ҚР ислам банктерінің операциялары мен қызмет ету принцптері


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

h3>ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

І. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ

1. 1. Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде экономикадағы рөлі . . . 5

1. 2. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары . . . 7

1. 3. Комерциялық банктердің қызмет ету принцптері . . . 10

II. ҚР ИСЛАМ БАНКТЕРІНІҢ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТ ЕТУ ПРИНЦПТЕРІ

2. 1. Ислам банктердің тарихы мен қызмет ету принцптерін талдау . . . 14

2. 2. Ислам банктердің операцияларына талдау . . . 17

2. 3. Ислам банктерінің қызметтерінің әлсіз және күшті жақтарын бағалау . . . 21

III. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОММЕРИЯЛЫҚ БАНКТЕРІ МЕН ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3. 1. ҚР исламдық банкингті дамытудың жетілдіру жолдары . . . 26

3. 2. ҚР Еуропалық Одақ елдерінің қатарына қосылудағы қаржы нарығының даму перспективасы . . . 29

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 34

</h3>
< h4>КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген [4] . </h4>

Коммерциялық банктер өзімен өзі құрастырыла салмайды. Олардың барлығы да белгілі принцптерге сәйкес ұйымдастырылып, соған сәйкес қызметтерін белгілейді. Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарылату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді .

Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр [11, 15 бет] .

Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр. Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп-айырысулар, әлемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы жатады.

Халыққа қызмет көрсетіп жүрген банктер ролін жандандырудың мәні мынада: шығынды азайта отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге, банктік қызмет көрсетуінде клиенттер қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыруға, жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету сапасын жақсартуға, банктік қызметтер спектрін кеңейтуге және олардың өзіндік құнын төмендетуге жағдай жасау.

<h4> Жоғарыда аталған көптеген мәселелердің шешу жолдарын табу үшін оған терең үңіліп, барлық тақырыпшаларға жеке - жеке тоқталып, ашатындай етіп, кешенді түрде қарастыру қажет. Банктік қызметтердің дамуы мен перспективалары - біздің еліміздегі арнайы ғылыми түрде аз зерттелген мәселе болса да, банк саласында қызмет атқарып жүрген көптеген экономисттердің көкейінде жүрген маңызды сұрақтардың бірі.

Курстық жұмыстың басты мақсаты: ҚР-сының коммерциялық банктерінің қызмет ету принцптерін қарастыра отырып, осыған сәйкес функцияларын және дамуын талдап мәселесін ашу. Осы мақсатын ашу үшін мына міндеттемелерді орындау керек:

  • Коммерциялық банктің мәнін ашу;
  • Коммерциялық банктердің қызмет ету принцптерін талдау;
  • Банктің активті және пассивті операцияларын қарастыру;
  • Банктің фукнцияларынның және операцияларының дамуын талдау;
  • Коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдарын қарасытыру.

Тақырыптың өзектілігі. Коммерциялық банктердің принцптері мен қызметтерін талдап, зерттеу жүргізу өзекті мәселе болып табылады. Бүгінгі таңда Елбасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясын орындау барысында коммерциялық банктердің жаңа заманға сәйкес қызметтерін талқылау, шетел тәжірибелерін қолдану аса маңызды жұмыс болып отыр.

Курстық жұмыстың зерттеу пәні - мемлекетіміздің екінші деңгейлі банктерінің жағдайын талдау, атап айтса, олардың қызмет ету принцптерін анықтап, олардың жетілдіру жолдарын қарастыру

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері, бүгінгі таңдағы экономикалық жағдайы, жүргізілетін шаралар топтамасы, операцияларының көрсеткіштері алынған.

Курстық жұмысты жазу барысында ҚР заңдары, шетелдік және отандық әдебиеттер, мерзімді басылымдағы мәліметтер, статистикалық ақпарат көздері, интернет желісінен алынған ақпараттар, нормативті актілер қолданылды.

4> І. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕГІЗІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

1. 1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР ҚАРЖЫ ДЕЛДАЛДАРЫ РЕТІНДЕ

Коммерциялық банк жеке және заңды тұлғалар үшін универсальді банктік операцияларды жүзеге асыратын мемлекттік емес несиелік мекеме. Банкті қазіргі кезде коммерциялық эпитетпен атаудың себебі оның ең басты мақсаты болып пайда табуға ұмтылуында. Әлемдегі ең алғаш әрі танымал банкі болып, Генуе қаласында 1407 жылы ашылған Әулие Георгия банкі табылады. Ал әлі күнге шейін жұмыс жасап келетін ең ежелгі банк 1472 жылы ашылған итальян банкі Монте дей Паски ди Сиена [25] .

Ғалымдардың пікірінше, банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар ақша қатынасының дамуына байланысты, ақша айналысын реттеу үшін пайда болды. Ал кейбір мамандар банктерді одан да ертерек, феодалдық кезеңде пайда болған деп есептейді. Дегенмен, деректерге сүйене отырып банктердің екі мыңжылдық тарихы бар екенін білеміз. Банктер пайда болардың алдында ақша сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлі елдердің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастады. Сөйтіп, саудагерлер біртіндеп банкирлерге айналды. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себептері, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарлары сол елге ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі. Сонымен, алғашқы банктік операцияларды жүргізген кімдер? Тарихшылардың пікірінше, бұл жеке тұлғалар мен қолдарына ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері екен. Шіркеулер құндылықтарды сақтайтын ең сенімді орындар болған. Сол уақыттардағы ірі шіркеулер (Дельфа, Само, Эфсе) ақша сақтаумен айналысқан. Эфседегі Артемид шіркеуінде Азия жағалауындағы елдердің салымдары, Дельфадағы Аполлон шіркеуінде Грецияның бос ақшалай қаражаттары сақталыпты. Алғашқы банктер жиналған зор ақша байлықтарының қозғалыссыз жатуға болмайтындығын, оларды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін түсінді. Банк қызметтерінің қолайлығы адамдар назарынан тыс қалмады, клиенттері біртіндеп ұлғая түсті. Банктер клиенттер арасында сенім қызметтерін көрсетіп, сауда саттықта делдал қызметін атқарды. Есеп айырысуларды жеңілдету мақсатында, ежелгі банктер өздерінің билеттерін шығарды. Олар толыққұнды ақшалармен қатар айналыста жүрді. Әрине, мұның бәрі алғашқы банктердің капитализмнің мануфактура жағдайында, банкирлер үйі ретінде пайда болғаны куәландырмайды. Мұндағы несие берушілермен қарыз алушылардың болуы банктердің пайда болуының тек алғышартын ғана сипаттайды [8, 128 бет] .

Еліміздегі банктік жүйе екі деңгейлі екенін білеміз, яғни соның екінші деңгейіндегі коммерциялық банктер халық пен Ұлттық банк арасындағы негізгі қаржы делдалы болып табылады. Қазіргі кезде коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан қызметтер көрсете алады. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге қолайсыз жағдайдың өзінде клиенттерін сақтай отырып, пайдалы қызмет жасауға септігін тигізе алады. Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі. «Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған сондықтан «коммерциялық банк» деген атауға ие болды. Бірақ, өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономикалық өзге де салаларына қызмет көрсете бастағандықтан, да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің іскер деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсету олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер - нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді. Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездей-соқтық емес. Олар өзгермелі ақша-несие нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады. Депозиттік-қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық банктер қаржы делдалдары ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кейде көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге салғанның өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер ретінде іскерлік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту мүмкін емес. Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады. 4>Банктік несие - ең қолайлы және көптеген жағдайда орны ауыстырылмай қаржылық қызметтердің формасы ретінде ол нақты қарыз алушының қажеттілігін ескереді және олардың қарыз алу жағдайына көндігуіне мүмкіндік береді.

Несиелік жүйені функционалдау механизмінде коммерциялық банктер маңызды орын алады. Олар депозиттік, сатып - сатып алу және бағалы валюталарды сақтау, шетел валютасы және т. б секілді клиенттерге толық қаржылық қызметтер комплексін көрсетеді. Негізгі жарғылық капиталының құрылуына байланысты банктер аралас, мемлекеттік, жеке, коопертивтік, акционерлік болып бірнеше түрге бөлінеді. Жалпы, коммерциялық банк пайда табу мақсатында ссудалық капиталдың қозғалысын ұйымдастырып отыратын мекеме болып табылады [7, 360 бет] . </h4>

Сонымен, коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру. Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақша жасауы мен жоюында б. т. Бұл жерде ақша деп тек қолма-қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады. Коммерциялық банктер өздерінің депозиттік және несиелік операцияларының көмегімен олар уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтайды және несие түрінде оларды бере отырып, халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа төлем құралдарын жасайды.

1. 2. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТЕРІ МЕН ОПРЕАЦИЯЛАРЫ

Банк қызметін банк пен клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерін сипаттауға болады. Коммерциялық банктер желісі ақша нарығының қалыптсуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетке уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының эономикалық негізі болып табылады. Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрімен айналысады [12] .

«Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызметтері» туралы заңына сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:

  • Ақылы негіздерде депозиттерді тарату;
  • Клиенттер мен банк корреспонденттерінің банк шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет ету;
  • Тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;
  • Инвестицияланатын қаржы иелерінің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
  • Заңда көрсетілген тәртіп бойынша бағалы қағаздарды шығару;
  • Төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру және олармен басқа да оперцияларды жүргізу, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
  • Коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру;
  • Клиенттердің тәуекелдері бойынша сенімгерлік операцияларды,
  • (қаражаттарды қарау, орналастыру және бағалы қағаздарды басқару) ;
  • Лизингтік, факторингтік операциялар [2] .

Коммерциялық банктердің операциясын екі түрге жіктеуге болады:активті және пассивті операциялар (1 кесте) .

1 кесте. Екінші деңгейлі банктердің операциялары

Активті операциялар
Пассивті операциялар
Активті операциялар: Несиелік операциялар
Пассивті операциялар:

Бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы

Активті операциялар:

Инвестициялық операциялар

Пассивті операциялар: Банк пайдасынан капиталдарды немес қорларды ұлғайту және құру
Активті операциялар:

Қаржылық операциялар

Пассивті операциялар:

Заңды тұлғалардан несие алу

Активті операциялар:

Басқа да операциялар

Пассивті операциялар:

Депозиттік операциялар

Активті операциялар: Ескерту:автормен құрастырылған

Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтанда пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметінде маңызы жоғары. Пассивтік операциялар бұл несиелік және активті операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операциялары. Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып алады. Пассивтік операциялар айналыстағы ақша қаражаттарды банктерге тартуға мүмкіндік береді. Кестедегі алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы негізінде банктік ресурстардың бірінші ірі тобы-меншікті ресурстары құрылады. Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ-тартылған ресурстар құрылады [8, 181 бет] .

Активтік операциялар бұл банктердң табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігіндегі бар ресурстарды орналастыру жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Активтік банктік операциялар өзінің формасына және тағайындалуына қарай әр түрлі болып келеді. Банктің активтік операцияларының ең көп тараған түрлерін жоғарыдағы кестеден көруге болады. Банктің активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік операцялар негізінде алады. Несие бұл несие беруші мен қарыз алушы арасында пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға берілетін ссудалық капитал қозғалысы.

Банктің инвестициялық операциялары-несиелік операциядан кейінгі банкке табыс әкелетін операциялар. Банктің инвестициялық операциялары негізінде бағалы қағаздар портфелі қалыптасады. Банктің бағалы қағаздар қалыптастыруының екі мақсаты бар:біріншісі-банкке табыс әкелу, екіншісі-өтімді активтер қатарын толықтыру.

Банктің активтік депозиттік операциалары өтімділікті қолдау және банктермен корреспонденттік қатынастар орнату негізінде дамиды. Мұндағы корреспонденттік қатынас банктердің бір бірінде ашатын корреспонденттік шоттары арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар банктер активтік депозиттік операциялар негізінде банкаралық несиенің дамуына мүмкіндік жасайды. Банктік қаржылық операциялар несиелік операциялар типтес, яғни банкке табыс әкелетін активті операцияларды сипаттайды. Оларға лизинг, факторинг, форфейтинг операциялары жатады.

Лизингтік операциялар. «Лизинг» ағылшын тілінен аударғанда жалға беру деген ұғымды білдіреді. Лизингтік операция деп ұзақ мерзімді пайдаланатын заттарды (ғимарат, машина, ұшақ, автомобиль, компьютерлерді) жалға беру. Лизинг бірнеше қызмет атқарады. Біріншіден, ол негізгі қорларға ақша жұмсау, яғни қаржыландыру формасы. Лизинг алушының өз қаражаттарын бір уақыттық жұмылдыруынсыз, немесе тартылған қаражатсыз өзіне керекті мүлікті пайдалануға мүмкіндігі болады. Ол мүліктің құнын бір жолғы төлеуден босатылады. Екіншіден, бұл өндірісті жаңа құрал - жабдықпен, алдыңғы техникамен материалдық - техникалық қамтамасыз етудің анағұрлым прогресивті формасы.

Факторингтік операциялар - клиентпен төленбеген қарыздық талаптар бойынша төлемді талап ету құқын басқаға беру. Факторингтің мәні - банктер өз клиенттерінен төлем құжаттарды пайыздық ақы үшін сатып алу. Бұндай мәміле келісімшартпен жүзеге асады. Ол келісімшартта сатып алынған қарыздың сомасы және пайыз көрсетіледі. Бұл пайыз көрсетілген қызмет үшін қарыздың қандай мөлшері алынатынын көрсетеді.

Халықаралық факторинг туралы Конвенцияға сәйкес, келесідей төрт белгі қанағаттандырылғанда ғана факторинг операциясы болып саналады.

- қарыздық талаптарды алдын ала төлеу формасында несиелеудің болуында;

- жабдықтаушымен бухгалтерлік есеп жүргізу мен өткізу есебінен;

- жабдықтаушы қарызын инкассалау;

- несиелік тәуекелден жабдықтаушыны сақтандыру;

Форфейтинг операциясы форфейтордың, яғни коммерциялық банктің экспортерге төлеуге тиісті импортердің берген төлем құжатын сатып алуы.

Трасталық операциялар. Коммерциялық банктер өздеріне сенімді тұлғаның қызметтерін қабылдап, өздерінің жеке және корпаративті клиенттері үшін әр түрлі қызметтер орындайды. «Траст» - сенім дегенді білдіреді. Капитал иесі өз капиталын басқа тұлғаға оның мүддесін қорғап отырып, иелік етуге сенім білдіріп тапсырады, яғни «траст» деп банктердің, басқа қаржылық институттардың мүлікті және капиталды басқарумен байланысты көрсетуін айтады. Бұл операциялар келісім негізінде жүзеге асады, ол келісім трасталық деп аталады. Коммерциялық банктер трасталық операциялармен қосымша табыс алу үшін айналысады. Сол сияқты корпарациялар, фирмалар және олардың ақша қаражаттарын басқару үшін, ірі клиенттермен байланыс орнату үшін айналысады.

Кеңес беру қызметі. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне банктік мекеменің ерекшеліктеріне байланысты, экономика және қаржы, инвестициялау, несиелеу, есеп айырысу, есеп жүргізу және есеп беруге байланысты кеңес беру қызметін көрсетеді. Бұл қызмет көрсетулер банктер тарапынан пайда табу мақсатында ғана емес, сондай-ақ клиенттерге банк ісінің қырларын білу үшін, жаңа қызмет түрлеріне қатысты толық түсіндірмелер беру арқылы жаңа клиенттерді тартуға да байланысты көрсетіледі.

Ақпараттық қызмет көрсету. Қазіргі кездегі телекоммуникациялар, компьютерлік байланыстарды игере отырып, банктер жеткілікті түрде коммерциялық немесе коммерциялық емес ақпараттарды да иеленеді. Сонымен қатар, банктер клиенттерге әр түрлі қызметтер көрсете отырып, олардан түрлі мәліметтер алады. Ақпарат алудың басты көзі басқа банктермен және ірі ақпараттық агенттіктермен өзара ақпараттар алысу болып табылады [8, 192 бет] .

Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда барлық міндеттемелер коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және еңбекақыны төлеу, сондай-ақ банктің қорғаныс кепілдік қоры, осы сипатты меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті қор болып табылады, банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін банктік қаражаттар құрылымында оның ролі өте жоғары .

Сонымен, екінші деңгейлі банктер «Қазақстан Ресспубликасының коммерциялық банктері туралы» заңына сәйкес халыққа 200-ден астам қызмет көрсете алады екен.

1. 3. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ПРИНЦПТЕРІ

Банктік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қалауы бойынша құрыла бермейді. Банкілік іс өзге сфералармен салыстырғанда толық қарастырылады. Банктердің қызмет ету принцптері деп осыған негізделіп ұйымдардың және шаруашылық субъектілердің қызметтері анықталатын ережелер жиынтығын айтамыз (1 сурет) .

1 сурет. Коммерциялық банктердің қызмет ету принцптері

Ескерту: автормен құрастырылған

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Орталық банкісінің операциялары
ИСЛАМ ЭКОНОМИКАСЫ ЖӘНЕ ИСЛАМ БАНКИНГІ
Банктік жүйенің экономикадағы ролі
Мемлекеттің монетарлы саясатының түрлері,құрылымы және мақсаттары
Ислам инвестициясы
Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің құқықтық жағдайы
Банк қызметінің деңгейлері
Коммерциялық банктің несиелік саясатының экономикалық мәні
Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының Орталық банк қызметінің заңдылық негіздерін атап өту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz