Оқу үдерісін ұйымдастыруда жаңартылған білім беру мазмұнының тиімді әдістерін таңдау және қолдану



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Оқу үдерісін ұйымдастыруда жаңартылған білім беру мазмұнының тиімді әдістерін таңдау және қолдану

Мақсаты: Қазақ тілі пәнін оқыту мен оқуда жаңа технологиялар мен әдістерді тиімді қолдану, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізудің тиімді жолдарын күшейту, оқытудағы сандық білім беру ресурстарын сабақта жүйелі пайдалану
Міндеттері:
- Студент жүрегіне жол табу арқылы сабақтардың әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізу. Студенттерді тек берілген мәліметті тыңдаушы емес ізденуші, зерттеуші, өз ойын еркін дәлелдей алатын, пікірін ортаға сала білетін жеке тұлғаны қалыптастыру.
- Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке, жұпта, топта жұмыс істеу барысында оқытушы мен студенттің ынтымақтастығын қалыптастыру, студенттердің ойына ерекше құрметпен қарау. Студенттерді өзін-өзі қадағалай алатын іс-әрекетін ретімен орындап, өзін-өзі жетілдіретін шығармашыл, ізденімпаз тұлға қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
- студенттер қазақ тілі пәні бойынша әр тақырыптың мақсаттарын, міндеттерін, құрылымын және мазмұнын біледі және түсінеді;
-оқу бағдарламаларына сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын, интернет ресурстарын қолдана біледі.
Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана
шәкірт жанына нұр құя алады
Ахмет Байтұрсынұлы

Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы келеді.
Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі - адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты - білім беру жүйесінің білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді.
Білім беру сатыларының сабақтастығын камтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы, ақпараттануы, студенттерді кәсіптік бағдарлау, білім беруді саралау, ізгілендіру, гуманитарландыру және т.б. білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері.[2] Сонымен қатар Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми-техникалық саясат тұжырымдамасында да ғылымды демократияландыру, интеграциялау, инновациялық процестің білім, ғылым саласында кең өріс алуы да атап көрсетілген.
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру оқу орнындағы осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарлығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық технологиясын игеру міндетіміз. [3]
Білім беру - аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі Республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық-ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты.
Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде. Білім беру елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ мерзімді стратегия болып табылады. Қазіргі таңда экономикалық өсу және азаматтардың әл-ауқаты үшін білімнің айтарлықтай маңызды екендігін бүкіл әлем мойындауда. Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек? және Оқытудың тиімді әдістері қандай? деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты.[1]
Қазіргі кезде Қазақстанда жоғарыда сипатталған жаһандық проблемаларға жауап бере алатындай деңгейде ұлттық мән-мәтіндегі жұмыстар жүргізілуде. Білім беру бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар студенттердің жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады.
Жаңартылған білім беру мазмұнының басты сипаты:
1.Оқу дағдылары (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым);
2. Ойлау дағдылары (білу, түсіну, қолдану, талдау, салыстыру, бағалау);
3.Шығармашылық ойлау дағдысы
4.Логикалық ойлау дағдысы
5. Сыни ойлау дағдысы
6. Алгоритмдік ойлау дағдысы
7.Критикалық ойлау дағдысы
8.Проблемалық ойлау дағдысы
9.Технологиялық ойлау дағдысы
10.Тілдік құзіреттілік дағдысы
11. Коммуникативтік дағдыларын дамыту;
Қазіргі кезде оқу үрдісінде 50 - ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені анық. Бұл технологиялардың бəрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан білім беру мекемелерінде əрбір пəнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу жəне оны іс-əрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы студенттің білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда студенттің əрекеті технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс. Колледждерде оқу үрдісіне жаңа технологияны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыштың педагогикалық үдерісін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктері
Алгоритмдік ойлау дағдысы
Жаңартылған білім мазмұнына сипаттама
МЕКТЕПТЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУ ҮДЕРІСІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ: БОЛАШАҚ ПЕДАГОГПСИХОЛОГТЫ ДАЙЫНДАУ КОНТЕКСТІ
Бағалау әрекетіндегі мұғалімдердің құзіреттілігін арттыру
Жаңартылған білім мазмұны бойынша бастауыш сыныптарда оқу процесін ұйымдастыруда қолданатын педагогикалық тәсілдері мен әдісмемелер технологиясы
Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері
Жаңартылған оқу бағдарламасының тиімділігі
Бастауыш сыныптарда жаратылыстануды оқытудың тиімді әдістері
Тарихты оқыту әдістемесінің міндеттері
Пәндер