Бұқар жырау жырларының көркемдік қуаты



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе бөлім

Тақырыптың өзектілігі: ХҮІІІ ғасырда Қазақстанда ағартушылық ой-пікірдің дамуында өзіндік із қалдырған, атақты ақын-жыраулардың бірі. Бұқар-жырау Қалқаманұлы. Батырлар жанұясында дүниеге келген. Әкесі Қалқаман батыр туралы кезінде еліне атағы шыққан , халқына батырлығымен белгілі болған, аты аңызға айналған тұлға ретінде белгілі. Ол өте сауатты, өз атасын елге ерте танылған және Тәуке ханның маңындағы ең құрметті адамдардың бірі болған. Жоңғар шапқыншылығы кезінде Бұқар жырау елімен бірге халқының басына туған қиыншылықты басынан кешірді, бірақ ол үмітін үзген емес , өз отанын шетел басқыншыларынан қорғауға халықтан елін, жерін жанқиярлықпен қорғайтын батырлардың, ел басқыншылардың шығатынына сенімін жоғалтқан жоқ. Міне, осындай үміт артқан, өз кезінде барлық жандардың ең мықтысы болған Абылай ханның кеңесшісі, ақылшыларының бірі болған. Абылайдың ел басқарған кезеңі әртүрлі өте күрделі және қарама-қайшылық жағдайлармен сипатталады. Осы қиын жағдай, Абылай ханның саясатының екіжақтылық сипаты Бұқар жырау шығармашылығында өзіндік бейнеленді. Өзінің ұзақ ғұмырында Бұқар жырау халқының көрген көптеген қиындықты өз көзімен көре білді. Сондықтан да оның шығармашылығында өзекті тақырыптар ретінде елдің бірлігі, бейбіт өмірі, өз отанына деген сүйіспеншілік, сыртқы жаулардан елін қорғауы секілді тәлім-тәрбиелік өзектілігімен көркемдік қуатымен ерекшеленеді.ХҮІІІ ғасырда Қазақстанда ағартушылық ой-пікірдің дамуында өзіндік із қалдырған, атақты ақын-жыраулардың бірі. Бұқар-жырау Қалқаманұлы. Батырлар жанұясында дүниеге келген. Әкесі Қалқаман батыр туралы кезінде еліне атағы шыққан , халқына батырлығымен белгілі болған, аты аңызға айналған тұлға ретінде белгілі. Ол өте сауатты, өз атасын елге ерте танылған және Тәуке ханның маңындағы ең құрметті адамдардың бірі болған.

Жоңғар шапқыншылығы кезінде Бұқар жырау елімен бірге халқының басына туған қиыншылықты басынан кешірді, бірақ ол үмітін үзген емес , өз отанын шетел басқыншыларынан қорғауға халықтан елін, жерін жанқиярлықпен қорғайтын батырлардың, ел басқыншылардың шығатынына сенімін жоғалтқан жоқ. Міне, осындай үміт артқан, өз кезінде барлық жандардың ең мықтысы болған Абылай ханның кеңесшісі, ақылшыларының бірі болған. Абылайдың ел басқарған кезеңі әртүрлі өте күрделі және қарама-қайшылық жағдайлармен сипатталады. Осы қиын жағдай, Абылай ханның саясатының екіжақтылық сипаты Бұқар жырау шығармашылығында өзіндік бейнеленді. Өзінің ұзақ ғұмырында Бұқар жырау халқының көрген көптеген қиындықты өз көзімен көре білді. Сондықтан да оның шығармашылығында өзекті тақырыптар ретінде елдің бірлігі, бейбіт өмірі, өз отанына деген сүйіспеншілік, сыртқы жаулардан елін қорғауы секілді тәлім-тәрбиелік өзектілігімен көркемдік қуатымен ерекшеленеді.

Бұқар жырау Тілек деп аталған толғаулары да дәлел.

Бірінші тілек тілеңіз,

Бір аллаға жазбасқа.

Екінші тілек тілеңіз

Ер шұғыл пасық залымның

Тіліне еріп азбасқа, - деп

Үшінші тілек тілеңіз,

Үшкіліксіз көйлек кимеске.

Қазақ халқында бейбіт өмір болуын , - деп Бұқардың айтуынша, халық пен ел билеген хандардың келісімі мен ел бірлігін сақтауға ақыл-кеңес беріп отырған

Мақсаты: Бұқар жыраудың еңбектеріне тоқтала отырып, көркемдік қуатын, тәрбиелік мәнін анықтау.

Міндеті:

- Бұқар жыраудың өмірі шығармашылығымен және толғауларымен таңысу;

-соңғы ғылыми еңбек көздерін қарастыру;

-Бұқар жыраудың жырларындағы көркемдік қуатын анықтау, тәрбиелік мәніне тоқталу.

Зерттеу объектісі: Бұқар жырау жырларының көркемдік қуаты

Зерттеу әдістері: болжау, жиинақтау, сұрыптау.

Ғылыми жаңалығы: Бұқар жырау шығармаларындағы романтизмнің бейнелеу принциптерін қарастырдым

Қүрылымы: Кіріспе бөлім мен негізгі бөлімнен тұрады.Негізгі бөлім Бұқар жыраудың өмірі мен шығармашылығы, Бұқар жырау шығармаларындағы романтизмнің бейнелеу принциптері, Бұқар жыраудың жырларының қуаты, тәлім- тәрбиелік идеялары, Бұқар жыраудың шығармаларының тәрбиелік мәні зор афоризмдер тақырыптарын қамтиды. Қорытынды бөлім мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

II.Негізгі бөлім

Бұқар жыраудың өмірі мен шығармашылығы.

Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693 - 1787) - әйгілі жырау, Абылай ханның ақылшысы ,биі. Жұртқа оны Көмекей әулие деген есіммен танылған . Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек жырмен түйіп - түйіп сөйлейтін болған. Көбіне-көп Абылай ханның өтінішімен, сәуе айтшы деген тілегімен түсінде көрген істерін болжап айтады екен. Жырау қазақ халқының жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүрген, сол қиын қыстау замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере қата білген. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңестерін беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға үлкен үлес қосқан. Өзінің саяси-әлеуметтік мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналған деседі. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық бірлігін сақтап калатын көсем тұрғысында үлкен сенім артқан. Абылай хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай қызмет еткен. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосыпта олардың өшпес әдеби бейнелерінде жырлап , дәріптеп отырған. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын айтсақ болады, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлаған. Оның Абылай ханның қасында, Ал, тілімді алмасаң, Ай, Абылай, Абылай, Қазақтың ханы Абылай, Ханға жауап айтпасам, Басыңа біткен күніңіз, Ай, Абылай, сен он бір жасыңда, Ал, айтамын, айтамын атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігін сипаттаған. Ал Садыр, қайда барасың?, Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларға деген жырларында ол ел болашағы, татулық мәселелерін де көтерген. Он екі айда жаз келер, Абылай ханның қасында, Ханға жауап айтпасам атты толғаулары халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау, отарлауды көздеген елден жыраққа, Жиделі байсынға көшу мәселесін қозғаған. Бұл жырлар үгіт-насихаттық, дидактикалық сипаты басым жырлардың бірі. Бұқар жыраудың толғаулары, шын мәнінде Абылай дәуірінің айнасы деседі.

Бұхар өмір сүрген дәуірдің ұлы оқиғасы- жоңғар қалмақтарының өктемдігі, олардың қазақ жерін баса көктеп енуін білеміз. Қалмаққа қарсы ұрыс басталған шақтан аяғына дейін бар ауытпалықты Бұхар елімен бірге кешкен. Ол әсіресе, өзі туған өлкесін азат ету күресіне тікелей араласып, қолбасшыларымен бірге, ақылшы, үгітші болып белсендік көрсеткен.

1992 жылы Қазақстан Ғылым академиясы әдебиет және өнер институты жыраудың тұңғыш жинағын өмірге әкелген. Оны құрастырушы М. Жармұхамедұлы.

Бұқар жырау поэзиясының негізгі ерекшеліктерін, ішкі ағыс-толқындарын, күйлі-қуатты толғамдарын білімпаздықпен саралаған М. Әуезов: Жырау... заман сыншысы, сөйлесе шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді. Өзі тұрған заманның белгілеріне қарап, келешек заман не айтатынын болжайды. Сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйлейді. Сыртқы түрі құбажондатқан толғау, салыстырған суреттермен ұқсатқан нобай, жағалатқан белгімен келеді... Не айтса да, көптің мұңы мен қамы, көптің жәйі туралы: не көпке арнаған ақыл, өсиет есебінде айтылады, -- дейді. Жыраудың толғауларының сыртқы сымбаты мен ішкі қасиет-қуатында, көркем ойлау процесінде шиыршық атқан жалынды шешендіктің буы, асқақ қаһармандық рухы білінеді. Негізінде, толғаудың құрылысы күрделі ой ағымына, пікір еркіндігіне, ауызекі сөйлеу стиліне бағынады. Тармақтар 7 - 8 буынды, ұйқастары еркін. Тегінде, толғау музыкалық аспаптардың (қобыз яки домбыра) сүйемелдеуімен орандалады. Толғауларының поэзиялық сәулеті, ерекше қасиеті және оның сөз қолдану ерекшелігі де өзгеше Бұхарекең сөйлеген уақытында сөзі мұндай жүз есе, мың есе шығар. Бізге келіп жеткен тамыры ғана, бұл кісінің сөзін түгел жазамын деушіге Нұқтың өмірі, Айыптың сабыры, Аплатонның ақылы керек -- деп жазады жыраудың тұңғыш библиографы Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Жыраудың шығармаларының текстологиясы әлі күнге ретке келтірілмеген. Ең қажетті таңдамалы сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер іріктеліп, сұрыпталып алынбаған, дұрыс, түзу, мұқият салыстырулар жүргізілмеген. Бұл болашақтың ісі. Бұқар жырау мұрасын жинауда, жариялауда және зерттеуде Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Қ. Халид, Г. Потанин, Ш. Уәлиханов, М. Әуезов, С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, М. Мағауин, Р. Сыздықова секілді ұлт зиялылары еңбек сіңірген қайраткерлер.

Бұқар жыраудың жырларының қуаты, тәлім- тәрбиелік идеялары.

XVII ғасырда Қазақстанда ағартушылық ой - пікірдің дамуында өзіндік із қалдырған ақын - жыраулар поэзиясының көрнекті өкілі . Бұқар - жырау Қалқаманұлы - жырлар жанұясында дүниеге келген . Қалқаман батыр туралы кезінде еліне , халқына батырлығымен белгілі болған , аты аңызға тұлға екені белгілі . Ол өте сауатты , өз атасын елге ерте танылған және Тәуке ханның маңындағы ең құрметті адамдардың бірі болған . Жоңғар шапқыншылығы кезінде Бұқар жырау халқымен бірге халқының басына туған ауыр қиыншылықты басынан кешірлі , бірақ ол үмітін үзген жоқ , отанын шетел басқыншыларынан қорғауға жанқиярлықпен қорғайтын батырлардың , ал басқыншылардың шығатынына сенімін жоғалтқан жоқ . Міне , осындай үміт артқан , өз кезінде барлық жандардың ең мықтысы болған Абылай ханның кеңесшісі , ақылшыларының бірі болды . Абылайдың ел басқарған кезеңі әртүрлі өте күрделі және қарама қайшыл тік жағдайлармен сипатталады . Осы қиын жағдай , Абылай ханның саясатының тілақтылық сипаты Бұқар жырау шығармашылығында өзіндік бейнеленді . Өзінің ұзақ ғұмырында Бұқар жырау халқының көрген көптеген қиындықты өз көзімен көре білді . Сондықтан да оның шығармашылығында өзекті тақырыптар ретінде елдің бірлігі , бейбіт өмірі , өз отанына деген сүйіспеншілік , сыртқы жаулардан елін қорғай білу , тәлім - тәрбиелік , өскелең ұрпақ тәрбиесіне толғауларында ерекшке мән береді . Бұқар жырау Тілек деп аталған толғауларында :

Бірінші тілек тілеңіз ,

Бір Аллаға жазбасқа .

Екіншіі тілек тілеңіз

Ер шуыл пасық залымның

Тіліне еріп азбасқа , - деп Қазақ даласында бейбіт өмір болуын , Бұқардың авйтуынша халық пен ел билеген хандардың келісімі мен ел бірлігін сақтауға ақыл - кеңес береді . Ақын халықтың тыныштығының қымбат екендігін , көрші елдермен достық қарым - қатынаста болуды , ханды хандықтың және халықтың мұддесіне қайшы келетін жағымсыз іс - әрекеттерден сақтандырады :

Жан біткен еріп соңынан

От сан алаш баласын ,

Ашытқа құдай қаратып ,

Жусатып тағы ергiзiп ,

Жұмсап бір тұрсаң қолыңнан , - деп Абылай ханның ел бірлігін сақтауға , көрші елдермен қарым - қатынас жасаудағы роліне оң бағасын береді .Ру арасындағы тартыс жағдайында Бұқар жырау адамдарды біріктіруге , ынтымақтыққа шақырады бұрынғы өшпенділікті ұмытып , адамдар өзара достасудың қажеттігін , жау әр уақытта да бізді айналып өтсін , сіздер бір туған анадан қандас бауырларсыңдар , - деп руларға , тайпаларға ықпал етуге арналды .

Бұқар жырау Абылай ханның саясатына , оның қазақ рулары мен көрші елдер мен қарым - қатынасына еркін араласа білген. Бұқар жырау Абылай туралы өлеңдерінде ең алдымен оның жауларымен қарсы күрестегі ерліктерін мадақтаған . Бұқар жырау жақсы мен жамандық туралы , адамгершілік қасиетті , шынайы достық пен қастықты салыстыра келіп , жырау жастарды тәлімдік- тәрбиелік мәні бар қасиеттерді жастардың бойына сіңіруге кеңес береді: Екі жаксы кас болмас ,

Екі жаман дос болмас .

Дос болғанмен хан болмас

Екі жақсы дос болмас ,

Дос болса , түбі бос болмас , -деп адамгершілік пен ізгілік қасиеттерді жастарға дәріптейді. Бұхар жыраудың шығармашылығында қарама - қайшылықтар кер тартпа көзқарастар аз емес . Егер де ол кейбір жағдайда уақыттың және халықтың қажеттігіне байланысты елді бірлікке шақырса , сонымен қатар кейбір өлеңдерінде хан , сарай мүддесінен асып кете алмайды . Ханға берілгендік оның мүддесін көздеу , феодалдық талаптарды , ислам дінінің ұстанымдарын да дәріптейді. Кейбір өлеңдерімен толғауларында ханға , жекеленген ықпалды феодалдарға табыну , әлсіз руларды , әлді көпшілік руларға бағынуды насихаттайды . Мәселен , Абылайға тәуелді , бағынышты керейлер сияқты рулардың ханның өктемдігі мен қысымына шыдай алмай басқа жаққа көшу туралы шешім алуына Бұқар жырау ханды жақтап , Керей қайда барасың ? атты туған жерінен қайда көшіп барасың егер де Абылайдың қойған шартын орындамасаңдар мен сендердің бітіспейтін жауларын болам , - деп хан атынан сөйлейді . Кейбір өлеңдерінде Абылайды асыра мадақтайды , сонымен қатар Бұқар жыраудың өлеңдерінің мазмұны исламның жаттанды қағидаларына сүйенеді . Оның көзқарасындағы қайшылық сол кезеңнің , оны қоршаған феодалдық патриархалдық салт - дәстүрлермен , хандық биліктің күшімен байланысты . Бірақ оның өлеңдері мен толғауларының терең де философиялық - дидактикалық , тәлімдік - тәрбиелік мәні орасан зор . Жыраудың көптеген афоризмдері мен өрнекті өлең жолдары халықтың арасында кеңінен тарағаны белгілі , олар мақал - мәтелдерге айналғанын аңғару қиын емес . Бұқар жыраудың:

Жақсының аты өлмейді

Ғалымның хаты өлмейді , - деген аталы нақыл - афоризмге айналған сөздерінің күні бүгінге дейін халқымыздың арасында кеңінен таралғандығы ,

Оның мақал - мәтелдерге айналғандығын білеміз . Оның нақыл сөздері мен шешендік өнерін ұрпақ тәрбиесінде кеңінен дәріптеген . Жыраудың " Он екі айда жаз келер " , " Абылай ханның қасында " , " Ханға жауап айтпасам атты толғаулары халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау , отарлаулы көздеген Жиделі байсынға көшу мәселесін қозғайды . Бұл жырлардың үгіт - насихаттық , дидактикалық сипаты басым . Жыраудың табиғат пен да өмірін астастыра суреттейтін жырлары да молынан кездеседі: " Бұл , бұл үйрек , бұл үйрек " , " Әлемді түгел көрсе де " , т.б. Осының бәрі жыраудың кәнігі шеберлігі мен талғампаздығын танытады . Бұқар жыраудың толғаулары , шын мәнінде , Абылай дәуірінің айнасы . Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына дарытқан көкірегі даңғыл , алмас тілді , дуалы ауыз кемеңгерді Абылай хан да қасынан бір елі қалдырмаған . Ақыл - ойға кемел " Көмекей әулие " Абылай ханның дұрыс шешім , парасатты пайым қабылдауына , қос бүйірдегі екі алып мемлекеттің арасында оңтайлы саясат ұстауына , әскери дипломатиялық қарым - қатынастарды реттеуге барынша ықпал жасайды . Заман келбеті , Отан тағдыры , болмыс шындығы , ел тұтқасын ұстаған тастап колбасшы , біртуар бақaдүр , үздік мәмілегер , зерделі мемлекет басшысы Абылай ханның жортуыл - жорық күндеріндегі іс - қимылдары , ұлтынын ұлы мұраттар жолындағы ізгі , жалынды күресі -- жырау мұраларында шынайы шыншылдықпен суреттеледі . Әсіресе , Бұқар жырау толғауларында Ресей империясының отарлаушылық , басқыншылық саясаты , зұлымдық әрекеттері әшкереленеді . Мысалы , " Қилы заман " толғауындағы мына бір жайлар табандап жылжып келе жатқан қайшылығы мол заманды елестетеді :

" Күнбатыстан бір дұшпан ,

Ақырында шығар сол тұстан

Өзі сары , көзі көк ,

Діндарының аты боп

Күншығысқа карайды .

Шашын алмай , тарайды ,

Құр айда білмес , діні жоқ ,

Жамандықта міні жоқ .

Затсыз , тексіз бір кәпір ,

Аузы - басы жүн кәпір ,

Жемқорларға жем беріп ,

Азды көпке теңгеріп ,

Ел қамын айтқан жақсыны ,

Сөйлетпей ұрар ұртына .

Бауыздамай ішер қаныңда

Өлтірмей алар жаныңды ,

Кағазға жазар малынды .

Есен алар қалыңмен ,

Солдат алар ұлыңнан ,

Күндердің күні , Абылай ,

Ұйлыққан қойдай қамалып

Бүйірден шаншу , қадалып ,

Сорлы қазақ қалды , ойла

Буқар жыраудың поэзиясының негізгі ерекшеліктерін , ішкі ағыс толқындарын күйлі - қуатты толғамдарын білімпаздықпен бажайлаған М. Әуезов : Жырау ... заман сыншысы , сөйлесе шешілмеген жұмбақ , түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді . Өзі тұрған заманның белгілеріне қарап , келешек заман не айтатынын болжайды . Сөзінің бәрі терең ой , терең мағынамен сөйлейді . Сыртқы түрі құбажондатқан толғау , салыстырған суреттермен ұқсатқан нобай , жағалатқан белгімен келеді ... Не айтса да , көптің мұңы мен қамы , көптің жәйі туралы : не көпке арнаған ақыл , өсиет есебінде айтылады , дейді . Бұқар жырау есілтіп - төгілгiп , алмастай жарқылдап , дария суындай құйылып отырады . Бұған : " Еліңнің қамын же -- сана , Есіліп кеңес айт сана деген лебізі куә . Кейде сәуегей абыз ишаратен , тәмсілмен сөйлейді . Оның қапияда шығарылған философиялық- дидактикалық сипатқа бөленген құдіретті , қиыстырылған курыштай тастүйін сөздер , қанатты кесек ойлар , пайымды терең байламдар белгілі бір нақысты мақалмен тақпақтата , түйдектете , толқындата айтуды қалайды . Бұқар жырау дәуір , өмір , тұрмыс - тіршілік құбылыстарын және олардың себеп - салдарын түп - тамырынан қозғап қана қоймаған , білгір дана қиял қанатында самғап , келешек заманның кереметін де әре білген , көрегендікпен болжай таныған : ,

" Әлемді түгел көрсе де ,

Алтын үйге кірсе де ,

Аспанда жұлдыз аралап ,

Ай нұрын ұстап мінсе де ,

Кызыкка тоймас адамзат !

Ұлы ойшыл - философ сөзін де , пікірін де ойнатып , жайнатып , етек - жеңін жинақы , ықшам , жүзіктің көзінен өткендей сырлы да сұлу мінсіз түйдек әкелген . Әлемді түгел көру " , " Аспанда жұлдыз аралап , ай нұрын ұстап міну деген данышпандық толғамдары есіңді аларлықтай есті сөздер . Бұқар жырау толғауларының сыртқы сымбаты мен ішкі қасиет - қуатында , көркем ойлау процесінде шиыршық атқан жалынды шешендіктің буы , асқақ қабармандық рухтың лебі білінеді . Негізінде , толғаудын кұрылысы күрделі ой ағымына , пікір еркіндігіне , ауызекі сөйлеу стиліне бағынады . Тармақтар 7 8 буынды , ұйқастары еркін . Тегінде , толғау муз . аспаптардың ( қобыз яки домбыра ) сүйемелдеуімет орандалады . Бұқар жырау толғауларының поэзиялық сәулеті , ерекше қасиеті және оның сөз қолдану ерекшелігі де өзгеше . Қара суды теріс ағызған Абылай ханды " Ай , Абылай , сен бір он бір жасыңда " , " Күпшек санды күреңді " деп толғауларында : " Қара судың бетінде , Шайқалып аққан сең едің ... Алтын тонның жеңі едің " , " Алтын тұғыр үстінде , Ақсұңқар құстай түледің ... Бақ үйіне түнедің , деп " Айбалта алтынменен булатқан , " Періштесін жұрт үстінен дулатқан , Жасыл көлге мәслихатқа келтіріп , Зәмзәм суын мыс табаққа толтырған . Қазығын қалайыдан қақтырып , тоқпағын соқтырып , бақыра күміш шаптырып ... , Орындығын оймыштан , Ою - ақыл салдырған , Сануылғын сары алтынға малдырған деген поэзиялы сипаттаулары ; ердің ері Бөгембай батырды " Қазақтың қамал қорғанына , Балақты мүйіз бұғысына ұқсатуы , жыраулардың пірі өзін " Мен Арғын деген арыспын , Аузы кере қарыспын . Сен бұзау терісі шөншіксің , өгіз терісі талыспын " деген метафоралық салыстырулары яки өзінің образдық көркемдік бейнесін сомдауы келісті кесек , немесе : " Бірі етек . бірі жең болған " , " Найзасының ұшы алтын тәрізді кестелі , келісті , көркем суретті сөйлемдер жырау поэзиясының муз , архитектоникасын , образдық - бейнелілік табиғатын анықтайды . Осылардың баршасы Бұқар Жыраудың жаратылысы , дүниені , ғаламды жан - жақты ұғып - түсінуден , танып - білуден , " тұрмыс қазанында қайнап піскен , сөз - ұғымдарды , сөз - образдарды жаңғырта , көркейте түсер шығарымпаздық қабілетінен , филос . көзқарасынан туған деуге болады . Бұқар жырау поэзиясы тапқырлықтан нәр алған әсерлі , көркем теңеулер де кездеседі . Мыс . , Ұрғашының жақсысы , Абжыландай есіліп , Бозжорғадай тұлғаңы " ; " Ормандай көп Орта жүз " ; " Қорғасындай балқыған ; " Киігін қойдай қайырған ; Құланы құлындай тулаған , түлкісі иттей шулаған ; " Буыршындай тiздесті " ; " Ағып жатқан бұлақтай Жарға ойнаған лактай ; " ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асан қайғының шығармаларының зерттелуі
Бұқар өлеңдерінің көбі арнау
Жалпы мектептегі музыка сабағында жыршы-жыраулардың алатын орны
Бұқар – өзі өмір сүрген дәуірдің болмыс-шындығын көркем бейнелеп, артына елеулі әдеби мұра қалдырған жырау
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Жырау - қазақ әдебиетінің көрнекі өкілі
ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ПОЭЗИЯСЫ МЕН ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫРЛЫҚ ЖЫРЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ
XIX ғасыр өлең жырларындағы абылайхан
Қазақ поэзиясындағы жыраулық дәстүр
Жыраулар поэзиясы туралы
Пәндер