Жағымсыз жағдайдағы тұлғаларға кеңес беру: міндеттер қою, кеңес беру рәсімін әзірлеу, кеңес беру бағдарламасын құру, қорытындыларды талдау (жағдайды талдау)


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия және саясаттану факультеті

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы

Картинки по запросу "қазгу"

СӨЖ №1

Тақырып: «Жағымсыз жағдайдағы тұлғаларға кеңес беру: міндеттер қою, кеңес беру рәсімін әзірлеу, кеңес беру бағдарламасын құру, қорытындыларды талдау (жағдайды талдау) ».

Орындаған: Кәдіржан Гүлназ

Қабылдаған: Ашекеева К. Н

Жалпы кеңес беру дегеніміз не? Кеңес беру - білімді маманның клиентке деген қарым - қатынасы. Негізінен, тұлға - жеке тұлға деп қарастырылады, бірақ кейде оған екі адам да қатыса алады.

Кеңес берудің мақсатына тоқталайық.

Жағымсыз жағдайға ұшыраған клиентке кеңес беруге қолайлы - әңгімелесуді аламыз. Әңгімелесу арқылы көптеген жағымсыз жағдайлар мен психологиялық мәселелерді шешу үшін шаралар қарастырылады. Осы тұрғыда белгілі бір жағдайдағы клиентке психотерапиялық көмек ол - жеке тұлғалық мәселелерін шешуге арналған. Біз мұндай жағдайда кеңес алушының жеке бас ерекшеліктерін ескеріп, жеке дара мәселені шешуге ұмтыламыз. Себебі, жақсы нәтиже болуы үшін білімнің маңызы зор. Және еңбек керек. Сонымен қатар санаға тікелей әсер етуі үшін кеңес алушыға сендіру әдісін қолданамыз.

Біз алдымызға келген клиентке ең бірінші қандай кеңес бере аламыз? Жалпы көптеген психолог мамандар өзіндік қағидалары мен талаптарын алға қойып жатады. Бұл жағдайға кеңес алушымен де ақылдасып, шешім қабылдағаны жөн болып табылады. Қатты қиын жағдайда емес клиент болса психологтың көмегімен және өзінің де ықпалымен жағымсыз жағдайдан шығуы мүмкін. Ал, стресске түсіп, жағдайы қиындаған жағдайда әрине, психотерапевт маманға көрінген абзал. Психологиялық қызмет көрсетуші маман ретінде бірнеше міндет-кодекстерімізді ұсынамыз:

1. Өзіңе қауіп төндірме!Бойыңдағы білімің мен талантыңды дұрыс қолдана біл.

2. Кез келген нәрсені бағалауда мұқият бол! Ол бағалауларды ішіңнен айта біл!

3. Адамды қалай бар, солай қабылдап үйрен! Психолог өзіне келген кеңес алушыны тыңдау арқылы түсіне білуі маңызды.

4. Қандай жағдай болмасын, мәлімет беру-анонимділікті ұстануы шарт. Сыр сақтай алуы міндетті. Клиент туралы мәліметтерді сыртқа шығаруға болмайды.

5. Кеңес алуышымен арақашықтықты ұстана біл.

6. Кеңес алушының өз іс-әрекеті мен өміріне деген жауапкершілік құқығынан айырма. Оның жеке бас ерекшеліктері мен қасиеттеріне көңіл бөл!

7. Кеңес алушыға қате мәлімет айтпа! Себебі, қате іс-қимыл жасауы мүмкін.

8. Кеңес алушының әртүрлі психологиялық шараларға қатысуындағы еріктілігін байқа!

9. Өзіңді тұлға және маман ретінде сыйлай біл!

Келесі кеңес беру рәсімдері:

1. Психолог кеңес алушымен бір уақытты белгілеп, пікір алмасады.

2. Психолог клиенттің құзіреттілігімен мен шешімдерін құрметтейді.

3. Психолог кеңес алушыны өзіне жақындата білуі керек және әңгімелерімен жалықтырып алмау. Клиентті эмоционалды түрде қолдау, оған тілектес болады.

4. Психолог клиенттің әр пікіріне, әр шешіміне ризашылық білдіре отырып, жағымсыз жағдайдан шығу жолын іздестіру. Психолог кеңес алушымен мәселелерге толыққанды талдау жасай отырып, мәселенің шешілу жолдарын бірге қарастырады.

Осыған байланысты психология ғылымдарының докторы С. Бердібаева «Адамның творчествалық іс-әрекетінің этнопсихологиялық ерекшеліктері» деген тақырыпта адам жанын, тәнін, оның өмірде алатын орнын, өмірде орныңды қайдан табатыныңды, т. б. тоқталып өткен.

Қазақстандық психолог-педагог Жұмағалиева Ақбота Талғатбекқызы жағымсыз жағдайларға ұшыраған адамдарға өзіне сену әдісін пайдалануды атап көрсетті.

Сіздің сеніміңіз мол болуы қажет! Әрине өзіңізге деген. Егерде, айналадағы адамдар сізді төмендететін болса, сіздің өзіңіңге деген сеніміңіз жоқ болса, онда өзіңізді бағалау төмендейді. Ал, егер барлығы керісінше болса, онда жағдайыңыз бірқалыпты.
Сіздің сеніміңіз мол болуы қажет! Әрине өзіңізге деген. Егерде, айналадағы адамдар сізді төмендететін болса, сіздің өзіңіңге деген сеніміңіз жоқ болса, онда өзіңізді бағалау төмендейді. Ал, егер барлығы керісінше болса, онда жағдайыңыз бірқалыпты.: Өзіңізге сенімді болыңыз. Егер сіз өзіңізге керек затқа ұмтылып әрекет етпесеңіз, өзіңізді сыйлау деңгейіңіз төмен. Кез келген ортада өзіңізді сенімді ұстап, сенімді сөйлеңіз. Сөздеріңізде паразит сөздер болмасын.
Сіздің сеніміңіз мол болуы қажет! Әрине өзіңізге деген. Егерде, айналадағы адамдар сізді төмендететін болса, сіздің өзіңіңге деген сеніміңіз жоқ болса, онда өзіңізді бағалау төмендейді. Ал, егер барлығы керісінше болса, онда жағдайыңыз бірқалыпты.: Өзіңізге не керек екенін біліп алыңыз, жоспар қойыңыз. Жоспарыңызды електен өткізіп, прогресс болатындай етіп бүгінгі күніңізден бастаңыз.
Сіздің сеніміңіз мол болуы қажет! Әрине өзіңізге деген. Егерде, айналадағы адамдар сізді төмендететін болса, сіздің өзіңіңге деген сеніміңіз жоқ болса, онда өзіңізді бағалау төмендейді. Ал, егер барлығы керісінше болса, онда жағдайыңыз бірқалыпты.: Ешқашанда өзіңізді төмен санамаңыз. Өзіңізге жағымсыз сөздер айтпаңыз. Бұл дегеніміз өзіңізге сенімнің жоғалуына алып келеді.
Сіздің сеніміңіз мол болуы қажет! Әрине өзіңізге деген. Егерде, айналадағы адамдар сізді төмендететін болса, сіздің өзіңіңге деген сеніміңіз жоқ болса, онда өзіңізді бағалау төмендейді. Ал, егер барлығы керісінше болса, онда жағдайыңыз бірқалыпты.: Өзімізге деген сенімді жоғалту арқылы көп қиыншылыққа тап болуымыз мүмкін. Бұл қиыншылықтар сабақтан, жұмыстан, тіпті достармен бірге өткізген қызықты сәттерден ләззат алуға кедергі жасайды. Осындай жағдайға тап болмас үшін, өзіңізге сенімділікті қайтарудың жолдарын іздеңіз.

Стресске ұшыраған адамдарға одан шығатын жолдарды ұсынғым келеді, егер кеңес алушы мұқият тыңдап іске асыратын болса.

Бір уақытта бірнеше жұмысты жасамаңыз, бір ғана жұмысты істеп үйренуге дағдыланыңыз (мысалға, телефонмен сөйлесіп отырып, құжат қарамаңыз; теледидар көріп отырып, газет-журнал оқымаңыз) және баяу сөйлеуге тырысыңыз. Себебі, жылдам сөйлеген адамның сөздері шашыраңқы, тиянақты болмайды. Қанша асығып бара жатсаңыз да, айналадағы адамдарға мейірімді болыңыз! Кезекте тұрсаңыз сабырлылық танытыңыз, барлық адамдар сіз сияқты кезекте тұр, ашуды ақылға жеңдіре біліңіз! Егер, іскерлік кездесуіңіз болса, 15 минут үзіліс жасап, миыңызды және тәніңізді демалдырыңыз! Сіздің күн тәртібіңізде демалуға арналған уақыт болуы қажет!

Мысалы, сізге бір жағдаят айтайын. Сіз ол жағдаяттан қалай шығар едіңіз?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік педагог қызметінің мазмұны
Медиация еңбек дауларын шешу технологиясы ретінде
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың себептері
Ішкі аудитті бағалау
Сенсорлық бұзылыстары бар балаларды оқыту ерекшеліктері
ПАТРОНАТ ОТБАСЫЛАРЫНА ӘЛЕУМЕТТІК - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ТӘЖІРИБЕСІ
Көру кемшілігі бар балаларды мектепте оқыту
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
Сот медиациясы Пилоттық жобасы
Қазақстан Республикасындағы патенттеу жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz