Педагог-психолог қызметінің мазмұнымен, педагогикалық-психологиялық қызметтің негізгі құжаттары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Баяндама
Тақырыбы: Педагог-психолог қызметінің мазмұнымен, педагогикалық-психологиялық қызметтің негізгі құжаттары

Тексерген: Омарова М.Т
Орындаған:Тулеутаева А.А

Петропавл қ,2021ж

Арнайы құжаттама

Психологиялық қорытындылар: түзету карталары; диагностикалық тексерулердің, түзету сабақтарының, сұхбаттардың, әңгімелесулердің және т. б. хаттамалары; психикалық даму карталары (тарихы); психологиялық мінездемелер; психологиялық қорытындылар мен даму карталарынан үзінділер.
Жабдықтары: қорытындылар, түзету карталары мен хаттамалар.
Ақпаратқа қызығушылық танытушы тұлғаларға ашықтары: психикалық даму карталары (тарихы); психологиялық мінездемелер; психологиялық қорытындылар мен даму карталарынан үзінділер.
Үзінді құжаттаманың сыртқы түрі болып саналады және жеке тұлғалардың (ата-аналардың, тәрбиешілердің, педагогтердің) сұраныстары бойынша, сондай-ақ мемлекеттік ұйымдардың (балабақшалардың, мектептердің, емханалардың, орталықтардың, мамандандырылған мекемелердің) ресми сұраныстары бойынша ресімделеді.
Ресми сұраныс түскен жағдайда құжатта екі қол болуы тиіс: диагностикалық тексеру жүргізген тұлғаның және білім беру ұйымының әкімшілік тұлғасының (балабақша меңгерушісінің, орталық директорының, мектеп директорының және т. с. с.).
Психологиялық мінездеме психикалық дамудың басқа аспектісін бейнелейді және танысу барысында баланың немесе жалпы жас ерекшелігінің психологиялық портретін құрастыруға мүмкіндік береді. Оның формасы еркін және әкімшілік тұлғалардың бұрыштама соғуын талап етпейді. Бұл жерде бала дамуының жеке ерекшеліктері жөнінде, яғни оның танымдық және тұлғалық-эмоционалды саласының ерекшеліктері, психофизиологиялық өзгешеліктері, коммуникативтік қалауы, бойындағы жалпы немесе арнайы ерекшеліктері туралы сөз болып отыр.
Психологиялық қорытынды психологтың жұмысындағы негізгі құжаттама болып табылады.
I нұсқа. Психикалық дамудың парциальді белгілері бойынша құрастыру. Моториканы, сәйкес жазу машықтарын, білімпаздығын, мотивациялық-қажетті және зияткерлік кемелдігін үйлестірудің жеке көрсеткіштері бар. Психологиялық қорытындының аталған түрі жекелей психологиялық зерттеулерде қолданылуы мүмкін, мысалы, Мектепке дайындық.
II нұсқа. Баланың психофизиологиялық даму көрсеткіштері, сондай-ақ оның тәрбиесі мен білімінің бағасы кіретін кешенді белгілері бойынша құрылымдау. Мұнда оқылған өлең мәтінінің көлемі, бойының белгілері, кеуде клеткасының көлемі, сыпайы мінез-құлық және т. б. туралы ақпараттар жиынтығы беріледі. Біртұтас талдамалы (психологиялық) кеңістіктің болмауы құрылымдаудың осы түрінің кемшілігі болып табылады. Кей жағдайларда балалардың жас ерекшелігі дамуын бағалауда қолданылады.

ПСИХОЛОГ ҚҰЖАТТАРЫ:
Әртүрлі және әр типтегі білім беру мекемелерде жұмыс істейтін психолог психологиялық педагогикалық және дәрігерлік-әлеуметтік көмек керек балаларға (орталықтағы) төмендегі форма бойынша жұмыс жүргізуді қолдануға болады:
Білім мекемесіндегі психологтың жылдық жұмыс жоспары:
- Мақсаты мен міндеттер;
- мектеп ұжымының диагностикасы;
- педагогикалық үрдістерінің диагаостикасы мен болжамы;
- оқушылармен, педагогтармен, ата-аналармен, басшылармен;
- оқушылармен түзету жұмысы;,
- мектеп ұжымына психопрофилактикалық жұмыс;
- ұйымдастыру жұмысы, облыстық, аудандық; орталықтармен өзара байланыс.
Психологтың апталық немесе айлық жұмыс жоспары.
Әр түрлі бағыттағы психологиялық диагаостикалық және профилактикалық материалдар жинағы.
Жүргізілген зерттеулерді нәтижесі бойынша қорытынды шығару.
Психологтың кеңес беру журналы.
Психологтың топпен жұмыс бағдарламасы.
Топтық жұмысты есепке алу журналы.
Түзету жұмысы (егер арнайы топ құралса).
Түзету-дамыту сабақтарына бағдарлама.
Балаға психологиялық-дәрігерлік-әлеуметтік көмек беру картасы.
Жүргізілетін сабақтардың бағдарламалары қысқа жоспары.
Психологтың аналитикалық есебі.
Мектеп тақырыбы бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың бағдарламасы (2-3 жылға).
Мектептердегі психологиялық қызметтін қалай ұйымдастырылуы, мектеп психологтарының негізгі құжаттарының қалай болуы, қалай жүзеге асырылуы женінде әдістемелік құралдардың аздығы, болса көбісінің орысша басылып, оны аударуға уақыттың көп кетуі, қазақша психологиялық сөздіктің жоқтығы деген сияқты мәселелер мектеп психологтары үшін қиындыктар тудырады.

Педагог - психологтың негізгі құжаттарының түрлері
I. Нормалы (қағидалы) құжаттар Мақсаты: Психологтың жұмыс мазмұның мемлекеттік стандартқа сай болуы.
1. Бала құкығы туралы халықаралық конвенция
2. Білім туралы ҚР заңы
3. Білім мемлекеттік бағдарлама
4. Психологиялық қызмет ережесінің жобасы
5. Білім мекемесіндегі педагог-психологтың статусының жобасы
6. ҚР білімінің даму концепциясы
7. Психологтың этикалық кодексі
II. Концептуалды құжаттар
Мақсаты: Психологтың жұмысын ұйымдастыру
1. Психологиялық қызметтің тұжырымдамасы
2. Психологиялық қызметтің моделі (құрылымы)
3. Мектептің басқа жұмысындағы мақсатты бағдарламасы
III. Қызметтік және есептік кұжаттар
Мақсаты: Психологтың атқарған жұмыстарын тіркеу журналы
1. Мекеме басшысымен бекітілген бір жылға арналған күнтізбелік жоспары
2. Психологиялық қызмет бағыттарын көрсететін жалпы жұмыс жоспары
3. Күндік, апталық, айлық жоспар
4. Циклограмма
5. Жылдық есеп
6. Жеке іс - шаралар: - Дарын - Девианттық - Аутоагрессия - ҰБТ - ОЖСБ - Кәсіптік бағдар - Мүмкіндігі шектеулі - Үлгерімі төмен - Бейімделу 5,10 сынып - Ата - аналармен - Мұғалімдер - ЖҚТБ,есірткі

Есептік құжаттар
Мақсаты: Психологтың жұмыс мазмұнының көрінісі (жабық құжат)
1. Жылдық аналитикалық анықтама, мәлімет, есеп
2. Статистикалық есеп (айлық, тоқсандық, жылдық мәтіндік есептер)
3. Педагогикалық - психологиялық сараптама жұмыстарының қорытындысы бойынша талдау жеке топтық жұмыстардың аналитикалық анықтамалары
4. Психологиялық кеңес беру бағытының журналы
5. Жеке түзету-дамыту сабағын есепке алу журналы
6. Топтық түзету-дамыту сабағын есепке алу журналы
7. Сұранысты тіркеу журналы
8. Психологиялық сұраныстар журналы
9. Психологтың атқарған жұмыстарын тіркеу журналы
10. Психодиагностикалар (акт, карта, психологиялық портреттер, зерттеудің хаттамалары, қорытулар, салыстырмалы кестелер, кеңестер)
11. Әкімшілікпен жұмыс жоспары
12. Кәсіптік өзін-өзі жетілдіру жоспары. Мектеп психологында психологиялық-педагогикалық шеберлікті дамыту папкасы болу керек. Онда: білімді жетілдіру курстарын бітіргенін растайтын сертификатгар, жетістіктер, грамоталар, мақтау қағаздары болады. 13. ЖБІБ және мектеп ішілік тіркеуде тұрған оқушылардың картотекасы;
14. Ішкі қолданыс үшін қамқорлыққа алынған балалардың медико-психолого-педагогикалық мінездемесі;

Ата - аналарға арналған құжаттар
-Іс - шара, сабақтардың бағдарламасы ата - аналарға
-Әдістемелік нұсқаулар, жадынамалар ата анаға арналған материалдар: мақала, кеңестер жинақтар папкасы
- Ата аналарға арналған сауалнама, әдістемелер жинағының папкасы
-Ата аналарға өткізілетін тренинг - сабақтары, (слайд) баяндама, кеңестер жинақтар папкасы.
-Ата аналарға өткізілген жұмыстарға мәлімет, сараптама мониторинг жүргізілген жеке жұмыстардың аналитикалық анықтамалары т.б.
-Сұраныс бойынша жұмыс дәптері
-Ата - анамен жеке, топтық жұмыстың дәптері
- Ата анаға өткізілген жұмыстарды тіркеу дәптері
-Ата анамен байланыс дәптері
-Әр жылға өткізілген жұмыстардың мониторингі, салыстырмалы түрде диаграммасы, нәтижесі, ескерту, сараптама ұсыныс есебі

Мұғалімдерге арналған құжат (ашық құжаттар)
:: Іс - шара, сабақтардың бағдарламасы
:: Мұғалімдерге, жас мамандарға арналған материалдар папкасы
:: Мұғалімдерге өткізілетін тренинг - сабақтары, баяндама, кеңестер папкасы
:: Мұғалімдерге арналған сауалнама, әдістемелер папкасы
:: Жас мамандармен, сынып жетекшілермен байланыс жұмыс папкасы
:: Мұғалімдерге арналған құжат (жабық құжаттар)
:: Мұғалімдерге өткізілген жиналысқа хаттама: сауалнамаға аналитикалық анықтама, жалпы өткізілген семинар жұмыстарға мәлімет папкасы
:: Сұраныс бойынша жұмыс дәптері
:: Жеке, топтық жұмыстың дәптері
:: Сынып жетекшілермен байланыс дәптері
:: Өткізілген жұмыстарды тіркеу, сараптама, байланыс дәптері,
:: Әр жылға өткізілген жұмыстардың мониторингі, салыстырмалы түрде диаграммасы, нәтижесі, хаттама, ескерту, ұсыныс есебі папкасы
:: Педагогикалық зерттеу журналы; (мұғалімдердің жеке картотекасы, психологиялық - педагогикалық мінездеме) Әр папка ішінде бар құжаттар тізбесі болу керек. Әр сыныпқа жас ерекшелігіне сай папка бастауға ұсыныс жасауға болады, онда жиналған керек мәліметтер жиынтығы яғни, диагностикалық тексеріс мәліметі, суреттер, және т.б. туралы мәліметтерді сақтау үшін мұрағат болу керек. Мұндай құжаттар оқуды аяқтағанша сақталу қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Бұл жерде мектеп психологіне жүктелер міндет ауыр. Ең бастысы психолог маман мектепті алға апарудың барлық жақтарын білуі шарт. Мектептегі психологиялық қызмет халық ағарту жүйесіндегі аса қажетті салалардың бірі. Психолог өзінің кәсіптік білімдеріне сүйене отырып, баланаң даму деңгейін белгілейді; түрлі психологиялық ауытқушыларды дер кезінде аңғарып, оны түзету жолдарын тығыйындайды; болуы мүмкін қиындықтардың алдын алу үшін психологиялық шаралар ұйымдастырылады. Мектеп ұжымына кездесіп қалатын психологиялық мәселелерге өтініштің түсуіне байланысты психологиялық (топтық және жеке) кеңестер береді, ата-аналармен психологиялық ағарту жұмыстармын өткізеді. Клиенттің тұлғалық қасиеттерін анықтау нәтижесінде психолог оның мүмкіндігі туралы құнды деректер алады. Ұжымдағы өзара қарым-қатынас типтерін реттейді, топтағы психологиялық ахуалды байқап бір қалыпты жағдайда ұстап отыруға мүмкіндік береді. Сонымен психологтың білім беру мекемелеріндегі алатын кәсіптік статусы түрлі жерде әр түрлі. Ол психологтың жұмысты ұйымдастыру тәсілдеріне байланысты, яғни жұмыс істейтін психолог маманданған, психологиялық білімі жоғары, адам жанын танушы болуы қажет. Психологтың жылдық жоспары психологиялық климатына анализ жасауға, іс-шараларды бірегей өткізуге, ата-анамен қарым-қатынасына, балалар мәселесі, әкімшілік және ата-аналар сұранысына әсер етеді.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Баяндама
Тақырыбы: Педагог-психолог ісінің негізгі әдістері мен тәсілдері

Тексерген: Омарова М.Т
Орындаған:Тулеутаева А.А

Петропавл қ,2021ж
Педагог-психолог ісінің негізгі әдістері мен тәсілдері
Сабақтың құрылымы
1. Сабақты өткізудің жалпы схемасы: дайындық фазасы, оқушылармен мұғалімнің өзара әрекет жолдарының белсенді оқыту фазасы, сабақтың нәтижесін бағалау фазасы.
2. Сабақтың психологиялық талдауы.
Сабақтың жалпы ұйымдастыруын құруға қатысты тенденциялар олардың құрылымдар түрінің өзгеруінен, оқытудың басқа да ұйымдастыру формаларымен сабақтастығынан; ауызша сұрау және үй тапсырмасын тексеруге кететін уақытты мейлінше қысқартудаң сабақтың бұл кезеңдерін дидактиканың негізгі міндеттерін оқушылардың өз бетінше жұмысымен біріктіру арқылы шешу үшін пайдалануда көрінеді. Сабақтың шығармашық бастамасын күшейту тенденцясы өзін-өз бетінше жұмысты ұйымдастыруға ерекше назар аударуда байқатады.
Сабақты құруға қойылатын талаптар:
1. Сабақтын бағдарламаға, өтетін орнына және уақытына сәйкестігі.
2. Сабақтың құрылымы мен кезеңдердің қажеттілігі, олардың уақытқа байланысты арақатынасы.
3. Идеялылығы мен ғылымилығы.
4. Эстетикалық тәрбие, сабақтың эмоциоиалдық жақтары.
5. Жаңа материалдар беру.
6. Дамыта оқыту принциптерін сақтау.
7. Өмірмен байланыс.
8. Оқытудың көрнекілігі, оқытудың техникалық құралдарын пайдалану.
9. Кітаппен жұмыс істеу.
10. Жаңа ұғымдардың тууы, таным қуанышы.
11. Дайындық жаттығуларын ұйымдастыру.
12. Оқушылардың жұмысындағы дербестік.
13.Оқушылардың белсенділігі мен бастамашылдығы.
14.Оқушыларды жұмыстың әр алуан түрлерімен қамту.
15. Ауызша және сөздік практикамен қамту.
16. Жекелей әдіс (қабілеттілерге назар аудару, артта қалушылармен жұмыс істеу)
17. Оқушылардың білімін тексеруді ұйымдастыру.
18. Оқушылар білімінің тереңтіп мен беріктігі
19. Бағалардың сәйкестігі және оларға аннотация.
20. Үй тапсырмасын ұйымдастыру.
21. Сабақ өткізу қарқыны.
22. Мұғалімнің педагогикалық тактісі.
23. Мұғалімнің сөзі, оның субъективті жетістіктері
24. Дауыстап айтумен жұмыс істеу.
25. Сөздік -- фразеологиялық және стилистикалық жұмыс.
26. Байланыс сөзін дамыту, практикалық бағыттылық.
27. Грамматиканы, лексиканы оқу.
28. Оқу техникасы.
29. Сөйлеу және жазу мәдениеті.
30. Көркем шығармаларды оқу.
31. Жазбаша жұмыстар жүйесі.
Оқушылардың сабаққа оқу еңбегін тиімді ұйымдастыру қажет, оқуды білуге олардың басты білігін қалыптастыру. Бұл маңызды міндеттер қазіргі адам қызметінің сипатына байланысты туындайды және олар мұғалімнен оқытудың тиімділігін арттыру жолдарын үнемі іздестіруді талап етеді:
Оның бастылары:
1. Сабақтың тиімділігін артгыру жолдарының бірі (кез-келген оқу пәні бойынша) әр сабақта мынадай жағдайлар жасау болып табылады: оқушылардың оқу материалының негізін сабақтың өзінде меңгеруі тиіс, бірақ бұл негіздер кездейсоқ емес, саналы игерілуі керек.
Сондықтан сабаққа дайындалар кезде мүғалім оқушыларды таныстыратын ақпарат көлемін ойластырып қана қоймай, окушыларға сабақтың өзінде оқылатын материалдың негізін, әсіресе, сол әдістерді, тәсілдерді, құралдарды меңгеруге мүмкіндік береді. Жаңа материал түсінікті әрі сабақтың өзінде жиі есте сақталуы қажет. Оқушылар қосымша материалды емес, негізгі материалдың мәнін (басты ойды, заңды және т.б.) меңгеріп, түсінуі үшін мүғалім ең негізгіні көрсете білуі керек.
2. Келесі сабақтың тиімділігін көтерудің тағы бір маңызды жолы -- бұл ұжымдық жұмыс кезіндегі әр оқушының барынша дамуына мүмкіндік туғызу.
Дұрысында, мұғалім сабаққа дайындалу процесінде үлгерімі орташа оқушыға бейімделеді. Жалпы тапсырманы орындау үшін бір сыныптың оқушыларына әр түрлі уақыт қажет, сондықтан жақсы оқушылар, жұмысты орындап, қалған уақытты босқа кетіреді. Әр оқушының жоғары деңгейде дамуына мүмкіндік беретін жағдай жасау үшін едәуір жақсы үлгірімді оқушыларға (оларға тапсырманың көпшілігін) жұмыстың барысы мен обьктісін ғана емес, олармен жұмыстың қандай да бір басқа амалдарын ойластыру қажет.
3. Сабақ тиімділігін көтерудің келесі жолы -- бұл белгілі бір құрылымның болуы. Бұл жағдайда жұмыстың сыртқы жағы (сұрау, түсіндіру, бекіту) емес, оның ішкі құрылымы оқушыларға білінбейді, бірақ оны мұғалім нақты ойластырған.
Сабақтын құрылымы -- бұл сабақтың элементтер жүйесін ұйымдастыру, мұғалімнің және оқушылардың тиімді еңбек етулеріне әсер етеді.
4. Сабақ тиімділігін көтерудің келесі бір жолы -- бұл сабақта оқушылардың өз бетінше жұмыстарының үлесін арттыру. Бұл жағдай сабақтың тиімділігін көтеруде алдыңғы жолдың жалғасы болып саналады.
Нашар ұйымдастырылған сабақтардың басты қайшылығы: мұнда мұғалімнің көп уақыты қиын және қызық жұмысы сабақты ықыласпен тындап отырған кейіп көрсетіп, өздері енжарлық танытқан оқушыларға кетеді.
5. Сабақтың тиімділігін көтеруде көп жағдайда пәнаралық және пәнішілік байланысты сақтау.
Пәнішілік байланыс -- бұл өткен материалды үнемі қайталау. Тәжірибелі мұғалімдер өткенді қайталауды берілген сабақтағы тақырып пен тараудағы оқып жатқанмен ғана жүзеге асырып қоймайды, барлық оқу пәнінің тақырыбын және тарауларын оқып жатқан материалмен үйлестіреді. Мұндай жұмысты ұйымдастыру ойлаудың жүйелілігіне мүмкіндік береді. Пөнішілік байланысты үнемі жүзеге асыру оқушыларға қандай да бір ұғымдарды тікелей оқып білу процесіндегі ғана емес, басқа тақырыпты оқып білу кезіндегі де заңдарды, яғни үнемі оқып білетін пәннің маңызды жағдайларын есте сақтау керектігіне мүмкіндік береді.
Пәнаралық байланысты жүзеге асыру басқа оқу пәндерінің (гуманитарлық, жаратылыс (нақты) -- математикалық) ерекшеліктеріне байланысты. Әр мұғалім басқа пәндер бойынша сол уақытта оның оқушылары не оқып-біліп жатқанын білуі керек. Ол үшін мұғалімдер өздерінін оқушылары берілген уақьпта не етіп жатқаны туралы ақпаратпен үнемі алмасуы керек.
6. Сабақтың тиімділігін көтерудің ерекше жолдарының бірі оқушылардың біліктілігі мен дағдысын, білімін бақылауға, әсіресе ауызша сұрауға уақытты қысқартуы болып табылады. Мәселе, әрине, уақытты механикалық қысқарту туралы емес, уақытты қысқарту кезінде тексерудің тиімділігін көтеретін, бақылаудың, сапалы жаңа түрлерін іздену туралы болып отыр.
Бұл мақсатпен әр түрлі техникалық құралдарды (компьютерлерді, әр түрлі карточкаларды -- тапсырмаларды, сауалнамаларды, оқушылар дұрыс жауапты тандауы керек немесе иә-жоқ деген сөзбен жауап беруі керек) қолдану қажет, өзара тексеруді (бағаны коймай) қолдануға болады. Әр мұғалім өзінің бақылау жүйесін әзірлеуіне болады.
7. Сабақтың тиімділігі, көбіне оқушылардың жалпы-интеллектуалдық дағдысының (бәрінен де есептеу және оқу дағдысы) деңгейімен анықталады. Теледидардың дамуымен білім процесінде кітаптың салыстырмалы салмағы тез түсе бастады, сондықтан, оқушылардың ойлау тиімділігі төмендеу дамиды. Сондықтан сабақтың өзінде кітаппен (оқулықпен) жұмыс істеуге үйрету керек, оқушылар оқулықта керекті материалды табуға, оқылғанның бастысын бөліп көрсетуге, окығанға жоспар құруға, оқығанға тезистер, конспект жасай білуге және т. б. үйренуі керек.
Сабақты талдау
Көбіне сабақты талдау алға қойылған мақсаттардың дұрыстығын, оқушыларды қорыту және тәрбиелеу тәсілдерінің тиімділігін, олардың кеңестік дидактика көзқарасына, мазмұны мен мақсаттарына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуын бағалаудан басталады.
Сосын идеялық және оқытылатын пәннің ғылыми-теориялық (немесе материалдық) деңгейі, пәнаралық байланыстардың қолданылуы, ғылыми-техникалық өрлеудің заманға сай деңгейін ашып көрсету, өмірмен байланысы қаралады. Содан соң сабақ құрылымы, оның ұйымдастырылуы, уақыттың ұтымды қолданылуы қаралады. Мұғалім әр түрлі білім көздерін (оқулық, үкімет, ғылыми құжаттар, саяси-қоғамдық, техникалық, анықтамалық әдебиет, тізбелер, үлгілер, кестелер, оқытудың техникалық құралдары т.б.) қолдана отырып, өтілген материалдың терең де мықты ұғынылуына қол жеткізуі керек, оқушылардың ой-санасын оятып, ынталандырып, оларды өз беттерімен жұмыс істеуге үйретуіне ерекше көңіл бөлу қажет. Сабақта қолданылған оқу-көрнекі, есептеу құралдарының тек көрсетуге пайдаланылғанын немесе оқушылардың өз беттерімен жаңа тұжырымға келіп, білімді алу көзі болғандығын талқылау да маңызды болып табылады.
Кез келген сабақты талдау кезінде оның танымдық мағынасын ғана емес, сонымен бірге тәрбиелік жағын да көрсету қажет, өйткені болашақ маман бойында келесі қасиеттерді тәрбиелеу керек: жұмыста ұқыпты болу, нақтылық, жылдамдық, жұмыс орнындағы жинақтық, жабдықтарға жанашырлық.
Сабақты талдау түрлері
1.Жалпы психологиялық-педагогикалық талдау
1.1.Сабақтар жүйесінде осы сабақтың орны, мақсаттың дұрыс қойылуы.
1.2.Сабақты ұйымдастыру. Сабақ типі, құрылымы, кезеңдері, оның бірізділігі, уақытты жоспарлау, сабақ мазмұны мен құрылымының сәйкестігі. Сыныптың сабаққа дайындығы, бүкіл сабақ барысында оқушылардің белсенді жұмысы, жеке, топтық, ұжымдық жұмыстардың үйлесімділігі. Сабақ тығыздығы, уақытты тиімді қолдануы.
1.3.Сабақ мазмұны. Ғылымилығы, әр кезеңде оқушылардың іс-әрекетіне тапсырмалардың дұрыс таңдалуы, бағдарлама талаптарына сай келуі, тәрбиелік бағыты, теориялық тәжірибесімен байланысы, оқушылардың өз білімдерін тәжірибеде қолдануға бейімдеу, өткен тақырыптар мен байланысы, оқушылардің өз білімдерін тәжірибеде қолдануға бейімдеу, өткенді қайталау, пән аралық байланыс. Мұғалімнің сөйлеуі, сауаттылығы, эмоционалдығы, тіл байлығы, оқушылардің білім сапасы, біліктілігі (дағды мен әдет) сөйлеуі.
1.4.Сабақты өткізу әдістемесі. Сабақтағы құрал-жабдықтар, оның кезеңдерінде көрнекі құралдар, дидактикалық материалдарды қолдану, мұғалімдердің қолданған оқыту әдістері, олардың тиімділігі, сабақ мақсаты мен мазмұнына, оқушылардің жеке ерекшеліктеріне, дайындығына сәйкестігі, тиімділігі. Оқушылар алдына сабақ мақсатын қоюы, қорытындысын шығаруы, үлгермеушілермен жұмысы, белсенді оқыту әдістерін меңгеруі, осы әдістердің бұл сабақта қолданулуының дұрыстығы, оқушылардің білімін бағалау жүйесі, оның педагогикалық құндылығы.
1.5.Мұғалімнің сабақтағы қарым-қатынасы. Сыныптағы оқушылармен және жеке оқушылармен қарым-қатынас мәнері, стилі.
1.6.Сабақтағы оқушылардің жұмысы және мінез құлқы. Сыныптың және жеке оқушылардің белсенділігі, олардың сабаққа қызығушылығы, сабаққа, мұғалімге көзқарасы, тәртіптілігі, ұйымдасуы, сөйлеуі, сұрақ қоюы.
1.7.Сабақ бойынша жалпы қорытынды.
2.Сабақты әдістемелік талдау
2.1.Сабақтың оқыту мақсаты. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологиялық кеңес жұмыстары
СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бала тәрбиесінде отбасына әлеуметтік - педагогикалық көмек көрсету
Мектептегі әлеуметтік жұмыс технологиясы
Болашақ педагог-пихолог маманның құзырлылығын қалыптастыру
Мектеп психологының іс-қағаздары
Мектеп психологының іс-қағаздары жүргізуі
Мектептің 1 жылғы жұмыс жоспарын құрастыруға арналған әдістемелік ұсыныстар
Психологиялық қызметті ұйымдастыру мәселесінің теориялық зерттелуі және оны тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарының айқындалуы
Еліміздегі мектеп психологиялық қызметінің дамуы
Пәндер