ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ЗАМАНАУИ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ЗАМАНАУИ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Қайрат Т. Қ.

жоғары деңгейлі екінші санатты ағылшын тілі пән оқытушысы

Алматы сән және дизайн колледжі

tolganai_kairat@mail. ru

Тұңғыш Президентіміз Н. Нaзарбaeв “ . . . Адaмзaт үшін ХХІ ғaсыp жaңa тeхнологиялapдың ғaсыpы болмaқ, aл осы жaңa тeхнологиялapды жүзeгe aсыpып, өміpгe eнгізу, игepу жәнe жeтілдіpу - бүгінгі мeктeп мұғaлімдepінің сіздepдің eншілepіңіз”, - деп сенім артады. Сол сенімнің кілті білікті де, білімді ұстаздар қауымының қолында екенін бір сәтте естен шығармауымыз керек.

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің реформалануы коғамның демократикалық бағытта дамуына бет алғанын айқындайды. Осыған орай, білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, жаңа бағыттағы білім беру орындары пайда болып, білім мазмұнының толығымен жаңаруына алып келді.

Уақыт өткен сайын білім саласының əлеуметтік рөлі де нығайып келеді. Бұған дəлел - бүгінгі таңда еліміздің білім беру мекемелерінің алдында Қазақстан Республикасының 2030 жылдарға дейінгі стратегиялық дамуын жүзеге асыру, 2015 жылға дейінгі Қазақстандағы білім беру Тұжырымдамасының бекітілуі. Осы аталған құжаттардың көздеген мақсаттары бір арнаға тоғысады. Ол мақсат - білім беру мекемелерінің мамандарына еліміздің болашағы - жастарды терең біліммен сусындату, яғни бір сөзбен айтқанда бəсекеге қабілетті ұрпақ дайындау мəселесі болып табылады

Бүгінгі заманда жаңа компьютерлік технологияларды енгізумен бірге «технология» деген ұғым жиі кездеседі. ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы АҚШ пен Англияда пайда болып, содан бұл термин өмір қажеттілігіне байланысты дүниежүзіне таралып кетті.

«Технология» деген термин гректің түп тамыры techne - өнер, шеберлік, кəсіп жəне logos - ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе білімді беретін деген сөзді құрайды. Ол өндірістік үдерістерді жүргізудің тəсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі - оқытудың əдіс-тəсілдерін үнемі жетілдіріп отыру жəне қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық жəне интерактивтік əдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы əрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

«Инновация» деген сөз - латынның «novis» жаңалық жəне «іп» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңару, жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді.

Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен тəжірибесінде кеңінен қолданылып жүр. Бірақ ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. бұл ұғымдыкеңінен терең таныта алмайды. Инновацияны «Білім беру жүйесіндегі жаңалық енгізу» деп айтсақ, оның мағынасын тарылтқан болар едік.

«Инновация» ұғымы ең бірінші XIX ғасырда мəдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни бір мəдениет түрлерін екінші ел мəдениетіне енгізу дегенді білдіреді жəне бұл ұғым этнографияда əлі күнге дейін сақталған.

Инновациялық процесс - білім беру процесіне тұрақты жаңа элементтер кіргізетін, жүйенің бір жағдайдан екінші жағдайға көшуіне апаратын жаңалық, жаңадан ендірілетін әрекет.

Бүгінгі таңда білім беру мекемелерінде оқу-тәрбие үрдісінде түрлі инновациялық педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір пән сабақтарында қамту мүмкін емес. Сондықтан, білім беру мекемелеріндегі әрбір пәнді ұтымды меңгертуде оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы білім алушының әрекеті - технологияны қабылдауы, оған деген ынтасы, құштарлығына мұғалім тарпынан көңіл бөлінуі тиіс.

Инновациялық технологиялардың бірі - ақпараттық технология.

Оқытудың ақпараттық технологиясы - ақпаратпен жұмыс жасау үшін қолданылатын арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар.

Ақпараттандыру технологиясы арқылы заман талабына сай сабақ берудің тиімділігі өте көп. Күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғыларды, компьютерді, интерактивті тақта мен мультимедиалық проекторларды пайдалану үлкен нәтижелер беретініне әрбір мұғалімнің көзі жетуде.

Жаңа ақпараттық технологияның ерекшелігі мұғалімдер мен білім алушылардың бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал етеді. Білім беру мекемелерінде оқу-тәрбие үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны жеделдетіледі.

Ақпараттық технологияның ерекшелігі: білім алушылар өздері ақпараттар жинап, жаңалық ашуға ұмтылып, ізденіп жауабын тауып, өзінің қөзқарасын логикалық түрде дәлелдейді.

Қазіргі таңда әрбір пән бойынша деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға болады. Білім алушыларға берілетін тапсырмаларды білімді қабылдауға бағытталған іс-әрекеттік модель ретінде қарастырған жөн. Оқытудан күтілетін нәтижені негізге ала отырып, әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша, жазбаша тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.

Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі - ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен - күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық - коммуникативтік технология арқылы оқыту - тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.

Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі -жаңа ақпараттық - коммуникациялық технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Барлық сабақтарды ақпараттық технологияны пайдалану арқылы жүргізу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.

Қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологияларды білім алушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру құралы ретінде қолдану өте тиімді. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және қолдану, интеллектуалды дамыған, ақпараттық ортада жақсы әрекеттене білетін тұлғаны қалыптастыру жолында пайдалы болуы мүмкін коммуникация құралдарының барлығын пайдаланудың белсенді процесі жүріп жатыр.

Тіл үйрену барысында жаңа технологияларды қолдана отырып, педагогикалық қалыптасқан жазу, тыңдау, түсіну, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға әбден болады.

Жаңа технологиялардың мүмкіндіктері білім алушыларға оқу бағдарламаларын оқып тіл үйренуде де сәтті қолданылатынын түсіндіруге мүмкіндік беріп, шығармашылық белсенділікті дамытуға, пәнге деген қызығушылықты арттыруға, тыңдау мен сөйлеу дағдыларын үйренуге ең жақсы жағдайларды жасауға әсер етіп, нәтижесінде сапалы білім алуын қамтамасыз етеді.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ағылшын тілі сабақтарында қолданудың негізгі мақсаттары: тілді үйренуге деген мотивацияларының артуы, тілдік компетенцияны дамыту, өзге тілдегі мәтіндерді түсіне білу, сондай-ақ ақпаратты байланысқан және дәйектелген күйінде бере білу, лингвистикалық білім көлемінің артуы, тілін үйреніп жатқан елдің әлеуметтік мәдени құрылымы туралы білімнің толығуы, ағылшын тілін өз бетімен үйренуге даярлық пен қабілеттілікті дамыту.

Жаңа технологияларды ағылшын тілі сабақтарында қолдану тәжірибесін талдай отырып, мынандай қорытынды жасауға болады: оқыту сапасы артады, тұлғаның үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді, ақпараттық кеңістікте адаспайтын, ақпарат мәдениетін жетік білетін тұлға болып қалыптасуына көмектеседі, тіл тосқауылының кедергілері азаяды.

Жаңа инновациялық технологияларды ағылшын тілі сабағында қолдана отырып, суденттердің білім, білік дағдыларын қалыптастыруға, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуіне, компьютерлік сауаттылықтарын қалыптастыруға болады.

Ақпараттық-техникалық құралды қолданып өткізген әр сабақ білім алушылардың ынтасы мен қызығушылығын арттыруда орны бөлек. Білім алушылардың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын жан-жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану - заман талабы. Cабақтарымызда студенттердің қызығушылығын ояту, ынтасын арттыруда бұл құралдарды пайдаланып жүрміз. Өз сабақтарымда электрондық оқулықпен жұмыс, бейнефильмдер көрсету, грамматикалық жаттығулар орындату кезінде, мәтіннің дұрыс оқылуы арқылы оқушылардың естерінде ұзақ сақтау дағдыларын жетілдірумен қатар, үйге тапсырма берген уақытта көбіне интернет беттерінен іздеуді ұсынамын.

Интернетпен жұмыс жасағанда білім алушылар белсенді болады, яғни мұғалім не айтады деп күтіп отырмай, өздері ізденеді, зерттейді, таңдайды, шешеді, жұмыс жасайды. Білім алушы өзіне қажетті ақпаратты таңдап алып, өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады. Өз бетінше ізденіп, дұрыс ақпаратты алып, оны өңдеуге үйренеді, компьютерлік сауаттылығы қалыптасады.

Сабақта қолданылатын ақпараттық технологияның бірі- интерактивті тақта. Интерактивті тақтаның сабақ үдерісінде оң нәтижеге жету үшін тигізетін әсері ерекше.

Бүкіл оқыту барысына коммуникативтік бағдар бере отырып, білім алушының ауызша сөйлеу (монолог, диалог) тыңдап-түсіну, білім алушыларға өтілетін тақырып бойынша грамматика, лексиканы ұғындыру мақсатында, орындалатын әрбір тапсырманы және жүргізу барысында қолданылатын кестелерді, интерактивті тақтаны пайдалана отырып көрсеттім.

Алайда интерактивті тақтаның қолдану мүмкіншіліктері өте көп. Мысалы, ағылшын тілінде сөйлеушілердің дауысымен жазылған видео-роликтер көруге, сол тілде жазылған мәтінді тыңдауға; тест сұрақтарымен таныстырып, бір топ білім алушыны тесттен өткізуге; сөз-жұмбақтар шешуге, әртүрлі ойындар ойнатуға мүмкіндік береді; электрондық оқулықтарды экран бетіне шығарып көрсетуге болады. Нәтижесінде білім алушылар өз ойларын бағдарлама талаптарына сай үйретіліп отырған тілде еркін жеткізе алды, шетел тілін қатынас құралы ретінде пайдалана білді, пәнге деген қызығушылықтары артты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңартылған білім жүйесінде ағылшын тілін оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды пайдалану
Ағылшын тілі сабағын оқыту барысында жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдалану
Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері
Жаңартылған оқу бағдарламасының тиімділігі
Деңгейлік саралап оқыту технологиясы
Бейнелеу өнері пәнін оқыту эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ОҚЫТУ
Алгоритмдік ойлау дағдысы
Оқушыны критериалды бағалауды негізі қалыптастырушы бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz