Дінтану
1 сұраққа жауап
1.1. Дінтану пән есебінде немесе жеке ғылым жүйесі болып XIX ғасырдың сонау ортағасырлық христиан философтарының, мұсылман теологиясының құдайтанушылық ізденістерінен бастау алады. Бастапқы құдайтанушылықты дінтанудың алғашқы формасы деп айтамыз. Теология құдайтану жолында тек догма ғана емес, философиялық тұрғыда дәлелдеуге, Құдайды абсолютті идея, әлемдік ерік, әлдебір түр-түссіз парасатты негіз түрінде көрсетуге тырысатын қағидаларды пайдаланады.
Қазір де теологтар философиялық ілімдермен және жаратылыстану деректерімен Құдайды тану идеяларын жаңартуда. Сондықтан Құдайтану формасының дінтану формасына өтуі рационалдық философиямен тығыз байланысты. Дінтанудың негізгі пәні дін болғандықтан, діни көзкарас тікелей философиялық көзқараспен тығыз байланысты болғандықтан, дінді діни философиялық пәнге де айналдырып қарастырады. Соның салдарынан діни философия мен философиялық дін дінтанудың ең негізгі теологиялық тұрғысы болып есептеледі. Дінтанулық көзқарас бойынша, қандай да бір дін болмасын тарихтан тыс құбылыс ретінде емес, керісінше оны тарихи, коғамдық санамен түсіндіруге болатын құбылыс ретінде қарастырады. Екінші жағынан, дінтану XIX ғасырдың екінші жартысында ғалымдардың жетістіктерін кеңінен пайдалана отырып, әсіресе қандай да бір ғылыми жаңалықтың дүниетанымдық әдістемесіне сүйене отырып дамыды. Осының арқасында дінтану ғылымның бір саласы ретінде калыптасты.
Сонымен, дінтану - қазіргі кезде адамзаттың кешендік білімінің бір саласы.
Дінге деген анықтамаға келетін болсақ, ол күрделі құбылыс және осы кезге дейін беделді де, бір ауыздан беретін анықтама жоқ деуге болады. Әрбір діни және ғылыми өкілдер өздерінің білімдік саласына субъективті баға беріп дінді анықтайды.
Осылайша әр түрлі көзқарастарды жинақтап, екі топқа бөліп қарастыруға болады: дін адам санасының жемісі ме, жоқ, санадан тыс, адам ақылынан биік нәрсе ме? Философиялық тілмен айтқанда, дінге иррационалды (санаға сыйымсыз, логиканың заңына бағынбайтын) және рационалды (зерделі, санаға сыйымды) тұрғыдан анықтама беруге болады. Соңғы жылдары дінге деген әралуан көзқарастардың ішінен төрт бағыттағы топтар айқындала бастады: теологиялық, философиялық, ғылыми және мәдениеттің салалары.
Теологиялық анықтама. Теология (грек theos - қүдай және log - ілім, сөз, акыл,) Құдай туралы дін ілімі, белгілі діннің ілімдерін жүйелеу деген түсінік береді. Қандай бір теологиялық көзқарастың түрлері болмасын олардың бастарын біріктіретін бір тәсіл, иррационалдық көзқарас арқылы жүріп жатады.
Теологиялық анықтама бойынша, Құдай - реалды күш және адам өзінің өмір сүру процесінде онымен қатынас жасайды. Дін дегеніміз - Құдай мен адамның кездесуі деп түсіндіреді. Себебі дін дегеніміз (лат.се: religiaze) - байланыстыру сөзі арқылы анықталады дейді. Олардың айтуы бойынша, дін деген ұғым - Құдайдан келетін түсінік. Дін арқылы адам Құдаймен байналыс жасайды. Теологиялық көзқарас бойынша діннің не екенін былайша анықтайды: теология Құдай туралы білім болғанымен, теология Құдайдың болмысын зерттемейді, ол Құдайдың өсиетін зерттейді. Ол өсиетті күмәнсіз сенуге, қабылдауға шақырады. Сондықтан, теология дегеніміз Құдай туралы ілім емес, ол - Құдайдың айтып кеткен өсиеттері туралы білім. Басқаша, теология. Құдайдың сөзі емес, ол Құдайдың сөзі туралы сөз болғандықтан, теология адамның ақылын, ой-парасатын Құдайдың өсиеттерін түсіндіру үшін қолдану керек екенін көрсетеді. Осыдан, теологияның өзі догма емес, дамитын ғылым есебінде қарастырылады. Теология арқылы адамның ақыл жолдары, логикалық көзқарастары сол бір биік сенімге, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz