Би Боранбай Қалқаманұлы – XVIII ғасырдың көрнекті қайраткері
Би Боранбай Қалқаманұлы - XVIII ғасырдың көрнекті қайраткері
Рахат Айнұр Бейбітқызы,
Тарих мамандығының
2-курс студенті.
Ғылыми жетекші: Ибраемова Майра Сансызбайқызы
т.ғ.к., доцент
Бірнеше ғасырлар бойы тағдырдың тауқыметінен көз ашпаған қазақ халқы бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы атты тәуелсіз Бірақ тарихтың тереңіне үңіліп, осынау ұлан-байтақ жердің бізге оңайшылықпен келмегендігін көп ойлана бермейміз. Сондықтан да, ұлтымыздың тарихи санасын жаңғырту, осы жолда қан төккен батырларымызды дәріптеу, ұлтымыздың азаттығын сақтай білу, оны келешек ұрпаққа насихаттау біздің басты мақсатымыз. Осынау ұлт азаттық жолында тер төккен XVIII ғасырдың дана, кемеңгер билері, көрнекті қайраткерлері мен батырларының да алар орыны бір төбе. Би Боранбай Қалқаманұлының тарихы туралы біраз дастандар мен аңыз, әңгімелерде айтылады. Аталмыш тақырыпты тереңірек зерттеп жазған сөзі ғибарат, шежірелі қария, тарихшы, Қазақстан білім жүйесіне еңбегі сіңген ұстаз, Тарбағатай ауданының құрметті азаматы Егізбаев Қарпық Кәрімұлының Тағылым еңбегінен, сондай-ақ белгілі тарихшы т.ғ.к., профессор Каримов Мұтарбек Қарпықұлыныңда Би Боранбай туралы жазған мақалалары тарихнамалық тұрғыда өте құнды болып табылады.
Қазақ халқы әрқашанда алты алаштың бүтіндігін, татулығын ойлап, әділдік үшін күрескен билерін жоғары бағалаған. Олар жаугершіліктің кесірінен ыдыраған халқының есін жиған, әділетті билік шешімдерінен айнымай, келешекке көз салып, үміт отын жағу арқылы көрегендік пен ұйымдастырушылық көрсете білген. Сондай атақты билердің бірі, XVIII ғасырдың көрнекті қайраткері- Би Боранбай Қалқаманұлы.
Қазақ тарихында ұлттық тұлғаға айналып, көзі тірісінде өз руының ұранына айналған жаужүрек батыр - Боранбай Қалқаманұлы жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт азаттық соғыстың әйгілі қолбасшысы, Абылай хан мен Қаракерей Қабанбай батырдың сенімді серігі, найман елінің қабырғалы биі. Боранбайды халық Бибабам деп атап кеткен. Бұл кісінің дүние есігін ашқан және өмірден өткен жылдары жөнінде деректер жоқ. Алайда, ауызша жеткен мағлұматтарға сүйенсек, Боранбай Қабанбай батырдан 14 жас кіші деседі. Қабанбай 1691 жылы туған болса, зерттеушілер Боранбай биді 1705 жылы Сарыарқаның төрінде дүниеге келген деп шамалайды.
Суырып салма ақын, шежіреші болған Мәлгаждар Смағұловтың архивтерінен алынған мына бір өлең жолдарына назар аударайық:
Таулардың басы биік, бауыры алаң,
Бұл маңда өсіп-өнген атам-анам.
Жеті ру Жолымбетті бастап келіп,
Қондырған би Боранбай - батыр бабам.
Жасында 98 дүние сапты,
Бұл сөзді айтып кеткен батыр Қабан.
Бүрынғы кәрілерден естуші едік,
Өтіпті содан бері талай заман.
Осы өлең бойынша есептесек, Бибабам 1705 жылы туып, 1803 жылы 98 жасында қайтыс болған. Зираты Жарма ауданы жерінде: Қапанбұлақта Семейге қарай жүргенде үш шақырымдай дөн үстінде, темір жол мен тас жолдың ортасында орналасқан[1,27-28].
Бибабамыздың руын айта кетсек-Найман ішінде Қаракерей, одан бері таратсақ, Қаракерейден Ерторы, Байторы. Байторыдан Айрам, Мейрам, Мейрамнан Байыс тарайды. Байыстан Сармырза, Сармырзадан (бәйбішесі Бейісханнан) Жолымбет, Бәйімбет, Жолболай, (тоқалы Жәниден) Берді, Бегі және Өтей (үш Көнші) туады. Жолымбеттен Ажығүл, одан Дәует пен Мырзас. Мырзастан Қалқаман, Мүлкімен, Жауап, Жабық және Өтебай. Қалқаманнан Боранбай би[2,25].
Бидің өз кіндігінен: Қойгелді, Қойайдар, Жылқайдар (бәйбішесінен), Бекайдар, Қарабас (Қарашаш анадан) - 5 баласы болған. Осы бесеуінен тараған ұрпақ 200-ге тарта түтін, оның көпшілігі бидің өз атындағы ауылда (Ақсуат ауданы). Әр кезде де батырдың ұрпағынан ел қамқоры болған ақылды билер, дәлмәр шешендер, ақындар шыққан[3,49]. Сондай Би Боранбайдың тікелей ұрпағының бірі, Шәкәрім ордасында осы тақырыпқа біраз зерттеулер жазған, өзіме ұстаздық етіп отырған т.ғ.к., доцент - Кәрімов Мұхтарбек Қарпықұлы.
Ауызша және жазбаша бізге жеткен деректерге сүйенсек, "би" деген аса жоғары да жауапты мәртебелі міндетке 16 жасынан ие болып, сол мәртебесі үнемі биіктей келе, ақырында үш жүзге танымал қайраткер (би) дәрежесіне көтеріледі.98 жас өмір сүргендіктен, 82 жыл би болған екен[4,31].
Би болуына бала Боранбайдың мына бір ісі себеп болған көрінеді.
Бірде 16 жасар бала жігіт Боранбай қыдырып келе жатып, жер шекарасына таласқан даудың үстінен шығады. Екі жағы да тоқтамға келе алмай тұр екен. Ара ағайындар Боранбайды көре салып, жөнін сұрап білгеннен соң: "Қалқаманның жас та болса аса ақылды бір баласы бар деп естіп едік, сен боларсың", "Ақылы асса, аға тұт", "Ақыл-жастан, асыл-тастан" деген атамыз қазақ. Дәл қазір біздің биіміз сен бол да, әділ билік айт, істің сәтіне құдай айдап кеп қалған шығарсың, -деп жабыса түседі. Боранбайдың бірнеше жыл Түркістанда оқып келген беті болатын. Тұрғандардың біреуі оны да біледі екен.
- Аса ақылдылығыңның үстіне білімнің асыл нұрын да зердеңе сіңіріпкепсің, қайырлы болсын! Құдай қаласа, мына дау, сен арқылы әділ билік айтылып, бір тоқтамға келер, - дейді әлгі адам. Әуелі ойланып қалған Боранбай: "Бұл кісілер менің билігіме тоқтайтын болса" деген сауалына екі жағы да "Тоқтаймыз" деген жауап береді. Осыдан соң Бибаба даугерлердің де, куәлардың да дәлелдерін екшеп, жан-жақты талдаған соң, екі жақтың біреуіне қарап:
"Сіздікі дұрыс, жер шегі сіздің айтуыңызша белгіленсін" дейді де, мүның қарсыласына қарап: "Сіздің дауыңыз дәлелсіз, жалған" деп кесіп айтады. Бірақ әлгі шекара үшін жалған дау туғызушы адам: "Бұл әдіс билік емес" деп, өзінің тоқтамға келмейтінін айтып, дауды қайта бастайды. Сол кезде өз билігінің әділдігін ақырына дейін қорғағысы келген Боранбай, ананың тоқтамға келмейтініне әбден көзі жеткен соң, астындағы байталды жығып, аяғын буып, бауыздап жібереді де, әлгі даукеске қарап:
- Егер әділ билікке тоқтағың келмесе, осы қоңыр байталдың қанына тапсырдым, - дейді. Бұрын-соңды билік айтушыларда болмаған мынадай күтпеген тосын әрекеттен шошып, торы байталдың қанын мойнына жүктеуден қорыққан әлгі адам алдына кеп қол қусырып: "Билігіңе құлдық!" деп кенет райынан қайтады. Бұл билік туралы сөз ел арасына тез тарайды. Өзінің әділ билігі үшін астындағы көлігін де құрбандыққа шалуға дейін барған табандылығына тәнті болғандар өзара дауласа қалса, енді Боранбайдың алдына келе бастайды. Ешкімге бұрмайтын әділдігімен осылайша жұртқа тез танылған ол алыс-жақын аймаққа даңқы шығып, жастай-ақ би Боранбай атанған[5,40-41].
Би Боранбай өз заманының ірі мемлекет қайраткері де болған. 1748 жылы Әбілхайыр ханды Барақ сұлтанның өлтіруіне байланысты құрылған Көкшетаудағы билер сотында ханның құнын жоқтап, Барақты айыптаған сөздің тізгінін Шекті Сырлыбай ұстаса, Барақты ақтайтын сөздің бұйдасын Боранбай ұстаған деген сөз бар.
В.В.Вельяминов-Зерновтың тарихи еңбектерінде, ол қазақ хандығының тәуелсіздігі мен ел бірлігі жолында Абылай хан жүргізген саясатты жүзеге асыру ісіне үлкен үлес қосып, Кіші жүздің қаза тапқан ханы Әбілқайырдың орнына таққа оның ұлы Нұралыны отырғызуға мұрындық болғаны және Орынборға барып қайтқан сегіз бидің бірі осы Боранбай екендігі жазылады[6].
Ел аузында қалған Бибабамның алысты болжайтын дана, кемеңгерлік қасиеттерін әр қырынан танытатын әңгімелерге қарағанда, ол кісі өзінің көзі тірі кезін ғана ойламай, болашақ ұрпақтың да осы ата мекенде алаңсыз, бейбіт, тату өмір сүруінің жолын сызып кетуді де мақсат еткен. Осыған байланысты Бибабамның өз ұрпақты, ескіден мол хабары бар марқұм құйма құлақ Оспанов Ахмет қарт айтқан мына бір әңгімеге назар аударалық.
Бірде Борекең Қабекеңе (Қабанбай батырға):
- Біз қанымыз бен терімізді аямай төгіп, осынша жерді азат еттік. Қалмақ біржола қуылды. Келешекте ұрпағымыз көбейеді, ел өседі. Сол кезде олардың өз арасынан жер үшін дау-жанжал ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz