Жеткіншектердің тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда психологиялық фактор



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
1.2.Жеткіншектердің тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда психологиялық фактор

Жеткіншектердің тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда психологиялық факторларына тоқталмас алдын, жалпы тұлғаға қатысыт дүниелерді сараптау қажет.
Тұлға ұғымы Адам деген ұғымнан мағынасы саралау. Тұлға қоғамдык-тарихи категория. Адамнын коғамдык мәні мен әлеуметтік кызметі тұлға сипаттамасының басты көрсеткіші. Тұлға -- тек коғамдық ғылымдардың, яғни тарих, философия, социология, этика, эстетика, психология, педагогика ғылымдарынын зерттеу нысанасы (объект ісі). Тұлға -- коғамда өзіндік орны бар, соған лайық қоғамдық рол аткаратын саналы индивид. Рол -- тұлғаның әлеуметтік функциясы. Мысалы, әке мен шешенің рөлі -- бала тәрбиелеу, мектеп директорынын ролі -- мүғалімдер ұжымын басқару және оқыту мен тәрбие процесін ұйымдастыру. Тұлға позициясы (тұғыры) онын карым-катынас жүйесі. Тұлғанын негізгі қарым-қатынасы өмірдін материалыдық жағдайына, қоғам мен адамдарға, өзіне, өзінін жеке міндеттеріне , қоғамдык және еңбек жағдайларынан айқын аңғарылады. Бұл қарым-қатынастан тұлғаның адамгершілік сипаттамасы мен әлеуметтік ұстанымы аңғарылады. қарым-қатынас адамның өмірдегі бағыты бойынша ғана емес, оны сезіну, түсіну деңгейі бойынша да сипатталады. қарым-қатынас үстірт ұғыну және терең ұғыну болып бөлінеді. Үстірт ұғыну қарым-қатынасына ұнату немесе ұнатпау сезімі жатады.
Терең ұғыну -- бұл принципті қарым-қатынас, ол жағдайдың ыңғайы бойынша емес, ішкі сенім, иланым бойынша анықталады, яғни тұлғаның адамгершілігі мен жауапкершілігін сезінуінен туындайды. Сонымен, материалистік философия мен психология тұлғаны әлеуметтік мән ретінде қарастырады. Ендеше тұлға деген де адам, тек ол қоғамдық мәнділік пен қоғамдык қызмет тұрғысынан карастырылмақ. Физиолог адамды организм тұрғысынан зерттейді, ал социолог пен психолог адамды тұлға тұрғысынан зерттейді. Міне, сондыктан да түлға мен оның күрылымына аныктама бергенде кейбір психологтар онын әлеуметтік және биологиялык орнын бірдей етіп көрсетеді. Тұлға -- саналы индивид. Тұлғанын коғамдык рөлін оған психологиялық сараптама жасамай түсіндіру мүмкін емес, мысалы, мотивтер жүйесі, кабілет пен мінезі, жүйке жүйесі. Дара тұлға дегеніміз тұлға артықшылығы емес.
Тұлғаның өзіндік ерекшелігі.
Түлғаның даралығы туралы айтылғанда, онын басқадан өзгешелігі алынады. Өзгешелік деген сөз тұлғаны айрыкшаландырып, өзгеден ерекше көрсететін аныктама. Әр адам өзінше дара, бірақ ол біреуде ерекше көрінеді, екіншілерде онша байқалмайды. Тұлға даралығы зияттылық {интеллектуалдық), сезім-эмоциялык, кайрат жігер аясында немесе психикалық іс-әрекеттің барлық саласында байқалуы мүмкін. Интеллект (зият) өзгешелігінін кабілеті өзгелер байқамағанды байқау, ақпарат іріктеудегі ерекшелік, мәселе кою мен мәселе шешуде байқалады. Сезіну, сезім ерекшелігі интеллектуалды немесе моралыдық деңгейдін жоғарылығымен сипатталады. Ерік-жігер ерекшелігі ерік-жігер күшінін мықтылығымен, өзін-өзі байсалды ұстай білетіндігімен өзгешеленеді. Ерекшелік адамнын мінезі мен іс-әрекетіне өзінше рен беретін үйлесіміне де байланысты болады. Тұлғанын даралығы тұлғаны нақтылай толықтыра түседі. Тұлға психологиясын зерттегенде онын даралығы да зерттеудің тұрақты нысанасы болады. Тұрмыстық тәжірибе мен ғылымда тұлғаның даралығымен бірге индивид деген сөз де қолданылады. Индивид ұғымына бүкіл болмысымен өзгешеленетін нақты адамды жатқызамыз. Адам құрылысы секілді психикалық өмірдің де өз құрылымы болады. Тұлға құрылымының негізгі компоненттері: құрылымнын бірінші компоненті {блок) түлға бағытын немесе адамның яки катка қарым-қатынасын сипаттайды. Бағыттың сипаттамасы да әр түрлі: өмір талабына қызығушылық, идеялык, практикалық ұстанымдар жүйесі. Осының ішінде бағыт компоненттерінін бірі басылымдылықта болады да, калғандары оған тіреуші, колдаушы болады. Тұлға бойындағы басым бағыт тұлғаның психикалық қызметін айқындайды. Мысалы, танымдық қызығушылықтың басым бағытқа ие болуы ерік-жігер мен сезімдік ауанға жетелейді де, ол өз кезегінде ақыл-ой қызметінін белсенділігін арттырады. Ондайда карапайым мүдделерге сұраныс бәсендейді, тіпті ол екінші қатарға шығып қалады. Тұлға өз кызығушылығынын түтас жүйесін негіздеп, оған коғамдык, өзіндік мән беруге тырысады. Екінші блок тұлғанын мүмкіндігін анықтап, жетістікті қамтамасыз ететін қабілет жүйесін іске қосады. Қабылет бір-бірімен байланысты, бір-біріне әсер етеді. Яғни, бір кабілет басымдық көрсетсе, екіншілері оған көмекші болады. Мысалы, А. С. Пушкиннің поэтикалык кабілеті басым болды да, тарихшылығы мен сурет саласындығы дарынына көмектесті. Доминанттар, яғни көмекшілер негізгі қабілеттің, таланттын ерекше дамуына көмектеседі. Қабілет қарымынын күші басымдылық құрылымынан аңғарылады. Өз кезегінде қабілет дифференциясы тұлған болмыска көзкарасының талғамын калыптастырады. Мінез түлғанын үшінші блок құрылымына жатады, яғни адамның әлеуметтік ортадағы мінез-кұлқы. Міңез- күрделі синтетикалык білім, адамның рухани өмірінің мазмұны мен форма бірлігі. Мінез тұлғаны түгелдей сипаттай алмайды, бірақ оның құрылымының күрделі жүйесін, басымдылығы мен жігерін, интеллектуалдык және эмоционалдық сапасын, темпераментте байқалатын психологиялық ерекшелігін аңғартады. Мінез жүйесінде де жетекші қасиет болады. Оған бірінші кезекте моральдық сипаты (адамдарға қарым-қатынасының сыпайлығы немесе қатыгездігі, міндеттерге жауапкершілігі, қарапайымдылығы), екінші, ерік-жігері (шешім қабылдашылығы тұрақтылығы, өжеттігі, өзін-өзі игеруі) мінез-құлқынын ерекшелігін айкындап, практикалық мәселе шешу тәсілін көрсетеді. Міне, сондықтан да моральдық сипаты мен ерік-жігер мінездің негізін құрайды .
Төртінші блок, Мен деген сөзбен аңықталатын басқару жүйесі. Мен өзін-өзі реттеуді жүзеге асырады: іс-әректті белсендіріп немесе баяулатады, іс-әрекетті бақылап түзетеді, тіршілік пен іс-әрекетті жоспарлайды. Егер психикалық құрылымнан психикалық процестер мен психикалық күйлерді алып тастайтын болсақ, онда ол жарым-жартылай болып қалған болар еді. Тұлға құрылымындағы психикалық, қасиеттер, процесстер және психикалық курер. Психикалық процесс- психикалық кұбылыстын түрлі тәсілде болмысты динамикалық бейнелеуі. Ең алдымен психикалық процесс тұлға мен ақиқатты байланыстырушы. Осыдан тұлға касиеті қалыптасады. Бұл қасиет процесс ағымына әсер етеді. Түйсіну процесінде нақты сенсорлық қасиет пен тұлғанын тұтастай сенсорлық қалыбы қадыптасады да, ол өз кезегінде түйсіктін сандық-сапалық сипаттамасын анықтайды. Теориялық, практикалық міндеттерді шешу процесінде шешім қабылданып, оның жүзеге калай асқандығы, тұлғанын ерік жігерін қалыптастырады. Тұлғаның мұндай бағыты қабылдау мен эмоциялык реакцияларды талғампаздықпен сезінуге үйретеді. Сондықтан адам қажеттілігіне карай, қызығушылығы мен ұстанымына орай не көргісі келсе, соны көреді.
Бейнелеу -- объективті процесс, ол тұлғанын объективті құрылымын күрделендіреді. Психикалық процестердің негізінде психикалық қасиет қалыптасады да, ол психикалық процестердің өтуін реттейтін жүйе ретінде қарастырылады. Тұлғаның психикалық қасиеті индивидке тән психикалық қызмет пен мінез-құлыктың сапалық-сандық деңгейін аңықтайтын тұрақты көрсеткіш. Процестердің өту сипаттамасы ми белсенділігінін функциональдық деңгейіне яғни тұлғаның психикалық белсенді күйіне байланысты. Психикалық күй дегеніміз психикалық іс-әрекеттің тұрақты денгейі, ол тұлғаның белсенділігінін өте жоғары немесе төмен болуына байланысты. С. Л. Рубинштейннің анықтамасы бойынша психикалық күй психикалық іс-әрекеттін нәтижесі. Шындығында, окиғаның бейнеленуі күрделі құбылыс. Ол түрлі процестерден тұрады. Мысалы, қабылдау, түйсіну, елестету, ойлау, киялдау. Осы қуаттардың іс әрекеті тұлғаның белсенділігін белгілі деңгейге сәйкестендіреді. Бейнелену мазмұны психикалық белсенділік тонсында шешуші мазмұнға ие. Іс-әрекеттін қоғамдық немесе жеке бастың мән-мағынасы өзіне сай эмоция тудырады. Ол өз кезегінде мінез-құлық сипаттамасына сәйкес тұлғаның жалпы белсенділік денгейін не көтереді не төмендетеді. Психикалық іс-әркеттің тұрактанған деңгейі инерциямен біраз уақытқа созылады. Қалыптасқан психикалық белсенділік одан кейінгі жағдайларға сай өрбиді. Көңіл-күй ішкі және сыртқы жағдайлармен анықталады. Бірақ, онын динамикасы мен сипаттамасы тұлғаның қасиетіне тәуелді. Мысалы, жүйке жүйесі инертті адам қимыл-қозғалысы тез адамға қарағанда орнықты келеді. Сондықтан сын-ескертпе біреудің белсенділігін арттырса, екінші біреудің белсенділігін төмендетіп, кейде депрессиялық жағдайға жеткізеді. Айтылған сынға сезімталдықпен қарау мынадай мінез бітімдеріне байланысты: мансапкұмар, өзімшіл, өзіне-өзі сенімді, ерік-жігері мықты, эмоционалды реактивті т.б. Сонымен, тұлғанын, психикалык сипаттары күрделі, сан кырлы, динамикалыкөзгерісте болады. Оның компоненттері бірімен бірі озара байланысты, өзара тәуелді. Тұлғаның жетілуімен бірге оның құрылымында өзгерістер болады. Сонымен бірге әрбір тұлғаның құрылымы тұрақты. Ол индивидке тән қасиетке ие, яғни адамдық сипатка ие, өмірдің түрлі жағдайында одан түрлі әрекеттер мен міңез күтесің. Осылайша әр адам өзінше тұрақты, әрі өзгеше. Осындай құрылым ғана адамның өзімен өзі болуына, икемді өмір сүруіне ыкпал етеді.
Тұлға коғамдық қатынастардың обьектісі ғана емес, сонымен бірге белсенді субьектісі болып табылады. Тұлғаны іс-әрекеттің субъектісі және объектісі ретінде қабылдау арқылы, сыртқы факторлар (қоғамның құндылықтары мен нормалары) мен ішкі факторлардың ( тұлғаның құндылық бағдары, нажеттіліктері, мотиві, мақсаттары т,б) өзара байланысқа түсуі туралы айтуға болады. Өйткені тұлға әлеуметтену процесі барысында сыртқы ортаның кұндылыктары мен талаптарын қабылдап, оны өз мінез-кұлығының ішкі қозғаушы мотивтері ретінде көрсетеді. Қоғам элеуметтену процесінің факторы, субъектісі ретінде, өз әрекеттерін өзекті тапсырыстарды орындауға бағыттаған ресми және ресми емес институттар арқылы индивидтің қалыптасуына тікелей әсер етеді. Мұндай институттардың мазмұны мен түрі, іс-әрекеттері коғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты өзгеріске ұшырап отырады. Өзін қоғамда ғана жүзеге асыра алатын әлеуметтік жан болғандықтан адам оның әлеуметтік институттарының ( әлеуметтену агенттері) талаптарына сай іс әрекет жасап, сонымен бір уақытта өзінің жеке мүдделерін топтық мүдделермен сәйкестендіре отырып, белгілі бір деңгейде дербестікті, тәуелсіздікті сақтауы тиіс. Тұлға қоғам мен топтың кұндылыктарын өзі арқылы өткізеді, өмірлік тәжірибесі, қызығушылықтары мен мүдделері негізінде өзінің оларға қатынасын көрсетеді. Тұлғаны еңбектік, адамгершілік, құқықтық, экологиялық, саяси, идеологиялық және басқа да әлеуметтік қатынастардан бөлек қарастыру мүмкін емес. Егер де бұл қарым-қатынастар жүйесінде адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқы қоғамның маңызды мүдделеріне неғұрлым сәйкес келсе, соғұрлым оның тұлғалық даму деңгейі жоғары болады. Бұл деңгейді тұлғаның өзі емес, онымен әлеуметтік өзара байланыста болып отырған қоршаған ортадағы адамдар анықтайды. Әлеуметтік өзара байланыстар процесінде тұлға бір жағынан әлеуметтік кауымдастьқпен тұтасып, бірігіп кетуге әрекет жасаса, екінші жағынан одан бөлініп, өзінің шығармашылық дербестігін көрсетуге тырысады. Алғашқы жағдайда ол әлеуметтік қатынастардың нәтижесі сапасында болса, екінші жағдайда - оның субъектісі, өзінің өмірін ғана емес, сонымен қатар тұтасымен қоғамның өмірін белсенді түрде өзгертуші ретінде көрсетеді. Тұлғаға іштей тән болып табылатын мұндай қарама-кайшылық оның дамуының басты шарты болып табылады. Адам дербестігінің қалыптасуына оны қоршаған әлеуметтік орта үлкен әсерін тигізеді. Баска адамдармен араласу арқылы адам өзін көрсетіп, таныта алады. Адамның құндылық бағыты индивидтің жекелік мүддесі мен қажеттіліктерін есепке алудың негізінде қоғамдық қүндылықтардың оның мінез - кұлқы мен іс-әрекет механизмінде көріну түрі болып табылады. Басқаша айтқанда, бұл адамның мінез-құлығының таңдауға негізделетіндігін көрсетіп, өмірдің мәні және құндылығы туралы оның түсініктерінің сипатын бейнелейді. Құндылықты пікір барлық уакытта жекелік және субьективтік сипатқа ие болады. Тұлға интегралдық сапалардың, атап айтқанда, табиғилық пен әлеуметтіктің, рационалдылық пен иррационалдылықтың, эмоционалдық пен ақылдылықтың, саналылық пен бейсаналылықтың жүйесі.
Интегралдық сапаларға басты назар аудару тұлғаны биологиялық, психологиялық және әлеуметтік сапалардың тұтастығы ретінде түсінуге мүмкіндік береді. Тұлға биологиялық, психологиялық, элеуметтік факторлардың жиынтығы ретінде қарастырылады.
"Биологиялық" - барлык тірі жандарға тэн сипат. Бүл адамда барлық тірі организмдерге тән физиологияльщ ерекшеліктер арқылы көрінеді. Тұлғаның биопсихоэлеуметтік мәні барлық уақытта ғалымдардың назарын аударып отырды. Әлеуметтік ортаның тұлғаның қалыптасуына тигізетін әсерінің маңызды екендігін мойындай отырып, биологиялық тұқым куалаушылық факторы рөлінің де зор екендігін ұмытпаған жөн. Адам психикасының қалыптасуында белгілі бір әлеуметтік жағдайлардың әсерімен өзгерістерге ұшырай отырып, адамның түрлі әлеуметтік типтерін - еркі жоқ жалқауларды немесе жігерлі тұлғаларды қалыптастыратын генетикалык факторларды да ескермеуге болмайды.Ұқсас әлеуметтік жағдайлар бір-бірінен айырмашылығы жоқ түлғалардың қалыптасуына ешқашанда әкелмейді, өйткені адамның жекелік қасиеттері элеуметтік факторлардың ғана емес, сонымен қатар оның биопсихикалық ерекшеліктерімен де айқындалады. Адам әлеуметтік ортаның әсерін өзінің қажеттіліктерінің, әлеуметтенудің ішкі механизмдерінің негізінде қабылдағандықтан, соңғы нәтижелердің, яғни адам мінез-құлқының түрлі болатындығы да осыдан шығады.
Қазіргі кезеңде психологияда тұлғаны зерттеуге байланысты бірқатар бағыттарды бөліп көрсетуге болады. Біріншісі - ағашқы орынға адамның биологиялык мәнін коятын биологиялық бағыт (3. Фрейд, А. Гезелл, К. Конрад). Екіншісі - әлеуметтік бағыт (Т. Парсонс, Р. Мертон, К. Левин). Бұл бағыт адамның дамуында элеуметтік факторлардың атқаратын маңызды рөліне баса назар аударады. Үшіншісі - "конвергенция факторы" (А.Ф. Лазурский, В. Штерн). Бұл концепцияда биологиялық жэне әлеуметтік факторлардың өзара үйлесуі туралы айтылып, биологиялық фактор негізгі ретінде танылады. Төртінші - "түрлі факторлық" (Л.С.Выготский, Ж. Пиажё). Мұнда биологиялык фактормен бірге әлеуметтік орта, сонымен бірге тұлғаның өзін дамыту жағдайлары да есепке алынады. Бесінші - "универсумдық" (С.Л. Рубинштейн, А.В. Петровский). Бұл багыттың ерекшелігі - биологиялық, әлеуметтік жэне рухани факторларды тұтас қарастыру (Немировский В.Г., Невирко Д.Д., Гришаев С.В., 2003.). Биологиялық бағыттың өкілі 3.Фрейд адамды қажеттіліктер жүйесі, ал қоғамды тиым салу жүйесі ретінде түсіндіреді. Фрейд арқылы жасалынған тұлғаның үлгісі үш дәрежелі кұрылымнан, яғни:
-төменгі қабат (Оно немесе Ид) бейсаналылық импульстерінен;
- ортаңғы қабат (Мен немесе Эго) тұлғаны бақылап отырудан және жоғарғы қабат (Жоғарғы-Мен немесе Супер Эго) адам қабылдаған қоғамның талаптарынан тұрады (Фрейд 3., 1991). Фрейдтің көзқарасы бойынша, тұлғаның бейсаналылық әрекеті (бірінші кезекте, сексуалдық) оның белсенділігінің негізін және потенциалын құрайды. Әлеуметтік бағыттың өкілі Т.Парсонс тұлғаны күрделі жүйе ретінде қарастырады. Оның көзкарасы бойынша, сәби тұлғасының дамуы (немесе эго құрылымы) объективті жүйе арқылы оған берілетін альтернативаларға қатысты таңдау реакциясының рөлін орындайтын алдын ала күтілім - қажеттіліктердің салыстырмалы түрде алғанда ерекше және тұрақты жүйесінің қалыптастырылуы. Әдетте, тұлға әрбір нақты кезеңде әлеуметтік жағдайға қатысты жоғаргы дәрежедегі автономдығымен ерекшеленеді, сондықтан да әлеуметтік ситуацияның өзгеруі тұлға жүйесіндегі сәйкес өзгерістерге толығымен алып келмейді. (Парсонс Т., 2000). Тұлғаның өзіндік дербес белсенділігіне карамастан, Т.Парсонстың теориясында әлеуметтік фактор негізгі деп есептелінеді. Тұлға күту позициясында отырып, алдын ала белгілі рөлді кабылдауға дайындалады. Ал бұл күтілімдерге сәйкес келмеу, Парсонстың козқарасы бойынша тұлғаның қоғамға тиімді интеграция жасауына кедергі келтіретін жанжалдарды қалыптастырады. Түрлі факторлық бағыттың екілі ресей психологы Л.С.Выготский адамды тек қана рационалдылық тұрғысынан түсіндіруге келмейтін, өзінің алдына қойған мақсатына, міндеттеріне жетуге бар күшін салатын белсенді жан ретінде карастырады. Тұлғаның оз орнын анықтауы жэне озіндік теңдестіруін калыптастыруы, оның көзқарасы бойынша жасоспірімдік кезеңнен жастық кезеңге өту кезеңінде жүзеге асады ( Головина М.О., 2004). Тұлғаны түсінуге мүмкіндік беретін талдаудың басты категориясы - іс-әрекет. Оның негізінде Л.С.Выготский озіндік дамуға мүмкіндік беретін тұлғаның белсенді міпез-кұлқын түеіндіреді.
Биологиялық және әлеуметтік факторлардың конвергенциясын бейнелейтін бағыттың өкілі А.Ф.Лазурскийдің көзқарасы бойынша, әрбір адам өзінің даму жолын белгілі бір биіктіктерге жету арқылы өтеді. Бүл оның алғырлығына, яғни туа біткен қабілетінің сипаты мен байлығына және осы берілген мүмкіндіктердің ары қарай дамытылуына мүмкіндік беретін немесе кедергі келтіретін сырткы жағдайларға байланысты болады. Түлғаның үйлесімді дамуы интеллектуалдық (когнитивтік), эмоционалдық (аффектілік, сезімдік) және еріктік (белсенді-әрекеттік) дамудың қарама-кайшылықсыз үйлесімділігінде (Андриенко Е.В., 2004). Универсумдық бағыттың өкілі С.Л.Рубинштейннің көзқарасы бойынша, тұлға қалыптасқан қарым-қатынастар нормасын бейнелеп, озінің кылығы мен шешімін рухани мақсаттар мен кұндылыктарға сәйкестендіріп, одан ауытқуды өзінің іс-әрекетінде ғана емес басқалардың да іс-әрекетінде байқаса өте қынжылады (Малащенко Ю.М., 2004). Оның көзқарасына сәйкес руханилык тұлғаның биологиялық және әлеуметтік мәнінен өз бетінше дербес және өз кезегінде оларға басшылық әсерін тигізеді.
Тұлғаны зерттеуге байланысты Әлеуметтану да қолданылатын казіргі тәсілдер: іс-әрекеттік, құрылымдық-функционалистік, антропологиялық, интеракционистік және феноменологиялық т.б. Іс-әрекеттік тәсіл тұлғаның мәнін іс-әрекет ұғымы арқылы қарастырады. Басқаша айтқанда, тұлға - іс-әрекет нәтижесі, әрекет етуші жан. Іс-әрекет теориясы (Л. С. Выготский, А.Н Леонтьев, Д.В. Эльконин жэне басқалары) адамның тұлға ретіндегі іс-эрекет кұрылымының белігі бір қоғамдык-тарихи жағдаймен анықталатын әлеуметтік қалыптасуының базалық механизмін ашып көрсетеді. Бұл ыңғайды қолдану тұлғаны іс-әрекет субъектісі ретінде, сонымен бірге объект ретінде карастыруға да мүмкіндік береді. Әлеуметтік ортаның эсері өзіндік дамудың көзі ретінде тұлғаның өзіндік іс-әрекетінің әлеуметтендірушілік әсерін төмендетпейді. Тұлганы жүйелік-функционалдық түсіну оны мэдениет және әлеуметтік ұйым жүйелік бөліктерімен катар, іс-әрекеттің жүйелік бөлігі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Құрылымдық функционалдық ыңғайдың позициясы тұрғысынан тұлға коғамның талаптарына, оның кұндылыкты-нормативтік стандарттарына сэйкес келетін адамның нормативтік типі ретінде қарастырылады. Бұл ыңғайдың негізгі тұжырымдарын пайдалана отырып, тұлғаның түрлі институционалдық жүйелерге тиімді түрде ену максатында мәртебелер мен рөлдерді қабылдау процесін зерттеуге болады. Антропологиялық ыңгайдыц тарихи, және эволюциялық, салыстыру жэне типологиялык, функционалдык және құрылымдық талдау әдістері тұлғаны тұтас әлеуметтік-мәдени феномен ретінде қарастыруға көмектеседі. Антропологиялық ыңғайдың әдістерінің көмегімен тарихи, географиялық, климаттық, биологиялық, психологиялық, элеуметтік, гендерлік, этникалык жэне баска да факторлардың түлғаға эсерін зерттеуге болады. Тұлға мен қоғамның қарым-қатынастарын тереңірек және егжей-тегжейлі талдау мақсатында қазіргі кезеңде тұлғаны зерттеу аясына антропологияның жаңа ұғымдары мен ыңғайлары жасалып ендірілуде.
Интеракионистік ыңғай әлеуметтену процесінде тұлға аралык қарым-катынастардың рөлін түсінуге жағдай жасайды. Бұл ыңғайдың негізгі тұжырымдамалары мен талаптарын орындау түрлі әлеуметтік топтардың өкілдерімен араласу процесінде тұлғаға олардың мақсатын, іс-әрекет мотивтерін, мінез-кұлықтарын түсіну арқылы топқа тиімді түрде интеграция жасауға мүмкіндік береді. Қоғамдық қатынастардың үйлесімділігін қалыптастырудың өзектілігі жағдайында бұл ыңғайды тұлғаның мінез-құлықтық іс-әрекет жүйесін жасауға кажетті және оның қалыптасуының өзіндік жаңа технологиясы, - деп те қарастыруға болады. Феноменологиялық ыңғайдың негізгі тұжырымдамаларын басшылыкка ала отырып, тұлғаның дамуына аса қажетті коммуникациялардың (байланыстардың) мазмұны мен түрлерін түсіну киын емес. Қазіргі кезеңде индивидтің әлеуметтену процесінде түлға аралық байланыстардың, адамдардың рухани өзара байланыстарының рөлі өте зор (А.Шюц, Э.Тириакъян, П.Бергер, Н.Лукман және т.б.). Түлғаның қарым-қатынас жасай білу қабілетінің қазіргі кезеңдегі өзектілігі неміс ғылымы Ю. Хабермастың коммуникативтік іс-әрекет теориясын өзектендіреді. Оның пікірі бойынша, коммуникативтік іс-эрекет байланысқа түсіп отырған жақтардың эгоистік тілектерімен емес, түсінісуге жетуге мүдделі болуымен ерекшеленеді. Тұлғаны оқыту және тәрбиелеу процесінде коммуникативтік өзара әрекеттің бағдарламасын жасау арқылы, оның диалогка негізделген өзара байланыстарға қатысуын қамтамасыз етуге болады. Түрлі ситуацияларда тұлғаның коммуникативтік біліктілік корсете білу деңгейіне бақылау жасап отырған да тиімді. Феноменологиялық бағыттағы парадигма ретінде М.Вебердің түсіндірмелі социологиясының казіргі кезеңде өзектілігі өте жоғары. Ол адам тұлғасын коғамның бастапқы клеткасы, әлеуметтік әрекет субъектісі ретінде қарап, оның мәртебесін көтереді. Вебердің концепциясында әлеуметтік әрекеттің идеалды түрі болып есептелетін индивидтің мақсатты рационалды әрекеті еуропалықтар менталитетінің (ділі) ерекшелігін, еуропалық мәдениеттің рационалдық мәнін жақсы сипаттайды. Қазақстан қоғамы, барлық дәстүрлі қоғамдар сияқты басқару, шаруашылық өмірде, экономика, саясат саласында, яғни қоғамдық өмірдіңбарлық саласында рационализмнің жетіспеуінен қиналуда. Қоғамда элеуметтік конформизмнің - бейімделу психологиясының кеңінен таралуы тұлғаны көп жағдайда уақыттың, оқиғаның, жағдайлардың кұрбаны болуға алып келеді. Әлеуметтік әрекеттің және қатынастардың субъектісі ретінде сезіну тұлғаныц белсенділігінің көрінуіне тікелей эсер етеді. Синергетика тұлғаны зерттеудің әдіснамасы, қазіргі әдіснамалық ыңғай ретінде оның өмірінің толығымен бақылауда болуына мүмкіндік бермейді. Қазіргі уақытта синергетиканың әлеуметтік жүйелердің өзін-өзі ұйымдастыруын үлгілеудің әдістемесі ретінде рөлінің өсіп отырғандығын айту қажет. Қазіргі уақытта тұлғаның қалыптасуын зерттеуді әдіснамалық тұрғыдан жетілдіруде әлеуметтік процестер мен құбылыстарды зерттеудің кұралы болып табылатын ситуациялық талдау принципіне ерекше мән беріледі. Ситуациялық талдауда шындықты тұлғалық тұрғыдан қабылдаудың және мінез-құлық тәсілінің өлшемі өмірлік ситуация болып табылады. Нақты өмірлік ситуациядағы тұлғаның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушы тұлғасының қалыптасу процесінде отбасы тәрбиесінің ролі
Тұлғаның дамуы және қалыптасуы
Жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруді диагностикалау
Жеткіншек шақта өзіндік бағалау
Қазіргі тәрбие құндылықтары бейнесінде оқушыларды еңбекпен тәрбиелеу
Жеткіншектердің өзіндік бақылауының психологиялық табиғаты
Жеке тұлға интеракционистік теория
Жеткіншектік кезеңнің психологиялық ерекшеліктері
Ауыл мектебі оқушыларының адамгершілік қасиетерін қалыптастыру
Қиын балалармен әлеуметтік жұмыс жасау
Пәндер