Ежелгі грек және түркі халықтарының мифологиясы: ұқсастығы мен ерекшелігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атыдағы Қазақ ұлттық университеті
Филология және әлем тілдері факультеті

СӨЖ
Тақырыбы: Ежелгі грек және түркі халықтарының мифологиясы: ұқсастығы мен ерекшелігі

Орындаған:Балтабай Сағыныш,304-топ
Қабылдаған:Мекебаева Л.А.

Ежелгі грек және түркі халықтарының мифологиясы: ұқсастығы мен ерекшелігі

Табиғатпен біте қайнасқан түркілердің салт-дәстүрі, наным-сенімі, дүние туралы түсінігі Түркі мифологиясы атты ауқымды кеңістік орын алады. Олар табиғатты жаратушы күшті Тәңірі деп таниды және табиғат - сол Тәңірінің жаратқаны, сондықтан да оған деген құрмет ерекше болу керек деп түсінеді.
Түркі мифологиясына тән басты сипаты бұл - табиғатты тірі рух түрінде қабылдауы мен құрметтеуі. Табиғатты құрмет тұту, түркі халықтары мифтерінде ерекше орын алады. Табиғаттағы зат пен құбылыс атаулы адам сияқты түйсінеді, тіршілік етеді деген түсініктің өзі табиғат пен рухты тең деп түсіну сенімінен туындаған.Түркі мифологиясының тағы бір сипаты - аруаққа сыйыну, оларды еске ала отырып желеп-жебеуін сұрау.Түркі жұртының қара шаңырағындағы қазақтардың аруаққа сыйыну сенімі туралы Ш.Уәлиханов "Тәңірі" (Құдай), "Қазақтардағы шамандықтың қалдығы" мақалаларында сөз қозғайды. "Аруақ - ата-баба рухы, басқа қиын-қыстау іс түскенде, жан қиналғанда: "Аруақ, қолдай гөр, қолтығымнан демей гөр" деп айтады... Аруақтардың рухы бар деп, ескі жұртты баспайды". Бұдан әрі ғалым аруақтар құдіретті күш иелері ретінде тірілерге көмектеседі деген наным негізінде оларға арнап құрбандық шалынатынына тоқталады. Ұлықтар мен мықтылар о дүниеге аттанған соң құдіретті аруаққа айналады. Мысалы, Баба шашты түкті Әзиз - тірісінде қасиетті әулие ретінде өмір сүрген адам. Бұлардан басқа Қорқыт, Домалақ ене, Арыстан баб т.б. халық құрмет тұтқан ұлы аруақтарға айналғанына дәлелдер көп. Аруақтарға сыйыну көне сақ дәуірінде қалыптасқан сенім. "Жерлеу материалдарына қарағанда, сақтарда ата-баба аруағына, отбасылық- рулық әулиелер мен желеп-жебеушілерге сыйыну ғұрыптары болған". Аруақты құрмет тұту, олардың қаһарынан қорқу күні бүгінге дейін сақталған сенім.
Көне түркілік жазбалардан түркілердің Көк Тәңіріне деген ерекше құрметі танылады. Мысалы:
Тәңірідей, Тәңіріден жаралған
Түрік Білге қаған ...
Биікте көк Тәңірі,
төменде қара жер жаралғанда,екеуінің арасында адам баласы жаралған.
...әкем Елтіріс қағанды,
шешем Елбіге қатынды,
Тәңірім төбесіне ұстап,
жоғары көтерген екен ...
Тәңірі қуат берген соң,
әкем қағанның әскері бөрідей болыпты ...
Тағдырды сені өлімші етті.
Көне түркілер үшін күллі жаратылыстың құдіретті иесі - Тәңірі. Ол Көк, аспан ұғымдарымен үндеседі. Аспан - шамандықтың ең құдіретті жаратушысы. Көк Тәңірі - көк аспан деп аталады.
Дуалистік мифология бөлімі,Оран телегей заманы жайында
Түркі халықтарының әлемнің жаралуы, дүниені тану туралы мифтерінде аспанды - әке, жерді - ана деп тану сенімі бар. Бұл жерде әлем халықтары мифологиясымен ортақ сипатты айта кеткен жөн.
Ежелгі Грек мифологиясында аспан Уран, ал, жер Гея бейнесінде сипатталған.Уран - грек мифологиясының көк аспан тәңірі,ол грек Құдайларының ең бірінші ұрпағы болып табылады. Жалпы грек мифологиясындағы Құдайлардың билік ету дәуірін үш дәуірге бөлуге болады. Бірінші, ең ежелгі дәуір- Уран дәуірі. Оның баласы Кронос "уақыт" тартып алады, яғни екінші дәуір- Кронос дәуірі. Кроностан билікті оның баласы Диос(Зевс) тартып алады,бұл үшінші- олимпиялық Құдайлар дәуірі.Осы соңғы дәуір грек мифологиясының негізгі танымдық-сюжеттік жүйесін құрайды. Грек түсінігі бойынша Уран- аспан Құдайы, ол мифологиялық жердің (Геяның) қосағы, жұбайы. Өте ежелгі түсінік бойынша, жер мен аспан біртұтас дүние болып саналған. Кейін осы тұтастық космогониялық процесстердің нәтижесінде екіге бөлініп, жер мен аспан бір-бірінен ажырап шықты. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Грек мифологиясы
Грек және грек мифологияларының айырмашылықтары
Оларға діни өзгеріс түркілер арқылы енді
Түрік мифологиясының құдайлары
Көктүрiктер мифологиясындағы космогониялық әлем
Қорқыт ата өмірі мен аңыздары
Қазақ мифтері мен мифтік аңыздары турал
Ежелгі түркі өркениеті және оның ерекшеліктері
ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ОТҚА БАЙЛАНЫСТЫ ТАНЫМ - ТҮСІНІКТЕРІ
Қазақ мифологиялық фольклорындағы ұлттық таным
Пәндер