Ежелгі ақындар шығармаларын талдау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

«Адам-ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» дейді тоғызыншы қара сөзінде ұлы кемеңгер Абай. Ақын айтқандай естіп, көріп, ұстап көрген дүниеммен азда болса бөліссем деймін. Жалпы әдебиет әлемінде ең басты талап - ешкімді қайталамау, ешкім жазбағанды жазу. Бұл ақиқат. Ал қазақ әдебиетінде поэзия басым секілді көрінеді маған, ия қазіргі таңда ақындардың жырларын насихаттайтын түрлі мүшайра, байқаулардың көптігі аса қуантарлық жағдай, осы басымдылықты сақтап, әрі дамыта түсу міндетіміз. Проза жағынан қазақ әдебиетінде тартыс аздау, сондықтан қаламгерлердің әдеби процеске қосқан үлестерін өз уақытында бағалап, қадіріне жете білуіміз қажет. Осыған қарамастан төл әдебиетіміз бен прозаның дамуына, оның ішінде жаңа толқын бар, талай қаламгерлер жанашырлықпен, нәтижелі еңбек етіп келеді. Солардың бірі - адалдық пен әділдікті, ізгілік пен бауырмалдылықты, шынайы сүйіспеншілік пен махаббатты, батылдық пен тапқырлықты өз еңбектеріне арқау еткен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Өріс Яшүкірқызы. Мен жазушының «Жіп тұзақ» атты дедективті әңгімелер жинағын оқып шықтым. Дедектив жанрды көпшілік ғалымдар қазақ қоғамына тосын жанр ретінде қарайды. Сондықтан, бұл жанр-қараша қазақ ортасынан өз орнын ойып тұрып орын алды деп айта алмаймыз. Себебі, дедектив шығармаларда оқиға алдыңғы қатарға шығып кетіп, кейіпкер образы солғын суреттелуі, әлеуметтік-моральдық тартыстардың аздығы, бейнелі суреттердің кездесе бермейтіні шығарманың көркемдігіне әсерін тигізеді деп есептейді. Бірақ мен Ө. Яшүкірқызының шығармаларындағы кейіпкерлер солғын деп айта алмас едім, себебі әрбір әңгімеден кейіпкерлердің нақты мінездемесін көре аламыз, байқап қаламыз.

Шығармаларының ерекшелігі- көркемдік тәсілдерге аса мән бермей, шынайы оқиғаларды негізге ала отырып, кейіпкерлердің түрлі образдарын бір-бірлеріне ұқсатпай жасап шығарғандығы. Оқиғалар тілге жеңіл, қызықты, қысқа, түсінікті. Сондай ақ, ең қызығы кітаптағы он бес әңгіменің барлығы 1967-2017 ж. ж. аралығындағы шын өмірде болған тек әйел адамдардың қылмыстық істері жайында. Жазушы өз әңгімелерінде нәзік жан иелерінің тұрмыстық жағдайлардағы, қызметтегі ары мен намысына жасалатын әртүрлі үстемдіктер, олардың ерікті және еріксіз түрде қылмыстық іске баруға мәжбүрліктерін шытырман оқиғалармен байланыстыра шынайы суреттеген.

“Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дің үздік жас ғалымы» (2014 жылы), философия ғылымдарының кандидаты Өмірбекова Әлия «Эстетика» кітабында реализмнің жеті бағытын (1. ХІХ ғ. сыни реализм ; 2. Социалистік реализм; 3. Шаруалық реализм ; 4. Неореализм ; 5. Сиқырлы реализм ; 6. Психологиялық реализм; 7. Интеллектуалды реализм) атап көрсетсе, солардың ішінде неореализм бағыты Өріс Яшүкірқызының әңгімелерінен ерекше басымырақ көрініс табады. Әлия Өмірбекова еңбектерінде: «Неореализм - ХХ ғасырдағы реализмінің көркем бағыты. Негізгі ерекшеліктері : неореализм халықтан келген адамға, қарапайым адамдардың өміріне ерекше қызығушылық танытты; екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өмірге енген элементтерді байқап көру және бекіту болып табылады. Неореализм туындылары гуманизм идеяларын, қарапайым өмірлік құндылықтардың маңыздылығын, адам қатынастарындағы ізгілік пен әділдікті, адамдардың тең құқылығы мен олардың қадір-қасиетін мүліктік жағдайына қарамастан бекітеді. » деп атап көрсетеді.

Жазушының шығармаларының бірі- «Жан құпиясы» әңгімесінен неоромантизм бағытын айқын байқауға болады. Басты кейіпкер-Жанар Бекеновна облыстық аурухананың білдей хирургі, жауапкершілігі мол, ерлерден артық қызмет етіп келе жатқан жан. Кейіпкер-басты қаһарман, оны мінез-құлқы мен шешімдеріне тәуелсіз, өзін-өзі жетілдіретін және өзін-өзі қамтамасыз ететін адам ретінде сипаттайды. Бірақ әңгімедегі қанды қол қылмыскерде, осы кейіпкер- отыз екі жастағы Жанар Бекеновна. Өткен өмірінде он сегізге әлі толмаған кішкентай Жанар 1998 жылы өз қолымен үш ер адамды өлтіреді. «Ақ көңілділіктің, кісіге сенгіштіктің, адалдықтың, тазалықтың қаншалықты шектеулі екенін ешкім білмейді екен ғой. Жанар еш бөтен ойсыз машинаның артқы жақ салонының ашылған есігіне тақай бергенде ішкі жақтан бір әлеуетті қол өзіне Жанарды тартып алды. Жуан жалпақ алақан Жанардың аузын басты. Басын бірнәрсемен жапты, иісі қандай еді, жаман» деп еш жазықсыз жас қыздың қалай құрыққа түскенін сипаттайды, одан әрі «Қолындағы скальпелді шалқасынан қаннен қаперсіз жатқан жігіттің тамағына аямай сүңгітті. Шапшыған қан машинаның төбесіне атқылады. Жанар өзін қорлаған еркектердің әр мүшесін кескілеп бөлуге бар-тын. Киіз үйдегі қорылға басқан дивандағы ересек еркекті, төменде босаға жақтағы екінші еркекті дәл осылай скальпелдің жүзімен тамақтан орды. «Дәл қазір мені ұстап алып түрмеге қамаса еш өкінбеймін» деді сосын ішінен» деген жерінде жас қыздың бойынан мана айтылған нәзіктік, жастықты көре алмайсың, қатал тағдырға қасқайып қарсы тұрған, айбатты, қырық жанның иесін көргендеймін. «Байыған қазақтардың еріккен кезінде қыздар ұстап алып, саяжайда жасайтын зорлықтарын сол маңайдағылардың көбісі сезеді екен. Сезе тұрса да зияны тиіп кетіп жүрер өзімізге деп үндемеген. Үш адамның өлімі отбасыларына белгілі болды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ дәстүрлі жазба әдебиеті және кітаби ақындар шығармашылығы (ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басы)
Әуелбек Қоңыратбаев - әдебиеттанушы ғалым
Ақын жыраулардың мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойлары
ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (тақырыптық, жанрлық және көркемдік)
Түркі халықтары әдебиеті
XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі нәзиралық шығармалар
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы мен зерттелуі
Қазақтың кәсіби әдебиеті
Жамбылдың Жабаевтың дастандары
Ш. Құдайбердіұлы шығармашылығындағы нәзирагөйлік дәстүр жалғастығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz