Тірі жүйелердегі осмос



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Тірі жүйелердегі осмос.
Осмос тірі жүйелердің қызметінде айтарлықтай ерекше рөл атқарады. Олардағы осмостық қысым негізінен электролиттердің болуы нәтижесінде пайда болады. Электролиттердің қоспасы бар ерітінділерде (ал мұндай ерітінділерге барлық биологиялық сұйықтықтар жатады) кинетикалық жеке жүретін бөлшектердің санын есептеу мықты қиындықтар тудырады. Осыған байланысты химияның қолданбалы салаларында, соның ішінде медицинада, соңғы кездері осмолялдық және осмолярлық деген ұғымдар кеңінен қолданыс тапқан. Осмолярлық (және осмолялдық) деп идеалды жартылай өткізгіш мембраналар арқылы өтпейтін белсенді бөлшектердің концентрациясын айтады. Осмолярлықтың өлшем бірліктері молярлық концентрацияның өлшем бірліктерімен сәйкес келеді, ал осмолялдықтың өлшем бірлігі -- молялдық концентрацияға сәйкес келеді. Сұйылтылған ерітінділер үшін осмолялдық пен осмолярлықтың сандық мәндері бір - біріне тура келеді.
Математикалық жолмен сәйкесінше icm және ic түрінде анықталатын осмолялдық пен осмолярлық эмпирикалық шамалар болып табылады, олар-ды қолдану идеалды емес ерітінділерде пайда болатын әр түрлі сипаттағы Рауль заңынан ауытқуларды ескеруге мүмкіндік береді. Бұл, бір жағынан, иондану кезінде бөлшектер санының өсуі; екіншіден, иондардың гидратация- лануы есебінен еріткіш заты мөлшерінің төмендеуі; үшіншіден, еріген бөлшектердің белсендігін төмендететін ионаралық әрекеттесулер. Сонымен қатар жасушалық мембраналардың идеалды жартылай өткізгіштер еместігін де ескеру керек, оларға талғамды өткізгіштік тән. Бұл химиялық табиғаты әр түрлі бөлшектерден тұратын және осмолярлығы бірдей, яғни бір-біріне изотонды, реалды тірі жүйелер жағдайында жасушалардың мембранасымен бөлінген ерітінділердің осмостық қысымы әр түрлі болуы мүмкін деген сөз. Соңғы кездері жиірек осмоль (осмостық моль) өлшем бірлігі қолданыс тауып отыр.
Жасуша мен ол орналасқан ерітіндінің арасында судың әр түрлі бағытта осмостық қозғалысы байқалуы мүмкін. Егер жасушаішілік заттары бар сұйықтық жанасатын ерітіндіге қатысты гипотонды болса, онда су моле кулаларының плазматикалық мембрана арқылы жасушадан сыртқа шығуы байқалады, оны экзоосмос немесе плазмолиз дейді. Протопласт бұл кезде бүріседі де, жасуша қабырғасынан сылынып түседі, жасуша солып қалады. Плазмолиз көп жағдайда қайтымды үдеріс болып келеді: таза суға салынған плазмолизденген жасушалар қайтадан ісініп, өзінің тіршілігін қалпына кел тіреді. Мұндай үдерісті дeплазмолиз дейді.
Эндоосмос жасушаны гипотонды ерітінділерге орналастырғанда байқалады. Су ерітіндіден жасушаның ішіне кіреді, үдеріс жасуша көлемінің өсуімен жүреді, бұл оның қабығының үзілуімен (жасушаның жарылуымен) аяқталады. Мұны цитолиз дейді.
Осмос капиллярлық эффект және диализбен бірге су мен топырақта, өсімдіктердегі заттардың жасушаға келіп түсуінің негізгі механизміне жата-ды. Өсімдіктердің жапырақтары транспирация салдарынан қоршаған ортаға үнемі суды бөліп отырады; бұл еріген заттардың концентрациясының өсуін тудырады. Жасушаішілік заттары бар сұйықтық топырақтың ерітіндісіне қатысты гипертонды болады, бұл судың тамырлар жүйесі және өсімдіктің сабағы арқылы жапырақтарға тасымалдануына себеп болады. Жоғары осмостық қысым жасушалардың тургорын қамтамасыз етеді, ол тургорлық қысыммен - протопластың жасуша қабырғасына түсіретін қысымымен сипатталады. Жасушаішілік сұйықтықтың осмостық қысымы тургорлық қысым және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тірі ағзадағы ерітінділердің маңызы. Буферлі ерітінділер
Биологиялық мембрана арқылы жүретін зат тасымалы
Биологиялық жүйелердегі процестерді анализдеуде термодинамиканың 1-2 заңдарын қолдану
ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КОЛЛОИДТЫ ХИМИЯ
Өсімдіктер мен сулар
Гидросфераның ластануы
Биофизика пәнінен дәрістер
Өсімдіктегі су алмасу физиологиясы
Биологиялық мембрана туралы
Осмостық және онкотикалық қысым
Пәндер