Кәсіпорындардағы еңбекті қорғау қызметтері және оның функциялары. Лауазымды адамдардың міндеті


16. 02. 2021 жыл
ТФП 19-001-1к
Шыңғысбаева Ақерке
№ 1 аралық бақылау
9. Кәсіпорындардағы еңбекті қорғау қызметтері және оның функциялары. Лауазымды адамдардың міндеті
Кез келген кәсіпорында оның ұйымдық, құқықтық немесе меншік түрлеріне қарамастан еңбекті қорғау жөніндегі қызметтері құрылады. Еңбекті қорғау қызметтері өз жұмысын арнайы органдармен келісім бойынша еңбекті қорғаудың мемлекеттік органы бекіткен үлгі ережелерге сәйкес жүргізіледі.
Еңбек қорғау қызметтері өзінің мәртебесі бойынша негізгі, басты өндірістік қызметтермен тең келеді және кәсіпорынның басшысына басқалары сияқты бағынады. Осы еңбекті қорғау қызметінің мамандары әр құрылымдық бөлімшелердің басшыларына байқалған тәртіп бұзушылықты жою туралы бұйрықтар беру, сол тәртіпті бұзған адамдарды жауапқа тарту туралы басшылыққа ұсыныс жасау сияқты қызметтерді атқаруға міндетті.
Мемлекет арнайы органдар арқылы ғылыми тұрғыдан зерттеліп, негізделген стандарттар, нормалар және ережелер негізінде өндірістегі қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету үшін керекті талаптарды бекітеді. Ал жұмыс берушілерге сол талаптардың орындалуын, ұжымдық шарттарда көрсетілген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету жүктеледі. Сонымен қатар жұмыс берушілер еңбек қорғау жөнінде басқа да қажетті нұсқаулар жасайды. Кәсіпорында жұмыс істейтін қызметкерлер тисіті заңдар мен нормативтік актілерде бекітілген еңбек қорғау жөніндегі ережелер мен нормаларды, басшылық көрсеткен нұсқаулықтарды сақтауға міндетті болып табылады.
Еңбекті қорғау қызметтерінің негізгі міндеттері мыналар:
- жұмысшылардың еңбекті қорғау нұсқаулықтарын орындауын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- қызметкерлердің еңбекті қорғау жөніндегі заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді, ұжымдық шартты, басқа да қойылған талаптарды сақтауын бақылау;
- өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі профилактикалық жұмыстарды, сондай-ақ еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
- кәсіпорынның қызметкерлеріне, оның ішінде жұмыс берушіге еңбекті қорғау мәселелері бойынша консультация беру;
- еңбекті қорғау бойынша заманауи тәжірибелерді еңбек процесінде қолдану үшін қажетті шараларды атқару.
Еңбекті қорғау қызметтерінің атқаратын функциялары:
- Өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың себептерін есепке алу және оларға талдау жасау;
- Еңбек жағдайларына арнайы бағалау жүргізуді ұйымдастыру және қатысу;
- Тиісті бөлімшелердің өкілдерімен бірлесіп және кәсіптік одақтардың еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті адамдарының қатысуымен ғимараттардың, жабдықтардың, жұмыскерлердің жеке қорғану құралдарының жай-күйіне, жұмысына еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігіне тексерулер жүргізу;
- өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, өндірістік факторлармен негізделген аурулардың алдын алу жөніндегі жоспарларды, бағдарламаларды әзірлеу;
- Басшыларға қызметкерлер міндетті медициналық тексеруден өтуі тиіс кәсіптер мен лауазымдар тізімдерін жасауға көмек көрсету;
- Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеруді ұйымдастыру;
- Өндірістегі жазатайым оқиғаларға немесе кәсіби ауруларға байланысты сақтандыру бойынша төлемдерді тағайындау үшін құжаттарды дайындауға қатысу.
- бөлімшелерді ұйымның жергілікті нормативтік құқықтық актілерімен, еңбекті қорғау жөніндегі көрнекі құралдармен және оқу материалдарымен қамтамасыз ету.
- Еңбекті қорғау бойынша консультация ұйымдастыру, т. б.
Кәсіпорындағы лауазымды адамдар, яғни бөлімшелердің басшылары, прорабтар, бригадирлер еңбекті қорғау жөніндегі өз жұмысында заңнамалық нормативтік актілерді, кәсіпорындар басшыларының, бас мамандардың бұйрықтары мен нұсқауларын басшылыққа алады, өздері басшылық жасайтын аумақта еңбекті қорғау орындалуына жауапты болады, сонымен қатар:
- жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын, еңбекті қорғау және өртке қарсы қорғау жөніндегі қолданыстағы стандарттарды, ережелер мен нормаларды орындайды;
- мерзімді тексерілуі керек қазандық қондырғылары мен басқа да жабдықтардың уақытылы сыналуын, техникалық куәландырылуын және тіркелуін қадағалайды;
- адамдардың өміріне немесе денсаулығына қатер төнген жағдайларда жұмыстарды тоқтатады;
- бөлімшелердің, объектілердің санитариялық-техникалық күйін паспорттауды жүргізуге, еңбекті қорғау жағдайларын жақсартудың кешенді жоспарларын және санитариялық-сауықтыру іс-шараларын әзірлейді;
- қазандықтарды, қысыммен жұмыс істейтін құрылғыларды, жүк көтергіш машиналарды және басқа да жабдықтарды басқаруға қажетті жасқа жетпеген, куәлігі жоқ және аттестаттаудан өтпеген адамдарды жібермеуі керек.
18. Фармацевтика саласының еңбек жағдайы мен оны қорғауға қатысты жалпы талаптар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz