Әрбір кезеңдегі басты әлеуметтанушылардың ойлары мен еңбектерін жан-жақты қарастыру (О. Конт, М. Вебер, Г. Спенсер, Э. Дюркгейм және т. б. )


ҚР Білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
«Ақпараттық технологиялар» факультеті
«Әлеуметтану» курсы
СӨЖ
Тапсырма: Әлеуметтанудың тарихи даму кезеңдерін кесте бойынша жүйелеу.
Әрбір кезеңдегі басты әлеуметтанушылардың ойлары мен еңбектерін жан-жақты қарастыру (О. Конт, М. Вебер, Г. Спенсер, Э. Дюркгейм және т. б. )
Дайындаған:Бағыт А. Б.
Топ:ВИСсИИ-20-1
Тексерген:Шнарбекова М. К.
2021
Кез-келген ғылым белгілі бір қажеттілікте, жалпы өмірдегі сұраныстарға байланысты пайда болады. Осыған орай қандай да болсын ғылымның, тіпті теорияның өзіне тән шығу тарихы бар. Әрбір ғылымның тарихын білу қажет, өйткені оны білмейінше, біздің сол ғылым туралы білеріміз аз болады.
Сондай-ақ «Әлеуметтану» ғылымы да осындай процесті басынан өткерді.
«Әлеуметтану» ғылымының даму тарихы негізгі 4 кезеңге жіктеледі.
«Әлеуметтану» ғылымының
пайда болу кезеңдері
Әр кезеңдегі әлеуметтанушылардың
ойлары мен еңбектері
1-кезең.
Әлеуметтану ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың 20-30 жылдарының басында философиядан бөлініп шықты және әрі қарай қоғамды тереңірек зерттеуді, ғылыми тұжырымдарын іздестіруді талап етті.
Әлеуметтану дамуының алғашқы кезеңінің өзінде-ақ осы ғылымның тарихы мен барысын түсіндіретін көптеген бағыттар, ілімдер қалыптасты.
Әлеуметтанудың жеке ғылым ретінде пайда болуы француз философы, оқымыстысы Огюст Конттың (1798-1857) есімімен тығыз байланысты.
Ол ең алдымен Батыстағы позитивті философияның негізін қалаушы.
Оның «Позитивті философияның курсы» (1830-42жж) деп аталатын 6 томдық еңбегі жарық көреді. Бұл еңбектің ескертпесінде «Мен әлеуметтік құбылыстарға қатысты жаңа терминді пайдалануға тәуекел етуге тиіспін» деген екен. Ол термин «Әлеуметтану» болатын. Туындының үшінші томында алғаш рет «Әлеуметтану» деген ұғымын енгізген.
Жалпы айтқанда, Огюст Конт әлеуметтануды адамзаттың пайда болуы, өмір сүру заңдылықтарын анықтайтын әмбебап теориялық ғылым ретінде түсіндіреді.
Герберт Спенсер (1820-1903), ағылшын философы мен әлеуметтанушы - позитивисты әлеуметтануда натуралистік бағыттың көрнекті өкілі болып келді.
Спенсердің «Әлеуметтану негіздері» басты еңбегінде, қоғамды зерттеуде эволюциялық-тарихи тәсіл құрылымдық-функционалдық және жүйелік ұштас келеді. Әлеуметтік ағза үш басты «жүйеден» тұрады: «реттеуші», «өмір үшін қажет шарттарын қалыптастыру» және «үлестіруші».
Г. Спенсер әлеуметтанушылардың ішінен бірінші болып, осы ғылымға жаңа ұғым, терминдерді қосты. Олар: әлеуметтік жүйе, әлеуметтік институт, әлеуметтік бақылау, құрылым және функция, т. б.
Қазіргі әлеуметтанудың классикалық негізін салушылардың бірі - Эмиль Дюркгейм (1858 - 1917 ж. ж. ) .
Қазіргі әлеуметтану көбіне Э. Дюркгеймнің классикалық мұрасына сүйенеді. Ежелгі қоғамдар өміріне үңіле отырып Э. Дюркгейм діннің ерекше әлеуметтік тұжырымын жасады. Ол «дінді қоғамның өзі, қоғам барлық киеліктің, қасиеттіліктің шығатын көзі» деп есептеді. Осыған орай әлеуметтік бірлікте дін шешуші рөл атқарады. Қоғам дінсіз өмір сүре алмайды.
Дін қоғамдағы ең құнды, бағалы қасиеттерді бейнелейді.
Макс Вебер (1864 - 1920 ж. ж. ) - немістің көрнекті әлеуметтанушысы.
Қазіргі әлеуметтану сонымен қатар М. Вебердің ой - тұжырымдарымен көп санасады. М. Вебер әлеуметтік стратификация теориясының негізін салды.
М. Вебер көзқарасы тұрғысынан алғанда социология ең алдымен адамның немесе адамдар топтарының мінез-құлқын және әлеуметтік қызметін зерттеуі тиіс. Оның ойынша, социология - әлеуметтік әрекеттер туралы ғылым. Бұл ғылым әлеуметтік әрекетті түсіну, оның себептерін ұғындыруы қажет.
Сонымен қатар, ірі әлеуметтанушылардың
бірі ол - Карл Маркс.
К. Маркстің әлеуметтану саласында көптеген бағалы ой-пікірлер, тұжырымдар бар:
1. К. Маркс қоғамның дамуын ерекше бір құбылыс ретінде қарастырды;
2. К. Маркс қоғамның даму заңдарын түсіндіргенде, әр уақытта экономиканы ең басты, қозғаушы, шешуші күш деп санады;
3. К. Маркстың әдістемесінде қоғам дамуының екі басты үлгісі бар: а) органикалық, б) механикалық.
4. К. Маркс әлеуметтік құрылым теориясын
жасаған авторладың бірі болды.
2-кезең.
Қолданбалы әлеуметтану
ХХ ғасырдың 30-60 жылдарын қамтиды.
Бұл кезеңде әлеуметтанудың әдістемелік және әдістік аппаратын дайындау басталды, әлеуметтану іс жүзіндегі ғылымға айналды.
Оның әр түрлі ақпарат құралдары қалыптасып, кеңінен қолданыла бастады.
Белгілі әлеуметтанушы Питирим Сорокин (1889 -
1968 жж. ) әлеуметтік статификация,
яғни қоғамда топқа, жікке бөліну мәселелеріне
зерттеу жүргізе отырып, бұларды қоғамның әлеуметтік құрылымы мен тығыз байланыстырды.
АҚШ-та нәсілшілдік пен этностық кемсітушілік маңызды проблемаға айналды. Бұл проблемаларды зерттеген алғашқы әлеуметтанушылардың бірі -
Уильям Дюбуа болды. Ол афроамерикалықгар туралы эмпирикалық деректерді саралап, оны нәсілшілдікпен күресте қолдану мақсатына бүкіл саналы ғұмырын арнады.
3-кезең.
ХХ ғасырдың 60-90 жылдарын қамтиды. Осы кезеңде әлеуметтану алдыңғы кезеңдердегі әлеуметтану ұғымдарын, әртүрлі ой-тұжырымдарын күнделікті өмірде пайдаға жарата бастады.
Талкон Парсонстың (1902 - 1979 ж. ж. ) көп
еңбектерінің ішінде, екі негізгі теориясы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz