Ыбырай Алтынсариннің әдеби мұрасының мағыналық, көркемдік, ағартушылық құндылығы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Аңдатпа
Берілген жұмыс қазақтың ұлы ұстазы әрі қаламгер Ыбырай Алтынсариннің әдеби мұрасының мағыналық, көркемдік, ағартушылық құндылығын тереңінен зерттеп, Ыбырай шығармаларының философиялық мәнін бүгінгі қоғам бейнесімен сабақтастығын орнату арқылы ашып көрсету мақсатында жазылған. Жұмыс қаламгердің тәлімгерлік өлеңдері мен әңгімелерін негізге ала отырып, қазірге кеңістіктегі Алтынсарин мұрасының рөлі мен ағыртушылық жолы туралы ақпараттарды қамтиды.

Қазірге кеңістікте Ыбырай Алтынсариннің мұрасын пайдалану

Ыбырай Алтынсарин - қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері, азатшыл Алаш мұраттарына ұласқан ұстанымдардың негізін салушы, бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заманның өркениетті, мәдиенетті елдердің қатарына қосу жолына арнаған көрнекті тұлға. Ол өзінің ағартушылық, педагогтік, ақын-жазушылық, тарихи қызметі мен зор талантын, жан-жақты терең білімі мен қайрат-жігерін елдің өсіп келе жатқан жас ұрпағын оқытуға, тәрбиелеуге арнап, алаш даласында жаңа тұңғыш қазақ мектебін ашуды мақсат еткен. Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып[1], оған орыс алфавиті негізінде оқулықтар жазды, өзі сабақ беріп, жаңа талапқа сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды. Ыбырай жасаған оқулық ең алдымен, орыстың қала берді Еуропа оқымыстыларының педагогикалық көзқарастары мен оқыту, тәрбиелеу әдіс-тәсілдеріне негізделіп жасалды, бірақ ұстаз оларды талғам-талдаусыз, сол күйінше ала салған жоқ, керісінше, оған енетін материалдарды қазақ балаларының түсінік-танымына сәйкес етіп алды, өзі де осы талапқа орай әңгіме, өлеңдер жазып қарастырған хрестоматиясына қосты. Сөйтіп, ұлы ағартушы-ұстаз халқымызды білім бұлағынан сусындатып, өзге мәдениетті елдердің қатарына қосуға бойыңдағы бар күш-қуатын, білімін сарқа жұмсады. Бұл бағытта тыңнан жол салып, соған 47 жылдық ғұмырын арнады. Ыбырай ауылшаруашылық, қолөнер мектептерін ұйымдастырады. Ол 1887 жылы Ырғызда қыздарға арналған мектеп-интернат ашты. Қыздар мектебін ұйымдастыруы - ұлы ағартушының бұл тұрғыда жасаған үлкен еңбегі.

Жан-жақты талант иесі Ыбырайдың есімі қашанда уақыт сынынан мүдірмей өтіп, өз халқымен бірге жасасып келеді. Оның өмірі өз Отанын шексіз сүйіп, оған бүкіл жан тәнімен қызмет етудің тамаша үлгілерінің бірі болып табылады. Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазір де сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында толық анықтауда. Мұның өзі заңды да еді. Өйткені әрбір ұлы адамзатпен бірге жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес иделарды көтерді. Сондықтан олар арада бірнеше ұрпақтың өткеніне қарамастан, әрбір жаңа ұрпақ, жас қауымға алыстан қол созып, жол болсын айтып тұрғандай болады, уақыт өткен сайын биіктей, мән-маңызы, қадір-қасиеті арта түседі. Мәдениетіміздің тарихында Ы.Алтынсарин дәл осындай, үркердей саңлақтардың бірі болған еді. Ол өзінің бүкіл шығармашылық өмірін бір ұлы мақсатқа арнады. Ол мақсат қазақ халқын ғасырлар бойы езіп келген надандық пен қараңғылықтың шырмауынан босатып, өнер-білімді, мәдениетті елдердің қатарына қосу еді.
Заманымыздың заңғар жазушысы Мұқтар Омарханұлы Әуезов Ыбырай Алтынсарин туралы былай жазды: Ыбырай орыстың мәдениет мектебін танымаса, Ушинский бастаған педагогикалық жаңалықтарды білмесе, орыстың адамгершіл, прогрессшіл классикалық әдебиетінің нәрінен қорек алмаса, Ыбырай болмас еді... Ыбырай да сол бір бағытта болумен қатар, өмірі, еңбек еткен ортасы, әлеуметтік-қоғамдық қайраты, әрекеті жөнінде Шоқанға да, Абайға да ұқсамайды. Ыбырай жаңағы екеуінің де ісін өз өмірінде еңбегіне түйістіріп, қоса білді. Сөйтіп, ол екеуі де істеген тың тарихтың ұзақ өрісі бар, зор келешегі бар істердің үлгісін өз қолымен орнатты. Әрі ол жаңа үлгідегі ақын, әрі сол кездегі Ресейде батыл жаңалық жасап, бұратана елдер үшін тың үлгідегі мектеп ашушы. Қазақтың ең алғашқы мәдениетті мектебін жасаумен қатар, жазушылық пен оқытушылықты ол аса шебер өнерлі түрде қабыстырушы.
Қазақ халқының қалың бұқарасының сауатын ашып, көпшілікті оқу-білімге тарту - Ыбырайдың қоғамдық және азаматтық борышы мен қызметі болды. Ол өз тұсында болып отырған діни оқуды емес, азаматтық оқу-білімді қоштады және білімді калың жұртшылыққа таныс ұлттық тілде беруді шарт етіп қойды.
Ыбырай Алтынсариннің қазақ тілін дамытудағы рөлі оның ағартушылық қызметімен тікелей байланысты. Ыбырайдың әдеби шығармалары, әсіресе прозалық туындылары оқу кітабы ретінде арнайы жазылған. Бұл тұста Ыбырайға екі түрлі жүкті тұңғыш рет арқалауға тура келді: бірі - қазақ әдебиетінде бұрын жоқ проза жанрын бастау, яғни қазақ әдеби тілінде бұрын болмаған шағын әңгімелер (новеллалар) стилін жасады, екіншісі - өз өлеңдері мен қазақтың ауызша тараған мол көркем әдеби үлгілерін оқушы жастарға ұсыну.
Ыбырай - қазақ әдебиетіндегі көркем прозаның негізін салушы, демек, көркем проза стилін бастаушы. Оның ішінде мектеп оқушыларына арнаған әңгімелер жанры болғандықтан, олардың көлемі шағын, тілі мейлінше түсінікті болуды көздеген. Ол үшін сөйлемдері қысқа болып, ауыр әшекейлі фразалары өте аз келеді. Керісінше, Алтынсарин ұсынған бұл стильде халықтың сөйлеу тіліне мейлінше жақындату принципі күшті. Сондықтан да Ыбырай тіліндегі фразеологизмдердің баршасы дерлік халықтың сөйлеу тіліне тән: жұрттан асқан бай болыпты, сөзге семірді, жаны көзіне көрінді, көңіліне жел кірді т.б. Теңеу, эпитет, метафоралардың да дені халықтық сөйлеу тілі мен байырғы әдебиеттен алынған. Адамды құстай ұшырды, қорғасын оқтай балқытты, жібектей жапырылған көкорай шалғын дегендердегі теңеулер - Ыбырай туындылары емес, бұрыннан қалыптасқандар. Оның әңгіме, өлеңдерінде кездесетін жұмсақ шырай, жарқыраған алтын тәрізді эпитеттер де - әбден кәнігі.
Ыбырай алдына қазақ поэзиясын жаңғырту, жаңа сатыға көтеру, көркемдеу тәсілдерін жетілдіру, түрлендіру сияқты міндеттерді қоймаған: ол өз поэзиясын ақындығынан емес, ағартушылығынан ұсынған, яғни ол өлеңдерін жалпы жан сүйсіндірерлік эстетикалық дүние деп емес, мектепте оқуға арналған материал ретінде ұсынған. Мұндағы мәні бар факт - Ыбырай ұсынған өлеңдердің тілінің жалпақ жұртқа, қарапайым оқушыға түсінікті қазақтың халықтық тілінде жазылуы. Бұл өлеңдердің бұрынғы қазақ поэзиясы үлгілерінен алшақ кетпеуі - Ыбырай Алтынсариннің қазақ жазба әдеби тілінің негізін таңдаудағы принципін көрсететін белгі.
"Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш" әңгімесінде Ыбырай ең кішкентай жәндіктердің өзі де тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүргендігін көрсете келіп, оларды өскелең ұрпаққа үлгі етеді. Автор жасаған еңбекшіл жәндік образы мен бүгінгі қоғамдағы адамның сырт бейнесі арасындағы байланысты орнататын болсақ, қазіргінің адамы тері аққанша дейін адал еңбек етуден гөрі, көздегенге жетудің жеңіл әрі оңай жолдарын табумен әлек. Бүгінгі қоғамның ой-өрісінің дамуына сәйкес, күнделікті атқаратын жұмысымыз ғылым саласының жетістіктері атанған ақылды машиналардың шаруасына айналды. Ұзын жолды бір қиып өтіп, жұмысты қысқартуға ұмтыламыз, алайда, ата-баба қанынан дарыған еңбексүйгіштігімен белгілі қазақ халқы осы қасиетінен көз жазып, табылған көк тиынның қадірін естен шығарса, жалқаудың күнін кешіп, еріншектікке бой алдыратын заманның көлеңкесі алыс емес.
"Атымтай жомарт" әңгімесінде жазушы халық арасындағы Атымтай жомарт туралы аңыздарға жаңаша мазмұн беріп, өзінше қорытады. Еш нәрсеге мұқтаждығы жоқ болса да, Атымтай ылғи еңбек жолында өз нәпақасын тауып жүреді, оның себебін осылайша түсіндіреді: "Төрт түрлі себеп бар. Әуелгісі: әдемі ат, асыл киім, асқан дәулетті өне бойы әдет етсең көңілге жел кіргізеді; сол желіккен көңілмен өзімнен терезесі төмен бейшаралардан жиреніп, көз салмай, кем-кетікке жәрдем беруді ұмытармын деп қорқамын. Екіншісі: бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшілік емес екенін біліп, кейінгілер әбірет алсын деймін. Үшіншісі: күн сайын өз бейнетіммен таңнан бір-ақі пұлға нан сатып алып жесем де бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі, сіңімділігі болады екен. Төртіншісі: кұдай тағаламның берген дәулетін өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын".
"Бір адам он жасар баласын ертіп, егістен жаяу келе жатса, жолда қалған бір ескі тағаны көріп, баласына айтты: "Анау тағаны, балам, ала жүр", - деп. Бала әкесіне: "Сынып қалған ескі тағаны не қылайын", - деді. Әкесі үндемеді. Тағаны өзі алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі кайырылып, тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз өткен соң, шие сатып отырғандардан 3 тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірлеп алып жеп, баласына қарамай аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артынан келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен. Жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, одан біраз өткен соң және бір шие, сонымен, бала әрбір шие тастаған жерге бір еңкейіп, шие теріп жеді. Ең соңында әкесі тоқтап, баласына шиені орамалымен беріп тұрып: "Көрдің бе, бағана тағаны жамансынып, жерден бір иіліп көтеріп алуға еріндің. Енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп, бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Бұдан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың; азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың", деді. Кейде сәл нәрсені қомсынып, оған көңіл бөлмеушілік, аз жұмысты қиынсынып, бойкүйездікке салынушылық өмірде аз кездеспейді. Бұл - жақсы әдет емес. Сондықтан балалардың бойкүйез, жалқау болмауына, еңбекқор болуына Ыбырай ерекше мән берген.
"Бай баласы мен жарлы баласы" атты әңгімесінде Ыбырай еңбекке деген коғамдық, таптық көзкарасты бейнелейді. Көшкен елдің жұртында қалған екі баланың бір тәулік ішінде басынан кешкендерін суреттеу аркылы сол балалардың өмір тануы, тіршілікке икемділігіне қатысты әлеуметтік мәселенің бүгінгі күнде де өзектілігін айқындайды. Жазушының шығарма кейіпкерлері ретінде құрдас екі баланы алып, оларды бай мен кедейдің өкілі етіп суреттеуінің сыры да оның идеясынан айқын көрінеді. Жарлы баласы Үсен - тұрмыстың ауыртпалығын көре жүріп, ысылған еңбек адамы. Ауылдары көшіп кетіп, жұртта қалған екі баланың далада тамақ тауып жеуіне, ауылдың калай қарай көшкенін аңғаруына, түнде далада түнегенде ит-құстан сақтануына Үсеннің тапқырлығы мен еңбекқұмарлығы себеп болады. Ал бай баласы Асан - өмір үшін күресудің жолын білмейтін, шыдамсыз, еңбекке икемі жоқ жан. Кісі еңбегімен күн көріп, бейқам болып өскен бай баласының басына күн туғандағы дәрменсіздігін суреттеу арқылы жазушы келешек Үсендер жағында екенін аңғартады. Сөйтіп, жастарға өмірден еш нәрсе үйренбей, жалқау болып өскен бай баласындай болмай, қиыншылыққа төзімді, өнерге бейім, еңбек сүйгіш жарлы баласы Үсендей болып өсуді уағыздайды.
"Жаздың бір әдемі күнінде бір кісі өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағашты көріп жүрді. "Мына ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неліктен кисық біткен"? - деп сұрады баласы. "Ата-анаңның тілін алсаң, ана ағаштай сен түзу кісі болып өсерсің. Бағусыз кетсең, сен де мына қисық ағаштай болып, бағусыз өсерсің. Мынау ағаш - бағусыз өз қалпымен ескен", - деді атасы. "Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой", - деді баласы. "Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, бұдан сен өзің де ғибрат алсаң болады, сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің қате жеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзу кісі болып өсерсің", - деді. Ыбырай "Бақша ағаштары" атты әңгімесінде адамның ой-өрісінің, көзқарасының, өзіндік дүниетанымы мен жеке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ы.Алтынсарин шығармаларының тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктері
Үлкендерге арналған әңгімелер
А.Құнанбаев және Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары
Қазақ хрестоматиясы оқулығынан
Алтынсариннің педагогикалық идеялары
Ыбырай Алтынсарин тағылымының құндылығы
Қазақ хрестоматиясының дүниеге келуі
Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық, психологиялық көзқарастары
Шәкәрім қазақ поэзиясының философия саласын дамытқан ақын
Пәндер