Қазақстан Республикасы ветеринариясының ұйымдастырушылық құрылымы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

"Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы" институты
"Ветеринария және биоқауіпсіздік" жоғары мектебі

"Ветеринариядағы менеджмент" пәні бойынша
Тапсырма-2

Тақырыбы: Қазақстан Республикасы ветеринариясының ұйымдастырушылық құрылымы.

Орындаған: ВМ-43 топ студенті Абатова С.А.
Тексерген: а.о. Абирова И.М.

Орал,2021

Ветеринарлық клиниканың ұйымдастырушылық құрылымы мен функциялары
6 бап. Ветеринарлық қызмет түрлері
Қазақстан Республикасындағы ветеринариялық қызмет жалпы мемлекеттік (бұдан әрі мәтін бойынша мемлекеттік), ведомстволық және жеке кәсіпкерлік болып бөлінеді.
7 бап. Мемлекеттік ветеринариялық қызмет
1. Мемлекеттік ветеринариялық қызмет жүйесіне мыналар кіреді:
республикалық ветеринарияны басқару органы;
ветеринариялық қызметтің жергілікті органдары;
ветеринариялық ғылыми-зерттеу ұйымдары;
республикалық, облыстық және аудандық ветеринариялық зертханалар;
жануарлар ауруларына қарсы күрес жөніндегі республикалық экспедиция;
облыстық, аудандық және қалалық емдеу ветеринарлық ұйымдары;
бруцеллезге және туберкулезге қарсы күрес жөніндегі эпизоотияға қарсы отрядтар мен экспедициялар;
мемлекеттік шекарадағы және көліктегі ветеринариялық қадағалау қызметі;
ветеринарияны мемлекеттік басқару органдарына бағынатын ветеринариялық және ветеринариялық-санитариялық бейіндегі басқа да ұйымдар.
2. Мемлекеттік ветеринариялық қызмет туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
8-баптың 1-тармағының он төртінші абзацы сөздермен толықтырылды-ҚР 99.11.29 N 488-1 Заңымен.
8 бап. Мемлекеттік ветеринариялық қызмет органдары мен ұйымдарының функциялары
1. Мемлекеттік ветеринариялық қызмет органдарының қарауына мыналар жатады:
аурулардың профилактикасы және диагностикасы, Ауру жануарларды емдеу жөніндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру және бақылау;
эпизоотиялық жағдайды зерделеу және жұқпалы аурулардың алдын алуды және жоюды жүзеге асыру бойынша, сондай-ақ дезинфекция, дератизация,
дезинсекция және өзге де шаралар мәселелері бойынша орындалуы міндетті өкімдер беру;
жануарлардан алынатын ветеринариялық және санитариялық тұрғыдан сапалы өнімдер мен шикізаттың өндірілуін бақылау;
базарларда жануарларды ветеринариялық тексеру, мал шаруашылығы өнімдеріне ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу;
халықты денсаулық сақтау органдарымен бірлесіп жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғау және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
республика аумағын жануарлардың жұқпалы ауруларының әкелінуінен қорғауды бақылау;
ет-сүт кәсіпорындарының, қасапханалардың, цехтардың, мал шаруашылығы фермаларының, кешендердің, жәрмеңкелердің, базарлардың, жануарлардан алынатын шикізат пен өнімдерді, жемшөп пен тасымалдау құралдарын сақтауға арналған қойма үй-жайларының ветеринариялық-санитариялық жай-күйін тексеру;
ет комбинаттарында, қасапханаларда, цехтарда, басқа да қайта өңдеу ұйымдары мен базарларда жануарлардан алынатын өнімдерге ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу, сондай-ақ жануарларды сою алдында тексеріп қарау;
әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдарда өз функцияларын жүзеге асыратын ветеринария мамандарының қызметін бақылау және үйлестіру;
амалсыз сойылған немесе өлген жануарларды сақтандыру органдарына қорытындылар беру;
мал шаруашылығы фермаларын, жануарлар мен жануарлардан алынатын шикізатты сою және қайта өңдеу жөніндегі ұйымдарды жоспарлау және салу жобаларына, көрсетілген объектілерді салу және жануарларға су алу үшін жер учаскелерін бөлу жобаларына сараптама;
мал шаруашылығы объектілерін және жануарларды сою, қайта өңдеу және жануарлардан алынатын шикізатты пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс және мемлекеттік комиссияларға қатысу;
ветеринариялық нормалар мен қағидалар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен бұзылған жағдайда, мал шаруашылығы объектілерін және жануарлар мен жануарлардан алынатын шикізатты сою және қайта өңдеу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға тыйым салу немесе олардың жұмыс істеуін уақытша тоқтату;
ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулерге тапсырыстарды қалыптастыру;
жаңа ветеринариялық препараттарға, аспаптарға, құралдарға, жемшөп қоспаларына қорытындылар беру және оларға нормативтік-техникалық құжаттарды бекіту;
биологиялық, химиялық, фармацевтикалық, жемшөп қоспалары мен ветеринариялық мақсаттарға арналған басқа да препараттарды өндіруге, пайдалануға бақылауды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас ұрпақты нарық жағдайында кәсіпшілдікке бейімдеу
Коммерциялық банктердің басқару құрылымы
Иттердегі парвовирустық энтериттің сипаттамасы
Мемлекеттік аппараттың ұйымдастырылуы әрекет етуінің қағидалары
Саяси жүйе жайлы
Банк саласындағы мемлекеттік басқару, оны жүзеге асырушы мемлекеттік органдардың құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасын мемлекеттік басқару және мемлекеттік билік органдарының жүйесі
Биотехнология пәнінен зертханалық жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы басқарудың билік түрлері және қызметтері
Қазақстан экономикасының әлеуметтік - экономикалық дамудың алғы шарты болжау мен бағдарламалау
Пәндер