Президенттің халыққа жолдауы бойынша құқықтық сана, құқықтық тәрбие және құқықтық мәдениеттің пәрменділігін арттыру


Баишев Университетінің
«Құқық және ЖББП» кафедрасының
аға оқытушысы құқық магистрі
Қуатбек Г. Қ.
Президенттің халыққа жолдауы бойынша құқықтық сана, құқықтық
тәрбие және құқықтық мәдениеттің пәрменділігін арттыру.
Егеменді еліміз 21-ғасырға аяқ басқалы қоғам өмірінде көптеген өзгерістерді бастан көшіре отырып президентіміз Қ. К. Тоқаевтың жолдауында атап көрсетілгендей біз қазіргі қиындықты міндетті түрде еңсереміз. Дегенмен, еліміздің жаңа геосаяси ахуалдағы ұзақ мерзімді дамуын естен шығармауымыз керек. Қазір әлем соңғы 100 жыл ішінде болмаған аса күрделі дағдарысты бастан өткеруде. Сарапшылардың айтуынша, жаһандық экономиканы қайта қалпына келтіру үшін кемінде 5 жылға дейін уақыт қажет. Дей тұрғанмен, болашақта көш бастайтын мемлекеттердің бәсекеге түсу қабілеті дәл осындай дағдарыстар мен іргелі өзгерістер кезінде шыңдалады. Қазақстан жаңа әлемде өзінің лайықты орнын алуға тиіс. Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында экономиканың дамуы үшін берік негіз қаланды, әлемдік аренада абырой-беделге ие болдық. Сондықтан әлемнің жаңа болмыс-бітімі қалыптасып жатқан шақта біз реформаларға тың серпін беруіміз керек. Бұл бағытта Ұлт жоспарын және Бес институттық реформаны негізгі бағдар етіп ұстануымыз қажет. Біз азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндеттіміз. 1
Қазақстанда құқықтық, зайырлы әлеуметтік мемлекет құру мақсаты көзделуде. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты бөлгілі төртіпті, құқықтық
жүйені жөне төрбиені талап етеді. Мұның өзі заңды силау әрі құрметтеуді бірінші кезекке қояды. Келешегіміздің бағдарлы өрістерін көңейту үшін саналы да сауатты рухани психологиялық мәдениеттің қалыптасуы мен жетілуіне жол ашу - қоғамның биік мақсаты. Бұл жағдайлар жаңа экономикалық дамудың, ондағы реформалық мазмұнның бағытына бағдарына қарай бейімделуіне мүмкіндік береді.
Осы тұрғыда елбасы Н. Назарбаев мынадай жауапкершілікті алға тартады «Перспективаларымызды айқын ұғыну, жолымызда тұрған қиындықтар мен қауіп қатерді бүкпесіз түсіндіру біздің қоғамымыздың барша азаматтарын осынау ортақ міндетті шешу үшін жұмылдыруға жәрдемдеседі…біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономикамен жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды
басынан кешіпте үлгерген уақытта құру үстіндеміз, деп айтқан. Ең алдымен, мемлекеттік басқаруға, кадр саясатына, шешім қабылдау жүйесіне және оларды орындау жауапкершілігіне деген көзқарасты өзгертуден бастауымыз керек.
Пандемия және дағдарыс жағдайында мемлекеттік басқару жүйесі бар күш-жігерін жұмылдырып жұмыс істеуде. Жедел шешімдер қабылдау айтарлықтай уақыт пен қаражатты талап етеді. Бірақ алдағы жоспарларды назардан тыс қалдырмауымыз қажет. Сондықтан мен тікелей Президентке бағынышты болатын Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құру туралы шешім қабылдадым.
Бұрын мұндай орган болды және өз жұмысын ойдағыдай атқарды. Енді осы агенттік қайтадан тұтас мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі орталығына айналады. Агенттік ұсынған реформалар нақты, іске асатын және ең бастысы, барлық мемлекеттік органдар үшін орындауға міндетті болуға тиіс.
Реформалар жөніндегі жоғары президенттік кеңес құрылады. Бұл кеңестің шешімдері түпкілікті болады. Тез өзгеріп жатқан ахуалға шынайы баға беру үшін Статистика комитеті Агенттік құрамына беріледі. 2
Міне сондықтан да азаматтардың жаңа әлеуметтік экономикалық мінез-құлқын қалыптастыру тұжырымдамалары заң мен құқықтық мәдениетті жетілдіру қажеттілігіне сілтеп отыр. Қазіргі күні қылмыстық, әкімшілік, экономикалық, интеграциялық және тағы басқа кешендік мәселелерді қамтиды. Бастысы заң бар, оны орындау, іске асыру және сыйлау әрі күнделікті өмір салтында әдетке айналдыру керек дегенмен, кейде түрлі жауапсыздықтарға куә боламыз. Сондықтан бұл процесстің тәрбиелік бағыты мектепке дейінгі мекемелерде және оқушылармен, арнайы орта және жоғары оқу орындарында, көпшілікпен жұмыс жүргізуден басталады. Қазіргі кезеңде құқықтық сана мен құқықтық мәдениет мәселелеріне заңгерлер, философтар, саясатшылар мен әлеуметтанушылар көңіл аудара бастады. Бұл тақырыпта М. Баймаханов, А. C. Ибраева, А. Котов, А. Бейсенова, елбасы Қазақстанның экономикасының және әртүрлі саладағы жеткен жетістіктерінің нәтижесін айта отырып барлық салада алға жылжу үшін қандай адамдар жасауымыз керек екендігін көрсете отырып жол сілтеді. Білім саласына қатысты былай деді елдің, ұлттың бәсекелестігінің ең бірінші көрінісі оның білімділігінің деңгейімен анықталады. Бұл жағынан әлемдік стандартқа сай болуымыз үшін он екі жылдық білім жүйесін жоғары сынып оқушыларына көсіби бағыт-бағдар беру жағы қарастырылады. Яғни мектепке дейінгі дайындық бірінші сыныпқа тең болады. Он жылдық білімді алғаннан кейін оқушы жоғары оқу орнына түсуге немесе белгілі бір мамандық иесі болуға құқық беретін кәсіби техникалық білім алып шығуы қажет. Сондықтан жоғары білім төрт жылдық болады, әрине бұл жүйеге бірден еніп кету өте қиын ол үшін біз жетіспей жатқан жақтарымызды толықтырып білім жүйесіндегі материалдық-техникалық базаны күшейтуіміз қажет.
Осы мәселені шешу үшін :
1. Бала-бақшалардың жұмыстарын қалыпқа келтіріп мектепке дейін білім
беру жағын ұйымдастыруымыз қажет.
2. Оңтайлы нәтиже болу үшін жаңа кезеңнің педагогтарын дайындауымыз
қажет. Педагог мамандарды дайындаудың көлемін көбейту, олардың біліктілігін арттыру, материалдық техникалық базаны жақсарту шаралары іске асырылсын деген ҚР Үкіметіне тапсырма берілді.
3. Мектептер салуды қолға алу олардың санын көбейту, жағдайы төмен
мектептерді жабдықтау әртүрлі деңгейдегі құрылыс жұмыстарын жүргізу
сияқты шараларды жүргізу керектігін атап көрсетті.
4. Қабілеттері шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыру, мектеп
интернаттарды дамыту.
5. Оқушылардың білім сапасын көтеру үшін сырттай бақылау және бағалау
жүргізетін дербес орган құру.
6. Оқулықтардың ( соның ішінде мемлекеттік тілдегі оқулықтардың сапасын көтеру қажет.
7. Техникалық біліммен орта кәсіби білімнің деңгейін көтеру мәселесі
қарастырылады.
Коронавирус індетінің салдарынан дүниежүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшті. Бұл жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгертуде.
Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда Үкіметтің жіберген қателіктерін жақсы білеміз. Ашығын айтқанда, әлі күнге дейін нақты бір онлайн-платформа жоқ. Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар күндіз-түні «WhatsApp»-тан бас көтермейтін болды. Толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет. Дегенмен, сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа қатысып, мұғалімдермен және сыныптастармен араласудың орны бөлек. Сондықтан санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеген жөн. Бұл, әсіресе, мектептер үшін маңызды. Күнделікті мәселелерді шешумен қатар, балалардың бәріне бірдей мүмкіндік туғызу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да сапалы білім алуы керек. Білім саласындағы басты мәселенің бірі - ұстаздар жалақысының аздығы. Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1, 2 триллион теңге бөлінеді. Біз балалардың мектепке дейінгі жан-жақты даму мәселесін шешуіміз керек. 2025 жылға қарай 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100 пайыз қамтамасыз етуді міндеттеймін. Бұл түйткіл мемлекеттік балабақша салумен ғана шешілмейді. Осы іске жеке бизнесті тартып, қолдаудың жаңа түрлерін, соның ішінде қаржыландырудың ваучерлік тәсілін ойластыру қажет. Ата-аналар кез келген балабақшаны немесе мектепті таңдап, мемлекет берген ваучермен төлем жасай алады. Мамандардың негіздеуінше, мемлекеттің тек дарынды оқушыларды қолдауы балалар арасында әлеуметтік ара-жікті ұлғайтуы мүмкін. Бұған жол беруге болмайды. Осыған орай, мемлекет қарапайым мектептерге қолдау көрсетеді. Сонымен бірге бұл қадам қала мен ауыл арасындағы білім беру саласындағы алшақтықты қысқартуға жол ашады. Азаматтардың сауаттылығы мен цифрлы біліктілігін арттыру мақсатында Үкіметке Үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын. Бұл құжатта бейресми білім берудің баламалы нұсқаларын көптеп енгізу, өз бетінше оқу нәтижелерін мойындау, кәсіби дағдыларды сертификаттау мәселелерін қарастыру қажет. Сонымен бірге біз кәсіби білім берудің бүкіл жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар қалыптастыруға бағыттағанымыз жөн. Кәсіпкерлердің жаңа буынын қалыптастыруға басымдық беріледі. Сол себепті «Кәсіпкерлік негіздері» пәні мектептен бастап жоғары оқу орнына дейінгі барлық білім беру сатысында оқытылуы керек. Өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажет. Қаржы тапшылығы кезінде мемлекет бюджеті есебінен кәсіби спорт клубтарын толықтай қамтамасыз етудің қажеті жоқ. Мемлекеттің және квазимемлекеттік компаниялардың бюджетінен миллиардтаған теңге тиімсіз жұмсалуда. Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет. «Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына келтірген жөн. Онда жастарымыз қолөнердің және шығармашылықтың бастапқы негіздерімен танысар еді. Балалар үшін қатерлі бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда олардың күш-жігері мен қызығушылығын дұрыс арнаға бағыттау аса маңызды. Балалар мемлекетіміздің болашағы емес пе? Әкімдердің жұмысын осы өлшем бойынша да бағалаймыз. Білім беру сапасы туралы бірер сөз. Былтыр мен дипломды оңды-солды үлестірумен айналысатын білім мекемелерін жабуды тапсырған болатынмын. Білім беруді табысты бизнеске айналдырған ықпалды адамдардың қарсылығынан бұл жұмыс баяу жүруде. Бірақ проблеманы шешу керек. Премьер-Министр бұл мәселені ерекше бақылауға алуға тиіс. Ғылым саласын дамыту туралы да айтқым келеді. Бұл мәселе бойынша бізге тың көзқарас пен жаңа тәсілдер керек, сондай-ақ халықаралық тәжірибеге арқа сүйеуіміз қажет. Үкіметке жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлуді тапсырамын. Ғылымды қаржыландырудың және қолдаудың маңызды көзі - ірі кәсіпорындардың, әсіресе шикізат саласындағы компаниялардың қаражаты. Тапқан табыстың 1 пайызын ғылым мен технологияны дамытуға беру туралы қолданыстағы норма талаптары сақталмай отыр. Көп жағдайда бұл қаражат компаниялардың ішінде бөлініске түсіп кетеді. Үкіметке осы қаражатты жинақтау ісін орталықтандыруды және оның бюджет арқылы жалпыұлттық ғылыми басымдыққа сай бөлінуін қамтамасыз етуді тапсырамын. Ірі бизнес өкілдері өңірлік университеттердің ғылыми қызметін қамқорлыққа алса, нұр үстіне нұр болар еді. Бізге елімізді ғылыми-технологиялық тұрғыдан дамыту жөніндегі арнаулы бағдарламалық құжат қажет. Оның басты міндеті ұлттық деңгейдегі нақты мәселелерді шешуге ғылымның әлеуетін пайдалану болмақ. 3
Бірақ біз құқықтық тәрбие, құқықтық білім, құқықтық мәдениет туралы ой қозғағанда тарихымызға үңілмей кетуімізге болмайды, өйткені білмеген халық тұл халық деп айтуымызға болады. Құқықтық санасы: тәрбиенің тарихи-дәстүрлік жүйесіне тоқтала кететін болсақ өткен кезеңдегі құқықтық сана элементтерінің бүгінгі әлеуметтік жағдаймен астасы жатқандығы белгілі. Осы тұрғыдан мынадай бір тарихи бірізділікті мысалға ала кетелік. Халық дәстүрі, әдет-ғұрып, салт-жоралғылары тұрмыс пен өмір сүру жағдайларына қатынасты көрсететіні белгілі. Дәстүрлер билеушілер мен хандардың қолдауымен сот пен билердің қызметінде мойындалды, іске асты. Сөйтіп бір кезде тәртіп, заң түрінде қалыптасып, әдет-дәстүр құқығы C. Оспанов, Қ Ғабдуллина зерттеулер жүргізеді. Әрине бұлар ұсынған ой-пікір дәйектемелерде құқық қоғау органдары қызметкерлерінің бойында құқықтық санамен құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен өрбіту заңдылықтары, яғни қажеттілік факторлары, кепілдемелер мен кеңестер топтастырылған. Қозғалған тақырыптың методологиялық негізі өзінің танымдық ерекшелігін, дүниетанымдық позиция тұрғысынан оның табиғатын, мазмұндық формасы мен қозғалысын анықтаудан басталады. Осыған орай қазіргі білім дамуының жалпы заңдылықтары мен құқық мәселелерінің ерекшеліктерін біріктіреді.
Заңдылықтың қатаң сақталуы бұқараның мәдени деңгейі мен саналылығын, құқықтық санасын дамытудың маңызды алғышарттары болып табылады. Қоғамдық сана қоршаған ортаның түрлі формадағы бейнеленуі болса «саяси идеялогия, философия, мораль, ғылым және т. б. », оның ішіндегі ерекше түрі құқықтық сана екені белгілі. Сондықтанда ол адамдардың тиісті құбылыстарды бағалауы, көзқарасы, көңіл-күй, сезім, ұжымдар мен әлеуметтік топтар, нанымы, сенімі сияқты қасиеттерін біріктіреді. Мамандардың пікірінше құқықтық сананы құрайтын көзқарастар, идеялармен принциптердің айтарлықтай бөлігі нормативтік сипатта болады.
Бұл дегеніміз заңдылық идеясы, ізгілік, әділеттілік, заңды силау және т. б.
құқықтық сананың маңызды категориялары белгілі жағдайда адамдардың
мінез-құлқын реттейді әрі олардың жүзеге асуы негізінен алғанда арнайы
мемлекеттік құралдарымен күшейтіледі. Соның нәтижесінде, құқықтық
сананың реттеушілік ролінің тиімділігі құқықтық сана мен құқықтық мәдениет дамуының деңгеіне байланысты болып шығады.
Құқықтық сананың ерекшелігі, біріншіден материалдық жағдай анықтайтын белгілі топтың, индивидтердің көзқарастар жүйесі, нанымдары,
түсініктері, бағалаулары, көңіл күйлері мен сезімдері; екіншіден, аталған қасиеттер қазіргі саяси жүйенің қалыпты өмір сүруіне жауап беретін қоғамдағы белгілі құқықтық режимнің орнауына бағытталған; үшіншіден қоғамның құқықтық режимі мемлекеттік биліктен өрбитін және арнайы мемлекеттік құралдармен қамтамасыз етілетін заң категорияларындағы құқылардың құқықтық санасымен, міндеттері мен талаптары және ұйғарымдарымен анықталады. Жалпы, практикадағы құқықтық сананың гносеологиялық, реттеушілік және құқықтық модельдеу міндеттері жеке-жеке мәселелер ретінде айшықтауды талап етеді. Сонымен бірге құқықтық сана күрделі құрылым ретінде құқықтық идеология және құқықтық психология болып бөлінеді.
Құқықтық сананың негізгі белгілеріне келетін болсақ, онда ол қоғамдық сананың формасы; моральға тым жақындастыратын жалпы сипаттағы құқықтық түсініктер мен сезімдер; құқықтық құбылыстар туралы
білім; адамдардың құқықтық құбылыстарға қатынасы, яғни мемлекет заңдарына әділеттілік пен әділетсіздікті, сот пен ішкі істер органдарының қызметтерін, мінез-құлықтың заңдылығын және т. б. топтық, ұжымдық позициядан бағалау болып табылады.
Елбасымыз Н. А. Назарбаевтың 2018-жылғы Қазақстан халқына жолдауына тоқтала кететін болсақ бәсекеге ынталы ел, бәсекеге ынталы экономика және бәсекеге ынталы ұлт болуға шақырған. Жолдауда болып аталды. Сол кездегі көшпенді өмірдің кодификациясы атанған «Қасым
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz