Инклюзивті білім берудің мәні мен құрылымы


- Инклюзивті білім берудің мәні мен құрылымы.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқыту мәселесін зерттеу ең алдымен оның негізгі ұғымдарының түпкі мағынасын ашып беруді қажеттейді. Отандық жалпы білім беру мектептерінің іс-тәжірибесінде инклюзивті оқыту жаңа құбылыс. Сондықтан “инклюзивті оқыту” ұғымын нақтылау, оған синоним ретінде пайдаланылатын ұғымдардың мәнін қарастырудың рөлі мен маңызы ерекше. Атап айтқанда халықаралық білімдік тәжірибеде “инклюзивті білім беру” мен қатар “интегративті оқыту”, “интеграциялық оқыту” сияқты ұғымдар да кең қолданыс тапқан.
XVII ғасырда Швейцарияның ұлы математигі (1654-1705) Я. Бернули математика ғылымына “интеграл” терминін енгізген. Бұл термин соңғы жүз жылдар ішінде басқа ғылымдарға ене бастайды, атап айтқанда алғаш философияға, кейіннен психологияға, соңында педагогикаға енгізілді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты дамы, ан балалармен бірге оқыту мәселесін қарастырғанда екі ұғым қарастырылды. Ол “интеграция” және “инклюзия”. Осы ұғымдарға толық тоқталайық. Шет елдердің сөздіктеріне назар аударсақ “интеграция” (латын тілінен аударғанда integratio-қалпына келтіру, толықтыру; integer-бүтін) мынадай мағынаны білдіреді:
- Элементтердің қандай да бір бөлшектерін бір бүтінге біріктіру;
- Өзара бейімделу мен бірлесу процессі.
Ал ағылшын тілінен бір түбірлі сөздер қатарында аударылады:
Integrate- біртұтастықты құру; біріктіру; құрама; толық; бүтін;
Integration-бір бүтінге біріктіру;
Integral-біртұтас; толық; бүтін; мәнді;
Integrality-біртұтастық; толыққандылық;
Integrant-біртұтатастықтың бөлінбейтін бөлшегі.
“Инклюзия” сөзі шет елдердің сөздіктерніде жоқ. Өйткені ол ағылшын тілінің inclusion- қосу, енгізу деген мағынаны береді.
Бір түбірлі сөздік аудармасын көрсетейік:
- Include- өзіңде тұжырымдау, қорытынды жасау, енгізу;
- Including- енгізе отырып;
- Inclusive- өзіне енгізетін.
Келтірілген сөздің мағынасын ашып түсіну үшін орыс тілінің сөздігіне жүгінсек:
- Қосу - өзінің құрама бөлігінің болуы; қамту;
- Енгізу- құрамға кіргізу, сендіру;
- Тұтас қосылу- қандай да бір әрекетке ену, бірігу.
“Интеграция” орыс тілінде бір бүтінге біріктіру және өзара бірігу мен бірлесу процессі, ал “интегрант” - біртұтастықтың бөлшектенбейтін бір бөлігі болып табылады. Интеграциялық оқыту мен инклюзивтік оқыту білім берудің айырмашылықтарының критерийлерін отандық зерттеушілерміз Р. А. Сүлейменова мен А. Т. Баймуратова анықтап көрсетті.
Инклюзивтік білім беру - дамуында ауытқуы бар балалардың дұрыс, сапалы білім алуына жан-жақты жағдай жасап, білім беру ұйымына қосу жүйесі.
Интеграциялық оқытудың мақсаты - білім беру аясында жұмыс жасайтын әлеуметтік және білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жалпы білім беру мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын сақтау қажеттіліктерін қамтамасыз ету болып табылады.
Интеграция терминімен бірге кеңестік арнайы педагогика ғылымында қалыпты балалар мен мүмкіндіге шектеулі балаларды біріктіріп оқытуда “инклюзивтік оқыту” термині жиі қолданылады. Бұл терминдер арнайы педагогтар А. А. Дмитриев, Н. Н. Малофеев, Н. М. Назарова, Егорова Т. В., Шевцова Н. В., және Н. Д. Шматконың жұмыстарында орын алған. Инклюзивті білім беру барлық қатысулышларға (мүмкіндігі шектеулі адамдарға да) толық көлемде өмір ұжымында, балабақшада, мектепте, жоғары оқу орындарында білім алып, тәрбиелене алуына мүмкіндік береді. Интеграция немесе инклюзивті білім беру термині - жалпы білім беретін көпшілік мектептерінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту процесін сипаттау үшін қолданылады. Интеграция (біріктіру) - арнайы білім беруді ұйымдастырудың жаңа формасы, яғни мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы білім беру мен тәрбиелеуді және қалыпты балалармен біріктіре отырып оқыту, тәрбиелеу болып саналады. Өкінішке орай Қазақстанда “инклюзия” және “инклюзивті білім беру” түсінігі қоғамдық кең ортаға таныс емес. Бірақ та дамыған елдерде бұл терминдер тек таныс қана емес, сонымен қатар заңнамалық түрде бекітілген, ал білім беру, оқытуды көптеген халықаралық ұйымдар қолдады (мысалы ЮНЕСКО және ЮНИСЕФ) . Америкадағы мемлекеттік мектептерді дамыту институтында, инкгюзивті мектептер қоғамға пайда әкелетіні туралы біледі: әр бала блім алуға негіз болатын құқығы бар, ал берілетін білім оның деңгейіне байланысты өткізіледі; әр бала өзінің қызығушылығымен, мінезімен және білімге деген қажеттілігімен қайталанбас тұлға; 1994 жылы жазда 300-ге жуық ұсынушылар 92 мемлекеттік және 25 халықаралық ұйымдар Саламанкада (Испания) инклюзивті оқыту сұрақтары жайлы кездесті. Бұл конференцияға қатысушылар, ЮНЕСКО-ның демеуімен Испания өкілдері ұйымдастырған. Арнайы білім беру сферасында саясат пен әрекет жайлы, сондай-ақ әрекетке жетекшілік принциптер жайлы Саламан Декларациясын қабылдаған. Білім беру жүйесіне өңдегенде және оқу бағдарламасын іске асыруда бұл қажеттіліктер мен ерекшеліктердің кең, әр түрлілігі есепке алынады. Арнайы оқытуды қажет ететін балалар жалпы мектепке бара алатындай мүмкіндікке ие болады. Олардың ерекшелітеріне және педагогикалық әдісті таңдау баланың қажеттіліктеріне бағытталған болады. Инклюзиялық мектептер барлығына ашық - әр балаға және жасөспірімдерге. Инклюзивті мектептер - барлық балаларды психологиялық, ақыл-ой, әлеуметтік, эмоционалды, тіл және кез-келген ерекшеліктеріне қарамастан өз қарамағына бейімдейді. Инклюзивті оқыту өзінен өзі туындамайды. Осындай оқытуды дамыту және қолдау, қойылған мақсатқа және қазіргі жұмыстардың көбісі табандылықты қажет етеді. Қоғамның мектептік жұмысқа қатысуының бағалығы күмән тудырмайды. Инклюзивті мектептер қоғам мүшелерінің бірігіп әрекеттесуі мен мейірімді қатынасына байланысты, сонымен қатар оларға шешім қабылдауға көмектеседі. Сондықтан инклюзия - жай ғана әрекет бейнесі немесе мекеме таңдауы емес. Оның негізі қоғамға қатысуымен бекітіледі - достар тобында, көршілер, мектептік қауымдастық. Инклюзивті оқыту адамдар арасындағы айырмашылықты бағалайды. Бұндай келушілік, жеткіліксіщ білімді жеңуге және ұқсас емес адамдармен өзара әрекетте, тәжірибенің жоқтығын жеңеді. Түрлілікте адамдар құндылықты байқай бастайды. Тура сол сияқты, қауымдастық өз қорларын мектепке қосқан сияқты, мектеп те оларға әсер етеді. Инклюзия мектептік қауымдастыққа пайда әкеледі. Мектептік қауымдастық өзіне барлық оқушыларды, мұғалімдерді, ата-аналарды және басқа отбасы мүшелерін, әкімшілікті, қызметкерлер құрамын және басқа да мектеп алдында тұрған мақсаттарды орындайтындарды қосады. Дүние жүзінде толығымен және қоғамдағы әр алуан түрде мектептік қауымдастықтың ішінде әр түрлі жағдайлар бар. Әр жаңа күн сайын мектеп қоғамның әр мүшесіне алуан түрлілікпен байланысты қиын сұрақтарды түсінуге мүмкіндік береді. Бұл мектептер инклюзивті мектптен шығып әрекет етеді, мектеп қауымдастығының мүшелері бұл сұрақтарды өте жақсы түсініп қана қоймай, жаңа жүйеге құнды түрде қатынас жасап және қоршаған ортамен өте жақсы қатынаспен, олардың ұқсастығына қарамастан әрекеттесуіне идеалды жағдай жасайды. Инклюзивті оқыту мектептік қауымдастыққа көптеген себептермен пайдалы. Инклюзивті оқытудың дискриминациядан айырмашылығы қорқуды жеңуге көмектеседі. Балалармен, жасөспірімдердің, адамдардың арасындағы әр түрлілікті және ерекшелікті түсінуге, бағалауға, қабылдауға үйретеді. Бұл мектептер адамдар арасындағы айырмашылықты, қалыпты құбылыс екендігіне сендіреді және оқыту үрдісі баланың қажеттілігіне қарай болуы тиіс. Балалар тура оқыту үрдісінің құрылымна лайықты болмау керек. Инклюзивті оқыту барлық балаларға керекті көмектер көрсетсе, олар да білім алатынын дәлелдеп, көтермелейді. Инклюзивті мектепте балалар сондай демеулерді ала алады. Көмек көрсету акценті баланың мүгедектігіне байланысты, бала өзінің мүгедектігін біліп өзін-өзі кемсітпей, ұялмай білім алу ортасына қарай сіңіп кету жолын көрсетеді. Білім беруге демеу шоғыры, көмектесу жағдайында мектептік спекторлардың кең көлемде дамуына көмектеседі. Білім берудің дамуына демеулік мектеп қауымдастығының мүшелеріне білім берудің қиындығы тек балаларда ғана еместігін және балалар “түзетуді” талап етпейтіндігін және қиындықта білім беруге дұрыс, орынды тәсілдермен келе білу керек екендігін көрсетеді. Инклюзивті оқыту білім алу сферасында теңдікті, әлеуметтік әділдікті, бірлікті және жайлы қатынасты сезіне алу мүмкіндігін жасайды. Инклюзивті білім беру педагогтардың кәсіби білімдерін кеңейтеді. Бұндай білім беру сабақ өткізудің жаңа және икемді тәсідерін қолдануға, оқушыларға білім беруде сапалы сабақ жоспарларын жасауға мүмкіндік туғызады. Инклюзивті мектеп барлық жергілікті, өңірлің және жалпы мемлекеттік қауымдастыққа пайда әкеледі. Инклюзивті оқыту сапалы, сәтті болуы үшін қоғаммен тығыз қатынаста болуды қалайды. Бұл өзара байланыс екі жақты. Мектеп және қоғам бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан, осы қатарда белгілі ауыл шекараларына, қала, штат және елдер өздеріне инклюзивті оқытудың пайдасын қосады; инклюзивті мектеп ерекше қажеттілікті керек ететін жандарға бағдар жасайды, олардың түрлілігі мен адами ар-намысын қадағалайды. Әр инклюзивті мектепте қызмет ететін адамдар, олардың мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін едәуір білетін болады. Оларға адамгершілікпен қарап, сыйлап, түсінетін болады. Инклюзивті мектеп мемлекеттік деңгейде әлеуметтік теңдікті қалайды, өмірде барлық балалар білім алуға, қоғамда қалыпты адамдар секілді барлық мүмкіндіктерді алуын демонстрациялап, дәлелдейді. Интернет, электронды почта сияқты технологиялардың арқасында үнемі өсіп келе жатқан адамдардың саны әр түрлі елдерде бұрынғыдан әлде қайда өсіп келеді. Барлық дүниені қол астына ұстаған, саяхат жасауды ұнатпайтын адамдар аз ғана уақыт ішінде кез-келген жерде бола алады. Бұл байланыстардың бәрі қамау мүмкіндіктерін шектейді. Білім - жеке тұлғалар мен мемлекет келешегін құрудың негізі. Біздің әр қайсысымыз әлеуметтік теңдікке жету үшін басқалардың білім алуын қолдауымыз керек.
Инклюзивті білім берудің қажеттілігі:
- адамдардың және балалардың құқықтары бойынша жауапкершіліктер әр түрлі деңгейде қарастырылуы тиіс;
- әрбір баланың ақиқат қызығушылықтарын анықтап, оған не қажет екенін айқындап сараптама жасай білу. Дәйектемелерге сүйенсек, институттарда сол адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды;
- сараптама бойынша, әлеуметтік қызметтер икемді болған кезде ғана жақсарады;
- ресурстар шектеулі бооған кезде, қатысушылар инклюзияның әдістемелерін қолданғанда қосымша ресурстарды қажет етпейді.
Инклюзивті білім беруді басқа мәдениетке және қоғамға өз идеяларын жалпы прирнциптердің негізінде жүзеге асыру барысында инклюзивті білім берудің негізгі принциптерін мамандар ұсынады:
- балалар жергілікті бала бақшаға және мектепке барады;
- жастық шақтан араласу бағдарламасы инклюзияның принциптері негізінде іске асырылады және интегралды бала бақшаға дайындайды;
- әдістеме әр түрлі қабілеттілігі бар балаларды оқытуды қолдау үшін жасалған;
- инклюзивті болып табылатын мектеп және сыныптарда өтетін іс-шараларда барлық балалар қатысады;
- жеке-дара жас балаларды оқыту мұғалімдер, ата-аналар және көмек көрсете алатын әрбір адамдармен бірге жұмыс жүргізіледі;
- егер инклюзивті білім беру дұрыс принциптер негізінде құрылған болса, балалардың қарым-қатынасындағы дискриминацияны жояды және ерекше қажеттіліктері бар балалардың қоғамның теңдей мүшесі болу құқығы бар;
- инклюзивті білім берудің барлық күші құқықтық идеология негізінде құрылған - егер біз мұны аяныш және қайырымдылық ретінде жасайтын болсақ, онда ол ешқандай нәтиже бермейді;
- барлық балалар оқи алады - біз оларға қажетті жағдайларды жасауымыз керек;
- арнайы қажеттіліктері бар балалармен жақсы жұмыс жасайтын ұйымдар бар.
Егер инклюзивті білім беру әдісі осы ұйымның жүйесіне сай құрылған болса, онда әрбір бала өзінің оқу орнын табады, және ол орын барлық жағдайда да тиімді болады.
Принциптер өте қажет деп ойлаймыз, себебі бұл салада жұмыс істейтін адамдарға өз жұмысына баға беруге көмектеседі. Инклюзивті мектептер барлығына да ашық - әрбір жас балаларға және жасөспірімдерге. Инклюзивті мектептер барлық балаларға, олардың ақыл-ой, психологиялық, әлеуметтік, тіл және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан бірдей білім береді. Онда қалада тұратын және жұмыс істейтін ерекше қасиеті бар мүгедек балалар, көшпенді халықтың балалары және жекеленген жағдайда тұратын халықтың балалары, қиыр шығыста немесе тауларда тұратын балалар да оқи алады.
Зерттеушілер Г. Д. Хакимжанова мен А. А. Айдарбекованың еңбектерінен инклюзивті оқыту бірлестіктің әрбір мүшесіне жаңа жүйені түсінуге, қоршаған ортамен араласуға мүмкіндік беретінін білуге болады. Көптеген озық тәжірибелер көрсеткендей инклюзивті оқыту мектеп бірлестіктеріне бірнеше себептерден қажет екенін көруге болады:
- Дискриминацияны жоюға және ерекшеліктерден қорқуды жоюға көмектеседі, адамдардың ерекшеліктерін қабылдап, түсініп көмектесуге үйретеді;
- Егер балаларға қажетті көмек көрсетілсе, барлық баланың үлгерімі жақсаратынын дәлелдейді. Инклюзивті мектептерде осы көмекті балалар ала алады;
- Қайырымдылық, әлеуметтік әділдік, ынтымақтастық, бірлік және дұрыс қарым-қатынаста білім алуға мүмкіндік туғызады;
- Педагогтарға профессионалды білім алуға мүмкіндік береді, мұндай білім беру икемді оқыту әдістерін және оқыту бағдарламаларын қажет етеді;
- Әрбір оқушыға пайда беретін, оқу жоспарларын және жеке дара тіл табуды қолдана отырып, инклюзияның практикасы олқылықты жоюға көмектеседі;
- Оқушылардың қайталанбас таланттарын бір арнаға біріктіруге мүмкіндік береді;
- Барлық балалардың, яғни қоғамның игілігі үшін жұмыс істейді. Тәжірибе көрсеткендей, балаларға жеке дара тіл табу екінші жылға қалушылар санын азайтады және сонымен қатар ортаңғы көрсеткіштерге ие;
- Бірлескен қызметке және өз қоғамына жұмыс жасауға дайын азаматтарды тәрбиелейді;
- Әрбір адамның ерекшелігін, мүмкіндіктерін, көптүрлілігін бағалап құрметтейтін адамдарды өсіріп шығарады. Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың қазіргі жағдайы
Бүгінгі таңда Қазақстанда білім алуды интегралдау, инклюзивті білім беру сияқты, еліміздің білім беру жүйесіне интегралдау инновациясын енгізу әдістерін ауыстыру қажеттілігі туралы сұрақ туындайды. Инклюзивті білім беру интеграция проблемасын жүйелі түрде шешуді қажет етеді, яғни интеграция процесіне тікелей немесе жанама қатысты барлық ішкі жүйені (білім беру, әлеуметтік, нормативті-құқықтық, экономикалық) мемлекеттік, аумақтық және муниципалдық деңгейде келтіріп шешім қабылдау. Шындығына келгенде, Қазақстанда екі жүзжылдыұтан бері білім берудің интеграциясы негізінен экстрополяция әдісімен, яғни шетелдерде өзін жақсы жағынан көрсеткен интеграциялаудың түрлері арқылы жүзеге асырылып келеді.
Ашық азаматтық қоғамда Қазақстанның тұрақты дамуының басты шарты - тұрғындардың сауаттылық дәрежесін көтеруге бағытталған жалпы білім беру жүйесін дамыту мен барлық балаларға бірдей құқық беру болып табылады. Бүгінгі таңдағы білім беруді дамытудың негізгі сипаттамаларының бірі, жаңа бағыттағы аранйы білім беруді талап ететін балаларға тең дәрежеде білім беру мәселесі болып табылады. “Жалпыға бірдей білім” бағдарламасына сәйкес 1994 жылы Саламанка қаласында (Испания) арнайы қажеттілігі бар балаларға білім беруді дамытуға арналған бүкіләлемдік конференция болып өтті. Конференция соңында Саламан декларациясы жасалды. Мұнда арнайы оқытуды талап ететін балаларға білім беруді дамытудың болашақтағы жоспарлары мен шешімдері қарастырылғанын жоғарыда атап өттік. Осы декларацияны дамыту мақсатында ЮНЕСКО Қазақстан Республикасы Білім Министрлігімен біріге отырып Қазақстанда “Арнайы қажеттілігі бар балаларға базалық білім беруді дамыту” атты Пилоттық жоба жасалынды. Бұл жобаның мақсаты осындай балаларды жалпы білім беру үрдісінде қоса оқыту, яғни инклюзивті оқыту жолдарын іздестіру болып табылады. Бұл жобаның орындалуын қадағалау, дамуында ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдерге арналған әлеуметтік бейімделу және кәсіби еңбекте сауықтыру ғылыми-практикалық орталығына тапсырылды. Яғни ӘБЕО (бүгінгі таңда ол коррекциялық педагогиканың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы деп аталады. ) ЮНЕСКО мен Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің мұндай шешім шығаруына түрткі болған ӘБЕО РҒПО орталығы Қазақстандағы бұл мәселені шешуде ғылыми деңгейде ұйымдастыруда мүмкіндігі бар жалғыз ғана ұйым болып табылады.
Инклюзивті оқыту үрдісін және ақпараттық-әдістемелік қолдауды дамыту үшін жалпы білім беру мектептерінің директорлары мен бастауыш сынып мұғалімдерін, арнайы қажеттілігі бар балаларды оқытып жатқан мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиешілерін қайта даярлау бағдарламалары жасалынған. 2000 жылдың өзінде жалпы білім беретін мектептер және жалпы типтегі балабақша директорлары мен мұғалімдеріне арналған екі семинар өткізілген. Онда инклюзивті оқыту туралы пікірлер мен ұсыныстар тыңдалып, талқыға салынды.
Қазіргі кезде инклюзивті білім беруге, қымбат жоба ретінде материалды кепілдік жоқ. Ол көпшілік мектептерде арнайы білім беру жүйесін сақтап, оны жақсарта отырып, арнайы сертификатталған білім беру ортасын бір уақытта құруды қарастыруы қажет. Инклюзивті білім беру идеясының негізінде таңдау құқығы болуы тиіс. Яғни, көпшілік немесе арнайы мектепті таңдауы үшін олар бір-бірінен кем болмауы қажет. Елімізде білім берудің басқару құрылымы инклюзивті білім беруді қаражат көзін үнемдеу деп қарастырады, яғни көпшілік мектептеріне мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қосып, көптеген арнайы білім беру мекемелерін жауып тастау. Бұл процесс инклюзивті білім беру идеясын бұрыс түсіндіріп, елдің көптеген аймақтарында жүзеге асып келеді, мұны тоқтату мүмкін емес. Көпшілікке білім беру жүйесіндегі арнайы сертификатталған ортаны құру проблемасы да мұнымен тікелей байланыста, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балалардың аранйы сапалы білім алу құқығын қадағалайтын құралдар болады. Білім беру ортасын сертификаттау мүмкіндігі шектеулі балалардың адрестерін енгізуде көпшілік мектептерінің жауапкершілігін арттыруы қажет. Өйткені “инклюзия” мектептерінің администрациясына тек мүмкіндігі шектеулі балалардың саны ғана керек.
XX ғасырдың 70-80 жылдарындағы АҚШ-тың қателіктерін қайталай отырып, отандық интегралды білім беру, бүгінгі таңда интеграция жағдайындағы жұмысқа кқпшілікке білім беру жүйесіндегі психологтардың, мұғалімдердің арнайы дайындығынсыз енгізіп жатыр. Педагогикалық жоғары оқу орындары және педагогикалық колледждердің инклюзивті білім беру жағдайындағы жұмысының дайындық технологиясы жоқ. Бірақ, интеграциялау жүйесін жоғары оқу орындарда да, орта педагогикалық білім ордаларында да мұғалімдерді және оқу-әдістемесі де инклюзивті білім берудің проблемаларын шешуге бағытталмаған.
Жоғарыда айтылғандай, инклюзивті білім беру жүйесін жүзеге асыру, елдегі ертеректе қалыптасқан кешенді көмек беру жүйесіне байланысты. Ерте кезден бастап кешенді көмек беру жүйесіне байланысты. Ерте кезден бастап кешенді көмек алған балалар ғана жоғары қатаң инклюзивті білім беру тәртіптеріне шыдай алады. Көптеген проблемалар отандық көпшілікке білім беру мектептерінде әлеуметтік-психологиялық климатты дұрыстау барысында туындайды. Әлеуметтік серіктестіксіз инклюзивті білім беру жүйесі іске аспайды. Дегенмен, қазір дені сау балалар ортасында да бұл жоқ, себебі отандық мектептер жеке тұлғаға бағытталмай, дәстүрлі нәтижеге бағытталған. Мектептердің серіктестігі бәсекелестікке айналған. Қалып қойған отандық көпшілікке білім беру мектептеріндегі құндылықтар, бүгінде инклюзивті білім беру идеясына қарама-қайшы келеді.
Қазақстан Республикасының заңдары бойынша білім беру саласындағы негізге алынатын халықаралық құжаттар мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін құқығы теңдей деп ескеріледі. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алып дамуының құқығының кепілдігі Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының “ҚР Бала құқығы туралы”, “Білім туралы”, “Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау туралы”, “ҚР мүгедектердің әлеуметтік қорғау туралы”, “Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы” заңдарында бекітілген. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау жүйесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында 2004 жылғы мемлекет Басшысының тапсырмасына қатысты республикалық ғылыми-тәжірибелік әлеуметтік адаптация орталығы және кәсібі қалпына келтіру орталығы Қазақстан Республикасының қаулысы бойынша ұлттық түзету педагогикасының ғылыми-тәжірибелік орталығы болып өзгертілді. Мұнда арнаулы білім беруді дамытудың ғылыми-зерттеушілік жұмыстары жүргізіледі және инклюзивті білім беруге көшу, арнайы оқу бағдарламасын, оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендерін жасау жұмыстары жүргізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz