Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті
Тақырып 5. Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті.
Тапсырмалар:
1. Ежелгі Қазақстан аумағындағы архаикалық мәдениет: материалдық мәдениет ескерткіштері.
Архаика - өнер дамуының көне заиандағы арнайы түрі.Өнертану ғылымында Архаика атауымен ежелгі грек және мысыр өнерін айтады. Архаика монументті бейнелеу өнері мен сәулеттік пішіндердің қалыптасқан кезеңі. Ол кезеңде бағандармен қоршалған периптер типтегі ғимараттар мен ордерлер жүйесі (дори және ионика) құрылды. Б.з.б. 6 ғасырдың 3-ширегінде құмыра жасау өнерінің қара фигуралы,яғни балшықтан жасалған құмыраны тұтас қарамен бояп , соның үстінен өткір пышақпен бедер салу мәнері гүлденді. Бұл өнер Африка елдерінің кейбірінде осы күнге дейін бар.
Архаикалық мәдениет - адамзат мәдениетінің бастамасы. Ақиқатқа жүгінсек қазіргі антропология ғылымының өзі де адамзат баласының қалыптасып , дамуына байланысты туындайтын көкейтесті мәселелерге толық жауап бере алмайды.
Ғалымдардың пікірінше, алғашқы қауымдық құрылыс үш дəуірге бөлінеді. Олар: тас дəуірі, қола дəуірі жəне темір дəуірі. Алғашқы қауымдық мəдениет -- тарихи мəдени типология бойынша адамзат мəдениетінің алғашқы сатысы. Көне, ежелгі, архаикалық мəдениеттер ұғымдарымен жақын мағынада қолданылады.
Өз кезегінде тас дәуірінің өзі үш кезеңге бөлінеді: бірінші тас дәуірінің ең алғашқы кезеңі -- б.з.б 1 -- 2 миллион жыл мен біздің заманымаздан бұрынғы 140 мыңыншы жылдар арасын қамтыса, ал екінші -- көне тас дәуірінің орта кезеңі біздің заманымаздан бұрынғы 140 мыңыншы жылдан біздің заманымаздан бұрынғы 40 мыңыншы жылдар, ал үшінші кезеңі -- көне тас ғасырының соңғы кезеңі -- бұл біздің заманымаздан бұрынғы 400 мыңыншы арасын қамтиды.
Кейінгі палеолиттің басты дәуірлері олжа табылған қоныстардың атымен аталады. Енді кейінгі палеолит дәуірі мәдениетінің әр кезеңдерде қандай өзгерістерге ұшырағандығын қысқаша қарастырып көрейік.
Перигорд кезеңі (35 -- 20 мың жыл). Орта палеолиттен кейін дами басталған бұл дәуірдің басты ескерткіштері мынандай: шеттері өңделген шақпақ тас құралдары, сүйектен жасалған біздер, найзаның ұштары және тағы басқалары.
Ориньяк кезі (30 -- 19 мың жыл). Бұл дәуірде адамдар мекендеген үңгірлердің қабырғаларынан саусақтарын кең жайып, оны бояумен айналдыра жүргізіп, шеңбермен қоршаған қолдардың таңбаларын кездестіреміз. Демек, алғашқы қауым адамы өз ізін таста қалдыруға, өзін мәңгі, әрі көрнекі етіп көрсетуге, өзінің өмір сүргендігін болашақ ұрпаққа жеткізгісі келген сияқты. Палеолит дәуірінің үңгірлерінен ерінге жағатын қызыл бояулар салынған ыдыстар табылған. Қауым адамдары гримге қажетті бет бояуларының 17 түрін білген және оларды түрлі діни мейрамдарда пайдаланатын болған.
Эрмитажда мамонттың азу тісінен жасалған осындай мүсіндер қойылған: олардың жасалғанына 40 -- 30 мың жыл өткен. Олардың ішінде табылған жердің атымен Костенков (немесе Воронеж) Венерасы -- деп аталатын мүсін өзінің пластикалық әсерлілігімен, жеке мүшелерінің ұстамдылығымен таң қалдырады.
Солютре кезі (18 -- 15 мың жыл). Мұздақтардың уақытша шегінуі палеолит адамдардың өміріне де айтарлықтай өзгерістер енгізді. Кремнийді өндеудің ең жоғары тәсілі игеріліп, одан найзаның ұштары, пышақ, қанжар және тағы басқалары жасала бастады.
Мадлен кезі (15 -- 8 мың жыл бұрын). Бұл дәуірде алғашқы адамдар қатал табигат қыспағында өмір сүрді. Мадлендіктер үңгірлерде тұрды, мамонт, солтүстік бұғылар сияқты аңдарды аулап, қорек етті. Тас өңдеушілікпен шұғылдану біртіндеп жоғала бастады да, оның есесіне сүйектен жасалған құрал-саймандар, тұрмыс қажеттілігіне пайдаланылатын түрлі заттар көбейе бастады.
Кейінгі палеолит дәуірінің мәдениеті сан-салалы болып келеді. Бұл кезеңдегі адамның ең басты тіршілік кәсібі -- аң аңлау болғандығы сөзсіз және аңшылық қауымдастықтың егіншілік, мал шаруашылығы қауымдастықтарымен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан да бұлар, адамдар тіршілігінің басты кәсібіне айналған аңшылық-қоғамдық өмірдің сан-саласын, оның ішіндегі мәдени саланы да жан-жақты қамтыған.
Бұл дәуірдің өзіне тән ерекшелігі -- адам баласының өміріндегі жаңа қарудың -- садақ пен оның жебесінің пайда болуы. Мұндай қарудың пайда болуы алғашқы адамдардың өмірінде мал шаруашылығының пайда болуына және оның дамуына үлкен әсерін тигізді. Адамдар балықшылық кәсіпті игеріп қана қоймай, оны одан әрі жетілдіріп, қайық ойлап тапты және балық аулаумен шұғылданудың адам өмірі үшін онша қауіпті емес екеңдігін алғашқы адамдар түсіне де білді.
Мезолиттің аяғына қарай әйелдер мен балалар үй шаруашылығына пайдалануға өте қолайлы саз балшықтан ыдысаяқтар жасауды игерді.Сонымен қатар осы кезеңде жаңа қару жарақтар шыңарылды. Садақтар,микролиттер яғни ұсақ тастар ,бумерангтар ойлап табыла бастады.
Неолит - жаңа тас ғасыры . Бұл кезеңде жаңа құралдар игеріле бастаған болатын. Сонымен қатар шаруашылық 2 бағытта жүргізілді. Егіншілік дамуына байланысты жаңа тас құралдары кетпен сиякты егіншілікке арналған құралдар ойлап табыла бастаған еді.
Егіншілік мол өнім беретін құнарлы жерлерде дамыған. Өзен жағалаула рындағы жерлердің құнарлығы соншалық, олар жерді қарапайым өңдегеннің өзінде-ақ мол астық беретін болған. Алғашқы кездерде астықтың түсімі азая бастаса-ақ адамдар басқа жерге қоныс аударып отырған және жерді кетпенмен өңдеген. Егіншіліктің бұл алғашқы түрі көшпелік сипатта болған, бірақ көп ұзақмай-ақ бұл көсіптің қыр-сырын меңгерудің арқасында адамдар отырықшылдыққа көше бастады. Неолиттік техниканың жетілуі нәтижесінде бай қоныстар деревнялар пайда бола бастады, қауымдар тайпаларға бірікті, сөйтіп мемлекеттің пайда болуына даңғыл жол ашылды.
Тапсырма 2. Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар мәдениеті: салт-дәстүрлері, культтері, наным-сенімдері.
Қазақстан аумағында мекендеген ежелгі тайпалар: сақтар,ғұндар,қаңлылар,үйсіндер;
Сақтар - қазақ жерін мекендеген ежелгі тайпа. Олар Солтүстік Үндістан, Ауғаныстан, Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерлерін мекен еткен. Сақтар, негізінен, мал өсірумен айналысқан. Әсіресе, жылқы малын көптеп өсірген, өйткені жылқыны жоғары бағалаған. Сақтар ат құлағында ойнайтын шабандоз, әрі ат үстінде садақ тартып, атқанын мүлт жібермейтін мерген болған. Мұндай өнерде оларға ешкім тең келе алмаған. Олардың аттары да таң қаларлықтай жүйрік болған. Оларда тек ер адамдар ғана емес әйелдерде ержүрек болған деп сипатталады. Оның бір мысалы Томирис патшайым.Табиғат күштері мен аспанға, Күн мен Отқа табынған. Көшпелі өмірде ең алғаш жазу сақтарда пайда болған.
Қаңлылар (б.з.б II-V ғ. )- Қазақстан жерін мекендеген ежелгі тайпалардың бірі. Олар шығысында- Талас пен Шудың төменгі ағысы аралығындағы, оңтүстігінде- Ташкент ойпаты, солтүстігінде- Сырдарияның төменгі ағасы аралығындағы аумақта өмір сүрген. Орталығы (астанасы)- Битянь қаласы болған. Қаңлылар көне түркі тілінде сөйлеген. Қаңлылар мал бағып, суармалы егін шаруашылығымен шұғылданған. Олар, негізінен, жылқы мен қой өсірген. Танаптарда тары, арпа, бидай еккен. Қауын, қарбыз өсірген. Сырдария аңғарының тығыз тоғайларында жабайы аң - құстарды аулаған. Сонымен қатар балық аулау кәсібімен де айналысқан. Қаңлыларда қолөнер ісі жақсы дамыған. Олар темір өңдеуді де білген, одан еңбек құралдары мен қару- жарақ дайындаған. Саз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz