысты болды. XIX ғасырдың 50-60-жылдарында дүниежүзілік нарық тез дамып, әлемдік өндірістің дамуының жеделдеуіне ықпал етті. 1917жылдарда дүниежүзілік шаруашылық екі жүйе ауқымында дамыды. Бұл, бір жағынан, өндірістік әдістің жеке немесе аралас түрі болса, екінші жағынан, мемлекеттік меншік жағдайында олардың өзара байланыс жасауы еді.

Әрине, дүниежүзілік шаруашылыктың, бүл екі түрі күрделі байланыста дамыды. Дүниежүзілік социалистік жүйенің ыдырауына байланысты геосаяси кеңістікте үлкен өзгерістер болды. Солтүстік пен Онтүстіктің бұрынғы байланысы қайта жаңғырды. Ол байланыстардың қандай болуын болашақ көрсетеді. Белгілі бір нәрсе шаруашылықтың дұрыс деңгейде дамуының екі бастамасы бар: біріншіден, мемлекетаралық экономикалық байланыстардың объективті қажеттілігі; екіншіден, даму барысында екі жақтың да өзара қызығушылығы. Бүндай бастапқы элементтерсіз халыкдралық қарым-қатынас пен ынтымақтастықтың болуы мүмкін емес. Бұларға: баға заңы, ұсыныс пен сұраныстың түйісу заңы, уақытты үнемдеу және соған байланысты еңбекті бөлудің тереңдеу заңдары жатады.

Бұл заңдар ұлттық шаруашылықты дүниежүзілік шаруашылыққа, ХЭБ-ға кіруге итермелейді. Шаруашылық өмірді интернациализациялау мәселесі бірнеше рет көтерілді. Оньщ негізгі күші технологиялық революция еді. Соған байланыстьі соңғы 10жылда ғаламдық проблемалардың көбеюі дүниежүзілік қоғамдасуды қажет етті. Әрине, интернациализациялау барысында елдер арасындағы байланыстар жылдамдайды. Сыртқы сауда, тауар айырбастау, басқа да жаңа экономикалық байланыс түрлерімен толықтырылады. Бұлар автоматты түрде өздігінен іске аспайды, сондай-ақ саяси іс-қимылмен кедергілерді жоймаса, бірте-бірте ұлтгық шаруашылықта хаос туындайды.

Әрине, әр ұлттық шаруашылық өзіне табыс әкелетін айырбас түріне ұмтылуы керек. Бұндай байланыстарды ұйымдастыруда мемлекет өзіне табыс түсетін жағын ойластырады. Ал бұл тек дайын өнім айырбастауда ғана жүзеге асуы мүмкін. Сондықтан өндіріске ең алдымен білікті маманның, инженердің күрделі еңбегін қажет етеді. Тек сонда ғана әр ұлттық экономиканың халықаралық экономикалық байланыстар жүйесіне деген тең құқықтығы сақталады.

Экономикалық байланыстардың даму қарқынының күшеюі: экономикалық, саяси, мәдени, әскери, экономикалық т. б. барлық сферада халықаралық байланыстың негізін терендете түседі. Бірақ бұл формула түгел емес: бұл байланыстардың сапа жағынан болуы қажет. Мысалы, егер бір жағы шикізат және энергия, екінші жағы дайын өнім айырбастаса, бұл жағдайда екі ел тепе-теңдікте дами алмайды. Себебі өзара тең түсетін базасы жоқ. Осындай қарама-қайшылықтар бірте-бірте экономикалық, содан соң саяси түсінбеушілікке әкеледі. Сонымен, сыртқы экономикалық байланыс "екі функциялық" бірлестікте көрінеді. Бұл, бір жағынан, жалпы саяси, глобалды, екінші жағынан, ұлттық, халық шаруашылығы аспектіде көрінеді.

Әлемдік шаруашылық және оның бір бөлігі болып саналатын ХЭҚ-тың дамуы 80-жылдармен салыстырғанда, 90-жылдары жаңа жағдайда дами бастады. Біріншіден, әлемнің біртұтастығы айқындала бастады. Қазіргі әлемдік шаруашылык, бір жағынан, әлемнің бір бөлігі болып саналатындықтан, бүкіл әлемнің біртұтас зандылықтары мен қағидаларына бағынады. Сондықтан экономикалық тұрғыдан толық шектеу мүмкін емес. Екінші жағынан, дүниежүзілік шаруашылықтың негізіне нарық қатынасы жатады. Ал бұл жағдайда экономикасы жоғары деңгейде дамыған елдер ғана алға шыға алады.

Қазіргі кездегі халықаралық экономикалық қатынасқа тән қасиет оның сан және сапа жағынан өсуінің көрінуі.

2. 1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҰМЫС КҮШІНІҢ МИГРАЦИЯСЫ

Халықтың жалпы миграциясы XX ғасырдың екінші жартысында дүниежүзілік қоғамдастыққа тән құбылыс болды. Халықтың миграциясы адамдардың тұрақты тұрған орнын ауыстырып белгілі бір аумақтың шекарасынан өтіп, орын ауыстыруы немесе кері қайтып келуі болып табылады.

Халықаралық миграцияның бірнеше түрлері бар: еңбектік, жанұялық, рекреациялық, туристік және т. б. Біз еңбектік миграция, халықаралық жұмыс күші нарығын қарастырамыз.

Халықаралық жұмыс күші нарығы ұлттық шекарадан әр түрлі бағыттарға ететін еңбек ресурстары ағынын қамтиды. Халықаралық еңбек нарығы ұлттық және аймақтық жұмыс күші нарығын біріктіреді. Халықаралық еңбек нарығы еңбек миграциясы түрінде болады. 1995 жылдың басында әлемде 35 млн. астам еңбекші-миграттар болды, ал 1960 жылы 3, 2 млн. болған еді. Егер әрбір мигранттың жанұясында орташа 3 адамнан болса, онда 90-жылдардың ортасында миграцияланған халықтың саны 100 млн. адамнан асып кетті.

Жұмыс күші миграциясының себептері болып экономикалық және экономикалық емес факторлар табылады. Экономикалық емес себептерге мыналар жатады: саяси, ұлттық, діни, нәсілдік, жанұялық және т. б.

Экономикалық сипаттағы себептердің негізі жеке елдердің экономикалық дамуындағы айырмашылықта. Жұмыс күші тұрмыс деңгейі төмен елдерден деңгейі жоғары елдерге орын ауыстырады. Миграция мүмкіндігі объективті түрде еңбек ақы жағдайындағы ұлттық айырмашылық негізінде пайда болады. Жұмыс күші миграциясын анықтаушы маңызды экономикалық фактор болып кейбір елдерде, әсіресе нашар дамыған елдерде органикалық жұмыссыздықтың барлығы саналады.

Еңбек миграциясының артықшылықтарына мыналар жатады:жұмыссыздық жағдайын жеңілдетеді; эмигранттардан қосымша валюталық табыс түседі; олар білім және тәжірибе жинақтайды.

Елден келгеннен кейін эмигрант - жұмысшылар орташа сыныптың қатарын толықтырады, өздерінің тапқан табыстарын жеке істер ашуға салып, қосымша жұмыс орнының пайда болуына жағдай жасайды.

Еңбек миграциясының жағымсыз жақтарына шетелде тапқан табыстарын пайдалану үрдісінің артуы, табыстарын жасыруға ұмтылу, «ақылмандардың жылыстауы», кейде жұмыс істейтін мигранттардың біліктілігінің төмендеуі жатады.

Еңбек ресурстарының импортшы - елдерінің иммиграциялык саясаты. Жұмыс күшін тартуға қажеттілігі бар еңбек ресурстарының импортшы - елдері өздерінің иммиграциялық саясатын елге келетін еңбекші -мигранттардың саны мен сапалық құрамын реттейтін шараларға негіздейді.

Жұмысшылар санын реттейтін құрал ретінде иммиграциялық квота көрсеткіші қолданылады. Ол импортшы елде жыл сайын саналып, бекітіліп отырады. Квотаны анықтағанда елдің шетелдік жұмысшыға тұрғындардың жеке категориялары бойынша (жасы және жынысына, біліміне байланысты және т. б. ) қажеттілігі есепке алынады. Сонымен бірге импортшы - елдегі ұлттық еңбек нарығының жағдайы, саяси және әлеуметтік ахуал назарға алынуға тиісті. Иммиграциялық квота белгілі үйлесіммен иммигранттардың әр түрлі категорияларының арасында бөлінуі мүмкін. Мысалы, АҚШ-нда 1995 жылы иммиграциялық квотаны төмендегідей бөлу қабылданды: 71%-АҚШ азаматта-рының туыстары, 20%-АҚШ қажетсінетін мамандар және 9%-басқа иммигранттар тобы. АҚШ-нда 1996 жылы қабылданған жаңа иммиграция туралы зан, иммигранттар үшін квота мөлшерін біраз кеңітті, бірақ олардың сапалық сипаттарына талапты күшейтті.

Еңбек ресурстарының экспортшы-елдерінің эмиграциялық саясаты. Халықаралық еңбек ұйымы экспортшы елдердің эмиграциялық саясатының мақсатын былай анықтады:

-ресурстарының эмиграциясы жұмыссыздықты қысқартуға, еңбекші эмигрантгардан валюталық қаржының түсуіне жағдай жасайды. Ол экспорттық және импорттық операциялардың тепе-теңдігін сақтау үшін қолданылады;

-эмигранттардың еліне қайту талабы олардың шетелде білім және мамандық алуымен байланысты болуға тиісті. Осы заманғы еңбек миграциясы жұмыс күші экспортшысы -елдердің белсенділігінің және әсерінің артуымен сипатталады.

Ол эмиграция мақсатына жету үшін әр түрлі әдістер мен тәсілдер қолданады:

-шетелге шығатын эмигранттардың көлемі мен сапалық құрамын реттеу жолымен еңбек ресурстары экспортшысы - елдердің мүддесін қорғау әдістері мен құралдары;

-екі жақты келісімдермен жұмыс күшін жалға алудың контрактілік түрін пайдалану жолымен еңбекші-эмигранттар құқын қорғау әдістері мен тәсілдері. Бұған белгілі бір экономикалық және әлеуметтік кепілдіктер беруге бағытталған (еңбек ақы, жалақысын төлеу, азық-түлікпен қамтамасыз ету және дәрігерлік қызмет көрсету және т. б. ) іс-шаралар,

Мысалы, арнайы құрылған қорлардың тәжірибесі де көңіл аударуды қажет етеді. Олардың міндеттерімен еңбекші - мигрантгардың және олардың жанұя мүшелерінің құқықтарының сақталуын бақылаумен қатар, отанына кайтып келетін мигранттарға дәрігерлік көмек көрсету, тұрмыстық құрылыс, мектептер жүйесін кеңіту және т. б. мақсаттар үшін қажетті қаржылар жинақтау кіреді;

-мемлекеттік мүдделер мен еңбекші - мигранттардың құқықтары мен еркіндіктерін үйлестіретін шаралар. Бұны іске асыру құралы болып шетелде жұмыс істеу үшін азаматтарды жалдау қызметтің міндетті түрде мемлекеттік лицензия беру тәртібін енгізу саналады. Лицензиялау мақсаты -еңбекке орналастыруда делдалдық құқын жеткілікті білімі, жұмыс тәжірибесі бар, сенімді халықаралық байланастарға ие, өз қызметінін нәтижесін нақты жауапкершілік ала алатын ұйымдарға беру болып табылады.

2. 1. ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІ

Төлем балансының концептуалды негізі . Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) анықтамасы бойынша, төлем балансы дегеніміз белгілі бір уақыт мерзімінде бір елдің әлемнің басқа елдерімен арасында болған сыртқы экономикалык операциялар бойынша жүйеленген жалпы мәліметтері көрсетілетін статистикалық тізімдемесі. Төлем балансы резидент еместерге жіберілген төлемдерді ғана емес, олардан келген түсімдерді де тіркейді.

Төлем балансының құрылуы мен бағалануы Халықаралық Валюта Қорының әдістемесі (төлем балансын құру бойынша нұсқау, ХВҚ 5-басылымы 1993 ж. ) негізінде стандартталған есептеу ережелері мен анықтауларына сәйкес жүзеге асырылады.

Тіркелу уакыты. Төлем балансын құрастыруда ағымдарды тіркеу уақытын білу өте маңызды. Тәжірибеде көбінесе мемлекеттің төлем балансын құрастыруда мәліметтерді жинау мен дайындау мерзімі бір жыл болып белгіленеді. Өйткені кәсіпорындардың төлем балансында көрсетілетін бірқатар операцияларының бағалық мәліметтері жылдық негізде ғана түсетініне байланысты. Бірақ та, бұл кейбір мемлекеттердің тоқсан сайынғы ұлттық есептер сметасына сәйкес келетін тоқсандық төлем баланстары үшін мәліметтер дайындауын жоққа шығармайды. Ол кейбір мәліметтердің (мысалға, экспорт пен импорт) көбінесе үш ай, тіпті ай сайын келіп түсу мүмкіндігіне байланысты.

Операциялардын түрлері . Операциялар нақты (тауарлар,
қызмет көрсетулер, табыс, өндірістік емес және қаржылық емес
активтер) және қаржылық ресурстарымен жүргізілетін операция-
ларға бөлінеді. Ұлттық есептер жүйесіне сәйкес операциялар
мынандай түрлерге бөлінеді: -

а) нақты ресурсты (бартер) немесе қаржылык, ресурсқа айырбастау;

б) бір қаржы ресурстарын басқасына айырбастау;

в) өндіріс факторларын пайдаланудан түскен табыстар мен төлемдер;

г) қайтарымсыз трансферттер - бір жақтың екінші жаққа
экономикалық бағалықтарды ешбір талаптарды тудырмай беруі
немесе ешқандай міндеттемелерді тудырмай бағалықтарды

қабылдауы.

Бағаларды есепке алу . Барлық қаржылык,, сауда және тағы басқа операциялар нарықтық негізде жүзеге асырылатыны белгілі. Сондықтан төлем балансының операцияларының бағалары сатушы мен сатып алушылар арасында ерікті айырбас кезінде қалыптасатын нарықтық бағалармен бағалануы тиіс. Бұл жерде нарықтық баға түсінігін әлем нарығында қандай да тауарға қалыптасатын баға болып табылатын жалпылама бағалық индикатормен шатастырмау қажет.

Экспорт пен импорт тауарларының сауда операцияларының тіркелуі Инкотермс талаптарына сәйкес есепке алынады. Басқаша айтқанда, экспорт экспортер елдің кедендік шекарасынан тыс тасымалдау шығындарын есептемейтін франко-борт немесе ФОБ бағаларында есептелінеді. Импорт тауарлары кеденде халықаралық сақтандыру мен тасымалдау шығындары кіретін СИФ негізінде тіркеледі. Бірақ телем балансындағы есептеріне импорт та ФОБ негізінде тіркеліп, сақтандыру мен жүк тасымалдау "қызмет көрсету" бабында көрсетіледі.

Операциялар төлемдерінде кез келген валюта, оның ішінде ұлттық валютаны пайдалану мүмкін болғандықтан, соңғысының уақыт аралығында валюта бағамының ауытқуы нәтижесінде талдаулық мәні төмендеп кетуі мүмкін. Осы себептен төлем балансының есептерінің жүргізілуі көбінесе бір тұрақты шетел валютасында (мысалға АҚШ долларымен немесе арнайы қарыз құқығымен) есептелініп, елдер арасында салыстыру жүргізуді жеңілдетеді

Алдында айтылып кеткендей, әр түрлі қателер мен бұрмалауларды болдырмау шарасыздығына байланысты, төлем балансына "қателер мен байқаусыздықтар" бабы енгізілген. Төлем балансы әрқашан формальды тепе-теңдікте болу қажет, нақты мәліметтердің ауытқулары осы бапқа енгізіледі. Бірқатар жағдайларда төлем балансы баптарының бар топтастырылуына қандай да бір себептермен жатқызыла алмайтын жағдайда немесе жасыру мақсаттарында көрсеткіштер осы бапқа енгізіледі. Осы баптың көрсеткіштері әдістемелік қателіктерді ғана көрсетпей, есепке алынбаған, оның ішінде контрабандалық операцияларды көрсеткендіктен, тұрақты болады.

Халықаралық инвестиция бойынша баланс концепциясы . Халықаралық инвестициялардағы мемлекеттің таза позициясы сыртқы қаржы активтері мен сыртқы міндеттемелер арасындағы айырмасынан көрінеді. Халықаралық инвестиция балансы нақты мерзім соңындағы өткен кезеңде (көбінесе 1 жыл) жүргізілген қаржы операциялары, қайта бағалау нәтижесіндегі езгерістер (валюта бағамдары мен бағалар өзгерісінен туындаған) және актив пен міндеттемелер деңгейіне әсер ететін басқа өзгерістерін көрсетеді.

№ 1 кесте Корей Республикасының 1986жылдың соңынан 1995

жылдың соңына дейінгі халықаралық инвестициядағы орнының қысқаша сипаттамасын берілген. Одан біз, көрсетілген 9 жыл ішіндегі мәліметтер бойынша, Корея елінің инвестициялар саласында жағдайының жақсарып, оның көлемі 14, 3 млрд. $ жеткенін көреміз. Сонымен қатар, халықаралық инвестицияларда таза орны 1986ж. қатты өзгермегендігі көрінеді. Мысалға, 1986 жылы халықаралық таза инвестициялардағы орны теріс болып, 32, 5 млрд. $ болса, 1995 жылы 18, 5 млрд. $ құрады. Осы кезең ішінде Корея таза шетел инвестицияларда орнын азайтты. Кореяның қарыздану балансының жағдайында, біз мынандай тенденцияларды атауымызға болады: кореялық қарыздану балансы 5, 09 млрд. $ болып, ағымдағы операциялар есебінің тұрақты дефицитінен 1994 жылы қызығушылық тудырады, бірақ көрсеткіш мәні шектеулі болған-9, 14 млрд. $ жетті.

1 кесте

Корея Республикасының 1986-1995 жж. Халықаралық инвестициялар балансы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының кеден саясаты және сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу шаралары
Кәсіби өзіндік сана құрылымы
Қарым-қатынас психологиясы (дәрістер)
Бюджеттік жүйе
Жоғары сынып оқушыларының құзыреттілігі
Сыртқы экономикалық байланыстар
Жергілікті бюджеттердің реттеу формалары
Тәрбие жүйесінің құрылымы, мазмұны
Оқушының оқу қабілеттерінің дамуы мен құрылымы
Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық - технологиялық әлеуетін қалыптастырудың педагогикалық алғышарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz