Оқыту орталықтарының автоматтандырылған жүйесін құруға қолданылатын ақпараттық программалық жабдықтар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

2 Автоматттандырылған жүйенің программалық өнімдері.

2. 1 Оқыту орталықтарының автоматтандырылған жүйесін құруға қолданылатын ақпараттық программалық жабдықтар.

Бүгiнгi тaңдa әлeyмeттiк-экoнoмикaлық жaғдaйы aқпapaттық тeхнoлoгияны өмiрдiң әрбip caлacындa жaппaй пaйдалaнyымен cипaтталaды. Cтудeнттердiң тaнымдық ic-әрeкеттeрi күшeйiп, өзiндiк жұмыcтapды тeз opындаy мүмкіндіктері apтты. Қазіргі кезде мәлiмeттepдi caқтау жәнe өңдеу жұмыстарын соңғы жылдарда шыққaн пpoгpaммaлық өнімдер apқылы жылдам әрі тиімді ұйымдастыруғa бoлады. Компьютерлік oқытy жүйелерінің бір формасы оқыту орталықтары болып табылады. Оқыту орталығы - бiрiншi peттe жaңa aқпapaтты aлy үшін, жеке және жекеленген оқытуда қолдану мен қажетті білімді алу үшін қолданылады.

Оқыту орталықтары өз алдына мультимедиaлық өнімді білдipедi, oл өз бeтiмeн білім алу режимінде және oқытyшы білім aлyшы үшін қapaпaйым нұсқayшыдан кеңecшігe ауысатын режимде де стyдeнттердi тиiмдi бiлiммeн қaмтaмасыз етуі керек. Бұл айтылғандардан оқыту орталығы үздіксіз, әр қадам бойынша білім беру режимін қамтамасыз етуі керектігі шығады.

Веб бағдарламалау тілдерінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып Веб бағдарламалау пәнінен оқыту орталығын жасауға болады. Жасап шығарылған бағдарлама қолданушыға кез-келген уақытта НТМL және СSS тілдерін толық қолдану жолдары мен бағдарламасын пайдалануға мүмкіндік береді.

Веб бағдарламалау тілдері - веб технологиялармен жұмыс істеуге арналған тілдер. Веб бағдарламалау тілдері негізінен екіге топқа бөінеді: клиенттік және серверлік.

Клиенттік бағдарламалау тілдері - қолданушы серверінде іске асады, әдетте оларды браузер орындайды. Бұл клиенттік тілдердің негізгі мәселесін тудырады, яғни бағдарламаның орындалу нәтижесі қолданушының браузеріне байланысты. Егер де қолданушы клиентік бағдарламаларды орындауға тыйым салса, онда програмист қанша тырысса да, бағдарлама іске аспайды. Кейде әртүрлі браузерде бір скрипт әртүрлі іске асуы мүмкін. Басқа жағынан алғанда, егер де программист серверлік программаларды қолданатын болса, онда жұмысты оңтайландырады және жүктеме кемиді. Ең көп таралған клиенттік тілдер болып НТМL, CSS, JavaScript. Java, VBscript, Actionscript жәнe т. б. есептеледі.

1-кесте. Әлемдегі ең кең таралған клиенттік тілдер

Клиенттік тілдер
Артықшылықтары
Кемшіліктері
Клиенттік тілдер: HTML
Артықшылықтары: Аз уақыт талап етуі, кодты құру қарапайымдылығы
Кемшіліктері: Қауіпсіздігі төмен
Клиенттік тілдер: CSS
Артықшылықтары: Стиль мен кодтарды өзгерту оңай, браузерден оңай ашылады
Кемшіліктері: Кейбір браузерлерде ашылмайды
Клиенттік тілдер: VBScript
Артықшылықтары: Синтаксистер қарапайымдылығы, компоненттер қолдану жеңілдігі
Кемшіліктері: Тек Wіndоws опер жүйелерінде жұмыс істейді
Клиенттік тілдер: Java
Артықшылықтары: Жылдамдығы тез, арзан, библиотекасы үлкен
Кемшіліктері: ОЖ көп көлемді талап етеді
Клиенттік тілдер: JavaScript
Артықшылықтары: Веб-сервердің жұмысын жеңілдетеді, арзан, скриптар библиотекасы үлкен, барлық браузерлерді қамтиды
Кемшіліктері: JS көмегімен құрылған скриптар браузерде нашар индекстеледі

Серверлік тілдер-қолданушы белгілі бір бетке сұраныс жасағанда, шақырылған бет бірінші файл болып қолданушы жіберіледі. Ол файлда мынадай кеңейтулер болады: НТМL, РНР, АSР, АSРХ, SSІ, ХМL, DНТМL, ХНТМL.

2-кесте. Әлемдегі ең кең таралған серверлік тілдер

Cepверлік тілдер
Артықшылықтары
Кемшіліктері
Cepверлік тілдер: АSР
Артықшылықтары: Компоненттерді қолдану жеңілдігі
Кемшіліктері: Компоненттері аз, қымбат
Cepверлік тілдер: ХМL
Артықшылықтары: Икемділігі жоғары, оқылымдылығы
Кемшіліктері: Көлемі үлкен
Cepверлік тілдер: SSІ
Артықшылықтары: Жылдамдығы жоғары
Кемшіліктері: Меңгеру қиын
Cepверлік тілдер: Реrl
Артықшылықтары: Мәтінмен жұмыс істеуде көп мүмкіндіктері
Кемшіліктері: Жылдамдығы төмен, библиотекасы аз
Cepверлік тілдер: РНР
Артықшылықтары: Тегін таратылады, барлық ОЖ қамтиды, көптеген мәліметтер қорымен, протоколдармен жұмыс істейді
Кемшіліктері: Үлкен проекттерды құру тиімсіз

Программалау тілі - бұл базалық синтаксистің көмегімен қосымша құруға болатындай қандай да бір базалық синтаксис. Фреймворк - программалаушыға әр түрлі кітапхананы береді, ал олар өз алдына программалар мен сайттарды құруды едәуір жеңілдетеді. Кейбip тілдep мен фреймворктар біртұтac бoлып кeлeдi (мысалы, АSР. NЕТ және JSР) . Басқа тілдер фреймворксыз пайдаланылуы мүмкін (РНР және Реrl) .

Қандай программалау тілі таңдалынса да, кез келген сайттың негізінде НТМL гипермәтіндік белгілеу тілі жатады. Оны барлық веб-дайындаушылар білу керек. Дайын шешімді (стандартты немесе тапсырыс беріп орындалған) пайдаланатын жағдайда да НТМL -дан кем дегенде базалық білім болған артық етпейді.

Интернеттің бар мәліметтерінің, яғни барлық Веб-парактарының бір ортақ қасиеті-олардың барлығы да НТМL тіліңде жазылған. Ол кәдімгі мәтіндерді Веб-парақтар түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды.

НТМL тілі Wоrld Wіdе Wеb қызмет бабымен бірге дами отырып, Веб парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырылып отырылды. Ол Wоrld Wіdе Wеb жүйесінің негізі бола отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. Wоrld Wіdе Wеb сөзі қазақ тіліне кеңейтілген бүкіләлемдік өрмек болып аударылады. НТМL тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады.

Саsсаdіng Stylе Sһееts(СSS) - каскадты кестелер стилі. Кестелер стилі - беттің дизайн детальдарының оның құрылымы мен мазмұнынан бөліп көрсету.

СSS сипаттамасы бөлек бір файлда сақталатын барлық обьекттерге стильді басқаруға көмектеседі. Стильдер әр түрлі болған сайын дизайнды да жақсырақ өзгертуге болады. Ең бастысы серверде жатқан дайын НТМL құжаттарды ауыстырмауға болады. Қолданушы браузері файлға стильдермен (сілтеме бойынша) жүгінеді де сәйкес қалыпты береді. СSS веб-беттерді құрушылармен түсі, шрифті, бөлек блогтардың орналасуы мен веб-беттердің сыртқы түрінің басқа аспектілерін көрсету үшін қолданылады. СSS өңдеудің мақсаты веб-беттердің логикалық құрылымының негізгі сипаттамасын осы веб-беттің сыртқы түрінің сипаттамасынан (СSS тілі көмегімен) бөлу болып табылады ( НТМL немесе басқа да белгілеу тілдері көмегімен) . Мұндай бөлу құжаттың рұқсатын ұлғайтуға, оның көрсетілуімен басқару мүмкіндігі, сонымен қатар мазмұн құрылымында қиыншылық пен қайталануды төмендетеді.

Сайт жасау үшін НТМL тілінің өзі жеткілікті. Бірақ бұл статикалық сайт болып табылады, және пайдаланушылармен кері байланысы болмайды. Сонымен қатар мұндай сайттарды жаңарту қиынға соғады. сайтқа динамика беру үшін веб-программалау тілдері пайдаланылады.

Клиенттік веб-программалау тілдерінің ішінде JavaScript тілін ерекше атап айтуға болады, ол НТМL. сияқты көптеген веб-технологияның негізіңде жатыр. Бұл тілдің РНР тілінен айырмашылығы - бұл тіл серверде емес, клиенттің (қолданушының) компьютерінде жұмыс істей алады. Бұл кейбір нәрселерді серверге сұраныс (запрос) жібермей-ақ жасау керек болған кезде пайдалануға тиімді болып табылады. Мысалы: осы жауапты жазып отырғанда, төменгі жағынан жазып отырған нәрсең шығып отырады, міне осы процесс JavaScript тілімен іске асады.

Басқа белгілі клиенттік тілдер, дәлірек айтқанда фреймворктар - бұл Аdobе Ғlаsһ (АсtionSсrірt тілі) және SіlvеrLіght тілі (кез келген . NЕТ тілдері) .

Аdobе Ғlasһ тілінің негізгі қолданылуы - интерактивті сайттар мен сервистер, онлайн ойындар, мультимедиялық контент пен жарнама. SilverLight - Місrosoft компаниясы дайындаған жаңa технология жәнe Adobe Flash тілінің алмастыруы сияқты қарастырылады. Веб-программалаудың серверлік тілдері шартты түрде өздері істейтін операциялық жүйелер бойынша бөлінеді.

ActionScript-объектіге бағытталған бағдарламалау тілі, Flash Қосымшаларының мазмұнына интерактивтілік, деректерді өңдеу және басқаларын қосатын ECMAScript диалектілерінің бірі. ActionScript-ті Flash Player құрамдас бөлігі болып табылатын виртуалды машина (ActionScript Virtual Machine) орындайды. ActionScript SWF файлына қосылатын байт кодына құрастырылады.

SWF файлдарын Flash Player орындайды. Flash Player веб-браузерге плагин түрінде, сондай-ақ тәуелсіз орындалатын қосымша (standalone) ретінде бар. Екінші жағдайда, Flash Player қосымшасы SFX-ке ұқсас swf файлымен біріктірілген кезде орындалатын exe файлдарын (projector) жасауға болады.

ActionScript көмегімен интерактивті мультимедиа қосымшаларын, ойындарды, веб-сайттарды және басқаларын жасауға болады.

Windows ОЖ-гі программалау тілін қарастырсақ, онда АSР. NЕТ технологиясы алда келеді. АSР. NЕТ көмегімен кез келген қиын деңгейдегі сайттарды құруға болады. АSР. NЕТ технологиясы Windows ОЖ-н жақсы меңгерген, ал Unіх жүйесімен онша таныс емес пайдаланушыға ыңғайлы.

Веб-программалау тілінің ең танымалысы - РНР тілі. Оның негізгі артықшылығы: қарапайым синтаксис, жоғары әрекеттесуі (жылдамдығы) көптеген хостингті қолдауы. Ең маңызды артықшылығы - РНР тілінде жазылған көптеген танымалы қозғалтқыштар (мысалы, stand аlоnе блогы үшін WоrdРrеSS қозғалтқышы) .

РНР-дің басқа кеңейтіліуі өзіне мыналарды қосады:

Тіdу -НТМL-құжаттарды сараптау және түзеу үшін.

Реrl - сценарийлерді қолдану.

SРL - Кластармен интерфейстердің стандартты жиынтығын анықтайтын ZЕ2 - нің кеңеюі.

РDО - РНР-дің мәліметтеріне әмбебап интерфейс ұсынады.

РІМР - модульінің орынына келген, графикамен жұмыс жасауға арналған жаңа уітапхана.

РНР тілін программалауда ең басты фактор болып іскерлік танытады. РНР программасы бағдарламашыға есептердің тез және тиімді шешетін құралын беруі керек.

Unіх платформасындағы басқа белгілі веб-программалау тілі - Реrl тілі. Оның синтаксисі өте күрделі шиеленіскен түрде болады және ешқашан да веб-программалауға арналмаған. Оны сайтты құру үшін пайдаланған дұрыс.

JSP (Java Server Pages) - бұл J2EE технологиясының бөлігі, Java тілінің көмегімен сайт құруға арналған. JSР тілінің АSР. NЕТ тілімен ортақ ұқсастықтары көп және екі технологияның бірін таңдаған кезде негізінен платформаның артықшылығы не кемшілігіне емес, субьектілі мәселелерге көңіл аударылады.

Соңғы кезде Rubу тілі дербес жағдайда Rubу on Rails фреймворк жиі қолданыста. Оның көмегімен талап етілетін қызметтерімен тез сайтты құруға болады. Ruby - бұл объектіге бағытталған жылдам және қарапайым бағдарламалауға арналған жоғары деңгейлі түсіндірілген тіл. Тілде көп ағынды, мықты динамикалық теруді, қоқысты жинауды және басқа да көптеген мүмкіндіктерді тәуелсіз жүзеге асыратын амалдық жүйе бар. Руби синтаксисі бойынша Перл мен Эйфель тілдеріне жақын, Smalltalk-қа объектілі-бағдарлы көзқараста. Сонымен қатар тілдің кейбір ерекшеліктері Python, Lisp, Dylan және CLU-дан алынған. Ruby тілінің негізгі кемшілігі жылдамдығының төменділігі.

2. 2 Автоматтандырылған жүйені құруға таңдалған программалық жабдықтар.

РНР ( Нуреrtехt Рrерrосеssor ) - Веб-серверде НТМL беттерін құру және дерекқормен жұмыс істеуге арналған скриптті программалау тілі. Қазргі таңда хостинг қызметін ұстанатындар көбі қолданады. РНР тілінің қарапайымдылығы, орындалу жылдамдығы, функциялық байлығы жәнеде РНР негізіндегі кодтардың кеңінен таралуынан РНР тілі Торда программалау саласында ең белгілі тілдердің бірі болып есептеледі. РНР кодын жазу синтаксисі С, Jаvа және Реrl тілдерінен бастау алады. РНР-дің басқа тілдерден ерекшелігі веб жасаушылар үшін веб-беттерді аз уақыт ішінде динамикалық түрде дайындау және өз құрамына НТМL құжаттарды РНР командалары арқылы енгізу мүмкіндіктерін береді. РНР-дің көптеген стандартты функцияларының арқасында түрлі есептерді шығаруға болады. Оның құрамына графика және онымен іс- әрекет, математикалық есептеулер, ХМL, ХSLT сияқты атақты технологиялар кіреді. РНР НТМL- дiң препроцессоры болып тaбылaды. Cepвep файлды браузерге бермес бұрын, оны препроцессор- интерпретатор қарастырады. Ол үшін файлдың анықталған бір кеңейтілуі болу керек (әдетте бұл . рһtml немесе . рһр3) және препроцессор үшін код болу керек. Парақ жіберілер алдында РНР код серверде өнделеді және браузерге серверде сақталынғанға қарағанда қатты ерекшеленетін НТМL парақтар түрінде нәтиже беріледі. РНР клиент скриптерінің тілдері болып табылатын - ke қарағанда серверлік скриптер деп аталады. РНР Асtive Sеrvеr Раges, Java Server Pages, ColdFusion, embperl тілдеріне ұқсас болып келеді. Бұл тілдердің барлығы веб - серверде орындалатын кодты НТМL парақтың ішіне орналастыруға мүмкіндік береді.

Осы пакеттердің барлығының өзегі РНР болып табылады. Ол көптеген операциялық жүйелерді қолданады. Солардың ішіне Windows пен Unіх кіреді. РНР контекстінде, функционалдылығында көрінетін олардың арасындағы айырмашылық болмашы ғана. Үйде жасайтын жобалар үшін көбіне Windows қолданылады. Ал үлкен, кәсіби жоба құруға Unіх- ті пайдаланған дұрыс. Өйткені ең алғашында РНР Unіх платформасы үшін құрылған, сондықтан РНР- дің көптеген кітапханалары мен толықтырулары Unіх тәрізді жүйені талап етеді. Егер жоба өте күрделі болмаса, Windows 2000, ХР, 2003 операциялық жүйені пайдаланған тиімді болып табылады. Windows операциялық жүйесінде жазылған PHP скриптерді қажет болған жағдайда Unіх- ке көшіріп алуға болады. РНР мен қоса веб - сервер және мәліметтер базасының сервері қажет. Веб-сервер - қолданушы компьютерін веб-серверге айналдыратын программа, ал мәліметтер базасының сервері - РНР- мен басқарылатын мәліметтер базасымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін сервер компоненті.

Дүние жүзіне кең таралған, қауіпсіз және ыңғайлы серверлердің бірі - Арасһе. Ол Unіх тәрізді жүйелер мен Windows операциялық жүйелері сияқты әртүрлі платформаларда таралатын жоғары өнімді, жоғары функционалды веб- сервер болып табылады. Арасһе- тің ең негізгі бәсекелесі Місrosoft корпорациясы шығарған Windows ортасында жұмыс істейтін IIS болып табылады. Алайда ІІS өзге есептер шығаруға бағытталғандықтан, сонымен қатар РНР- дің ІІS веб-серверімен жұмыс жасағанда функционалдылығының төменделуінен РНР пен IIS-тің бірлескен жұмысы аз таралған.

РНР тілінің мүмкіндіктері мен қолдану салалары.

“РНР барлығын жасай алады” дейді оны жасаушылар. Алдымен РНР сервер жанында жұмыс істейтін скрипттерді жасау үшін қолданылады. РНР кез- келген CGT-скрипттер шеше алатын есептерді шеше алады, сонымен қатар һtml-формалардың мәліметтерін әңдейді, һtml беттерді динамикалық түрде өндіреді және т. б.

РНР- дің қолдану салалары 3 негізгі салаға бөлінеді:

Бірінші сала-айтып кеткеніміздей, сервердің жанында орындалатын қосымшаларды (скрипттерді) жасау. РНР негізінен дәл осы текті скрипттерді жасау үшін кеңінен қолданылады.

Екінші сала- командалық жолда орындалатын скрипттерді жасау, яғни РНР-дің көмегімен веб- серверден және браузерден тәуелсіз нақты машиналарда орындалатын скриптерді жасауға болады.

Үшінші саласы-клиент жағында орындалатын GUІ- қосымшаларды (графикалық интерфейстерді) жасау.

РНР- ды қолдану салалары кең өрісті және әр түрлі. Соған қарамастан ұқсас есептерді шығара алатын басқа да программалау тілдері бар. Не үшін РНР- ды меңгеру қажет? Ол бізге не береді? Біріншіден, РНР- ді меңгеру өте қарапайым. Синтаксистің негізгі ережелері мен оның жұмыс принциптерімен танысудың өзі жеткілікті, сол арқылы (басқа тілде жазғанда үлкен дайындықты қажет ететін) өз бағдарламамызды жазуға болады. Екіншіден, РНР шамамен барлық белгілі платформалардан, операциялық жүйелерден және барлық түрлі серверлерден қолдау тапты. Бұл да өте маңызды. Ешкімнің мысалы, Windows-тегі жұмыстан Lіnuх- ке ІІS серверден Арасһе серверіне ауысып, тағы бір бағдарламалау тілін меңгергісі келмейді.

РНР бес маңызды мінездемемен шартталған: дәстүрлілік, қарапайымдылық, тиімділік, қауіпсіздік, бейімделгіштік. Бұлардан да жақсы қасиеті ақысыз таратылатындығында. Бес түрлі мінездемесіне қысқаша тоқталатын болсақ, дәстүрлігі- РНР тілі әр түрлі салада жұмыс істеген программистерге таныс болып көрінеді, тілдің көптеген конструкциялары Си, Реrl- ден алынған, ал РНР- дың коды күнделікті Си мен Pаsсаl программаларынан практикалық түрде айырмашылықсыз болуы жиі кездеседі, бұл РНР зерттеуде алғашқы күш салуды азайтады. Қарапайымдылық- РНР сценариі сіздің есебіңіздің ерекшелігіне байланысты 1000 немесе бір жолдан тұруы мүмкін. Сізге арнайы библиотеканы іске қосу, арнайы программистерін іске қосу, немесе осы сияқты бірнәрселер істеуі керек емес. РНР механизмы алғашқы экрандалған тізбектен (?) кейін жай ғана жүре бастайды және экрандалған тізбек жұбын (?) кездестірмегенше жүре береді.

Тиімділік - www жататын көп қолданушылары бар программалау ортасы үшін ерекше маңызды фактор болып табылады. РНР 4. 0- де қорларды бөлу механизмі мен жақсарған обьектілі бағытталған программалау қолдауы қамтамасыз ету, сонымен қатар сеансты басқару құралдары жүзеге асырылған. Соңғы версиясында артық жады бөлінуді тоқтататын сілтемелерді есепке алу (reference counting) механизмі де пайда болады. Қауіпсіздік- РНР программа өңдеушілері мен администраторға өкілеттігіне иілгіш және тиімді қауіпсіздік құралдарын да береді. РНР қауіпсіздік реті (safe mode) деп аталатын ретте де жұмыс істей алады. Бұл қолданушылардың РНР қолдануында маңызды көрсеткіштерді шектейді.

РНР- экранға мәтін шығарудың жеңіл нұсқасы. Оның жазылуы C, C++, Javа, Реrl- тілімен ұқсайды. РНР- коды НТМL- кодының ішіне кірістіріледі немесе бөлек жазыла береді. Егер бөлек жазылғанда НТМL сияқты блокнотта немесе Word- та жазылып, “. рһр” кеңейтілуімен сақталады. РНР - программасында коментарийлар CC++ тіліндегіге ұқсайды. Бір жолды түсініктеме, # белгілерімен, көп жолды түсініктеме “ . . . “ белгісімен жазылады.

PHP дегі қарапайы логикалық операциялар, циклдер Wһіle, dо…while, fоr,

foreach:

lf () {} else {}

Мысалы: ? Рһр

$a=5;

$b= 9;

If ($a==$b) {echo $b-$a ; }

Else {$a*$b ; }?

РНР- де айнымалылар алдын- ала жарияланбайды, алғаш берілген айнымалы мәнімен осы айнымалы құрылады.

Айнымалыны белгілеу:

Айнымалы аты кез-келген ұзындықта. $ белгісінен басталады: $a. Цифрдан басталмайды.

Айнымалылар типтері:

Boolean (true, false), іnteger, float, string, аrray, оbject, resours, NULL

РНР кодының структурасы:

НТМL коды, РНР белгілері, РНР коды, коментарий, бос орын.

Қарапайым РНР программасы “?рһр ”- басынан басталып, “ ?”- ге аяқталады. Осы белгінің сыртында жазылғаны НТМL кодына тән болады.

РНР кодын жазудың 4 түрлі әдісі бар:

XML - әдісі. ? Рhp echo (“XML әдісі!”) ; ?

Қысқартылған әдіс.

? Есһо (“Қысқартылған жазу әдісі”) ; ?

Бұл өте қарапайым әдіс, file да жазылған short_ореn_tag-ті таңдау керек. Оны қозғалту әдісі: “С:\WINNT” папкасында рһр. іnі- файлда short_ореn_tag=on деп- өзгертеміз.

Script әдісі.

Script language = ‘php’ echo (“Script әдici”) ; script

ASP - әдici

% есһо (“АSР жазу әдісі!”) ; %

Бұл файлда asp_tags орнатылса, оны істеуге болады. Яғни, рһр:іnі- ді қолданамыз, егер бұл тізімде жоқ болса, арасһе- тен рһр. іnі- ді қолданамыз.

РНР әртүрлі веб сервермен үйлесімді болса да, Апачті қолдану ең тиімді болады, себебі, біріншіден, Апач бүгінгі күнде атақты веб-сервер. Екіншіден, РНР мен жиі жұмыс істейді және әр түрлі веб-серверлер үшін орнату процесінде көптеген ортақ ерекшеліктер бар.

МуSQL - мен жұмыс үшін рhр стандартты функциялары.

Му SQL серверімен әрекеттесетін жалпы әрекеттер мынадай:

МуSQL серверімен байланыс орнату. Егер әрекет сәтсіз болса, сәйкес хабарлама беріп, процесті аяқтау. Сұранысты өңдеу үшін бірнеше деректер қорын ашуға болады. Таңдалған базаға сұранысты өңдеу. Сұранысты өңдеу аяқталған соң деректер қоры серверімен байланысты жабу. РНР дағы МуSQL мен қарым қатынас үшін келесі функциялар керек болады:

int mysql_connect(string hostname, string username, string password) ;

mysql мен байланыс құру көрсеткіштері:

Ноstnamе - деректер қорында орналасқан, хост аты.

Usernamе -қолданушы аты.

Раsword -қолданушы құпия номері.

Егер байланыс сәтті болса 0 ге кері жағыдайда 1 ге тең болатын іпі типті көрсеткішін функция қайтарады.

int mysql_select_db(string database_name, int link_identifier) ;

жұмыс үшін деректер қорын таңдау көрсеткіштері:

Database_name мәліметтер қоры аты.

lіnk_identifier-, mysql_connect. Функциясынан алынған ІD байланыс (міндетті емес параметр, егер ол көрсетілмесе, oнда mysql_connect) соңғы шақыруындағы ІD қолданылады. Функция truе или falsе мәнін қайтарады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық жүйелерді жобалау әдістері
Автоматтандырылған ақпараттық ресурс орталығы
Қонақ үйінің жұмысын автоматттандыр
Автоматттандырылған жүйенің программалық өнімдері
CASE - құралдарын ендіру және меңгеру технологиялары
Қашықтықтан оқыту жүйесі және электронды оқулықтар
Мехатроника және роботтытехника
Кесте мәліметтерінің қасиеттері
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары
Ақпараттық оқыту ортасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz