Мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен отбасынының өзара әрекеттесу жағдайында баланың жеке тұлғасын әлеуметтендіру

Бала тәрбиесінің негізі -- бұл оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ -- бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата-ана баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Бала тұлғасы, оның қызығушылығы, дамуы, тұлғалық әлеуметін ашу педагог пен отбасын арасындығы қатынас стратегиясының орталығы болып табылады. Ата-ананың басты қуанышы -- бала. Серіктестік пен ынтымақтастық негізінде отбасы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балаларға қойылатын біркелкі талаптармен біріңғай білім беру кеңістігі құрылады. Ата-ана отбасындағы жетекші тұлға, бала тәрбиенің қамқоршысы, өнегесі, нәтижесі. Ата-ананың тіршілігіндегі көрген қызығының ең қымбаттысы ол -- перзенті. Отбасы баланың тәрбиесі мен оның әлеуметтенуінде, тұлғаның көзқарасының қалыптасуына, сондай-ақ интеллектуалдық, эмоционалдық және еріктік сапаларының дамуында шешуші рөл атқарады. Балалардың әлеуметтенуі мен қоғамның жаңа мүшелерінің дайындығы қамтамасыз етіледі. Отбасы әлеуметтік-адамгершілік тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді, отбасында балаға ата-ананың махаббатын, ата-анаға деген сенім, оларға ұқсауға ұмтылу, отбасының жалпы психологиялық ахуалы сияқты әлеуметтік ақпаратты берудің тамаша жүйесі қалыптасқан ата-аналар отбасындағы ересектердің үлгісі тәрбиелік қызметтің нәтижелілігін анықтайды. Әрине осы келешек ұрпағымызды тәрбиелеу алдымен отбасынан бастау алары сөзсіз, ал оны әрі қарай отбасымен бірлесе жалғастыратын, балаға білім мен тәрбие беретін ең бірінші жаңа орта балабақша. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда. Оған Балалар құқығы туралы Конвенция, Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы, Балалардың құқығы туралы заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы сияқты құжаттар дәлел бола алады. Үкіметтен қолдау тапқан Білім тұжырымдамасы үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы балабақшадан бастап, мектеп аяқтағанға дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселесін жоспарлы түрде шешіп, отбасына педагогикалық көмек беруді мақсат етеді.
Сондықтан балабақшадағы педагогикалық ұжым үшін күнделікті оқу тәрбие үрдісінде балабақшадағы бала өмірін ұйымдастыруға ата- ананы кіріктірудің маңызы зор. Өйткені көзі ашық, көкірегі ояу әр тәрбиеші өздерінің алдарындағы кішкентай бүлдіршіндерді жан-жақты үйлесімді дамытып, оларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тек ата-аналармен тығыз шарт ол балабақша мен ата ана талаптарының бірлігі екендігін жақсы түсінеді. Ата-аналармен өзара қарым қатынас құру тәрбиешілерге біршама қиыншылық тууғызу мүмкін. Мұндай жағдайға кездескен тәрбиеші өзінің теориялық білімін, іс- тәжірибе алмасу барысында көрген білгендерін, өз тәжірибелі педагогтардың тәжірибелерін жинақтап, саралап, ой түйіп, оны өз іс-тәжірибесінде қолдануға тырысады. Мысалы мен өз тобымдағы ата-аналармен жұмыс жүргізудің жылдық жоспарынқұрғанда жұмыс жоспарын ең алдымен төмендегі мына мақсаттары мен міндеттерді шешуге бағыттаймын.
Ата-аналармен біріккен жұмыс бағыттары
Мақсаты
Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу міндеттерінің, құралдарының және әдістерінің бірлігін, мектепке дейінгі білімберу мекемесінде, отбасында және қоғамда баланың тәрбиеленуі мен жеке тұлғасының дамуындағы сабақтастыққа байланысты, сезімдерге санаға және мінез-құлыққа ықпал ету бірлігін көздейді
Тәрбиелеудегі табыс, ата-аналардың, тәрбиешілердің баланың мінез-құлқын мұқият зерттеп, және оны тәрбиелеу
Міндеттері
Ата-аналарды мектепке дейінгі мекеменің іс- әрекетін жоспарлап және оған бақылау жасауға, топтарында әлеуметтік заттық дамытушы ортаны құруға қатыстыру.
Ата-аналарды балалармен бірлескен әртүрлі шығармашылық іс-әрекет түрлеріне қатыстыру
Балабақшада ата-аналармен өткізілетін түрлі іскерлік ойындары да, тренингтерде ата-аналарды балабақша өміріне қатысуға қызығушылық тудырады, белсенділіктерін арттырып, Кел, танысайық!, Ата-аналар шуағы тақырыбында өткізілген тренингтер, Қазіргі заман ата-анасы қандай болу керек? деген іскерлік ойын түрлерінен кейін, олар бір-бірін жақсы танып, өздерінің өзара ынтымақтастықта болу, балабақшадағы оқу-тәрбие үдерісіне оң нәтиже беретіндіктеріне көз жеткізеді. Бала тәрбиелеуде ата-аналарға қажетті іскерліктерін дамытуда, ата-аналар мен отбасының мүшелері үшін өткізілетін түрлі ойын-сауық кештері де тақырыптық сипатта болады. Мысалы: Біз өнерлі отбасымыз, Әкем, анам және мен, Шебер қолдар отбасы, тақырыптары бойынша өткізілген спорттық, музыкалық кештер балабақша мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты жандандырудың бірден бір жолы. Осындай кештерге қатысу арқылы әр ата-ана тәрбиеші еңбегін бағалай біліп, балабақша қызметінің маңызы мен жауапкершілігін сезінеді. Аталған жұмыс формаларын өткізу барысында қазіргі заман талабына сай инновациялық технологияларды, әдіс тәсілдерді түрлендіре пайдаланып, ата-ана жүрегіне дұрыс жол тауып, олардың бала тәрбиесіне балабақша қызметіне деген дұрыс көзқарастарын қалыптастыра білудің маңызын естен шығармағанымыз абзал.
Педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен іс-әрекеті және оның бала тәрбиесі мен ата-аналардың мәдениетін көтерудегі маңызы
Мектеп- өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі ролі өте зор. Еліміздің бүкіл жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, өз бетінше жеке автономиялық мекеме болған емес, сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Міне, мектептің үлкен тәрбиелік функциясы осында.
Мектеп тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру рөлін атқарады. Ол ішкі тәрбие процесін басқарып қана қоймайды, сонымен бірге мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан мектеп балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың, жеке адамның дамуында және қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын үйлестірудің, біріктірудің орталығы.
Мектеп іс- әрекеттің ең бастысы- тәрбие түрлерінің (дүниетаным, еңбек мінез- құлық, эстетикалық және дене тәрбиесі) мақсаттары және міндеттері жүзеге асырылады.
Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмысының формалары көптеп саналады. Олар: ата- аналармен жұмыс, сынып жетекшілерінің және мұғалімнің отбасымен жұмысы, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары. Осы жұмыстардың барлығына мектеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен, ұйымдармен бірігіп, іске асыруды қамтамасыз етеді.
Тәрбие жүйесінде, әсіресе жеке адамның жоғары моральдық қасиеттерін қалыптастыруда, адамгершілік сезімін, эстетикалық талғамын дамытуда қоғамдық тәрбие институттарының алатын орны ерекше. Олардың ынтымақтасып істейтін жұмыстарының негізгі бағыттары: педагогикалық ұжым, ата- аналар комитеті тәрбие жұмысының жоспарын жасап, оны басшылыққа алады.
Мектеп оқу- тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасайды, ата- аналарды, барлық жұрт шылықты қатыстырады.
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бірнеше формалары бар. Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы ата- аналар жиналысы. Онда көптеген мәселелер, мысалы күнделік өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы т.б. талқыланды. Оларды одан әрі жетілдірудің жолдары қарастырылады.
Байланыс формаларының бірі- педагогтардың оқушылар үйіне баруы. Мақсат: оқушылардың үй- жағдайымен, күнделікөмірмен, тұрмысымен танысу, оқу және тәрбиеге байланысты әр түрлі тақырыптарға ата- аналармен әңгіме өткізу, пікір алмасу.
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының тағы бір формасы- педагогикалық насихат, яғни- ата- аналарға білім беру.
Қазір ата- аналар және қалың бұқара арасында психологиялық және педагогикалық білімді насихаттаудың маңызы өте зор. Насихат жұмысы оқыту мен тәрбие міндеттерін шешуде болымды әсер етеді. Н. К. Крупская өзінің еңбектерінде ата- аналарды педагогикалық минимуммен қаруландырудың қажет екенін бірнеше рет айтқан болатын.
Ата- аналардың тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуына ықпалы, олардың жалпы және педагогикалық мәдениетіне байланысты. Осы тұрғыдан педагогикалық- психологиялық білім негіздерімен ата- аналарды қаруландыру- мектеп алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Мектептің ата- аналар комитеті мұғалімдерге, ата- аналарғакөмектеседі, балалардың десалысын, қиын балаларды шефтікке алуы, балалардың тұрған жеріндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады. Ата- аналар жиналыстарын, олардың конференцияларын, пікірталастарды, балалар мерекелерін өткізудің ұйымдық жұмыстарына қатысады.
Мектептің, отбасының бүкіл халықтың және мемлекеттің негізгі мақсаты қазіргі заманның талаптарына сәйкес балаларды және жастарды тәрбиелеу, оларды мамандық таңдауға арнайы орта және жоғары оқу орындарына түсуге, халық шаруашылығының салаларында еңбек етуге даярлау. Міне осы тұрғыдан тәрбие бүкіл жұртшылықтың ісі болып отыр.
Мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеуде және оқытуда мектеп шешуші роль атқарады. Оның маман тәрбиеші кадрлары бар және ол өзінің жұмысын ең алдыңғы қатарлы педагогикалық теория негізінде жүргізеді. Мемлекет балалар тәрбиелеуде отбасына мектеп арқылы көмектесіп, отбасылық тәрбиені мазмұны мен ұйымдастыруларына әсер етіп отырады. Мектеп мемлекеттік мекеме есебінде отбасын соңынан ертіп, балаларды, жасөспірімдер мен жастарды дұрыс тәрбиелеуге, жәрдемдесуге ата- аналар арасында идеологиялық насихатты белсене жүргізуге міндетті. Отбасы өз тарапынан оқу- тәрбие жұмысын ұйымдастыруда мектепке көмектеседі.
Мектептің отбасымен және жұртшылықпен байланысы, негізінен сынып жетекшілері арқылы жүзеге асырылады. Төменгі сыныптарда мұғалімдер ата- аналармен, қоғамдық ұйымдармен үнемі байланыста болады. Жоғары сыныптарда да әр мұғалім белгілі мөлшерде ата- анамен байланысты, бірақ олармен үзбей байланыста болатын тек сынып жетекшілері ғана.
Қазақстан мектебі халықтың имандылық- адамгершілік мәдени дәрежесін көтеру ісіне үлкен қосуы тиіс. Бұл міндеттерді ол оқушыларға ғана емес, олардың ата- аналарына да тәрбиелік әсер ету жолымен жете алады.
Балаларды саналы мақсаттылыққа, еңбек сүйгіштікке, өр мінезді және өзіне жоғары талап қоя білетін азамат етіп тәрбиелеуде мектеп пен отбасының атқаратын міндеті зор.
Сондықтан да жасөспірімдерді жаңа заман талабына сай тәрбиелеуде мұғалімдер ұжымы мен мектептің қиын да жауапты ісіне көмектесуге үкімет ата- аналарға зор талап қоюда.
Мектепке дейінгі мекеме және отбасының өзара ынтымақтастығы Отбасындағы балалар тәрбиесін қалыптастыру
Қазіргі елімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістер. Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, өз тілі мен дінінің орнығуы, өркениетті елдер қатарына қосылуына талпыныс жасауы - ел ертеңі болашық ұрпақ тәрбиесіне жауапты қарауды көздейді. Бұл жөнінде Үздіксіз тәрбие тұжырымдамасында, Негізгі мақсат - дені сау, ұлттық сана - сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор, іскер, бойына басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу - деп атап көрсетілді.
Сол себепті нәрестенің дүниеге келген күнінен бастап, кемелденген азамат болып қалыптасқанынша бір мақсатты тәрбие беру үрдісі ұйымдастыру басты міндеттердің бірінен саналып, жұртшылық назарын аударуда. Бұл міндетті жүзеге асыру отбасы мен мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің үлесіне тиеді. өйткені баланың болашақтағы рухани және әлеуметтік дамуының негізі болатын бастапқы құлық-сана, педагогикалық қасиеттері, азаматтық бейнесі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасатыны белгілі.
Мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие беру ісін әрі қарай жетілдіру отбасы мен балабақшаның бірлескен жұмысын дамыта және нығайта түсу арқылы жүзеге асады. Баланы отбасында және мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиелеу ортақ мақсат- міндеттерге негізделеді, ол - баланың ақыл-ойын дамыту, адамшгершілік қасиеттерге баулу, көркемдік талғамын қалыптастыру, сондай- ақ денсаулығын нығайта отырып, ең негізгісі болашақта мектепке даярлау болып саналады.
Нәресте дүниеге келген күннен бастап, ата-ананың да мойындағы атқара жүгі ауырлай түседі, яғни ата-ана отбасында бала дамуына қолайлы жағдай туғызуы тиіс. Баланың ой-өрісін, жан-жақты тәрбиесін дамытуда балабақшаның ата-анаға тигізер көмегі зор. Басқа да мекемелер сияқты балабақша да белгілі бір бағдарлама негізіне сүйене отырып, мектеп жасына дейінгі балаларға жан-жақты тәрбие беру мен дамыту мәселесін жоспарлы түрде шешеді, отбасына педагогикалық көмек бере отырып, басшылық етеді. Бала балабақшаға келген күннен бастап тәрбиеші мен ата-ана арасында тығыз қарым-қатынас орнауы қажет.
Тәрбиеші отбасында бармас бұрын ата-анаға қандай сұрақ қояды, не жөнінде кеңес бередің. Бұл тәрбиешіге ең қажетті, маңызды мәселелерге зер салуға, отбасындағы тәрбиенің өзіндік ерекшеліктеріне аңғаруға, тәжірибе жинауға көмектеседі.
Ата-аналармен жұмыс жүргізудің кең тараған түрі және ең тиімдісі - әңгіме, кеңес өткізу. Мұндай әңгіме ата-ананың өз баласы жайлы белгісі келген сұрағынан туып кетуі де, сондай - ақ тәрбиешінің жоспарлауымен де өрбуі мүмкін. Егер тәрбиеші кейбір келеңсіз істері жөнінде айтар болса, ата-анамен бірге оны талдай отырып, баланың бұл ісіне не әсер етіп жүргенін анықтау нәтижесінде бұдан былай оны болдырмау жолдарын ақылдасқан жөн.
Атан-аналармен өткізілетін әңгіме, кеңес тақырыптарының ауқымы кең. Мысалы: Балаларды мәдени мінез-құлық дағдылары мен әдеттеріне тәрбиелеу, Тілалғыштыққа тәрбиелеу туралы, Демалыс күнді қалай ұйымдастыруға болады?, Ұқыптылық жөнінде, Қандай кітаптар оқып беруге болады?, Баланы үйде мектепке даярлау үшін не істеу керек?, Қиқарлық қайдан шығады?, Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі, Жалғыз баланы тәрбиелеу туралы не білу керек, Баланы сыйлау деген не? деген тағы сол сияқтылар.
Ата-аналар жиналысын өткізу жалпы отбасымен жүргізілетін жұмыстардың іщшіндегі жиі қолданылатын және кең тараған ұжымдық формасының бірі, мұнда ата-аналар педагогикалық және ұйымдастыру мәселерімен жүйелі таныстырады. Мысалы: Балабақша мен отбасы тәрбиесі міндеттері мен мақсаттар - біртұтас,Ата- аналар комитетін сайлау, Балабақша жұмысының мазмұны, Меңгерушінің есебі тағы басқалар. Ата-аналар жиналысында ұйымдастыру ісін талқылаумен қатар, күн тәртібіндегі басты орын балалар тәрбиесіне бөлуге тиіс.
Жалпы жиналыста ата-аналар балабақшаның барлық қызметкерлерімен кездеседі, өзара танысады. Кейбір ата-аналарды жиналыстарда, сөз сөйлеуге тарту артық емес. Мысалы: ата-ана дәрігер болса, оған баланың гигиенасы туралы, мектеп жасына дейінгі баланың денесінің даму ерекшеліктері, бала ауруының алдын алу жөніндегі айтқызуға болады, осының нәтижесінде ортақ іске қызығушылық арта түспесе, кемімейді.
Ата-аналардың педагогикалық білімін тереңдету, педагогикалық насихат жүргізудің ең тиімді түрі кезекшілік, ашық есік күндері мен ашық сабақтар өткізу. Байланыстың мұндай түрі ата-аналарға балабақшаның көрсетуге, тәрбиелеудің балабақшадағы пайдалынатын әдістерін отбасында іске асыруға да болатынын үйретуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ата-ана өз баласының өзін-өзі қалай ұстайтынын байқайды, әрі педагог ата-ана назарын баланың ойында, сабақта, тұрмыстағы балалардың өзара қарым- қатынас сипатына, олардың еңбек пен гигиеналық дағдыларына назар аударып, көргендерін бірге талдайды, балалардың мінезінде кездесіп қалатын кейбір кемшіліктердің себебін іздестіреді. Балабақшадағы арнайы бұрыш ата-анамен байланыстың бірден- бір дәнекері. Мұнда жылжымалы папкалар қойылып, онда педагогикалық тақырыптарға қысқа текстер, кеңестер, ата-аналар сұрақтарына жауап, балалардың балабақшадағы және отбасындағы өмірін бейнелейтін фотосуреттер, балалар жұмыстары яғни салған суреттері, жасаған мүсіндері тағы басқалар оқуға арналған педагогикалық және балалар әдебиеттерінің тізімі орналастырылады.
Ата - аналар бұрышында тақырыптық көрмелерде, жылжымалы папкаларда, еңбекте, ойында, көркем әдебиет арқылы адамгершілікке тәрбиелеу, ата-ана үлгісі, отбасылық дәстүрлер тағы сол сияқты мәселелер қамтылып отыруы қажет.
Жас бала - бейне талшыбық.
Адамзат қоғамы жаратылғаннан бастап бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Жас ұрпақ өздерінің абзал ісін алуға апарушы, өміріміздің өркені, жалғасы,болашағымыздың жасампаз күші екенін жақсы білген. Сондықтанда баланың ыстық - суығынада сүйінбейтін - күйінбейтін ата- ана отбасы жоқ. Бүгінгі ұл ертенгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешесінен қарап бой түзеді. Тәлімді тәрбиені үйрену дұрыс жүру, ата- ананың үмітін ақтау ұлмен қыздың бұрышы. Ал ата- ана балаларына үлгілі өнеге көрсете алмаса, онда тәрбиелі бала өсірулері екі талай. Өйткені бала ересектерге, әсіресе ата- анасына, тәрбиешілерге өте електегіш келеді, жақсыныда, жамандыда солардан үйренеді, көргенін қайталайды. Жас шыбық иілуге қандай икемді болса, балада жас кезінде үйреткенді қабылдауға өте бейім. Сондықтан олар бала тәрбиесі нәресте дүниеге келген күннен бастап, адамдық қасиеттер қалыптасқанша үздіксіз жүргізіле береді. Жастайынан берілген тәрбие жемісті болатыны жайында қазақтың дауылпаз, ұлы ақыны І.Жансүгіров: Жаста білген, басқа сінген тәлімі, өзін өлмей сүйніңнен қала алмас, - деп бүлдіршінге жастайынан берілген жемісті екенін айтады. Ауру қалса да әдет қалмайды, Не ексең соны орасын деген мақал осы ойды меңзейді.
Жас балаға өз әке - шешесі қуатты зор күш. Сондықтанда олар болмашы нәрсеге өкпелеп немесе ренжіп қалса апама айтамын, әкеме айтамын деп шағынады. Әке- шешенің аузынан шыққан сөз бала үшін шың, әділ, тіпті заң болып есептелінеді. Бала өте сезімтал, байқағыш, тек одан тәжірибе жеткіліксіз. Сәби бойында анау не?, мынау не? деп табиғи қасиеттің болатыны белгілі. Оларға ерінбей дұрыс жауап беру, түсіндіру, ойын дамыту, тура жолға бағыттау ата-ананың, отбасы мүшелерінің парызы. Балалармен ақылдаса, пікірлесе жұмыс істеуінің тәрбиелік мәні. Зор. Мысалы, бірге қыдыру, бірге кино, театрларға бару, қыдыру, радио- теледидардан берілген хабарларды ортаға салып пікірлесу сияқты жұмыстар сыйластықты, дүниетанымды, көзқарасты тереңдете кеңейте түседі.
Қазақ халқының бала тәрбиесі жөнінде жинақталған мол тәжірибесі бар. Бұған жаңа туған нәрестеге арнап жасалатын дәстүрлер Шілдехана оның алдында Құрсақ тойы, Жарысқазан, Сүйінші, ат қою сияқты салт - дәстүрлер дәлел.
Тәрбиешіге сәбидің өсіп жетілуіндегі жас ерекшелігіне сай кезеңдерді және сол жасқа тән дене психикалық даму ерекшеліктерін жетік білудің маңызы өте зор. Бұл ата-ана, тәрбиеші, мұғалімге оқу-тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдап алуға, олардың ішкі дүниесі мен мінез-құлқының ерекшеліктерін терең түсінуге көмектеседі.
Балалар мектепке балабақшада, отбасынан алған бастапқы тәрбиесімен келеді. Мектепке дейінгі тәрбиенің әрқилылығы балалардың даму деңгейінен бақылып тұрады. әсіресе бірден көзге түсетін нәрсе балабақшада тәрбие алған балалардың таным, өре жағынан үрден келген балалардан аса ерекшелеулігі. Балабақшадаға бармаған балалардың дамудың деңгейі көбіне көп баланың тәрбиесіне және оның таным қабілетінің көзқарасымен анықталады. Кейбір отбасыларында балаларға кітап оқып береді, ертегілер мен әңгімелер айтады, олардың жалпы өсіп - жетілуіне арнайы көңіл бөлінеді. Ал енді біреулерінде баланың денсаулығына кейде әкесі тәрбиесіне, анасы денсаулығына көбірек қамқорлық жасайды, ал қалған рухани тәрбиесі мен жан- дүниесінің өсіп жетілуі оның өз еркіне берілген. Үшінші бір шаңырақта балаларды бақылау, күтіп тәрбиелеу істері тәжірибесі жеткіліксіз, білімі де аз, бала тәрбиелеумен арнайы шұғылдануға ниеті жоқ адамдарға тапсырылады. Мектепке, балабақшаға келген балалардың тіпті де біркелкі емес екендігі де сөзсіз. Сондықтан да бастапқы кезде бүкіл. Оқу - тәрбие процесін біртұтас арнаға салып бағыттау үшін өте көп жұмыс істеуге тура келеді. Осыған байланысты неғұрлым жас болған сайын, сол тәрбиешіден педагогтік білім соғұрлым көп талап етіледі және баланың жасы өскен сайын бұл талап артпайды, қайта кеми түседі деген педагогтік ұлағатты пікір еске түседі. Сөйтіп, бала неғұрлым кіші болған сайын соғұрлым күрделі тәрбие қажет екен. өйткені бастапқы балалаық әсер адамның бүкіл өмір бойына із қалдырады.
Отбасында, балабақщада ата-ана тәрбиесі айтылған, көрсетілген зейін қойып тыңдауына ерекше мән бергені жөн. Ол үшін айтылған әңгіме не ертегіні жүйелі баяндап беруге; әрбір сөзді анық, нақты айтуға дағдыланып, баланың зейінін біржолата меңгеріп алу жақсы сәбилердің тілін дамытуға зор пайдасын тигізеді.
Сондай - ақ неғұрлым ертерек еңбекке тәрбиелеуге ерекше мән берген жерде оны жан-жақты баулуға қол жеткізу қиынға түспейді. Ескертін нәрсе баланың атқаратын жұмысы оның шама- шарқына сай болуы. Егер жұмыс шамадан асып кетсе, бала тапсырманы орындай алмайды және өзінің күші мен қабілетіне сенімін жоғалтады яғни еңбекке деген қызығу сезімі әлсірейді.
Балалардың істейтін жұмыс түрін тым жеңілдетіп жіберсек ол да орынсыз. Жеңіл еңбектің пайдасы аз, кейде тіпті зиянды, өйткені балалар жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүруге дағдылануы мүмкін.
Бала тәрбиесі оларға талап қоя білуге де көп байланысты. Кейде талап қояды да, оны орындауға жағдай жасамайды. Мысалы, олар ойыншықтарын, кітаптарын шашпай, жинастырып қояды да оны бөлме ішін ыбырыстырмауды талап етеді де, оның ойнайтын, кітап оқитын орыны көрсетпейді, ауызша әңгіме айтып беруді ұйымдастырмайды. Қазақ бес-жеті жастағыдларды ойын баласы деп та атайды. Бұл жаста баланың белсенділік белгілері көрініп, іс-әркентіне деген қызығушылықтары дами бастайды осы кезеңде оларды әрдайым қолдап, қолпаштап отыру қажет.
Дана халқымыз балалардың жас ерекшеліктеріне қарай тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше мән берген:
- баланы бес жасқа дейін мырза патшаңдай көр зекімеуді жұмсамауды меңзеген;
- он бес жастан кейін құрдасындай көр әрбір мәселені балаңмен ақылдаса, кеңесе отырып істеуге нұқсаған деп кеңес берген;
Бала сезімі - нәзік ұшқыр сезім. Онымен тіл тауып сөйлкесу, мінезіне қарай, жас ерекшелігімен санаса отырып қатынас жасау ата-ана, тәрбиешілер және жалпы ересек адамдардың борышы.
Жас бала жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді дейді халқымыз. Бұл бейнені сөз жасөспірімдердің есейіп үлкен өмірге жолдама алар алдында ата-ананың, тәрбиелеушілердің аялы алақанында, ыстық ықыласын да, қамқорлық құшағында, жанашыр тәрбиесінде болатын туса керек. Өйткені жаңа отырғызған жас кеше те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш боп үлкейгенше мәпелеп күтуді керек етеді. Осы ретте Ыбырай Алтынсариннің Қисық ағаш атты әңгімесе ойға оралады.
Балаға өз өскен ортасы, ата-анасы, жалпы ересек адамдардың әсері мол. Егер әке-шешелері, жақын туысқандары, сол секілді көршілері не болса соған баланың көзінше жүз жыртысып, бірін- бірі дөрекі сөзбен тілдеп жатса, мұның бәрі жас жеткішектің санасына жақсы із тастамайтынын айдан анық. Ал кейбір ата-ана бұған көңіл аудармайды. Мысалы: көрші үйдің балаларымен қиянат жасап тұрғанын көре тұра, өзгенін ісін теріс шығарып, ара түсіп, байбалам салатын ата-аналар да кездесіп қалады. Мұндай қамқорлық баланың үнемі өз дегенін ғана жөн деп тұратын қиқар болып өсуіне әкеп соғуы әбден мүмкін. Сол секілді жас жеткіншектердің көзінше үлкендердің орынсыз әзіл- оспақты қалжың әңгімелері де жақсы әдетке, жақсылыққа әкеп соқпайды. Ойын кезінде балалардың ұжымдасып іс-әрекет жасағанының пайдасы зор. Өз құрбыларымен қызыға ойнайды, ой - қиялдары дамып, әділдік, шындыққа үйренеді.
Тіпті тұйық, ынжық балалардың өздері ынтасы оянып, белсенділік белгілерін көрсете бастайды, ал белсенділер одан да белсенді бола бастайды. Ал бала қашан да балалығын көрсетпей тұрмайды, оларға әрдайым ата-ана, тәрбиешілер тарапынан қамқорлық, басшылық ауадау қажета-ақ. Халықтық Баланы - балалығынан ажыратса, даналығынан да ажыратасың деген мақалы көп нәрсені аңғартса керек. Қыз бала қуыршақ деп ойнаса, ұл бала құлыншақ деп ойнасын деген ата-бабамыздың қанатты сөзінің астарында көп сыр жатса қажет.
Сәби шыр етіп өмірге келген сәттен - ақ бөбектің рухани жан дүниесінің ірге тасын қалау қарастылған. Ол бала құлағына алғаш ана әлдиі арқылы сіңеді. Яғни бесік жыры бала жүрегіне ана сүтімен даритын рухани уыз. Бесік жырының басты қызметі баланы тыныштандыруды, ұйқыға ұйыту ғана емес, сәби құлағына ана тілінің нәрін, халық музыкасының дыбыс сыңғырын сіңіру. Балаларға арналған халық фольклорының бастау бұлағы да осы бесік жырынан басталады.
Сәбиді суға шомылдыру, аяқ- қолын созып, майлау - сылау әлпештеу сияқты істердің барлығы мақсатсыз атқарылмайды.
Өс, өс балам, өс балам,
Батыр бол балуан білекті,
Батыл бол таймас жүректі.
Аяғыңды созайық,
Саусағыңды жазайық,
Етті болсын балтырың
Епті боп өс, жарқыным, немесе:
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Ұста болар ма екенсің?
Таңдайларың тақылдап.
Сөйлегенде сөз бермей,
Шешен болар ма екенсің? -
- деп келетін өлең жолдары осындай сәттерде өзіндік балаға жайлы үн, жайлы ырғақпен айтылады. Баланың күн сайын өскен әрбір қадамы нақты адал еңбекке, өнер - білімге баулу, өмірге бейімдеу, отбасы ауыл- аймақтық, Отанның намысын қорғау сияқты ізгі тәрбиелеу міндеті тұр. Бұл міндеттер қазіргі мектеп пен тектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді тәрбиелеу айналуы тиіс.
Данышпан Абай: балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, біріншісі ата- анасынан, екіншісі ұстазынан, үшіншісі құрбысынан, - деген екен. Баланың деген ыстық ықылас, ата-ананың мейірім, ақыл- кеңесі халықтық тәрбиеде бұрыннан бар нәрсе. Әсіресе, көпті көрген қариялар, көкірегі құйсандық жайсаңдар жас ұрпақты жаңсақ қадамдардан сақтандырып, кемшіліктен қақпалап, жақсылыққа жетелеушілер болады.
Отбасындағы бала тәрбиесіндегі үлкен - тұлға әже мен ана. әжелердің ұстамдылығы,төзімділігі, сабырлылығы, қиыншылық атаулыға қажырлықпен қараулары үнемі үлгі. Олар немерелерін аңыз-әңгімелермен қиыншылық мақал - мәтелдермен таныстырад. Шоқанның Айғаным әжесі, Абайдың Зере, Мұхтардың Дінасыл әжелері қазыналы бұлақтың көзі болған әжелер. Ал, көпті көрген көне аналар, ардақты қариялар өз балаларының, немере шөбелерінің ғана тәрбиесі емес, иісі қазақтың ақылшысы, кемеңгерлері ғой.
Қазақ ауылында бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Үлкендер ауылдастарының балалры өріскел мінез-құлық көрсетсе, өз баласындай көріп тұрысын айтып түзетуге өздерінің міндеттерін санаған. Қызға қырық үйден тыю, Ұлың өссе жақсымен ауылдас бол, қызың өссе қызы жақсымен ауылдас бол деген баланың қауым болып тәрбиелеу мақсатында шыққан. Отбасындағы тәрбиеде туыстық қарым- қатынастардың да мәні бар. Үлкен кішіні қамқоршы да, өнеге де, болуы тиіс. Олардың бір-біріне қолғанат сүйеу болуы құпталған. Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар немесе Ағаның үйі - ақ жайлау дегенді айтады.
Қазақ халқы балалрының тіл ұстартуына, өнер үйренуіне көп көңіл бөлген. Бұл үшін жаңылпаш айту, ән алу, күй шерту сияқты өнер түрлеріне баулиды. Мұның өзі баласының бойындағы талаптарын төз білу байқауларына мүмкіндік береді. Балаларды тәрбиелеуде ұлттық ойындардың да берері мол. Санамақ немесе Жылдам айт сияқты сияқты тартымды ойындарды үйрету сияқты өнерінде негіз салады деп есептьеледі. Халқымыз Жігітке өлең де өнер, өнер де өнер, Сөз тапқанға қолқа жоқ, Қақарлы сөз қамал бұзхар деп, сөз өнерін дәріптеп, балаларын уытты да ойлы сөйлей білуге баулыған.
Адамға үш жұрт бар дейді халық. Бірі - өлім, екіншісі - кәрілік, үшіншісі - тексіз бала. Біріншісі алмай қоймайды, кәрілік келмей қоймайды, ал баланың тексіз болуы, болмауы - тәрбиеден. Баланы яғни болашағымызды тексіздіктен, оған ана тілін, ел тарихын білмейтін, оған неғұрлым қарайтын, ұлттық тәрбиеден мақұрым қалған. Мәңгүрт етіп жібермеу өз қолымызда.
Ақсақалдар ақылын тыңдау, сөзге тоқтау, үлкен-кішіні сыйлау инабаттылықтың көріністері. Сондықтан ақсақалдар алқасын құрып, оны нағыз тәрбие отауына айналдыру керек. Оның біріншісі мақсаты - жастар арасындағы теріс қылықтарды жою.
Баланың жан- жақты білімді, мәдениетті, саналы адам болып қалыптасуын қамтамасыз ететін отбасы мен білім - тәрбие орындары өз міндеттеріне жауапкершілікпен қараса егеменді еліміздің көк туын жоғары ұстауға жетуіміз айқын.
Отбасы - неке негізінде немесе қан жағынан туыстас шағын топ, олар өзара көмек көрсету, жауапкершілік алу және тұрмыстық жалпылылықта байланысады (Эйдемиллер, Э.Г.Юстицкий В.В., 1990). Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. Отбасының тәрбие институтты ретінде маңызы онда бала өз өмірінің маңызды бөліктерін өткізеді және де тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету ұзақтығы жағынан басқа тәрбие институттарына бой бермейді деп көрсетті Шужебева А.И өз зерттеу жұмысында.
Терең тұлға аралық қатынастарды реттеу механизмдеріне арналған жұмыстарды талдауда шетелдік ғалым Э.Фромм және ресейлік ғалым М.И Лисина ол өзіміздің қазақстандық ірі ғалымдардың бірі С.М.Жақыповтардың қойылған мәселені толығымен шешуге мүмкіндік берді. Біріншіден, отбасы жағдайында бірлескен іс-әрекетті орындау барысында жеткіншектердің құндылықты-мағынылық құрылымдардың қалыптасу жағдайларын нақтылауға мүмкіндік берілді.
Екіншіден, жеткіншектердің тұлғалық дамуында ауытқулардың пайда болуының отбасы ішіндегі алғышарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеудің методологиялық бағытына қарай жеткіншектерге отбасы ішілік құндылықтарды беру процесі, отбасы мүшелнрі арасындағы бірлескен әрекет пен эмоцияның өзара байланыстардың үйлесімділік механизмдерін қолдануға негізделеді.
А.Б.Харчев берген отбасы ұғымына түсініктеме неғұрлым жалпылама болып табылады: Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы звено болып табылады.
Қазіргі таңда отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі жетік түрде толық жасалмаған. Мысалға, Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтеріне ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету қызметтерін айтады.
Э.К.Васильева (1981) өз зерттеулерінде отбасы қызметінің үш тобын қарастырады:шаруашылық-экономикалық , генеративті тәрбиелік, мәдени, репродукциялық. С.Д.Лаптеноктың пікірінше, (1967) отбасының маңызды қызметтеріне шаруашылық - тұрмыстық, халықтың көбеюі, өз мүшелерінің демалысын ұйымдастыру, тәрбиелік жатады.
70-шы жылдары басты назар отбасындағы қарым-қатынас пен оның тұлға қалыптасу процесінде алатын орны туралы Б.П.Парыгин, А.Г.Харчев. Ол әйел адамның кәсіби іс-әрекетімен отбасы жағдайындағы міндеттерін үйлестіре білу сипаты және де отбасы өміріне қалай ықпал етеді деген тақырыптарда С.Голод, З.Янкова т.б. зерттеді.
З.И.Файнбург отбасындағы эмоциялық жағдайлар, олардың отбасы ішілік қатынастың тұрақтылығына ықпалы,отбасының тұрақтылық жағдайы туралы Ю.Г.Юркеевич отбасы мүшелері арасында қысымның бөлу себептерін және А.М.Уматинов және т.б. зерттеді.
Айдарбеков Қ.А. отбасындағы ішкі қарым-қатынас жүйесінде жасөспірімдердің өзіндік санасының диологиялық құрылымдардың дамуы атты зерттеу жұмысында жасөспірімдік кезеңдегі өзіндік сана дамуының ерекшеліктерін және бүкіл тұлға дамуының ауытқу өзгешеліктерін тудыратын факторларды зерттеуге арналған.
Өткізілген зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша жасөспірімдердің дамуы кезіндегі орталық тұлғалық жаңа құрылымы өзіндік санасының диалогиялық құрылымдары екені туралы болжам өзінің растаулығын алып қойылған. Дәл осы жасөспірімдердің дамуы кезіндегі тұлғалық жаңақұрамының талдауы жастағы тапсырмаларды өнімді атқаруға қамтамасыз ететін функционалды механизмдерінің деңгейіне жеткізілген.Ішкі жанұяның құндылықтарды өсіп келе жатқан буынға берілуіне,дамуына және сақтандыруға бағытталған,және отбасында белгіленген оның мүшелерінің арасындағы коммуникативтікпен эмоционалдық қарым-қатынастардың үлгілері бойынша үйлестірілетін, отбасындағы жүргізетін бірлескен іс-әрекет жасөспірімдерде өзіндік санасының диологиялық құрылымдар дамуының негізгі көзі болып келеді.
Педагогикалық ілімдер жүйесіндегі басты орынды таным үрдісі алады. Адамдардың қарым-қатынас жасау кезінде бір-бірін тану мәселелері бойынша ғылыми пікірталасты үйымдастырушы және оның бастамашысы А.А.Бодалев болған еді. Оның тікелей басшылық етуімен 1970,1973 жылдары ленинград қаласында Адамдарарасындағы қатынастар дамуы мен қарым-қатынас формаларының әлеуметтік-педагогикалық және лингвистикалық сипаттамалары және қарым-қатынас теориялық және қолданбалы психология симпозиумдары өткізілді.
Отандық психологтардың көбісі мысалы: Д.Б. Эльконин, Т.В.Драгунова жеткіншектік жастың жетекші іс-әрекеті ретінде қарым-қатынасты келтіреді. Жеткіншек жаста қарым-қатынастың ерекше орнын дәлелдей келе, В.В.Давыдов өз пікірін ұсынды: жеткіншектік кезең адамда қарым-қатынасты құраушы тәртіптер мен ережелердің қалыптасу кезеңі.
Ал В.В.Бушельяның пікірі де қызықты мазмұн алады: жеткіншектік кезең үшін бала-құрдас қатынасы жетекші орын алады,ал ересек бала қатынасы жетекші орын алмайды (1988). Жеткіншектік жастың өзара қарым-қатынас типін қолдай отырып, Я.Л.Коломинский және А.Березовин мынадай пікірін ұсынады: баланың шағын ортасы негізгші екі әлеуметтік-педагогикалық астарлы жүйе бірлігінен тұрады алғашқысында бұл ересек бала қатынасындағы астарлы жүйе, белгілі - бір кезеңде бұл жүйеге бала-бала қатынасындағы астарлы жүйе бастапқы жүйе орын алады. Дәл осы жүйеде қарым-қатынасқа қажеттілік пайда болып, дамуға түрткі алады,ол тұлғааралық қатынастардың негізінде жатыр. (1977)
И.С.Кон құрдастарымен қарым-қатынасқа сілтей отырып, құрдастарымен қарым-қатынасты бұлайша түсіндіреді.
-ақпараттардың маңызды каналы;
-бұл ерекше іс-әрекет түрлнрі мен тұлға аралық қатынастар;
-бұл эмоциялық қатынастың ерекше түрі (1980).
Л.Н.Десев (1965) жеткіншектің сынып ұжымындағы құрдастарына деген қатынасына зерттеу жүргізді. Оның анықтауынша,жеткіншек өз құрдасының бойындағы жоғары адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалайды. А.В.Петровский сонымен қатар мынаны ескертеді, жеткіншектер жақсы жолдас болуға даяр әр бейім келетін құрдастарын бағалайды. Жомарттылық бастауыш мектеп кезеңіндегідей,тұлға аралық таңдаудың жетекші негізі болып қала береді (1987).
Жеткіншектердің бесінші бөлігі құрдастарымен қақтығыстардың болуымен сипатталады,қақтығыстың жағдайдан дұрыс түрде шыға білмеуімен байқалады. Құрдастарымен қарым-қатынаста ұмтылыс пен қақтығыстық жағдайлардан шыға білмеуі арасында қарама-қарсылық туындайды деп көрсетті Шалғынбаев Т. Дезадапциялық мінез-құлықы бар жеткіншектердің жеке тұлғалық қасиеттері мен тұлғааралық қатынастарының ерекшеліктері және оларды реабилитациялық жұмыста қолдану атты зерттеу жұмысында.
Ата-аналардың, тәрбиешілердің тәрбие жұмысын жүргізуде бірізділік пен жоспарлықты сақтауы- кішкентай балаға сенімділік, тиянақтылық береді. Егер жақын адамдары балаға барлық жағдайда бірден қарайтын болса, ол өзінен не талап етелетіндігі, нені істеуге болады, ал қандай нәрсеге рұқсат етілмейтінлдігін анық түсінетін халге жетеді. Жалпы бала тәрбиесінде бірізділік сақталған жағдайда баланың өз іс-әрекетіне, тәртібі мен мінез-құлқына жауапкершілігі арта түседі.
Өкініштісі, ата-аналар, әсіресе, жас ата- аналар балада белгілі бір жағымды әдеп-дағдыны жақсы қалыптастыру үшін бала табиғатына орай үзбей ықпал жасап отыру қажеттіліген жете түсінбей, өз сөзінің, іс-әрекетінің нәтижесін дереу сол мезетте - ақ көргісі келеді. Ата-аналар баланы тек қана сөз емес, тұтас алғанда отбасында, үш ішінде қалыптасқан микроклимат, ахуал, ерексектердің мінез-құлық, іс-әрекеттері де тәрбиелейтіндігіне мән бермейді. Баладан жинақты болуды талап ете отырып, әкесі өз заттарын кез- келген жерге қойып, ал шешесі және басқалары киімдерін қалай болса солай тастай салса, не орындықтың басына іле салар болса, сөз бен істің алшақтығы бала психикасына кері әсерін тигізері сөзсіз.
Жүйелі және жинақылық принципі. Принциптің мәні - отбасында жеке тұлғаның дамуына жан - жақты ықпал ету - тәрбиенің мақсат мазмұны, құралдар мен әдіс- тәсілдерінің тұтас жүйесі арқылы жүзеге асады, сонымен қоса педагогикалық принциптің барлық қырлары мен факторларының да әсері мол. Қазіргі кезде бала тек қана отбасы аясында шектеліп қалмай, көп қырлы әлеуметтік, табиғи, мәдени ортаны көріп өсетіні белгілі. Ол сәби шағынын радио тыңдап, теледидар көруді, серуенге шығады, онда алуан түрлі адамдармен араласады және тағы басқалар. Айнала қоршаған орта белгілі бір дәрежеде балаға өз ықпалын тигізбей қоймайды, яғни жағдайлар тәрбиелеу факторына айналады.
Демек, тәрбиенің көп факторлы болуының оң жағы да, теріс жағы да бар. Біздің балаларымыз теледидар көру арқылы көптеген қызықты хабар естиді, ақыл - ойы, сезімдері толығады, бірақ сол теледидар әсерінен олар үшін кісі өлтіру, тонау, қатыгездік, алдау тағы сол сияқты теріс құбылыстар үйреншікті картинаға айналып барады, теледидардағы жарнамалар балалардың тілін әртүрлі тілдік штамптармен, күдікті неологизмдермен шұбарлап отыр.
Тәрбиедегі өзара келісімділік принципі. Қазіргі қоғамдағы бала тәрбиесінің бір ерекшелігі - оның бірнеше адамдардың қатысуымен, отбасы басқа да мүшелері тәрбие ошақтарындағы кәсіби мамандардың балабақша, мектеп, көркем-өнер студиялары, спорт үйірмелері тікелей ықпалымен жүзеге асатындығында. Олардың ешқайсысы да жас баланы жеке бөліп алып тәрбиелей алмайды, сондықтан олар көзделген мақсаттарын, тәрбие жұмысының мазмұнын, оны іске асырудың әдіс- тәсілдері пайдаланатын құралдарды өзара келісіп алмаса болмайды. Олай болмаған жағдайда белгілі мысалдағыдай, бірі әрі тарты, бірі бері тартудың күйін кешуге тура келеді. Тәрбиелеу барысындағы ұсақ-түйек келіспеушіліктің өзі баланы тығырыққа тірейді, мысалы, әжесі немересінің заттарын, ойыншықтарын, киімдерін өзі жинай салса, әкесі баланың өзінен талап етеді. Ерексектер тарапынан жасалған мұндай бір-біріне сасқалақтатып, сенісін жоғалтады.
Отбасындағы тәрбие барысында осы қарастырылған тәрбие принциптерді ескеріп, басшылыққа алу ата- аналаға балалардың танымдық, көркемдік, дене, еңбек қызметтеріне дұрыс басшылық жасап, қалыпты дамуына тиімді ықпал етуге мүмкіндік береді.
Тәрбие арқауы - шығармашылық. Балабақшадағы тәрбие мәселеі жөніндегі әркімнің мәселесі түсінігі әр бөлек екені белгілі. Біреулер тәрбиешінің бойындағы адамдық қасиеттерін, білім деңгейін ең қажеттісі деп біледі, екіншісі біреулер тәрбиені балабақшадағы түрлі ұйымдастыру шаруалармен тығыз байланыстарды, ал үшіншілері онда өткізілетін сабақтардың мән- мазмұнына, шығармашылық ерекшелігіне тоқталып жатады.
Балабақшадағы тәрбие барысына оның материалдық жағынан алғандағы мүмкіншілігі аз әсер етіп отырған жоқ. Ойыншықтары, көрнекті құралдары жетіспей ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz