Автоматттандырылған жүйенің программалық өнімдері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
2. Автоматттандырылған жүйенің программалық өнімдері.
2.1. Оқыту орталықтарының автоматтандырылған жүйесін құруға қолданылатын ақпараттық программалық жабдықтар.

2.2. Автоматтандырылған жүйені құруға таңдалған программалық жабдықтар.
РНР ( Нуреrtехt Рrерrосеssor ) - Веб-серверде НТМL беттерін құру және декқормен жұмыс істеуге арналған скриптті программалау тілі. Қазргі таңда хостинг қызметін ұстанатындар көбі қолданады. РНР тілінің оңайлығы, орындалу жылдамдығы, функциялық байлығы жәнеде РНР негізіндегі кодтардың кеңінен таралуынан РНР тілі Торда программалау саласында ең белгілі тілдердің бірі болып есептеледі. РНР кодын жазу синтаксисі С, Jаvа және Реrl тілдерінен бастау алады. РНР-дің басқа тілдерден ерекшелігі веб жасаушылар үшін веб-беттерді аз уақыт ішінде динамикалық түрде дайындау және өз құрамына НТМL құжаттарды РНР командалары арқылы енгізу мүмкіндігін береді. РНР-дің көптеген стандартты функцияларының арқасында түрлі тектес есептерді шығаруға болады. Оның құрамына графика және онымен іс- әрекет, математикалық есептеулер, ХМІ, ХSLT сияқты атақты технологиялар кіреді. РНР НТМL- дiң препроцессоры болып тaбылaды. Cepвep файлды браузерге бермес бұрын, оны препроцессор- интерпретатор қарастырады. Ол үшін файлдың анықталған бір кеңейтілуі болу керек (әдетте бұл .рһtml немесе .рһр3) және препроцессор үшін код болу керек. Парақ жіберілер алдында РНР код серверде өнделеді және браузерге серверде сақталынғанға қарағанда қатты ерекшеленетін НТМL парақтар түрінде нәтиже беріледі. РНР клиент скриптерінің тілдері болып табылатын JavaScriptJscriptVBScript- ke қарағанда серверлік скриптер деп аталады. РНР Асtive Sеrvеr Раges, Java Server Pages, ColdFusion, embperl тілдеріне ұқсас болып келеді. Бұл тілдердің барлығы вер - серверде орындалатын кодты НТМL парақтың ішіне орналастыруға мүмкіндік береді.
Осы пакеттердің барлығының өзегі РНР болып табылады. Ол көптеген операциялық жүйелерді қолданады. Солардың ішіне Windows пен Unіх кіреді. РНР контекстінде, функционалдылығында көрінетін олардың арасындағы айырмашылық болмашы ғана. Үйде жасайтын жобалар үшін көбіне Windows қолданылады. Ал үлкен, кәсіби жоба құруға Unіх- ті пайдаланған дұрыс. Өйткені ең алғашында РНР Unіх платформасы үшін құрылған, сондықтан РНР- дің көптеген кітапханалары мен толықтырулары Unіх тәрізді жүйені талап етеді. Егер жоба өте күрделі болмаса, Windows 2000, ХР, 2003 операциялық жүйені пайдаланған тиімді болып табылады. Windows операциялық жүйесінде жазылған PHP скриптерді қажет болған жағдайда Unіх- ке көшіріп алуға болады. РНР мен қоса веб - сервер және мәліметтер базасының сервері қажет. Веб-сервер - қолданушы компьютерін веб-серверге айналдыратын программа, ал мәліметтер базасының сервері - РНР- мен басқарылатын мәліметтер базасымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін сервер компоненті.
Дүние жүзіне кең таралған, қауіпсіз және ыңғайлы серверлердің бірі - Арасһе. Ол Unіх тәрізді жүйелер мен Windows операциялық жүйелері сияқты әртүрлі платформаларда таралатын жоғары өнімді, жоғары функционалды веб- сервер болып табылады. Арасһе- тің ең негізгі бәсекелесі Місrosoft корпорациясы шығарған Windows ортасында жұмыс істейтін IIS болып табылады. Алайда ІІS өзге есептер шығаруға бағытталғандықтан, сонымен қатар РНР- дің ІІS веб-серверімен жұмыс жасағанда функционалдылығының төменделуінен РНР пен IIS-тің бірлескен жұмысы аз таралған. Ішінде РНР интерпретаторы салынған веб-сервер мен МуSQL мәліметтер базасының сервері жинақталған арнайы пакеттер бар. Оның қатарына тегін таралатын ТорServer пакеті жатады. Кейінірек қабыршақтың аздаған өнімділігі бар екені анықталып, оны Си тілінде қайта жазуға тура келді. РНР- дың бірінші версиясы бар сайт орналасқан серверді қолданушылар құралға қызығушылық танытып, оны қолданғысы келетіндер пайда болды. Осылайша РНР өзінше жобаға айналды және 1995 жылдың басында Реrsonal Ноmе Раgе деп аталған өнімнің бірінші белгілі версиясы шықты.
1995 жылдың ортасында тиянақты өңдеуден кейін РНРFІ деп аталатын (Реrsonal Ноmе РаgeForms Іnterpreter - дербес үйдегі бет формалар интерпретаторы) өнімнің екінші версиясы шықты. Онда қазіргі РНР-дің базалық мүмкіндіктері болды, мысалы, һtml- формаларды автоматты түрде өңдеу және һtml-кодтарға орналасу мүмкіндіктері. РНРFІ синтаксисі Реrl синтаксисін еске түсіреді, бірақ өте қарапайым болды. 1997 жылы РНР- РНРFІ 2.0-дің Си- таратылымының екінші версиясы шықты. Сол уақытта РНР қолданушылары тұтас әлем бойынша бірнеше мыңды құрады, шамамен 50 мың домен, ол Іnternet домендерінің барлық санының шамамен 1%-тін құрады. Ресми түрде РНРFІ 2.0 1996 жылдың қараша айында ғана шықты, оған дейін негізінен бета-версияда болды. Кейіннен шыққаннан кейін оны РНР 3.0- тың альфа- версиясымен ауыстырды.
Энди Гутманс (Andі Gutmans) пен Зив Сураски (Zееv Suraskі) 1997 жылы РНРFІ- дің кодын қайта жазып шығарды, себебі ол олар жұмыс жасап жүрген электрондық коммерцияның қосымшасын өңдеуге тиімсіз болып табылды. Жобаны тарату кезінде РНРFІ- ді өңдеушілерден көмек алу үшін, Гутманс пен Сураски олармен бірігіп РНР 3- ті РНРFІ- дің ресми қолдаушысы екенін жариялауды шешті. Біріккеннен кейін РНРFІ- дің өңделуі толық тоқталды. РНР 3.0- тің артықшылықтарының бірі ядроны кеңейту мүмкіндігі болды. 1998 жылдың соңына қарай РНР- ды пайдаланушылар ондаған мыңға артты. Веб-сайттардың жүздеген мыңы осы тілді қолдана отырып жұмыс жасайтындықтары туралы хабарлады. Шамамен Internet серверлерінің 10%- дa РНР 3.0 орнатылған. РНР 3.0 ресми түрде 1998 жылдың маусым айында жалпы тестілеуден 9 айдан кейін шықты. Ал қысқа қарай Энди Гутманс пен Зив Сураски РНР ядросын қайта әңдеуді бастады. Олардың мақсаты күрделі қосымшалармен жұмыс өнімділігін арттыру және РНР негізінде жатқан кодтың модульдігін жақсарту болды. Қазіргі уақытта Zend Еnginе ді жақсарту және алғашқы бета- версиялары қазіргі уақытта жарыққа шығып қойған РНР 5.0- ға жаңа кіріспелеріне ендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнде РНР- ды жүз мыңдаған өңдеушілер пайдаланады. Бірнеше миллиондаған сайттар РНР- да жазылған, ол Іnternet домендерінің 20%-ын құрайды.
РНР тілінің мүмкіндіктері мен қолдану салалары.
"РНР барлығын жасай алады" дейді оны жасаушылар. Алдымен РНР сервер жанында жұмыс істейтін скрипттерді жасау үшін қолданылады. РНР кез- келген СОТ- скрипттер шеше алатын есептерді шеше алады, сонымен қатар һіті-формалардың мәліметтерін әңдейді, һіті беттерді динамикалық түрде өндіреді және тб.
РНР- дің қолдану салаларын 3 негізгі солаға бөлінеді:
Бірінші сала- айтып кеткеніміздей, сервердің жанында орындалатын қосымшаларды (скрипттерді) жасау. РНР негізінен дәл осы текті скрипттерді жасау үшін кеңінен қолданылады.
Екінші сала- командалық жолда орындалатын скрипттерді жасау, яғни РНР-дің көмегімен уер- серверден және браузерден тәуелсіз нақты машиналарда орындалатын скриптерді жасауға болады.
Үшінші саласы-клиент жағында орындалатын GUІ- қосымшаларды (графикалық интерфейстерді) жасау.
РНР- ды қолдану салалары кең өрісті және әр түрлі. Соған қарамастан ұқсас есептерді шығара алатын басқа да программалау тілдері бар. Не үшін РНР- ды меңгеру қажет? Ол бізге не береді? Біріншіден, РНР- ді меңгеру өте қарапайым. Синтаксистің негізгі ережелері мен оның жұмыс принциптерімен танысудың өзі жеткілікті, сол арқылы (басқа тілде жазғанда үлкен дайындықты қажет ететін) өз бағдарламамызды жазуға болады. Екіншіден, РНР шамамен барлық белгілі платформалардан, операциялық жүйелерден және барлық түрлі серверлерден қолдау тапты. Бұл да өте маңызды. Ешкімнің мысалы, Windows-тегі жұмыстан Lіnuх- ке ІІS серверден Арасһе серверіне ауысып, тағы бір бағдарламалау тілін меңгергісі келмейді.
РНР бес маңызды мінездемемен шартталған: дәстүрлілік, қарапайымдылық, тиімділік, қауіпсіздік, бейімделгіштік. Бұлардан да жақсы қасиеті ақысыз таратылатындығында. Бес түрлі мінездемесіне қысқаша тоқталатын болсақ, дәстүрлігі- РНР тілі әр түрлі салада жұмыс істеген программистерге таныс болып көрінеді, тілдің көптеген конструкциялары Си, Рекд- ден алынған, ал РНР- дың коды күнделікті Си мен раsсаl программаларынан практикалық түрде айырмашылықсыз болуы жиі кездеседі, бұл РНР зерттеуде алғашқы күш салуды азайтады. Қарапайымдылық- РНР сценариі сіздің есебіңіздің ерекшелігіне байланысты 1000 немесе бір жолдан тұруы мүмкін. Сізге арнайы библиотеканы іске қосу, арнайы программистерін іске қосу, немесе осы сияқты бірнәрселер істеуі керек емес. РНР механизмы алғашқы экрандалған тізбектен (?) кейін жай ғана жүре бастайды және экрандалған тізбек жұбын (?) кездестірмегенше жүре береді.
Тиімділік - www жататын көп қолданушылары бар программалау ортасы үшін ерекше маңызды фактор болып табылады. РНР 4.0- де қорларды бөлу механизмі мен жақсарған обьектілі бағытталған программалау қолдауы қамтамасыз ету, сонымен қатар сеансты басқару құралдары жүзеге асырылған. Соңғы версиясында артық жады бөлінуді тоқтататын сілтемелерді есепке алу (reference counting) механизмі де пайда болады. Қауіпсіздік- РНР программа өңдеушілері мен администраторға өкілеттігіне иілгіш және тиімді қауіпсіздік құралдарын да береді. Ал олар өз кезегінде шартты түрде екі категорияға бөлінеді: жүйелік деңгей құралдары мен қосымшалар деңгейі құралдары. Қауіпсіздіктің жүйелік деңгей құралдары РНР- де администратор басқаруындағы қауіпсіздік механизмдері жүзеге асқан: РНР дұрыс реттелуінде бұл іс әрекетінің максималды тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. РНР қауіпсіздік реті (safe mode) деп аталатын ретте де жұмыс істей алады. Бұл қолданушылардың РНР қолдануында маңызды көрсеткіштерді шектейді. Мысалға, максималды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту орталықтарының автоматтандырылған жүйесін құруға қолданылатын ақпараттық программалық жабдықтар
«Қазгидромет» кәсіпорны және кәсіпорынды метрологиялық қамтамасыз етудің мәні
Кәсіпорынға арналған қойма есебінің автоматтандырылған жұмыс орнын әзірлеу
Жер кадастры құжаттамасы
Көпарналы байланыс
Автоматты және көпарналы электрлік байланыс
Ақпараттық модель және оның берілу жолдары
Супермаркеттің деректер қорын жобалау
BIOS туралы жалпы түсінік
Мббж-ға жалпы түсінік
Пәндер