Қазақстанда Ұлттық валюта - теңгені енгізу және оның тұрақтылығы



Мазмұны

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..3.4

1 Ақшаның мәнi, қызметтерi және ақша айналысы ... ... ... ... ... ... .5.22

1.1 Ақшаның шығу тегi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.10

1.2 Ақша айналысының жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11.13

1.3Ақша теориясының дамуы және ақша жүйесi ... ... ... ... ... ... ... ...14.22

2 Қазақстанда Ұлттық валюта . теңгені енгізу және оның тұрақтылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23.39
2.1 Ұлттық валютаны енгізу және оның тарихи маңызы ... ... ... ... ... ..23.24

2.2 Қазіргі Қазақстан экономикасында теңгенің жағдайы ... ... ... ... ...25.27

2.3 Теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37.39

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..3-4

1 Ақшаның мәнi, қызметтерi және ақша айналысы
... ... ... ... ... ... .5-22

. 1.1 Ақшаның шығу тегi
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-
10
.
1.2 Ақша айналысының жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11-
13

1.3Ақша теориясының дамуы және ақша жүйесi ... ... ... ... ... ... ... ...14-22

. 2 Қазақстанда Ұлттық валюта - теңгені енгізу және оның тұрақтылығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...23-39
2.1 Ұлттық валютаны енгізу және оның тарихи маңызы
... ... ... ... ... ..23-24

2.2 Қазіргі Қазақстан экономикасында теңгенің жағдайы
... ... ... ... ...25-27

2.3 Теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37-39

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кiрiспе.
Ақша туралы осы уақытқа дейiн талай – талай шығармалар жазылып,
ақшаны бiреулерi пайдалы тауар деп мақтаса, ал бiреулерi оны қоғамға зиянын
тигiзедi деп даттауда. Өйткенi ақша үшiн бүкiл қоғам жұмыс iстейдi, ол
бiреулердi бақытты тұрмысқа кеңелтсе, ал бiреулердi қайғылы оқиғаға
ұшыратады.
Сонымен, ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ, ол тауар айналысының
дамуына байланысты тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп, осы
күнге ақша болып жеттi. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы
объективтi алғышарттарды құрайды. Әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу
құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны
ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және
олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.
Егер ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайтын едi.
Ақша түрiнде көрiнетiн тауарлардың құны , оның бағасы болып табылады.
Сондай-ақ қоғам дамуының әр түрлi формациясында , сол уақыттың
талабына сай ақшаның бiрнеше теориясы дамыды. Олар ақшаның металдық,
номиналистiк және сандық теориялары болып табылады. Олардың экономикалық
қызметтi жүзеге асыруда алатын орны өте зор.
Сондықтанда мен курстық жұмысымның тақырыбын “Ақша шығу тарихы және
даму кезеңдері” деп алдым. Өйткенi ақша экономикада ең маңызды
категорияның бiрi. Оны мына теңдестiрулерден көруге болады: “ Ақша –
жалпыға бiрдей эквивалент ” , “ Ақша – ерекше тауар ” , “ Ақша зат емес,
ол қоғамдық қатынас ” , “ Ақша – еңбек өлшемi ” , “ Ақша бастапқы капитал
” деп аталуы тегiннен – тегiн болмаса керек.{2}
.Сондай-ақ елiмiздiң егемендiгiн алып, нарықтық қатынастарға өту
үстiнде екендiгi баршамызға белгiлi. Ал ақша рыноктық экономиканың басты
элементтерiнiң бiрi ретiнде ол өте маңызды болып отыр.
Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың
ұйымдастыру ақша жүйесi болып табылады. Қазақстан Республикасында ақша
жүйесi 1995 жылы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi туралы”
Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығына сәйкес
ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысының ұйымдастыру негiзiн және формаларын
белгiлейдi, онда ресми ақша бiрлiгi, ақша белгiлерiнiң эмиссиясы, сонымен
қатар монеталарды жасау тәртiбi, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу
тәртiптерi қамтылады. Ал мұның алдында тұнғыш рет 1993 жылы ұлттық
валютамыз теңгенi айналысқа шығарып, оны 1999 жылы еркiн айналымға
жiбердiк. Бүгiнгi таңда ұлттық валютамыз күннен-күнге нығайып, елiмiздiң
тұрақты экономикалық өсуiне даңғыл жол ашуда. Осыған байланысты ҚР
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2008 жылғы жолдауында: Елдің
қаржы жүйесін,әсіресе,банк секторының бәсекеге қабілеттілігін және
тұрақтылығын арттыру Агенттіктің Ұлттық банкпен және Қаржы министірлігімен
бірлесе отырып атқаратын басты міндеті болуға тиіс. Өмір біздің
жоспарымызға түзетулер енгізіп тұратын болды. Біз оған дайын тұруымыз
керекпіз. АҚШ тың біздің банктерге елеулі әсер еткен ипотекалық
дағдарысының сабақтарын естен шығармаған жөн. ҚБА әр банктегі ахуалды
неғұрлым мұхият қадағалап,қажет болған жағдайда алдын алатын және ықпалды
шаралар қабылдауға дайын болуы керек.

1 Ақшаның мәнi, қызметтерi және ақша айналысы
1.1 Ақшаның шығу тегi
Ақша ежелгi заманда пайда болды. Олар тауар өндiрiсiнiң дамуындағы бiрден-
бiр шарт және өнiм болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшiн
жасалынған еңбек өнiмi. Адам еңбегiнiң өнiмi, оны өндiрушiлердiң белгiлi
қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың
тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды.
Бiрақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын
таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен
уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткенi оның
қоғамға қажетi шамалы. Сондықтан да әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу
құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны
ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және
олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”. {2}
Әрбiр ерекше тауар мiндеттi түрде тұтыну құны ретiнде көрiнедi. Оның құны
жасырын түрде болады. Тауарлар және ақшалар бiр және осы тауарлар
формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесiнде бiр-
бiрiн табады және өзара бiр-бiрiне ауысады.
Тауар өндiрiсiнiң өсуiне байланысты кездейсоқ айырбас жиiленедi. Жалпы
тауар массасының iшiнен барынша жиi айырбасталатын тауардың бөлiнiп
шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Осыдан келiп ,
құнның толық немесе кең көлемдегi формасынан жалпы құндық формасына жасырын
түрде өту басталды. Бiрақ оның ролi бiр тауарға нық бекiтiлмеген едi.
Бiртiндеп жалпы құндық эквивалент ролiн белгiлi бiр тауарлар көптен атқара
бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы
ақша формасына айналды.{4}
Әлемде әр түрлi экзоотикалық ақшалар болған. Королин аралдары тобына
кiретiн ява аралдарында осы күнге дейiн феи акша айналысыда қызмет
етедi. Олардың формасы дөңгелекше тас түрiнде келе отырып диiрменнiң
тасын еске түсiредi.
Жалпы эквивалент ретiнде металдарда пайдалана бастады . Ежелгi
Спартта, Жапонияда , Африкада темiр , мырыш ,қорғасын , мыс , күмiс алтын
түрiндегi ақшалар қолданалыды . Рим императоры Диониссий сиракуз және
орта ғасырдағы ағылшын карольдары мырыш ақшаларды құйды . Қытайда және
Ежелгi Римде мыс ақша ретiнде пайдаланылды . XYII ғасырда Солтүстiк
Америкада ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшектерiн қолданылады .
Металл ақшаларының артықшылығы олар - бiркелкi , төзiмдi ,
ұсақталынады . Металл ақшалардың кен таралуымен ақша есебiнiң салмақтық
жүйесi нақтылана түстi.
Кейiн келе металдардың арасында басты роль алтын мен күмiске
өте басталды , өйткенi олар жалпы эквивалент үшiн аса қажеттi сапаға
ие .
Ақшаның өмiр сүруiндегi объективтiк қажеттiлiк ол тауар
өндiрiсi мен тауар айналысының болуына негiзделедi . Кез келген тауар
айналысында ақша айырбас құралы болып табылады . Тауар және ақша бiр –
бiрiнен бөлiнбейдi . Ақша айналысы болмаса , онда тауар айналысы да
болмайды
Бiрақ, XVI ғасырдың басында ( 1516 ж .) утопиялық социализмнiң
негiзiн қалаушы Томас Моор өзiнiң “ Жаңа утопия аралы және
мемлекеттiң үздiк құрылымы туралы алтын кiтап” деген еңбегiнде : “ Алдау
, ұрлау , тонау ... кiсi өлтiру заң тәртiбiмен қатаң жазаланатынын кiм
бiлмейдi , әйтсе де бұл жөнiнде алдын ала ескертiлмеу мүмкiндiгi бар
жерде алдымен ақша құрымай , олар да жоғалмайды , сонымен бiрге ақшаның
жоғалуына байланысты адамдардың алаңдаушылығы , қағысы , қиыншылықтары
және ұйқысыз түндерi де ұмытылар едi . Егер ақша адам өмiрiнен
алыстанатын болса , онда тiптi ақша қажеттiлiгiнен туған кедейлiктiң
өзi де жоғалар едi ” . {3}
Ақша - өндiру мен бөлу процестерiнде адамдар арасындағы
белгiлi бiр эканомикалық қарым – қатынастарды көрсететiн , тарихи
даму үстiндегi эканомикалық категория болып табылады . Эканомикалық
категория ретiнде ақшаның мәнi оның үш қасиетiнiң бiрiгуiмен
көрiнiс табады .
- жалпыға тiкелей айырбастау ;
- айырбас құнының дербес формасы ;
- еңбектiң сыртқы заттық өлшемi .
Ақшаның әрбiр қызметi ақшаның тауар айырбаста процесiнен
туындайтын, тауар өндiрушiлердiң өзара байланысының формасы ретiндегi
әлеуметтiк – экономикалық маңызының белгiлi бiр жағын мiнездейдi. Ақша бес
түрлi қызмет атғарады: құн өлшемi, айналыс құралы, төлем құралы, қор және
қазына жинау құралы, дүниежүзiлiк ақша.{5}
Ақша құн өлшемi ретiнде. Құнның өлшем қызметi тауар өндiрiсi
жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемi ретiндегi
қабiлеттiлiгiн бiлдiредi, бағаны анықтауда делдал қызметiн атқарады.
Өзiнiң жеке құны бар тауар ғана , құн өлшемi бола алады. Яғни, бұл қызметтi
толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемi – ол жұмыс уақытын емес,
осы еңбекпен құрылған құнды көрсетедi.
Ақша құн өлшемi қызметiн идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни
тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейiн орындалады, сонымен
құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшiн тауардың бағасын
белгiлесек жеткiлiктi.
Алғашында баға масштабы АҚШ қазынашылығымен алтынның тройск унциясына
(31,1 г) 35 доллар есебiнде анықталып бекiтiлдi. Ол 1971 және 1973
жылдардағы доллардың девальвациялануына дейiн сақталды және 1980 жылдың
қаңтарында 850 долларға дейiн жеттi.{11}
Ақшаның айналыс құралы. Ақша айналыс құралы қызметiнде тауарларды
өткiзудегi делдал болып табылады.
Тауарлар бiр қолдан екiншi қолға ауыса отырып , өзiнiң тұтынушысын
тапқанға дейiн ақша үздiксiз қозғалыста болады.
Тауар айналысы кезiнде, ақша делдал ролiн атқарады, ал бұл кездегi
сатып алу және сату актiсi ерекшеленедi, уақыты мен кеңiстiгi бойынша сай
келмейдi. Сатушы, тауарын сатқаннан кейiн , басқа тауарды сатып алуға әр
уақытта асықпайды. Ол тауарды бiр нарықта сату, ал басқа нарықтан сатып
алуы мүмкiн. Делдал ретiндегi ақшаның көмегiмен уақыт пен кеңiстiктегi
өзара сай келмеушiлiк жойылды.
Бiздерге ақша айналыс құралы қызметiн негiзiнен мемлекеттiк,
оперативтiк, коммерциялық саудада тұрғандардың тауарларды сатып алуы
кезiнде орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер жоқ. Одан фирмалар мен
корпорациялардың және тағы басқа қолма – қол ақшамен есептесуiне тиым
салынбаған.
Айналыс құралы ретiнде ақша қызметтерiнiң ерекшелiктерi мыналар:
• Тауар мен ақшаның қарама – қарсы қозғалысы;
• Оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;
• Ақшаның бұл қызметiнде таарларды айырбастау өте тез орындалатын
болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар – ақша
белгiлерi орындайды.
Ақша төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысы мен байланысты.
Бiрақ ақша қозғалысы мiндеттi түрде тауар қозғаласымен бiр уақытта
тоғысуы тиiс емес . Ақша құнның еркiн формасында көрiнедi . Олар
өтiзуi процесiн еркiн аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан
ерте немесе кеш жүруi мүмкiн .
Егер тауар мен ақшаның қарама - қарсы қозғалысы болмаса, яғни
тауар төлем ақы түскенге дейiн сатып алынған немесе керiсiнше болса
, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметiн атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретiнде тек қана тауар айналысына ғана емес
, сонымен бiрге қаржы – несие қатынастарына да қызмет етедi . Барлық
ақшалай төлемдердi төмендегiдей етiп топтатуға болады :
• Тауарларды және қызметтердi төлеуге байланысты мiндеттемелер ;
• Еңбек ақы төлеуге байланысты мiндеттемелер ;
• Мемлекетке қатысты қаржылық мiндеттемелер;
• Банктiк қарыз, мемлекеттiк және тұтыну несиесi бойынша борыштық
мiндеттеме;
• Сақтандыру мiндеттемелерi ;
• әкiмшiлiк - сот сипатындағы мiндеттемелер және басқалары .
Ақша – қорлану және қазына жинау құралы ретiнде. Ақшаның төлемi және
айналыс құралы қызметтерi ақшалай қорлардың құрылуын талап етедi. Ақшаның
қорлануын қажеттiлiгi Т – А – Т айналымының екi актiлерге Т – А және А – Т
айырылуымен байланысты. {5}
Капиталистiк қоғамдық формацияға дейiнгiлер үшiн байлықты “таза
қазына” формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келедi.
Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебi олар шын
мәнiсiнде айналыстан тыс жатқан ақшалар балды. Капитализм тұсында бұл
қазыналар неиселiк жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетiн капиталға
( өнеркәсiптi немесе сауда ) айналады. Қазына жинау қызметiнiң қажеттiлiгi
тауар өндiрiсiмен байланысты болады. Айналым капиталын немесе тұтыну
заттарын алу үшiн ең бастысы ақшаны жинау қажет.
Қазiргi жағдайда қазына жинау қызметi айналыстағы ақша массасын
реттегiш ролiн атқармайды. Қазына тек қана мемлекеттiң сақтандыру қоры
ретiнде болады. Алтын резервтерi мемлекетке экономикалық тәуелдiлiктiң
болуына кепiлдеме бередi.{8}
Дүниежүзiлiк ақша қызметi. Тауар шаруашылығының кеңеюi, шаруашылық
байланыстардың интернационалдануы, дүниежүзiлiк нарықтың пайда болуы
дүниежүзiлiк ақшалар қызметiнiң пайда болуына сбеп болады. Дүниежүзiлiк
ақшалар интернационалдық құн өлшемi, халықаралық төлем және сатып алу
құралы ретiнде қызмт етедi.
Бұл қызметтi бастыпқыда толық бағалы ақшалар(алтын) , ал кейiннен
нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарады. 1867 жылы Париж келiсiмi
дүниежүзiлiк ақша қызметiн алтынға балап бекiттi.
Егер де елдiң iшiнде ұлттық ақша бiрлiктерi формасында қызмет етiп
жүрер болса, ал одан тысқары жерде К. Маркстiң айтуынша: “ақшалар өзiнiң
ұлттық киiмдерiн шешiп, бастапқы қымбат бағалы металл формасын киедi” ,
яғни жалпыға бiрдей эквивалент формасына өтедi.
Бреттон – Вудстағы (1944 ж) мемлекетаралық келiсiмге келу, доллар
мен фунт стерлингке резервтiк валюталар мәртебесiн бердi. Алайда 1971
жылдан бастап АҚШ долларды алтынға айырбастаудан бас тартып алтынға деген
доллар бағасын арнайы түрде жойды. Жаңа дүниежүзілік валюта жүйесі 1979
жылдан бастап күшіне еніп,мұны Ямайкада ХВҚ-на қатысушы елдер бекітті.
Дүниежүзілік валюта жүйесі тарихта тұңғыш рет дүниежүзілік ақша міндетін
алтын емес, ұлттық валюта мен интернационалды есеп ақша атқара бастады.
Мұны – интернационалды есепті ақшаны – халықаралық валюта қоры шығарды. Ал
1999 ж. 1 қаңтарынан бастап Еуропаға ынтымақтастық елдердiң ортақ ақша
бiрлiгi “еуро” айналысқа шықты. {9}
Демек, дүниежүзiлiк ақшалардың дамуы ұлттық ақшалардың металл ақшадан
несиелiк ақшаға өту жолын кеш те болса қайталауда.
Қазiргi уақытта дүниежүзiлiк несиелiк ақшалардың жобалары жасалуда,
бiрақ одан әлi нәтиже жоқ. Енгiзiлген шартты есептеу бiрлiктерiнiң ( СДР,
ЭКЮ) өзiндiк меншiктi құндары жоқ, сондықтан да олар толыққанды түрде
дүниежүзiлiк ақшаның қызметiн атқара алмайды . Бұл қызметтi тек қана алтын
нарығындағы операциялар арқылы алтын атқарады.

1.2 Ақша айналысының жалпы сипаттамасы.

Қайта құру кезеiне дейiн “ақша айналымы” мен “ақша айналасы” ұғымдары
арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма – қол ақшаның
қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендiктен ол
қолма – қол және қолма – қолсыз айналым мағынасын сипаттайды. {9}
Ақша белгiлерi әр түрлi жағдайда қамтамасыз етiледi. Қолма – қол ақша
тұтыну заттары және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етiлсе, қолма –
қолсыз ақшалар – бөлуге арналған өндiрiс құралдарының жиынтығымен
қамтамасыз етiледi.
Мұндай жүйе тек қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында
ғана мүмкiн болады, себебi ол уақытта кәсiпорындар мен халықтың қолында
ақша қанша тауардың болатыны және олардың қандай бағада сатылатыны белгiлi
болған. КСРО-ның таратылуына, бағаның босатылуына, меншiктiң мемлекет
иелiгiнен алынуына және т.б. байланысты жүзеге асыру асыру мүмкiн емес
болып қалды.
Ақша айналысы мен ақша айналымы арасында шек жойылды. Тауар айналысы
процесiндегi қолма – қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру
кезiнде қызмет көрсету, сонымен бiрге кәсiпорындар мен қаржы несие
мекемелерiнiң арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы – ақша айналысы деп
аталады.
Ақша айналысының объективтi негiзi – тауар өндiрiсi мен тауар айналысы
болып табылады. Құн формасыныңөзгерiп отыруы, яғни тауардың ақшаға және
ақшаның жаңа тауар сатып алу үшiн қолданылуы , ақшаның әрдайым қозғалыста,
яғни айналыста болуына мүмкiндiк жасайды.
Бiрақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екi процесс
бiр-бiрiнен жекешеленiп жүредi. Тауарлар , оларды сатып алғанан кейiн,
айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүредi.
Айналыста жүре отырып ақша әрi айналыс құралы, әрi төлем құралы
функцияларын атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге
жұмсалуы мүмкiн. Өз кезегiнде , қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу
үшiн қолданылуы мүмкiн.
Жалпы ақша айналысының көлемi тауар бағаларының соммасынан әрдайым
артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуi тек сатып алу – сатумен шектелмейтiнi
түсiндiрiледi. Ақша еңбекақы, зейнетақы төлеу үшiн, бюджетке төлемдер
аударку үшiн, банктен қарыз алу үшiн және т.б. мақсаттар үшiн қолданылады.
Ақша айналысың реттеудiң маңызды элементi - қолма – қол ақшаның
қолдану аясын азайту болып келедi. Бұл мәселе бiздiң елiмiзде кәсiпорындар
арасындағы есеп айырысулардан қолма-қол ақшаның шектеу , есеп айырысу
чектерiн ендiру арқылы ғана шешiледi. {2}
Банк жүйесiн реформалау және ақша банкнотасын өндiруге байланысты
өзiнiң меншiктi қуатын енгiзуi, Қазақстандағы қолма-қол ақшамен байланысты
жағдайды түбiрiмен өзгерттi. Осыған байланысты 1992 – 1993 ж.ж. қолма-қол
ақшаның тапшылығы тұсында енгiзiлген директивтi саясаттың орнына
Республикамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың
экономикалық әдiстерiнiң алғышарттары жасалынды. {7}
Дамыған елдерге бұл процесс кеңiнен дами түсуде: оларда қолма-қолсыз
ақша айналысы өрiс алып жатыр. АҚШ – та халықтың есеп айырысуларының 25-
27%- зы ғана қолма-қол ақшамен, ал қалғаны чек, несиелiк карточталар т.б.
көмегiмен жүргiзiледi. Өмiрлiк тәжiрибе көрсеткендей , ақша айналысын ақша
айналымынан бөлуге болмайды. Ақша айналымын қолма-қол және қолма- қолсыз
деп қана қатаң түрде шектеудi ғалымдар онша қабылдай қоймады.
Бұл екеуi өзара тығыз байланыста, сондықтан оларды бөлу қажет емес.
Ақша өз айналысында қолма – қолдан қолма қолсыз ақшаға (және керiсiнше)
өтедi. Мысалы, кәсiпорынның бөлшек саудасынан түскен түсiм банкке
түскеннен соң оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақша қаражатарына
айналады да, ол бұдан өз жiктеулерiне ақша аударуы мүмкiн.

1.3 Ақша териясының дамуы және ақша жүйесі.

а) Ақшаның металдық теориясы.
Бұл теорияның өкiлдерiне капиталдың алғашқы қорлану кезеңiндегi
меркантелистер ( Томас Мэн, т.б.) жатады. Оларға қоғамның байлығын ақшамен
өлшеуге, сонымен қатар ақшаны бағалы металдармен бiрдей деп санау тән
болған. Олардың пiкiрiнше қоғамның нағыз байлығы алтын мен күмiс, яғни
бұлар өзiнiң табиғаты бойынша нағыз ақшалар болып табылады. Ақшаның
металдық теориясы фетишистiк сипатта , себебi бұл теорияның пайымдауынша
ақшаның ролiнде алтын, күмiс сияқты кез-келген бағалы металл бола алады,
ал адамдардың тауар шаруашылығындағы өндiрiстiк қатынастарын сипаттайтын
ақша екендiгi жөнiнен хабарсыз. Ресейде металдық теорияның өкiлi атақты
мемлекеттiк қызметкер М.М.Сперанский (1771-1839 ж.ж.) болып табылады.
Ақшаның қызметтерiн орындауда металдың қатысуы XIX ғ. теоретиктермен
қолданылған. Бұл iс жүзiнде тек бiр тарихи кезең, яғни ақша жүйесiнiң
жоғары және күрделi формаларына өту кезеңi болды. Алтын айналысының
тармағынада қолданылуы XIX ғ. дүниежүзiлiк экономиканың шеңберiне
сыймады. Өндiрiстiң дамуы ақша базисiнiң адекватты түрiнiң болуын талап
еттi. Объективтi түрде, металдық жүйенiң негiзiнде жаңа төлем әдiстерi мен
формалары қалыптасты, олар несиеге негiзделдi. {11}
Сонымен, ақшаның iшкi мазмұны бағалы металдың N мөлшерiне
берiлген құжат ретiнде бiртiндеп иелерiнiң эмиссиялық орталыққа, оның
iшiнде мемлекетке деген сенiмi ауысады. Үкiметке деген сенiмсiздiк,
соғыстар және басқа да форс-мажорлық жағдайлар классикалық алтын
стандартына қайта келуiне әкеледi. Нақты экономика тұрғысынан қарағанда
қарапайым тауар болса да алтын ерекше орында тұрады.
Қазiргi кезде алтынның негiзгi экономикалық қызметiнiң мәнi, оның
капиталды инфляциядан сақтау құралы ретiнде қызмет етуiмен, несие алуды
қамтамасыз ету құралы болуымен және маңызды өнеркәсiптiк шикiзат болып қала
беруiмен сипатталады.
Металдың ақша ретiнде қызмет етуiмен барып, одан бiрте – бiрте
монеталар пайда бола бастады. Көпестер классының бөлiнуiмен алғашқы
монеталар пайда болды. Олардың пайда болуы ақшаның қалыптасуындағы соңғы
кезеңдi сипаттайды.
Монета – ол формасы, сыртқы пiшiнi, салмақтық құрамы заңмен
бекiтiлген металдан жасалған ақша белгiсi.
Монета бет жағы – аверс, келесi жағы – реверс, кесiндiсi – гурт болып
ажыратылады.
Монеталық ақша айналысы тарихында мынадай түсiнiктемелер бар:
Биметализм – жалпыға бiрдей эквивалент ролiн екi немесе одан да көп
металл атқарады, яғни айналыста алтын және күмiс монеталар пайдаланылады.
Монометализм – жалпыға бiрдей эквивалент ретiнде бiр ғана металл түрi
( алтын, күмiс, т.б.) қолданылатын ақша жүйесi.
Осылай, б.э. дейiн III – II ғ. римде мыс монометаллизмi, Ресейде 1843-
1852 ж.ж. аралығында – күмiс монометаллизмi 1897 ж. II Николай патша
тұсында енгiзiлдi. {16}
Түрiкше “акче” сөзi, қазақша “ақша” , яғни “ақ” сөзiнен күмiс
монетаның түсiне қарап шыққан.

б) Ақшаның номиналистiк теориясы.
Меркантелистердiң металлизмге қарсы iс әрекетiнен ақшаның
номиналистiк теориясы пайда бболды. Тауар өндiрiсi мен айналымының өсуiне
байланысты металл монеталарды вексель, банкнот түрiндегi несиелiк айланыс
құралдарына жартылай ауыстыру бiртiндеп орын алды. Ақшалар мен бағалы
металдардың арасындағы iшкi байланыстарды жоққа шығара отырып,
номиналистер құн белгiлерiнiң жүру құқығын негiздедi, ол үшiн олардың
металдық құрамын белгiледi. {11}
Номинализмнiң негiзгi ережесi мынадай:
• Ақша идеалды есеп бiрлiгi болып саналады және олардың көмегiмен
тауарлардың айырбас құны анықталады;
• Бұл бiрлiк ешқандай да iшкi құнға ие емес;
Сонымен номиналаистер аұшаның құндық жаратылысын толық жоққа шығара
отырып, оларды техникалық айырбас құралы ретiнде қарастырады. Адам
Смиттiң айтуынша, ақша – бұл айырбас процесiн жеңiлдететiн техникалық
дөңгелек, айырбас және сауда құралы. Ол ақшаның құны екi жақты мәнге ие
дп санайды:
• Қандай-да бiр заттың пайдалылығын көрсетедi;
• Басқа тауарды сатып алу мүмкiндiгi,
XIX ғ. аяғында және XX ғ. басында саяси экономияда номинализм үстемдiк
ете бастады. Бiрақ бұрынғы номинализмнен айырмашылығы оның объектiсiне
қағаз ақшалар жатады.
Номинализмнiң мәнi немiс экономисi Кнаптың (“Государсвенная теория
денег” , 1905 ж.) еңбегiнде жақсы берiлген. Оның негiзгi ережелерi
төменгiдей құрылған:
• Ақша – құқықтық тәртiптiң өнiмi, мемлекеттiк билiктiң туындысы;
• Ақша мемлекеттiк хартальдiк төлем құралы, яғни ол мемлекеттiң төлем
күшiмен жасалған төлем белгiлерi болып табылады;
• Ақшаның негiзгi қызметi – төлем құралы.
1929 – 1933 жж. экономикалық дағдарыс тұсында номинализм әрi қарай
дами түстi. Сөйтiп, Дж.М. Кейнс (1930ж. “Трактат о денгах”) алтын
ақшаларды “жабайылық сарқыншағы” , “арбаның бесiншi дөңгелегi” деп
хабарлайды. Ол идеалды ақшаларға қоғамның өркендеуiн үнемi қамтамасыз етiп
отыратын қағаз ақшаларды жатқызды. Кнапп теориясының жеңiсi деп қарастырды.
Кейнс барлық өркениеттi ақшалар қарапайым түрiнде қалып, кнапптық партализм
толық жүзеге асты деп санады. {11}
Қағаз ақшалардың пайда болуы металл айналысының объективтi
заңдылықтары мен капитализм тұсындағы тауарлы өндiрiстiң дамуымен
сипатталатын ақша айналымына деген қосымша қажеттiлiктерiмен байланысты.
Бiрақ қағаз ақшаның шығу тарихы б.ғ.д. I ғ. тән, яғни ол кездегi
терiден жасалған ақшаларға байланысты. Бұл уақытта Қытайда ақ бұғы
терiсiнен жасалған ақшалар пайда болды. Ақ бұғылардың барлығы император
меншiгiнде болған.
XVII ғ. алдындағы капиталистiк тауарлы өндiрiстiң дамуымен қағаз
ақшаның қолданылуы өрiс ала бастады. Қағаз ақшалар 1690 жылы Солтүстiк
Американың Британиялық отар елдерiнде, 1716 ж. Францияда, 1795 ж. АҚШ-та,
1762 ж. Австралияда пайда болды. Ресейде алғашқы қағаз ақшалар 1769 ж. II
Екатерина тұсында пайда болды. {16}
Сырттай қарағанда, қағаз белгiлерi мемлекет тарапынан жасалынған –
толық құнды ақшаның орнын алмастырушылар тәрiздi әсер етедi деген ой туады.
Шыында олар металл ақшаның номиналды құнының нақты құнынан ауытқуынан
көбеюi есесiнен пайда болды.
Металл ақшадан қағаз ақшаға ауысу себептерi:
1. Металл ақша айналысы өте қымбат болып келедi және капитализмнiң
дамуымен мүмкiн емес, себебi қымбат металдарды өндiру айналыс
құралдарына деген шаруашылықтың қажеттiлiгiнен әлдеқайда төмен;
2. Монеталардың тозуы және бүлiнуi;
3. Мемлекеттiк билiк пен жалған монеталарды жасаушылардың монеталарды
бұзуы;
4. Мемлекет шығындарын қағаз ақшаларды жабу үшiн шығарады.
Осыған байланысты, К. Маркс атап көрсеткендей: “өзiнiң айналыстағы
делдалы ретiнде алтын әр түрлi өзгерiстерге ұшырады, тiптi жай ғана бiр
жапырақ қағазға дейiн жұқарды.
Қағаз ақшалар ақшаның номиналдық құрамының нақты құрамынан бiртiндеп
бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған құн белгiсiнiң ақырғы формасы.
Қағаз ақша мемлекеттiң өз шығындарын табу үшiн шығарылатын, әдетте
металға айырбасталмайтын, ерiксiз номиналға ие ақша белгiсi.
Қағаз ақшалар толық құнсыз болып келедi, себебi, өзiнiң дербес құны
жоқ. Оларды шығаруға кеткен шығындар өте аз. Заңды төлем құралы болып
тұрған кезде ғана олар өздерiнiң сатып алу қабiлетiн сақтай алады.
Егер “нағыз” ақшалар айналыста өзiнiң меншiктi құнының арқасында
жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс процесiнде нарықтық құнға ие болады.
Мемлекет сол елдiң көлемiнде ғана оларға ерiксiз өзiндiк құн белгiлейдi.
Осылайша , Қазақстанда 1993 жылы ең iрi капюрда 100 теңге, 1994 жылы 200
және 500 теңгелiк купюралар шығарылған болатын.
Ақшалар ешқашанда алтынға ауыстырылаған. Бiрақ кейбiр жағдайларда
мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды толық номиналдық бағасы
бойынша алтынға ауыстырған кездерi болған.
Қағаз ақшалардың өзiнiң меншiктi құны болмағандықтан да , олар айналыс
саласындағы ақшаның қызметтерiн толық құнды ақшалардың қызметтерi арқылы
атқарады.
Қағаз ақшалардың меншiктi құндарының болмауына байланысты олар
өздерiнiң жаратылысына қарай тұрақсыз және құнсыздануға икемдi келедi.
Ақшаның құнсыздануы әр түрлi себептерге байланысты болады: бюджет
тапшылығын, әскери және басқа да өндiрiстiк емес шығындарды жабуға артық
ақшалардың шығарылуы; пассивтiк төлем балансының салдарынан алтынға
дүниежүзiлiк ақша ретiнде сұраныстын ұлғаюы; еңбек өнiмдiлiгiнiң төмендеуi
және тауар массасының қысқаруы, т.б.
Мұның бәрi бағаның өсуiне әкелiп соғады. Жалпы алғанда қағаз
ақшалардың құнсыздануы бұл тұрақсыз экономикаға тән нәрсе.
Қағаз ақшалар әрдайым көмекшi сипатқа ие. Қағаз ақшалардың дербес
түрде ұзақ уақыт бойында айналуы мүмкiн емес, сондықтан да олармен қатар
несиелiк ақшалар жүредi. {5}
Несиелiк ақшалар – бұл несие негiзiнде алтынның орнына келген құнның
қағаздай белгiсi. Несие ақшалар несие берушi мен несие алушы арасындағы
қарыз капиталының қозғалысын көрсетедi және “төлем құралы формасы ретiнде
өмiр сүрудiң меншiктi формасын алады”. {11}
Несие ақшалардың негiзгi түрлерiне: вексель, банкнота, чек, несие
карточкалары жатады.

а) Ақшаның сандық теориясы.
Айналыстағы ақшаның саны К. Маркстiң ашқан ақша айналысының заңымен
реттеледi. Айналысқа қажеттi ақша саны – айналыстағы ақша саны мен сатуға
арналған тауарлар массасы және атауы бiр ақша бiрлiктерiнiң айналыс
жылдамдығы арасындағы белгiлi бiр сәйкестiктiң болуын талап етедi.
Айналысқа қажеттi ақша санының формуласы төмендегiдей:
PY = TV+DV1
мұндағы: P – бағаның жалпы деңгейi;
Y - өндiрiс көлемi;
T – ақша белгiлерiнiң саны;
D – депозиттер;
V және V1 – ақшаның және депозиттiң айалыс жылдамдығы.
1929 ж. ұлы депрессиядан кейiн ақшаның сандық теориясы өзiнiң күшiн
жоғалта бастады, себебi кейнсиандық теория ақша массасын емес, нақты
экономиканы басқаруға көп көңiл бөлдi.
Өткен он жылдықта етек ала бастаған инфляциялық процестер ағылшын,
американ экономистерiн монетаризмге деген жаңа қызығушылықтарын тудырды,
себебi қазiргi кездегi монетаризм ақша массасы мен өндiрiс көлемiнiң
өзгерiсi арасындағы байланысты анықтауға ұмтылуда. Монетаристер ақшаны
реттеу және күтiлген өзгерiстердi анықтау үшiн қажеттi мерзiмдер арасында
пайда болуы мүмкiн үзiлiстердi ескере отырып, ақша массасын бiрқалыпты және
ұдайы реттеудiң өсу қарқынының “алтын” ережесiн ұсына бастады.
Ақшаға деген сұраныстың монетарлық теориясы неокласикалық дәстүрге
сүйеніп, ХVIII ғасырда пайда болды. Бұл теория экономика ғылымында
үстіміздегі ғасырдың 30- 40 – жылдарына дейін үстемдік жүргізген ақшаның
сандық теориясының ұсыныстарын басшылыққа алды. Бұл мектептің негізгі
идеяларын ұсынғандар ағылшын ғалымдары Д.Юм, Дж.Милль, А.Маршалл, А.Пигу,
К. Виксель, Д. Патинкин, американ ғалымы И.Фишер, шведтік Г. Кассель мен
Б. Хансен. Қазіргі монетаризм сандық теорияның жаңа варианты
ретінде Чикаго мектебі ғалымдарының 50-60 – жылдардағы еңбектерінен
көрінеді (М. Фридмен, К. Брунчер, А.Х. Мельтцер).
Монетаристер экономиканы дамытуда ақшаның роліне үлкен мән берді.
Рыноктық шаруашылықтың циклдық өзгеруін түсіндіруде де ақша массасының
маңызы бар деп есептейді. Монетаристердің ұраны – ақшаның маңызы бар
(money matters) , ал көбі тек ақшаның ғана маңызы зор деп ойлайды (money is
all that matters).
Кейнсиандық және монетарлық тәсілдердің айырмашылықтарын жақсы білу
үшін, алдыменен неоклассикалық варианттың сандық теориясын талдау жасау
керек. Сандық теорияның негізгі постулаты мынада : бағаның абсолютті
деңгейі номиналды ақша қалдығының ұсынысымен анықталады. Басқаша айтқанда,
ақшаны көп ұсынған сайын, бағаның деңгейі жоғары және керісінше болады.
Мұндай тәуекелділік белгілі кембридж теңдігі деп аталады. Кембридж
мектебінің өкілдері ағылшын ғалымдары А.Маршалл, А.Пигу, Д.Робертен бұл
теңдікті былай қисындайды:

M-s = KPY
Мұнда M-s - ақшаның номиналды саны, К - номиналды табыс пен қажетті ақша
қалдықтары арасындағы пропорция, Р - бағаның абсолютті деңгейі, Y- нақты
табыс.
Американ профессоры И. Фишер өзінің Ақшаның сатып алу күші деген
кітабында сандық теорияға негізделген тағы бір теңдік есептеп шығарды : M-
sV = PY , мұндағы V ақша айналымының жылдамдығы. Осындай жылдмдықпен
номиналды қордың бір өлшемі айналымға қозғалыс жасайды.
Теңдіктің екі бөлігін V-ге бөлсек, мына формуланы аламыз: M-s =
Демек, V мөлшері кембридж формуласындағы К мөлшеріне әсер бар. Бұл қисын
былай түсіндіріледі : егер индивидтер аз ақша қалдықтарын сақтаса, онда
сондай көлемде тауар өткізу үшін ақша айналымының жылдамдығын арттыру
керек.
30- жылдардағы Кейнс идеяларының кеңірек таралуы неоклассикалық
теорияның деградацияланып құруына әкелді. 50- жылдарда Кейнстерге қыр
көрсетіп күресте шақырған қазіргі монетаристер сандық теорияны бұрынғы
қалпына дүниеге келтіруге болмайтындығын түсінді. Сондықтан да осы
теорияның негізін қалаушы американ профессоры, экономика саласында Нобель
сыйлығының лауреаты Милтон Фридмен ақшаға сұраныс теориясын
микроэкономикалық сатыда зерттеуге көніл аударып, содан кейін барып алынған
қорытындыларға макроэкономикалық шеңберде мән беріп, ақшаға деген
сұраныстың өзгерісін және оның барлық шаруашылық ықпалын талдайды. Ақша
сұраныстың таза теориялық деген атпен белгілі болған сандық теорияның жаңа
вариантында М.Фридмен ақшаға сұраныстың қызметін былайша көрсетті :
MД = Pf(rB, rc, P, h, Y, u)
мұндағы, MД номиналды ақша қалдығына жоспарланған сұраныс. Р бағаның
абсолютті деңгейі, rB - облигациялардың % нормасы, rc – акция табыстарының
нарықтық нормасы. Р - баға деңгейінің өзгеруі процентті (тауарларды акция
түрінде сақтаудан түскен табыстағы ставкасы) Y- тұрақты бағадағы ұлттық
табыс. h- ұлттық табыстың,байлықтың физикалық компонентінің үлесі, u-
ақшаға сұранысқа әсер ететін басқа факторлар.
Монетаризм ақшаға деген сұранысты шаруашылық агенттердің ақша қорынан
түсетін және балама активтердің келтіретін табыстарын салыстыру нәтижесі
ретінде анықтайды. Ақша қорының артықшылығы ақшаның айырбасты жеделдету
және банкроттан сақтау қабілетінен көрінеді. Сөйтіп, кейнсшілдердің
қоржынға нені салуды қалайтынын ақша ма, жоқ облигацианы ма деген
таңдауларын жеңілдетті. Ал монетаристер болса, таңдаудың көптеген
баламаларын ұсынды.
М.Фридменның теориясында ақшаға сұраныс қызметінен тұрақты болатыны
баса айтылған. Бұл кейнсшілдердің ақшаға сұранысты болжап білуге болмайды
дегендеріне қарсы бағытталған анықтама. Монетаристер халық жинағындағы ақша
қорларын жалпы ұлттық өнімнің тұрақты бөлігі деп есептейді.
Ақшаның төлем құралы ретiнде қызмет етуi айналысқа қажеттi ақшаның жалпы
көлемiн қысқартады. Бұл, қарыз мiндеттемелерiнiң көп бөлiгi қарыз талаптары
мен мiндеттемелерiн өзара есептеу арқылы жабу жолымен түсiндiрiледi.
Сөйтiп, несиенiң даму дәрежесi ақша санына керi әсер етедi: неғұрлым
тауарлардың көп бөлiгi несиеге сатылса; соғұрлым айналыс үшiн ақшаның аз
саны қажет етiледi. Оған қоса мынаны ұмытпаған жөн: айналыстан алынған
ақшаның белгiлi бiр саны шаруашылықтағы және халықтың қолындағы тұрақты
ақша резервiн қалыптастырады. Осының нәтижесiнде, айналыстағы ақша санын
анықтайтын заң келесi түрдегi формуламен анықталады:

А = (ТБ – Н + Т – БТ) АА

А – төлем құралы және айналыс құралы ретiнде қажеттi ақша саны;
ТБ– тауар бағасының сомасы;
Н – несиеге сатылған тауар бағасының сомасы,
Т – мерзімі жеткен төлемдер;
БТ - бірін-бірі төлейтін төлемдер;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша жүйесі және оның негізгі типтері
Республикада ұлттық валюта - теңгені енгізу
Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесінің ерекшеліктері мен дамуы
Қазақтан Республикасының ақша - кредит саясаты
Валюталық саясат - әлемдік шаруашылықтың маңызды саласы
Қазақстан Республикасындағы ақша айналысы
Төл теңгеміздің бүгіні мен ертеңі
Қазақстанның ұлттық валютасының пайда болуы және дамуы туралы
Қазақстан Республикасының ақша реформасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1993 ЖЫЛҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ
Пәндер