Адвокат- құқық жауынгері


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
ЭССЕ
Тақырыбы: Адвокат- "құқық жауынгері"
Орындаған: Тұрысбек Асем, 303 топ
Тексерген: Арын Айжан Арынқызы
Алматы 2020
Мамандық таңдау - өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау. Мамандық… «Мамандық» сөзінің өзі латын тілінен аударғанда: «жұрт алдында сөйлеу, жариялау» дегенді білдіреді екен. Бірақ болашағымызбен тікелей байланысты бұл сөздің бұлай аударылатынын қазіргі жастардың көбісі біле бермейді, тіпті менде енді ұға бастағандаймын. Бұрындары, яғни есте жоқ, ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмаған, әр адамның өз қолынан қандай жұмыс келеді сол жұмысты істеп, өмір сүрген. Ал қазір ше? Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болып, қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыс, сәйкесінше, түрлі мамандық келе бастады, әлі де олардың шегі көрінер емес.
Алға тарт деп жас жүрек бұлқынады,
Балалықпен қоштасар күн туады.
Он жылдықтан шыққандар оқу іздеп,
Юрфакқа түсуге ұмтылады.
Заң маманы болуды қалап бәрі,
Көз ашық, көкірегі ояу 21-ғасыр ұрпақтары,
Ақиқатқа жетуге әрдайым ұмтылады!
Мен болашақта адвокат маманы болғым келеді. Себебі: қазіргі таңда бізге құқықтық, дамыған мемлекет құруымыз үшін сапалы да, білімді заңгер мамандары керек. Қазіргі таңдағы сұранысқа ие үлкен мамандықтардың бірі -адвокаттық сала деп есептеймін. Адвокат- дегеніміз ол жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін маман.
Сот үдерісіндегі ең тәуелсіз маманның бірі - адвокат саналады. Адвокат ол 21ғасырдағы - «нағыз құқық жауынгері» десек те қателеспейміз. Яғни, бұл мамандықтың да өзіне тән ерекшеліктері бар . Атап айтқанда біріншіден : адвокаттың басты парызы - әділдік үшін өз клиентінің құқығын қорғау болып табылады. Екіншіден: құқық мәселелеріне қатысты сұрақтарға жауап беретін кәсіби, тәуелсіз маман. Ол еркін мамандық болғанымен қатар, заңгер ретінде ғылыми, ұстаздық және шығармашылық секілді қызметте де істей алады. Сондай-ақ адвокат қылмыстық, азаматтық немесе төрелік істерде қызмет көрсете алады. Адвокат маманы болу үшін жоғары ақыл, парасаттылықты, үлкен жауапкершілікті, қоғамдық іске қызығушылықты, жылдамдылықты, шешендікті талап етеді. Ең бастысы, адвокат өз елінің заңын толықтай жақсы меңгеруі керек.
Сондықтан да адвокат мамандығы қанша қиын, жауапкершілігі ауыр болса да, мен үшін өте маңызды. «Шабытынды шарықтат, сонда ғалам сен үшін бұрын қамал тұрған жерлерден жол ашады», - деп атақты ағылшын ойшылы Джозеф Кэмпбэлл айтқандай, адам шың жүрегімен қатты қалаған, талпынған болса ойы міндетті түрде жүзеге асады деп ойлаймын. Ал ол үшін талпыныс қажет. Алға талпыну - тыныштықты жоғалту, бір орында қалып қою - өзіңді жоғалту болып саналады. Ал жетістіктерге қол жеткізу үшін, әрекет етіп қана қоймай, қиялдауымыз да керек, жоспарлап қана қоймай, сенуіміз керек. Алға қойған мақсаттарым үшін еңбек етсем, сол мақсаттарым болашақта елім үшін, мен үшін еңбек ететін болады. Мен оған сенімдімін. Маған және Отаныма еңбек ететін мақсатты, мамандықты дұрыс таңдағаныма сенімдімін!
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz