Оқыту - ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Өзін өзі тексеру сұрақтары;
ПМНО - 31 Зұлпыхар Гүлнаурыз
Оқыту - ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі бойынша, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымдықты, өнегелі-әдепті көзқарастарды дамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі. Қазіргі заман түсінігі бойынша оқыту үрдісінің келесі белгілері бар:
1. екі жақты сипаты;
2. оқытушы мен оқушылардың бірлескен әрекеті;
3. оқыту жағынан басқаруы;
4. арнайы жоспарланған ұйымдастрыу мен басқару;
5. бүтіндік пен бірлік;
6. оқушылардың жас дамуының жас ерекшеліктеріне сәйкестігі
Оқу үрдісі - оқытушы мен оқушы арасындағы мақсатты түрде ұйымдастырылған, және де білім беру, далеу, тәрбие мәселелерді шешуге бағытталган өзара байланыс.
Білім -- адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының, т.б. жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады. Ол сана, таным, объективті әлем, субъект, ойлау, логика, ақиқат, парасат, ғылым және т.б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланыста әрі солар арқылы анықталады. Білім философия мен рационалды білім пайда болғаннан көп бұрын дүниеге келген. Ежелгі мәдениетте Білім адамның әлеммен және қауымдастық ішіндегі қатынастарын реттейтін аңыздар, салт-дәстүрлік жарлықтар мен нормалар, тыйым салулар пішімінде болды. Мұнда Білімді аруақтар, рухтар, ата-бабалар, кейініректе, құдайлар сыйға тартқан қасиетті нәрсе деп түсінген. Сондықтан Білім қауіп-қатермен байланысты деп, онымен тек адамдардың ерекше тобы -- дінбасылар, діни қызметкерлер ғана шұғылданған. Ежелгі мәдениетте Білім мен сенімнің, ақиқат пен жалған түсініктің арасында айырмашылық жоқ. Мұнда қасиетті Білім үстемдігі абсолютті деп танылады. Білімнің әлеум. мәртебесі мен мәні отырықшы, техникалық-урбанистік қоғам типіне өтуге байланысты түбегейлі өзгерді. Қала адамы өзін көпшілікпен бірге тұру ережелері мен нормаларының иесі, Білімнің жаратушысы мен билеушісі деп санады. Білімнің айрықша пішімі ретінде рационалды Білім идеалын қалыптастырған философия туындады. Философиялық ақиқат пен ақиқат емес ілімдер айырмашылығын енгізіп, дәлелдеудің айрықша түрлерін, негіздеу мен дәлелдемелік ұғымдарды қалыптастырды. Философия шеңберінде айрықша пән -- ақиқат ойлау ережелері мен заңдарын қалыптастыратын логика туындады. Білім логикалық ойлаудың объектісіне, мақсаты мен мұратына айналды. Өркениетті қоғамда Білім билікпен тұтасып, қоғамды басқарудың құралына айналуда. Білім алу тұлғаның қалыпты әлеуметтенуінің және билік құрылымына енуінің міндетті шарты болып, оның қажеттілігінен Білім беру институттары туындады. Платонның "билеуші-философ" идеалы -- (білімді әрі оған сай басқарушы ел басы) қазіргі "ақпараттық қоғамда" өзінің көрінісін тапты, яғни билік Білімнің қазіргі формасы -- ақпаратты иелену ретінде айқындалуда; қ. Таным теориясы.
Тәрбие, тәлім-тәрбие - жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.
Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Математика ғылымы
Математика (грекше: μάθημα -- ғылым, білім, оқу; μαθηματικός -- білуге құштарлық) -- әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формалары, оның ішінде -- структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым. Ол абстрактілендіру және логикалық қорыту, есептеу, санау, өлшеу және физикалық нәрселерді жүйелі түрде орнықтыру, бейнелеу мен өзгерістерді оқыту арқылы көрініс табады. Математиктер жаңа тұжырымдамаларды сипаттайтын осы түсніктерді ретімен таңдалып алынған аксиомалар мен анықтамаларды пайдалана қорыта отырып зерттейді.
Математика тарихын бірнеше кезендерге бөлуге болады:
Математика даму тарихы төрт кезеңге бөлінеді:
Математика (грек - білім, ғылым) - ақиқат дүниенің сандық қатынастары мен кеңістіктегі пішіндер жайлы ғылым. Математиканың даму тарихы шартты түрде төрт кезеңге бөлінеді.
Бірінші кезең математика, білім дағдылардың қолдану, жинақтау дәуірі. Ол ерте кезден басталып, б.з.б. 7 - 6 ғасырларына дейін созылады. Бұл дәуірде математика адамзаттың өмір тәжірібисіне тікелей тәуеді болды, солардан қорытылған ережелер жинағынан құралды.
Екінші кезең математиканың өз алдына дербес теория, ғылым болып тууы, қалыптасу кезеңі. Мұнда, көбінесе, сандар, скамярлық шамалар және қарапайым геометриялық фигуралар қарастырылды. Математика зерттейтін шамалар (ұзындық, аудан, көлем т.б.) тұрақты болып келді. Осы уақыттарда арефметика, геометрия, алгебра, тригонометрия және математикалық анализдің кейбір элементтері пайда болып, айрықша теория пән ретінде қалыптасты. Математика сауда саласында жер өлшеуде, астрономияда, архитектурада қолданыла бастады. Бұл кезең тұрақты шамалар математикасы, элементтер матиматикасы кезеңі деп те аталады. Ол екі мың жылға жуық мерзімге созылып, шамамен 17 ғасырда аяқталды.
Үшінші кезең айнымалы шамалар математикасы немесе жоғарғы математиканың (математика, анализ, геометрия, т.б.) туу, қалыптасу кезеңі 17-18 ғасырдағы жаратылыстану мен техниканың жылдам дами бастауы математикаға қозғалыс пен тұрақсыздық идеяларын айнымалы шамалар және олрдың арасындағы функционалдық тәуелдік түрде енгізу қажеттілігін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері
Педагогикалық диагностика және оқытудың түрлері
Оқытудың негізгі түрлері. Міндетті оқыту
Деңгейлеп саралап оқыту жайлы мәлімет
Пән мазмұнына қатысты педагогикалық, психологиялық тірек терминдер
Оқыту түрлері және құрылымы
САН ЕСІМДІ ПРОБЛЕМАЛЫ ОҚЫТУ
Оқыту түрлерін анықтау
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту үдерісінің мәні, оның міндеттері мен құрылымының әдістемесі
Оқытудың белсенді оқыту әдістері
Пәндер