Интернет - технологиялар - компьютерлік ақпаратты тарату және өңдеу саласындағы ең дамыған және ыңғайлы мүмкіндіктердің бірі


Кіріспе
Интернет-технологиялар-Компьютерлік ақпаратты тарату және өңдеу саласындағы ең дамыған және ыңғайлы мүмкіндіктердің бірі. Осы салада қолданылатын қосымшалар саны өсіп келеді. Интернет - бұл әртүрлі ақпарат көздеріне қол жеткізудің ыңғайлы тәсілі, мысалы, өздігінен білім алу, интернет-дүкен, интернет-банкинг және т. б. Бұл қосымшалар желілік технологиясының басты сұранысы болып саналады. Пайдаланушылармен интерактивті байланысты қамтамасыз етеді. Интернет қосымшаларын жасау - бұл ақпараттық технологиялар мамандарының кәсіби тәжірибесінің сарқылмас бөлігі.
Ақпараттық ағымдармен толық қамтамасыз болу үшін, жобаларды тез және тиімді жасауға мүмкіндік беретін заманға сай технологиялық шешімдерді қолдану керек.
Қазір, Интернет - ақпараттық өзара қарым-қатынастың негізгі факторы болып отыр. Осы - дан он жыл бұрын компьютер арқылы мәлімет беруге мамандар мен тәжірибелі пайдаланушылар ғана көңіл бөлетін. Ал қазіргі кезде жергілікті және ғаламдық компьютер желісін пайдалану ДК тәрізді әдеттегіден де кең түрде таратылған болып табылады, өйткені компьютерді пайдалану арнайы білімді талап етпейді.
Ғаламдық ақпараттық-коммуникация технологиясын дамыту үрдісі қазіргі таңда сұранысқа ие, ал оның мүмкіндіктерін қоғам мен экономика үшін масштабты түрде пайдалану енді басталып жатыр. Өзінің дамуындағы коммуникациялық кезеңде Интернет желісінің басты міндеті қажетті серіктестер іздеуде көмек көрсету және онымен қажетті қарқындылықтағы коммуникацияның керекті түрін ұйымдастыру үшін құрал ұсыну болып табылады. Соңғы жасалған зерттеулердің қорытындысы Интернет-технологияны пайдалану нақты үнемділік пен пайда әкелетінін көрсетті.
Қазіргі заманғы Интернет - әлемнің әр жеріндегі адамдармен араласуға, кез келген қажетті ақпаратты тез іздеп табуға, бүкіл әлемге келген контентті көпшілік үшін жариялауға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық жүйе болып табылады. Интернеттің көмегімен өзіне қолайлы жұмыс іздеп табуға, таныстар қатарын ұлғайтуға, өзін қызықтыратын тақырыпты талқылауға болады, әрі Интернетте жұмыс жасай отырып, бос уақытты өткізуге ыңғайлы. Қазіргі кезде Интернет арқылы ақша табу тәсілдері де аз емес. Желі арқылы қарапайым қызметті жариялап немесе қарапайым тауарларды сатуға болады. Кейбір тауарларды тек сатып қана қоймай, желі арқылы төлемді жүргізуге де болады. Web-сайттардың барлығы тікелей кіріс алуға арналмаған. Олар жүйелі емес коммерциялық операцияларға белгілі бір қолдау көрсетуді қамтамасыз етуге немесе олардың барынша арзан қолды баламасы ретінде қаралады.
Интернет бірте-бірте сауда жүйесі саласына да еніп жатыр. Электрондық дүкен арқылы сауда жасаудың ең тиімді жолы тұтынушының уақытын біршама үнемдейді. Ақпараттық технологиялардың қосылу тенденциясы мен Интернет-технологиясына негізделген жаңа біріктірілген Интернет-дүкен арқылы сауда жасау технологиясының жасалуының қазіргі уақытта өзіндік орын алып отырғанын аса бір сенімділікпен айтуымызға болады.
Интернет-дүкендердің қарқынды дамуы, күннен-күнге дамып жатқан өзгерістерге ілесіп, солармен қатар жүріп отырумен тікелей байланысты. Кейбір программалық өнімдер автономды режимде жұмыс істеп, оларды тестілеуден өткізіп, кейін серверді өзі жүктей береді. Бұл өзгертулер тек сол жалғыз компьютерде орындалып, жұмыс істейді. Барлық ақпараттарды шынайы уақыт режимінде жаңарту қолайлы болып табылады. Бірақ бұл да тиімді шешім емес, мұнда енгізілген өзгертулер тестілеуден өтпей жатып, Web-парақтарда бейнеленеді. Мысалы тауардың бағасы дұрыс көрсетілмей қалған болса, бұл дүкенге үлкен шығын әкеледі және мұндай жағдайлар жиі кездескен. Мысалы, 1999 жылы ақпан айында buy. com желілік дүкенінде 300$-лық 19-дюмді Hitachi мониторы 163$-ға долларға сатылған. Дүкен басшылығы жіберілген қатені кешірек анықтап, басында тапсырысты қабылдаудан бас тартып, кейіннен шешімдерін өзгертіп, қоймадағы қалған 150 данасын сол көрсетілген бағада сатуға тура келген. Бұл оқиға тұтынушылардың компанияға ұжымдық талапты қадағалауын ескерумен аяқталған. Мұндай жағдай ShowNow. com дүкенінде орын алған. Бағадан қате жіберген дүкен 50 мың доллар шығын әкелген. Дүкен тұтынушыларды жоғалтпау үшін, тапсырысты рәсімдеп үлгерген тұтынушылардың барлығына қызмет көрсеткен. Сондықтан да Интернет-дүкеннің жұмысының ешбір қателіксіз белсенді жүруі үшін Web-сайттың мәліметтер қоры болуы өте маңызды. Мәліметтер қоры автоматтты түрде енгізілген ережелер бойынша тексеріліп, жаңартылып, өзгертіліп отырады. Сонымен қатар енгізілген өзгертулер сайт парақтарында жарияланбастан бұрын, толығымен тексерулерден өтуі қажет.
Бұл жұмыста электрондық сауда бойынша мәліметтер базасы мысалында Web-түйін жасалынады. Қазіргі уақытта Интернет-дүкен Интернет желісіндегі бірден-бір қызмет түрі болып табылады.
Қолданушыларға ақпарат беруден басқа Web-парақтардың маңызды қызметтерінің бірі Web-түйіндерге белгілі бір мәліметтерді жіберу мен серверде оларды өңдеу. Бұл мақсаттар үшін парақ кодына арнайы тәгтер қосылады. Олар HTML-парақтарда арнайы объект-қалыптарды анықтайды. Олардың көмегімен интерактивті интерфейс жасауға болады.
Бұл бітіру жұмысында HTML, CSS, JavaScript, РНР (Personal Home Page) технологиясында интернет-дүкен жасау қарастырылады. Сонымен бірге MySQL мәліметтер базасының сервері қолданылады.
PHP программалау тілі әр түрлі операциялық жүйелердің администраторлары қолданатын құралдан World Wide Web жасайтын платформаға айналды.
WEB - текнологияның қазіргі жағдайы 1. 1
Интернет туралы Интернет жүйе жиырмасыншы ғасырдың алғашында пайда болған интернет казір жер шарының әр түпкірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрлықтарды біріктіріп отыр [ 1 ]
Интернет 1960 жылдары АҚШ - та дүниеге келді. Оны соғыс бола қалған жағдайда бір бірімен телефон арналары аркылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру ушин АКШ орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан. Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қағанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасалды, тажрибенің ойдағыдай жүргізу барысында АRPA net желісі пайда болып, ал Калифорниядагы жане Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютерді ғана барктірді. Кейін ARPAnet бейбіт мақсатқа қызмет етті, оны негізінен ғалымлар мен мамандар пайдаланды. Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды. Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі [ 12 ]
1990 - шы жылдары Интернетке енеушілер саны күрт өсті, ал 2000 жылы оған 5 млн компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан асты Интернеттің мүмкіндігі шексіз. Гиперсілтеме жүйесі арқылы қажетті информацианны санаулы минуттарда таба алсыз.
World Wide Web (WWW немесе Web) - гипермәтіндік құжат. Интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін береді.
Web-тің әр бетінің басқа парақтармен байланысын көрсететін сілтеме белгілері бар, оны бір-бірімен байланысқан парақтардан тұратын өте үлкен кітап деуге болады. Бұл беттердегі мәліметтер дүниенің кез келген нүктесінде орналаса береді. Солар арқылы жер шарындағы барлық серверлік компьютерлердегі ақпараттар көз алдыңызда орналасады, мұнда қашықтағы-қымбат, жақындағы-арзан деген ұғым жоқ, олардың бағасы тек мәліметтің көлеміне немесе сіздің байланысып отырған уақытыңыздың ұзақтығына байланысты.
Түйінді компьютерлердегі мәліметтің бірінші беті кітаптың мазмұны тәрізді, әрбір беттің URL (Universal Resorse Locator) форматында берілген өзіндік адресі болады. Ол беттердегі мәліметті оқу көру жабдықтары деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады.
1. 2 Сайт туралы
Интернет дүкен бұл - Интернет желсінде бизнесті жүзеге асыру мақсатында екі материалды емес материяның үйлесімі: компьютерлік ақпарат және олардың электронды орналасуы.
Компьютерлі ақпарат жағынан: ақырғы соңда сіздің дүкенінізге айналатынның барлығы (яғни экранда пайда болатын компания логотипі, фирма жайындағы ақпарат, өнім каталогы және т. б. ) сіздің немесе фирманың иелігіндегі компьютерде туындайды, ол арқылы сіз Интернет желісіне қосыласыз, және де барлық ақпарат сонда сақталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz