Моцарттың шығармалары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым министрлігі Семей

қаласындағы Шәкәрім атындағы мемілекеттік униврситеті

СӨЖ

Орындаған:Бодаубай. H

Тобы:MO-901

Тексерген :Қ. Мөлдір, Қисамеденқызы

Семей-2021

Жоспар

  1. Моцарт бес жасында алғашқы шығармасын жазады.
  2. Вольфганг Амадей Моцарт (1756-1791) шығармашылығы.
  3. Моцарттың шығармалары.
  4. Еуропа елдеріне саяхат.
  5. Моцарттың өлімінің құпиясы.

Моцарт бес жасында алғашқы шығармасын жазады

Әкесі ұлы клавирде ойнауды үйрететін ұстаз жалдайды. Амадей зерек, алғыр бала болғандықтан ұстазының айтқандарын тез қабылдайтын. Және аз уақыттан кейін-ақ ұстазы талантты балаға күрделірек аспапты үйрету керектігін түсінеді. Ал Моцарт төрт жасқа келгенде скрипка әлемінен танысса, бес жасында өзінің алғашқы шығармасын жазады. Балаларының клавесинде ойнауды жете меңгергенін байқаған әкесі 1792 жылдың қаңтарында Вольфганг пен Наннрельді жанына ертіп Мюнхенге жол тартады.

Онда Бавария курфюрстінің (билеуші) сарайында тұңғыш рет өнер көрсетеді. Сөйтіп, көп ұзамай ел астанасы Венаға жол тартады. Бұл Моцарттар отбасы үшін ең есте қаларлық жылдар еді. Алты жасында-ақ Мюнхенде, Венада өнер көрсеткен Амадей өнерімен көпшілікті тәнті етеді. Олар күніне қатарынан бірнеше сағатқа дейін концерт беретін. Ақырында алты жасар Вольфганг те, он жасар Анна жа қызамықпен ауырып, елдеріне қайтады.

бала Моцарт

бала Моцарт

Үйде біраз емделгеннен кейін Моцарт балаларын ертіп тағы да жолға шығады. Мюнхен, Венамен қоса, одан әрі Париж бен Лондонда, Амстердамда өнер көрсетеді. Олар қайда барса да жұртшылықты таң-тамаша қалдырады. Сөйтіп, кішкентай данышпанның атағы император Францқа да жетеді. Ол бала Моцарттың өнерін тамашалағаннан кейін пернелерді орамалмен жауып қойып, музыка ойнай беретін музыканттарды да көргенін айтады. Сонда Моцартта орамалмен пернелерді жауып қойып, әлгі шығарманы қайтадан айнақатесіз ойнап, императорды одан әрі таңғалдырған еді.

Вольфганг Амадей Моцарт (1756-1791) шығармашылығы .

В. А. Моцарттың шығармашылығының көпшілігін хор музыкасы құрайды. Ол хор мен оркестге арналған төмендегідей күрделі құрылымдағы шығармалар жазған. “Кающиеся Давид”(Өкінген Давид), “Освобожденная Бетулия”(Босатылған Бетулия) . Сонымен қатар мессалар, үлкен месса до минор “Күнге”(К солнцу) атты діни және ақсүйектік кантатасын жазды. “Реквием” композитордың теңдесі жоқ соңғы туындасы. Камералық шығармалардың ішінде бірнеше мотеттері және діни шығармалары “Kуrie” “Misserere” гимндер, канондар және басқалары бар. Моцарттың жазғы кеш және “Ave verum corpus” деген хорлары өте танымал. Жазғы кеш төрт дауысты аралас хорға арналған хор миниатюрасы. Хор музыкасы тыныштыққа, тазалыққа толы. Кешкі табиғаттың суреті жарық сәуле, таза ауаға байланысты адамның көтеріңкі көңіл күйін шебер суреттеген.

“Ave verum corpus” хоры Моцарттың тағы да бір теңдесі жоқ миниатюрасы. Оның тональдіктері ре мажор, ля мажор, фа мажорда жазылған. Осы шығарманың көркемдік қасиетін П. И. Чайковский өзінің “Моцартина” деген кантатасында қолданған

Моцарт туғаннан кейінгі екінші күні әулие Руперт Соборында шоқырдырылған. Шоқындыру кітабында оған берілген аты латынша Johannes Chrysostomus Wolfgangus Theophilus (Gottlieb) Mozart болып жазылады. Осындағы алғашқы екеуі - әулиелер аты, күнделікті өмірде пайдаланылмайды, ал төртінші есімі Моцарттың өмірінің кезінде: лат. Amadeus, алм. Gottlieb, итал. Amadeo. Моцарт өзін Вольганг деп атағанды.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/e/e4/Retrato_de_Mozart%2C_por_Johann_Nepomuk_della_Croce_%28detalle%29.jpg

Музыкаға деген қабілеттер үш жасынан ақ көріне бастаған. Әкесі Леопольд алдыңғы қатарлы еуропалық педагогтардың бірі болған. Әкесінің «Versuch einer gründlichen Violinschule» (Скрипкада ойнау негіздері жайлы шығарма) атты кітабы 1756 Моцарт туған жылы жарыққа шықты. Талай басылымнан өткен бұл кітап талай тілдерге аударылған. Волфгангқа әкесі клавесин, скрипка мен органда ойнауды үйреткен.

1762 Моцарттың әкесі ұлы мен қызы Аннаны, және әдемі клавесинада ойнаушы әйелмен әртістік саяхатпен Мюнхен мен Венаға, сосын Германияның басқа қалаларына, Париж, Лондон, Голландия, Швейцарияға барады. Барлық жерде Моцарт халықты өзінің қабілетімен таңырқатады: музыкамен танысы бар, бейтаныс бар адамдар арасындағы қиын жарыстардың жеңімпазы атанады. 1763 жылы Парижде Моцарттың клавесина мен скрипкаға арналған алғашқы сонаттары шығады. 1766-1769 жылдары Моцарт Гендел, Страделла, Кариссими, Дуранте және т. б. мықты шеберлерді оқып зерттейді. Император Иосиф II бұйрығы бойынша Моцарт бірнеше апта ішінде «La Finta semplice» (Қылымсық қарапайым) операсын жазады, бірақ осы 12 жасар композитордың еңбегі қолдарына түскен италияндық труппа мүшелері баланың әуенін орындаудан бас тартады, олардың сұмпайылығы сонша, тіпті оның әкесі операның орындалуын қатаң талап етуге батылы бармады. 1770 -74 жж. Моцарт Италияда өткізеді. . 1771 ж. Миланда, тағы да театрлік импрессариолардың қарсылығымен, Моцарттың «Mitridate, Rе di Ponto» (Митридат, Понтия патшасы) атты операсы әйтеуір қойылып, көрермендер оны үлкен ілтипатпен қабылдайды. Дәл осындай сәттілікпен операның екінші нұсқасы «Lucio Sulla» (Луций Сулла) (1772) өтеді. Зальцбург үшін Моцарт «Il sogno di Scipione» (Жаңа архиепископты сайлауы жайлы Сципион түсі, 1772), Мюнхенге - «La bella finta Giardiniera» операсын, 2 мессаларын, офферторий (1774) жазады. 17 жасынан аса бастағанда, оның шығармалары арасында ұсақ композицияларды айтпағанда төрт опера, бірнеше рухани өлеңдер, 13 симфониялар, 24 сонаттар болған. қаржылық жағынан мүшкілдігіне қарамастан, Мюнхенге, Мангейм және Париж сәтсіз сапарына, шешесінің өліміне қарамастан, Моцарт басқамен қоса 6 клавирлік соната, флейта мен арфаға арналған концерт, үлкен №31 D-dur, Париждік деп аталып кеткен симфониясын, біргеше рухани хорларын, 12 балеттік туындыларын жазады. 1779 жылы Моцарт Зальцбурте аулалық органист орнын алады. 1781 жылдың 26-шы қаңтарында Мюнхенде «Идоменей» операсы үлкен жетістікпен қойылады. «Идоменеймен» лирика-драматикалық өнерінің реформасы басталады. Бұл операда әлі де көнеитальяндық opera seria (көп мөлшерде колоратурлы арий, кастрат үшін жазылған Идоманта партиясы) көрініс береді, бірақ сөзді жержерлерде, әсіресе хорларда жаңа сарынның иісі сезіледі. Инструменттікте де жаңа ырғақ байқалады. Мюнхенде жүргенде Моцарт мюнхендік капеллаға арнап «Misericordias Domini» офферториін жазады- бұл шіркеулік әуеннің XVIII ғасыр аяғындағы ең мықты үлгілерінің бірі болады. Моцарттың шығармашылық күші мен жаңа тәсілдері оның әр жазған операсымен одан ды айқынырақ байқалды. Иосиф II 1782 жылы тапсыруымен жазылған «Сералдан ұрлау» («Die Entführung aus dem Serail») операсы үлкен энтузиазммен қабылданып, кейінірек Германияда кеңінен таралды, онда бұны ұлттық бірінші опера деп есептеді. Опера Моцарттың ақыры оның әйелі болған Констансия Уебермен романтикалық қарым-қатынасы кезінде туындаған. Моцарттың өнерлік сәттілгіне қарамастан оның өмірі кедейшілікпен болды. Зальцбургтегі органист орнын тастап және аздаған ғана вендік аула жалақысын пайдаланған Моцартқа жанұясын бағу үшін сабақ беруге, контрданстар, вальстар мен тіпті музыкалы кереге сағаттарына арнап пьесалар құрастыруға, вендік аристократтар кештерінде ойнауға (осыдан оның көптеген фортепианолық концерттері жарық көреді) тура келеді. «L’oca del Cairo» (178З) мен «Lo sposo deluso» (1784) опералары аяқталмай қалады. 1783 - 85 жж. Йозеф Гайднға арнап Моцарт алты атақты пернелік квартеттерді жазады, осы саланың шебері Йозев ұлы құрметпен қабылдайды. Оның «Davide penitente» (Өкінген Давид) ораториясы осы уақытқа жатады.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/3/3f/Wolfgang01.jpg/1024px-Wolfgang01.jpg

1786 жылдан бастап Моцарттың оның денсаулығының сыр бере бастау себебі болатын әдеттегіден тыс жемісті, әрі шаршаусыз іскерлік өмірі басталады. Таңғаларлық жылдам құрыстырылған шығарма үлгісі ретінде алты апта ішінде 1786 жылы жазылған «Фигаро үйлену тойы» операсын айтуға болады, тез жазылса да бұл опера өзінің әуендік сипаттамасының кіршіксіздігімен, шексіз сүйсінулігімен ерекшеленеді. Венады «Фигаро үйлену тойы» байқалмай дерлік өткенімен Прагада әдеттен тыс сүйіспеншілікке бөленді. Моцарт авторласы Лоренцо да Понте «Фигаро үйлену тойы» либреттосыен біте алмай жатып композитор талабы бойынша, Моцарт Прагаға арнап жазған, «Дон Жуан» либреттосынан көшіреді. Бұл музыкалы өнердегі теңдессіз шығарма жарыққа 1787 жылы Прагада шығып «Фигаро үйлену тойынан» да сәтті қабылданады. Бұл операны Моцартқа жалпы басқа әуен орталықтарына қарағанда салқын қарайтын Венада әлдеқайда аз сәттілік күтіп еді. Аулалық композитор дәрежесінің 800 флорин (1787) болатын жалақысы Моцарттың барлық еңбегі үшін тым аз марапат еді. Бәрібір ол Венаға үйреніп қалған еді, 1789 жылы Берлинге барғанында 3 мың талер жалақысы бар Фридрих-Вильгельм II аулалық капелласының басшысы болуға шақырылса да, Венаны тастап кетуге қимайды. «Дон-Жуаннан» кейін Моцарт 1788 жылы бір жарым айда үш ең танымал симфонияларын жазады: № 39 ми-бемоль мажор (KV 543), № 40 соль минор (KV 550) және № 41 до мажор (KV 551) . 1789 жылы Моцарт пруссия короліне концерттегіш виолончели партиясы бар пернелік (ре мажор) арнайды.

Иосиф II (1790) өлімінен кейін Моцарт таршылық көргені сонша, ол кредиторларының қууынан қашу үшін Венадан кетіп, хал-ахуалын түзеу мақсатымен әртістік саяхатқа шығады. Моцарттың соңғы опералары әдемі әуенін зақымдайтын лиьреттосы бар «Cosi fan tutte» (1790), 18 күн ішінде жазылса да керемет беттері бар « Тит Мейірімділігі» (1791), император Леопольд II-нің таққа отыру салтанатына арналған, және соңғысы, өте табысты, тез кең таралған «Сиқырлы флейта» (1791) . Ескі әдебиетте жәй оперетта деп аталған осымен қатар «Сералдан ұрлау» операсымен бірге алмандық жеке ұлттық операсының дамуына негіз болды. Моцарттың кең ауқымды, әралуан іскерлік өмірінде опера маңызды орын алған. Жаратылысы бойынша мистик, ол шіркеуге көп жұмыс істеді, бірақ үлгі тұтарлық ұлы шығармалары бұл салада аз: тек «Misericordias Domini» - «Ave verum corpus» (KV618), (1791) және Моцарт өмірінің соңғы күндері шаршаусыз, ерекше махаббатпен жазған ұлы-қайғылы реквием (KV 626) . "Реквиемді" жазған тарихы қызық. Моцарт өлімінен аз уақыт бұрын бейтаныс қара маскадағы адам келіп «Реквиемге» тапсырыс жасайды. Композитордың биографтары анықтағандай ол сатып алғанды өз шығармасы ретінде ұсынған граф Ф. Вальдегг-Штуппах болған екен. Моцарт жұмысқа кірісіп кенткенімен жаман сезім кетпей қояды. Сырлы адам қара маскада, «қара адам» оның көз алдынан кетер емес. Композитор өзіне өзі жоқтау мессасын жазып жатқандай болады . . . Керемет қайғылы лиризмімен және кіршіксіз қайғылылығымен таңдандыратын бітпеген «Реквиемді» Моцарт шәкірті, алдындағы «Тит Мейірмділігі» атты операны жазуда да қатысқан, Ф. Зюсмайер Зюсмайер бітіреді. Моцарт 1791 жылы 5 желтоқсанда, мүмкін бүйрек инфекциясынан, қайтыс болады (әйтсе де Моцарттың өлімі оны масондардың немесе келесі аустриялық композитор Антонио Сальери уландырған деген таластар тудыруда) . Венада, Әулие Марк бейітінде жалпыға арналған жерде жерленген, сондықтан тіпті қай орында жерленгені белгісіз қалды. Естелік ретінде композитор өлімінен тоғыз күннен кейін Прагада жиналған қалың жұрт алдында 120 музыкант Антонио Розеттидің "Реквиемін" орындайды.

Көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған Моцарттың өлімі де сан түрлі жорамалдар жасаттырды. Солардың арасындағы ең атақтысы - Моцартты күншілдікпен Сальери у беріп өлтірткен деген аңыз. Ол, әсіресе, А. С. Пушкиннің “Моцарт пен Сальери” атты трагедиясынан кейін тіпті орныға түсті, Сальери есімі, “сальеризм” сөзі бақастықтың, күншіл күйкіліктің бейнелі баламасына айналып кетті. Ал шынтуайтында, Моцарт дертінің диагнозы - бүйрек жетімсіздігіне қосылған стрептококктық уыттану, оған қолқаның қабынуы мен миға қан құйылуы қосылып, композитордың тажал сәтін тездете түскен.

Моцарттың шығармалары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вена классикалық мектеп өкілдері
ВОЛЬФГАНГ АМАДЕЙ МОЦАРТ (1756-1791) ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОЛЫ
Антикалық дәуір музыкасы. қайта өрлеу дәуіріндегі музыкасы. 18-ғасырдағы музыка
ЛЮДВИГ ВАН БЕТХОВЕН (1770-1827)
Ағарту мен классика ғасырындағы мәдениет
Классикалық музыканың адамға әсері
Роза Үмбетқызы - қазақ опера өнерінің майталманы
Табысқа жетудің сыры неде. .
Қазақ халқының күй өнері
Йозеф Гайдн - Австрияның композиторы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz