Әлеуметтанудың тарихи даму кезеңдерін кесте бойынша жүйелеу


ҚР Білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
«Ақпараттық технологиялар» факультеті
«Ақпараттық жүйелер» мамандығы
«Әлеуметтану» курсы
СӨЖ
Тапсырма: Әлеуметтанудың тарихи даму кезеңдерін кесте бойынша жүйелеу.
Әрбір кезеңдегі басты әлеуметтанушылардың ойлары мен еңбектерін жан-жақты қарастыру (О. Конт, М. Вебер, Г. Спенсер, Э. Дюркгейм және т. б. )
Дайындаған:Бағыт А. Б.
Топ:ВИСсИИ-20-1
Тексерген:Шнарбекова М. К.
2021
Кез-келген ғылым белгілі бір қажеттілікте, жалпы өмірдегі сұраныстарға байланысты пайда болады. Осыған орай қандай да болсын ғылымның, тіпті теорияның өзіне тән шығу тарихы бар. Әрбір ғылымның тарихын білу қажет, өйткені оны білмейінше, біздің сол ғылым туралы білеріміз аз болады.
Сондай-ақ «Әлеуметтану» ғылымы да осындай процесті басынан өткерді.
«Әлеуметтану» ғылымының
пайда болу кезеңдері
1-кезең.
Әлеуметтану ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың 20-30 жылдарының басында қоғамдық құбылыстарды баяндай сипатында болды. Бұл кезеңде әлеуметтану философиядан бөлініп шығып, қоғамды зерттеудің, түсіндірудің жаңа ғылыми, әдістемелік тұжырымдарын іздестіре бастады.
Әлеуметтану дамуының алғашқы кезеңінің өзінде-ақ осы ғылымның пайда болуын, дамуын түсіндірмекші болған бірнеше мектептер, бағыттар, ілімдер қалыптасты. Бұл кезеңде әлеуметтанудың қолданбалы саласы қалыптаса бастады.
Әлеуметтанудың дербес ғылым ретінде пайда болуы француз философы Огюст Конттың есімімен тығыз байланысты(1798-1857 ) . Ол ең алдымен Батыстағы позитивті философияның негізін қалаушы. «Позитивті
философияның курсы» (1830ж. ) деп аталатын 6 томдық еңбегі жарық көреді. Осының үшінші томында алғаш рет «Әлеуметтану» деген ұғымын енгізген. О. Конт
Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты.
Оның негізін салушы француз оқымыстысы Огюст Конт. Ол 1839 жылы 6 томдық
«Позитивтік философия курсы» атты еңбектің ескертпесінде мен әлеуметтік құбылыстарға
тән іргелі заңдар жиынтығын оң зерделеуге қатысты жаңа терминді пайдалануға тәуекел
етуге тиіспін деген болатын. Ол термин «Әлеуметтану» болатын.
О. Конт жүйесі боынша жеке адам, қоғам, жалпы адамзат өзінің дамуында міндетті түрде
үш сатыдан өтеді.
Бірінші теологиялық немесе жалған сатыда (адамзаттың пайда болуынан бастап біздің
заманымыздың 1300 жылына дейін) адам санасы құбылыстардың бастапқы немесе соңғы
себептерін табуға тырысады. Ол «абсолюттік білімге ұмтылады». Теологиялық ойлау өз
кезегінде дамудың үш кезеңінен өтеді: фетишизм, политеизм, монотеизм.
Екінші метафизикалық немесе абстрактілі сатыда (1300-1800) адам санасы
құбылыстардың ішкі табиғатын, олардың мән-мағынасын қалыптасуының басты амалдарын
ұғынуға, абстракциялар жолымен түсінуге тырысады. Олар сын тұрғысынан өткізіліп
қаралады. Бұл кезең адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді
дайындады.
Ал, үшінші позитивті немесе шынайы ғылыми кезеңнің (1800 жылдан бастап) негізгі
белгісі - мұнда ақыл-ой түпкі себептер мен мәндердің ақылға қонымсыз анықтамаларынан
бас тартып, оның орнына заңдарды қарапайым зерттеуге, яғни «бақыланатын құбылыстар
арасындағы тұрақты қатынастарға» жүгінеді.
Герберт Спенсер (1820-1903), ағылшын философы мен әлеуметтанушы- позитивисты әлеуметтануда натуралистік бағыттың көрнекті өкілі болып келді. Ол қоғамды биологиялық ағза аналогиясында қарастырды. Спенсердің әлеуметтік оқулары «органикалық теориялар» отауына ие болды. Ол бойынша қоғам жанды дамушы ағза ретінде оның негізгі құрамдас бөліктерінің өзара әрекет дамуы негізінде қарастырылады. Қоғам функциялары тірі ағза функцияларымен ұқсас келеді. Спенсердің «Әлеуметтану негіздері» басты еңбегінде, қоғамды зерттеуде эволюциялық-тарихи тәсіл құрылымдық-функционалдық және жүйелік ұштас келеді. Әлеуметтік ағза үш басты «жүйеден» тұрады: «реттеуші», «өмір үшін қажет шарттарын қалыптастыру» және «үлестіруші».
Әлеуметтанудың классикалық негізін салушылардың ірі өкілінің бірі, әрі өте беделдісі - Эмиль Дюркгейм (1858 - 1917 ж. ж. ) . Қазіргі әлеуметтану
Әлеуметтанудың классикалық негізін салушылардың
ірі өкілінің бірі, әрі өте беделдісі - Эмиль Дюркгейм
(1858 - 1917 ж. ж. ) . Қазіргі әлеуметтану көбіне Э.
Дюркгеймнің классикалық мұрасына сүйенеді.
Ежелгі қоғамдар өміріне үңіле отырып және
этнографиялық материалдардың негізінде Э. Дюркгейм
діннің ерекше әлеуметтік тұжырымын да жасады. Ол
дінді қоғамның өзі, қоғам барлық киеліктің,
қасиеттіліктің шығатын көзі деп есептеді. Осыған орай
әлеуметтік бірлікте дін шешуші рөл атқарады. Қоғам
дінсіз өмір сүре алмайды. Дін қоғамдағы ең құнды,
бағалы қасиеттерді бейнелейді.
Макс Вебер (1864 - 1920 ж. ж. ) - батыстың ірі әлеуметтанушысы. Қазіргі әлеуметтану ғылымы М. Вебердің ой - тұжырымдарымен көп санасады. М. Веберд
Макс Вебер (1864 - 1920 ж. ж. ) - батыстың ірі
әлеуметтанушысы. Қазіргі әлеуметтану ғылымы М.
Вебердің ой - тұжырымдарымен көп санасады. М.
Вебердің әлеуметтану теориясы позитивистік теорияға
қарсы шығу кезеңінде пайда болды. Позитивизмге қарсы
шығу дәуірінде ол әлеуметтанудың өзгешелігін жақтай
отырып, адам іс - әрекетін, қимылын «түсіну, ұғыну»
теориясын қалыптастырады.
М. Вебер әлеуметтік стратификация теориясының негізін
салды. Веберлік әлеуметтік стратификацияның өлшемі
бойынша жалғыз ғана экономикалық факторлар, яғни
меншік формасына ғана емес, сонымен бірге оған саяси
және статус, престиж (қадір, бедел, мәртебе), өлшемдері
қолданылады. Осыған сәйкес әлеуметтік стратификация
теориясы көп өлшемді болуы мүмкін деп тұжырымдайды.
Неміс социологы Макс Вебер (1864-1920) . М. Вебер көзқарасы тұрғысынан алғанда социология ең алдымен адамның немесе адамдар топтарының мінез-құлқын және әлеуметтік қызметін зерттеуі тиіс. Оның ойынша, теориялық социологияның пәні тек қана әлеуметтік әрекет болуы шарт, социология - әлеуметтік әрекеттер туралы ғылым. Бұл ғылым әлеуметтік әрекетті түсіну, оның себептерін ұғындыруы қажет.
Талкон Парсонстың (1902 - 1979 ж. ж. ) көп еңбектерінің ішінде біз оның екі негізгі еңбегін, яғни әлеуметтік іс - әрекет, қимыл және құрылымды функ
Талкон Парсонстың (1902 - 1979 ж. ж. ) көп
еңбектерінің ішінде біз оның екі негізгі еңбегін,
яғни әлеуметтік іс - әрекет, қимыл және
құрылымды функциональды талдау. Бұлардың
қысқаша мазмұны мен мәні мынандай. Қандай
да бір әлеуметтік іс - әрекет, қимылдың
болуында қажетті шарттар бар. Әрекет қимыл,
біріншіден, оны жүргізетін адамды, екіншіден,
нақты жағдайды, үшінші мақсатпен белгілі бір
заң нормаларына сүйенген шартты жағдайларды
қажет етеді.
Белгілі әлеуметтанушы Питирим Сорокин (1889 -
1968 жж. ) 1922 жылға дейін Ресейде тұрып, кейін
Батыс Еуропа елдеріне эмиграцияға кетуге мәжбүр
болды. АҚШ - та қызмет ете жүріп, эмпирикалық
әлеуметтанудың зерттеу тақырыптары үлкен
әлеуметтік мәселелерді қамти алмағаның байқап,
оны өткір сынға алды. Ол әлеуметтік статификация,
яғни қоғамда топқа, жікке бөліну және әлеуметтік
мобельдік (қозғалу, ауысу) мәселелеріне
эмпирикалық зерттеу жүргізе отырып, бұларды
әлеуметтік ірі мәселелермен, мысалы қоғамның
әлеуметтік құрылымы мен тығыз байланыстырды.
4-кезең. Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеңберде жүйелі білімге айналды. Бұл кезеңде әлеуметтану ғылымында алуан түрлі тұжырымдамалар, көптеген теориялар пайда болды.
Әлеуметтану тарихына үңілсек, бұдан мыңдаған жылдар бұрын грек ойшылары Сократ, Платон, Аристотель, т. б. әлеуметтануға қатысты мәселелермен айналысқанын байқаймыз. Олар қоғам дамуының кейбір мәселелерін қарапайым түрде қарағандарымен, көптеген ұнамды, жақсы ойлар айтқан. Бірақ, әлеуметтану ол кезде өз алдына дербес, тәуелсіз ғылым болып әлі қалыптасқан жоқ еді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz