Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші модернизациясын жүзеге асырудағы философияның рөлін сипаттау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

Агротехнологиялық факультет

“Азық-түлік қауіпсіздігі” кафедрасы

Пән:Философия

СӨЖ-№1

Эссе:

“Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші модернизациясын жүзеге асырудағы философияның рөлі”

Топ:ТПП-19к

Орындаған:Кенесова А. Ж.

Тексерген:Аубакирова Г. Р.

Петропавл. 2021.

«Бұл жаңғыру - қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары - «100 нақты қадам» базасында өткізіледі»

Н. Ә. Назарбаев

Елбасымыз, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осыдан үш жыл бұрынғы, Қазақстан халқына арнаған кезекті жолдауы «Қазақстанның үшінші модернизациясы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталғандығы барлығымызға аян. Осы жаңғыру аясында, ең бастысы - баршамыздың ортақ мақсатқа жетудің оң жолдарын біріге отырып анықтауға, алдағы уақытта туындауы мүмкін деген әлемдік мәселелерді болжап күтіп қана қоймай, сол өзгерістерден еліміз үшін тиімді мүмкіндіктерді айқындап, қарастыруға бағытталған. Яғни, еліміздің үшінші модернизациясы - бұл бүкіл әлем тарихи дамуының жаңа кезеңіндегі, нақтырақ айтсақ, ХХІ ғасырдың екінші онжылдығының ортасындағы Қазақстан Республикасына қатысты тарихи және жаһандық сын-қатерлерге жауабы болып табылады. Бұл аталған үшінші модернизация саясаты философияға да тікелей байланысты. Соған нақтырақ тоқталып өтейік.

Тарихқа көз жүгіртсек, қай кезде болмасын философияның саясат үшін өзіндік орны бар екенін байқаймыз. Біз оны философияның қоғам дамуында туындаған күрделі мәселелерді әр кезде шеше алатындығынан да, сондай-ақ сол проблемалардың әлі күнге күрделі болып саналатындығынан да көре аламыз. Онтология (болмыс туралы ілім), антропология (адам туралы ілім), праксеология (практика, іс-әрекет туралы ілім), гносеология (кең мағынада, таным туралы ілім) терминдерінің мағынасын еске түсірсек, философияда саясатты осы ілімдердің әрқайсысы зерттейді деп айтуымызға болады. Нақтылайтын болсақ, саяси онтология биліктің, саяси уақыттың, саяси кеңістіктің болуын зерттейді; ал саяси антропология - адамның саясаттағы орнын, адамның саяси өзін-өзі анықтауын зерттейді; саяси праксеология - саяси әрекетті зерттесе ; саяси гносеология - саясаттағы түсіндіру және түсіну ұғымдарын зерттейді екен.

Үшінші модернизацияның басты мақсаты - мемлекетіміздің жаңа тарихи кезеңінде және мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңінде жаңа өсу моделін құру. Байқағандай, жолдау негізінен стратегиялық сипатқа ие келеді және ел дамуының жаңа тарихи кезеңінде мемлекеттік құрылыс мәселелерін шешуге жағдай жасайды. Айта кететін болсам, жолдау өз алдына жүзеге асырылу мерзіміне қарай бірнеше ұзақ және қысқа мерзімді міндеттер қойған болатын. Олар:

- цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендету;

- елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесін арттыру, кәсіпкерлікті дамыту;

- ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторлары ретінде адами капиталды, ең алдымен білім беру мен денсаулық сақтауды дамыту.

- экономиканың базалық салаларын жаңғырту;

- тұрғындардың нәтижелі жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;

- қауіпсіздік пен сыбайлас жемқорлықты мықтап бақылауға алу.

Елбасы айтқандай, Үшінші модернизация- бұл қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлер мен әлемдік дағдарысты шешудің жоспары емес, бұл біз әлемнің дамыған қарқынды экономикалық өсу мен табысқа ие мемлекеті болуымыз үшін еліміздің болашаққа бағыттап отырған сенімді қадамдарының бірі болып табылады.

Енді осы орайда, жоғарыда аталған мәліметтердің философиямен қандай байланысы бар деген заңды сұрақ туындайды. Солай емес пе? Жалпы, философия - бұл өмірдің даналығы туралы ғылым. Яғни, өмірге қатысы бар барлық нәрсе философиямен де байланысты деген сөз. Демек, философия білім беруден бастап экономикаға дейінгі барлық салаларда болуы керек дегенді білдіреді. Осы орайда, философия адамның өмір сүруі үшін ең жақсы жағдайларға қол жеткізудің маңызды факторларының бірі болып табылатын өмір тақырыбын білуге бағытталғанын айтып өткім келеді. Бұл сөзсіз, еліміздегі үшінші модернизациясының мақсатына ұқсас.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қaзіргі зaмaнғы Қaзaқстaнның үшінші модернизaциясын жүзеге aсырудaғы философияның рөлі қaндaй
Қазіргі заманғы Қазақстанның философияның рөлі
Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші модернизациясын жүзеге асырудағы философияның рөлі
Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші модернизациясын жүзеге асырудағы философияның рөлі. Қазіргі қазақ мәдениетіндегі гносеология. Абай философиясындағы адам мәселесі
Қазақстанда саяси жүйені модернизациялау ерекшеліктері
Қазақстанның үшінші модернизациясын жүзеге асырудағы философияның рөлі
Қазақтың маркстік философиясы
Арнайы білім беру қызметінің қазіргі жүйесі
Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші жаңғыруын жүзеге асырудағы философияның рөлі (эссе)
Инвестициялық саясаттың мемлекеттік реттеу құралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz