Жыраулар мен ақындардың шығармашылығы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Практикалық сабақ

Елубай Мадина Кя 19-3

Жыраулар мен ақындардың шығармашылығы

Дулат ақын.

Отаршылдыққа қарсы сарын.

Туған жер, тарихи көш туралы танымы

Ақындар мен жыраулардың бір-бірінен айырмашылығы кейде олардың шығармашылығындағы көркемдік болса, кейде олардың туындыларындағы ой ұшқырлығы мен ой тереңдігінде жатады. Ал, көркемдік пен ойды ұштастыра білген ақын, ойшыл ақын мәртебеге қол жеткізеді. Халықтың жүрегі мен санасында ұзағырақ өмір сүру діңгегі ақын не жыраудың ой-өрісінде жататыны да адамзат тарихынан

Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы Сандықтас қонысы - 1874, сонда) - көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның заманы туралы толғаулары енген.

Орта жүз құрамындағы найман тайпасының Қаракерей сыбан руынан шыққан. Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген. Өлеңдері ел ішіне ауызша және қолжазба түрінде таралған. Кейбір өлеңдері Қазан қаласынан 1880 жылы алғаш рет “Өсиетнама” деген атпен жеке кітап болып жарық көрген. Жинаққа ақынның сол кезеңдегі қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірін шыншылдықпен жырлаған ой-толғаныстары енген. Ақынның кейбір өлеңдері кеңес дәуірінде әр түрлі хрестоматияларда “XVІІІ - XІX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары” (Қазақ КСР ұылым академиясының баспасы, А., 1962) деген жинақта, кейін “Үш ғасыр жырлайды” (Революцияға дейінгі қазақ ақындарының шығармалары. А., 1965) жинағында басылып шықты.

Дулат - қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс қалпын өктем зорлықпен бұзған XIX ғасырдың ақыны. Отарлық озбырлықтың күшейгенін халықтың бұрынғы еркін өмірінің еткенін, адамдардың мінез-құлқы мен психологиясында, ойсанасында сахара салты мен түсінігіне жат өзгерістер орын алғанын - бәр-бәрін тумысынан жаны сергек Дулат көзімен көріп, жүрегімен сезініп өсті. Барлық билікті патша қолына алып, қазақтан қойылған билеушілер оның қолшоқпарына, шабарманына айналғаны, ел жайлы қоныс, құнарлы жерлерінен ығыстырылып, бағыныштының кейпіне түскені азамат Дулаттың ойынан шықпайтын қайғы-шері болды. Сахараның ергіндік сүйініш рухы мен даналығын бойына молынан дарытқан, жаратылысынан ерекше дарынды Дулат, міне, осы тарихи жаңа дәуірдің жыршысына, отаршылдықтың айыптаушысына, еркіндік, ынтымақ-бірлігін жоғалта бастаған халқының жоқшысына айналды. Дулат мұндай масқара жағдай ел басшыларының жағымпаздығынан, өз ойлап, халықты ұмытқандығынан болды деп, соларға катты шүйлікті. "Тегімді менің сұрасаң" - деген өлеңінде:

Аға сұлтан, қазының
Ел сілкінді ісінен.
Ауылдың атқа мінері -
Жемтікке қонған күшіген . . .
Майырдың алса бұйрығын,
Борбайға қысып құйрығын,
Ел пысығы жортады.

Ұлығының бұйрығын алысымен, құйрығын борбайына қысып, безіп бара жатқан ит сияқты пысықтың күлкілі де жексұрын сұрқы оқырман (тыңдаушылар) көз алдына айқын елестейді. "Өзі елді қорқытып, одан өзі қорқатын" бейшараның қылығы кісі жиренетіндей.

XIX ғасырдың орта тұсына қарай патша отаршылдары ел ата қонысынан шетке сырған кезде шығарған өлеңдерінде туған жердің ендігі тағдыры үшін қан жылаған ақын жүрегінің күйініші үлкен суреткерлік қуатпен бейнеленген. Дулат өзінің "Аягөз", "О, Сарыарқа, Сарыарқа!", "Ақжайлау мен Сандықтас" деген тамаша жырларында өзі туған өңірдің көркем келбетін кестелі тілмен суреттей отырып: "Құт-берекелі көркем қоныс енді кімдікі?" - деген сұрақ қояды. Сол арқылы жұрттың туған жерді сүю, қорғау түйсігін оятып, оның қазіргі мына күйіне күйіндіріп, ашындырмақ болады. Туған жерді мадақтай отырып, оқырмандарды (тыңдаушыларды) егілту сарыны Дулат поэзиясына ода түрін әкелді. Ол "О, Сарыарқа, Сарыарқа!" атты өлеңінде қасиетті қара қоныс Сарыарқаның артықша сипаттарын мұнды әуенмен төгілте жыр етеді.

О, Сарыарқа, Сарыарқа!
Самалың салқын жон едің . . .
Масаты кілем жяйғандай
Қоныстың шұрай жері едің!. .
Саған келіп ішіп ек,
Тұнықтың мөлдір шынысын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақын жыраулардың мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойлары
Жиенбай жырау шығармашылығы
Жыраулар поэзиясы жайында
Асан қайғының шығармаларының зерттелуі
XIX ғасыр әдебиеті жырау және тарих ғылыми сипаттаны мақал әзірлеу
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ШИЕЛЕНІС
Жыраулар поэзиясының даму жолдары
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы мен зерттелуі
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Қазақ поэзиясында жырау - ақынның ерекше ежелгі түрі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz