Отандық телеарналардағы сұхбат бағдарламаларының өзектілігі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Торайғыров университеті

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Отандық телеарналардағы сұхбат бағдарламаларының өзектілігі

Орындаған: Әлібек Сабина

Тобы: ЖУР-301

2022 жыл

Курстық жұмыстың мазмұны

  1. КіріспеЗерттеу жұмысының өзектілігі . . . 2Зерттеудің мақсаты . . . 3Зерттеудің міндеттері . . . 3Ғылыми жұмыстың құрылымы . . . 3Зерттеу әдістері . . . 3
  2. Негізгі бөлім.

2. 1. Қазақ телевизиясының тарихы . . . 3

2. 2. Қазақ телевизиясының жарқын жұлдыздары . . . 6

2. 3. Тележурналистиканың қоғамдық қызметі . . . 9

2. 4. Қазіргі қазақ телевизиясы . . . 12

  1. Қорытынды . . . 15
  2. Әдебиеттер тізімі . . . 15

Зерттеу жұмысының өзектілігі.

Қазіргі таңда аз уақыт ішінде адамға көп ақпарат беруді мақсат ететін журналистикада, заман талабына сай ақпараттық жанрлар алға шығуда. Бүгінгі сұхбат оқырманға да, тыңдарманға да, тіпті көрерменге де журналист - интервью алушының көріп-білген әңгімесін тікелей және тез жеткізетін жанр болып табылады. Бір жағынан, сұхбат - жанрлар жүйесінде көпқырлы позицияға ие, күрделі және жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Сондықтан қазіргі отандық телеарналардағы сұхбаттық бағдарламалардың алатын орны мен оның түрлілігін анықтау тақырыптың өзектілігін көрсетеді.

Отандық сұхбаттық бағдарламалардың жанрлық, тілдік, стильдік ерекшеліктері, ұлттық дәстүрмен сабақтастығы, тақырыптық жаңашылдығы, көркемдік, публицистік деңгейі жан-жақты зерттеліп, тұжырымдалды. Қоғамдық пікір қалыптастырудағы хабарлардың тиімділігін, пәрменділігін арттырудағы шығармашылық ізденістер сөз етіліп, сұхбат бағдарламалардың шын мәнінде жастардың көзі мен құлағы және тілі (А. Байтұрсынов) бола білгендігі, халықтық сипатының басымдығы нақты деректермен дәлелденді. Сұхбат бағдарламалардың ерекшеліктері айқындалды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері

Жұмыстың негізгі мақсаты - Қазақстандағы сұхбаттық бағдарламалардың қалыптасуы мен даму жолдарын айқындап, жанрлық ерекшеліктеріне талдау жасау. Бұл тұрғыда мынадай негізгі міндеттер күн тәртібіне қойылды:

  • сұхбаттық бағдарламалардың бүгінгі таңдағы жай-күйін ғылыми тұрғыда бағалау, ондағы даму үрдістерін анықтау;
  • телевизиядағы жаңашыл әдістердің телеарналардағы сұхбаттық бағдарламалар қызметінде қолданылуын саралау;
  • телевизиялық сұхбат бағдарламаларға талдау жасай отырып, сұхбаттың жанр ретіндегі ерекшеліктерін анықтау;
  • отандық телеарналардағы сұхбат бағдарламалардың өзгешеліктерін анықтау;

Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, сауалнамадан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Зерттеу әдістері:

1. дереккөздермен жұмыс;

2. интернет материалдарын қолдану;

3. баспасөз беттерінен деректер іздеу;

4. табылған, қол жеткізілген материалдарды талдау, талқылау, ой елегінен өткізу, салыстыру, т. б.

5. сауалнама арқылы

Сауалнамалық әдістің даусыз артықшылығы болып бұқаралық мәліметтерді тез арада алу болып табылады, ол өз кезегінде оқу-тәрбие үрдісінің сипатына байланысты жалпы өзгерістерді қадағалауға мүмкіншілік береді. Сауалнама әдісінің кемшілігі - көрсеткіштік факторлардың тек қана беткі қабатын ғана ашуы: сауалнама мен сұрақтардың көмегімен алынатын мәліметтер зерттеушіге көптеген психологияға жататын заңдылықтар мен себептік тәуелділіктерді ашып бере алмайды. Сауалнама алу - бұл біріншілік бағыт-бағдар алу құралы, алдын-ала барлау жасап көру құралы. Сауалнаманың жоғарыда аталып кеткен кемшіліктерінің орнын толтыру үшін осы әдісті көбірек мәлімет алуға көмектесетін басқа да әдістермен бірге үйлестіру керек, сонымен қатар сыналушылардан сұрақтардың түпнұсқалық мәнін жасырып, қайталамалы сауалнама жүргізу керек.

Сауалнама 11 сұрақтан тұрады. Сауалнама Google формасында жүргізілді. Сауалнамаға 30 адам қатысып, сұхбат бағдарламаларын қаншалықты көретіндіктерімен бөлісті. 15-тен 25-ке дейінгі жас аралығында 18 адам, 25-тен 35-ке дейінгі жас аралығында 12 адам қатысты. Сауалнама анонимді түрде өтті.

Сауалнаманың нәтижесі бойынша респонденттердің көпшілігі теледидарды көп көрмейтіндіктерін байқадық. Сұхбаттық бағдарламарды көбі көре бермейді. Тіпті кейбір сұхбат бағдарламардың атын да білмейді. Көбінесе жаңалықтар мен спорт бағдарламарын тамашалайды.

Сауалнама

«Сіздің жасыңыз?» деген бірінші сұрақ бойынша барлық 30 респонденттің 18-і (60%) 18-ден 25-ке дейін, 12-і (40%) 25-тен 35-ке дейін деп жауап берді. Ал 35-тен 50-ге дейін және 50-ден жоғары жас аралығында қатысушылар жоқ екенін көрсетті.

«Сіз теледидарды қаншалықты жиі көресіз?» деген сұраққа 8 адам (26, 6%) «бір сағаттан үш сағатқа дейін», 3 адам (10%) «күніне үш сағаттан артық», 12 адам (40%) «Күні бойы мүлдем қосылмайтын кездер болады», 4 адам (13, 3%) «Күніне бір сағатқа дейін», 3 адам (10%) «Қарамаймын» деп жауап берді.

«Сіз әдетте теледидарды қай уақытта көресіз?» деген сұраққа 10 адам (33, 3%) «Ішім пысқанда және (немесе) істейтін ештеңе болмаған кезде», 5 адам (16, 6%) «Егер бос уақыт болса, көбінесе таңғы ас, түскі ас немесе кешкі ас кезінде», 3 адам (10%) «Алдын ала телебағдарламаны оқып, нені көргіңіз келетінін біле отырып», 2 адам (6, 66%) «Бірден үйге келгенде», 10 адам (33, 3%) «Қарамаймын» деп жауап берді.

«Сіз қандай отандық телеарналарды көресіз?» деген сұраққа 14 адам (46, 6%) «Мен тек шетелдік арналарды көремін», 1 адам (3, 33%) «Еларна», 4 адам (13, 3%) «Қазақстан», 3 адам (10%) «Хабар», 5 адам (16, 6%) «Спорт кз», 3 адам (10%) «Көрмеймін, біздің арналарға уақыт жетпейді» деп жауап берді. Бір де бір адам (0%) «Абай» және (0%) «Қазақ тв» арнасын көрмейтіндіктерін айтты.

«Сізге қай жанрдағы бағдарламалар ұнайды?» деген сұраққа 6 адам (20%) «Ойын-сауық бағдарламалары (әзіл, шоу, музыкалық, сериалдар) », 8 адам (26, 6%) «Спорт», 3 адам (10%) «Танымдық бағдарламалар, танымал ғылыми бағдарламалар», 13 адам (43, 3%) «Жаңалықтар» деп жауап берді

«Отандық телеарналарда берілетін сұхбат бағдарламалар қажет пе?» деген сұраққа 2 адам (6, 66%) «Иә, оң эмоцияларды алу үшін қажет», 8 адам (26, 6%) «Иә, мен жақсы көремін», 13 адам (43, 3%) «Мен тек жаңалықтарды көремін», 7 адам (23, 3%) «Жоқ, барлық сұхбат бағдарламалары мағынасыз» деп жауап берді.

«Отандық арналардағы сұхбат бағдарламаларды тұрақты көресіздер ме?» деген сұраққа 5 адам (16, 7%) «Иә, тұрақты көремін», 4 адам (13, 9%) «Жоқ, қарамаймын», 16 адам (54, 2%) «Кейде ғана», 5 адам (16, 7%) «Уақытым жоқ» деп жауап берді.

«Көрермендердің кітапқа деген қызығушылығын ояту, кітап оқуға үндеу мақсатындағы қандай отандық телеарнадан берілетін сұхбаттық бағдарламаны білесіз?» деген сұраққа 1 адам (3, 33%) «Үркер», 1 адам (3, 33%) «Сарасөз», 28 адам (93, 3%) «Білмеймін» деп жауап берді.

«Қандай сұхбат бағдарламаны жиі көресіз?» деген сұраққа 3 адам (10%) «Жарқын жүздесу», 1 адам (3, 33%) «Сарасөз», 5 адам (16, 6%) «Тәлім TREND», 10 адам (33, 3%) «Nur Tileý», 1 адам (3, 33%) «Үркер», 10 адам (33, 3%) «Жоқ, көрмеймін» деп жауап берді.

«Аталған бағдарламалардың қайсысын Дархан Әбдік жүргізеді?» деген сұраққа 2 адам (6, 66%) «Жарқын жүздесу», 8 адам (26, 6%) «Сарасөз», 7 адам (23, 3%) «Үркер», 13 адам (43, 3%) «Парасат майданы» деп жауап берді. Ал бірде біреуі «Тәлім TREND» пен «Nur Tileý» бағдарламаларын белгілеген жоқ.

«Сізге қандай сұхбат бағдарламалар ұнайды, қайсысы ұнамайды? » деген сұраққа 15 адам (50%) «Олар көп», 13 адам (43%) «Мен оларды білмеймін»

Сауалнама нәтижесі.

Сауалнама жүргізу барысындағы жоғарыдағы пайыздық өлшеу нәтижесінде сұхбат бағдарламаларының тұрақты көрермендері аз екеніне көзіміз жетті. Түрлі пікірлер білдіру арқылы көрермендер өз ойларын жеткізді. Осы сұхбат бағдарламалардың ішінен ең көрермені көп, әрі аудиториясы ауқымды бағдарлама «Nur Tileý», одан кейін «Тәлім TREND», үшінші орындағысы «Жарқын жүздесу». Әр бағдарламаның өзіндік аудиториясы, көрермені бар. Сондай-ақ әрқайсысы өзінше ерекше. Қорыта айтқанда, қазіргі таңда қазақтың көгілдір экраны сұхбат бағдарламаларының көбін шоу түрінде өткізеді. Себебі бұл форматы жағынан көрермен қалауына сай келеді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Курстық жұмысымда қазақ телевизиясының аса маңызды бағдарламаларының бірі саналатын сұхбат бағдарламалар қызметінің қалыптасу, даму жолдары сараланды. Сұхбаттық бағдарламалардың берілу ерекшеліктері қарастырылып, олардың отандық телевизиядағы көрініс табуы екшелді. Телевизиялық сұхбат бейнелілігімен жанрды байыта түсті. Дауыс ырғағы, тіл әсерлілігімен қатар, бейнелі образдар, қоршаған орта, интерьер көрінеді. Бейнелілік арқылы сұхбаттың телебағдарламада кең таралуы түсіндіріледі. Журналист үшін сұхбат, бір жағынан, ақпаратты иемденетін адаммен байланыса отырып ақпаратты алу тәсілі. Екінші жағынан, телевизиялық бағдарлама барысында сұхбат берушіге сұрақ қойып, оларға нақты, қисынды, толық жауаптар алу мақсатын көздейтін әңгімелесу, диалог түріндегі публицистикалық жанр. Тәжірибелі журналистердің айтуы бойынша, сұхбат берушінің көңілінен шығу үшін журналисте өзіндік рухани икем болу тиіс. Жас журналистер сұхбат алу барысында мынадай қателікке жол береді. Жауап беруден гөрі сұрақ қою жеңілірек деп ойлайды. Сұхбат - бұл бірлескен шығармашылықтың түрі. Оның жетістігі журналистке тікелей байланысты. Әңгімелесушімен сөйлескенде, оқырман, көрермен, тыңдарман қандай сұрақ қоятынын жорамалдау шеберлігі талап етіледі. Бұл үшін сұхбат алушы әңгімеге тыңғылықты дайындалса ғана жетістіктерге қол жеткізеді. Деректермен танысу барысында алдын-ала қойылатын сұрақтарды дайындап, кейіпкердің мінез-құлқы, өмірлік ұстанымы туралы туыстарынан, достарынан сұраған жөн.

Сұхбат жанр ретінде телеэкранда ерекше орынды иеленеді. Кез-келген жаңалықты білу үшін журналист құзіретті тұлғаға сұрақ қояды, әртүрлі оқиғалардың қатысушыларымен араласып, маңызды оқиғалар туралы адамдардың пікірлерін сұрайды. Сұхбат - көптеген күрделі телевиялық пішіндердің міндетті элементі. Жеке бағдарламаны дайындау барысында да бұл жанр жиі қолданылады. Жұмыста Қазақстандық телеарналардың эфир кестесінен тұрақты орын алған сұхбаттық бағдарламалардың шығарылымдары, сұхбаттық бағдарламаның рейтингтік көрсеткіштері, сұхбаттық бағдарлама жүргізушілерінің журналистік этикасын ғылыми тұрғыдан сарапталып, талдаулар жасалды. Курстық жұмысында Қазақстандағы сұхбаттық бағдарламалардың қалыптасуы мен даму жолдарын айқындалып, жанрлық ерекшеліктеріне талдау жасауға талпыныстар жасалды. Сонымен қатар сұхбаттық бағдарламалардың бүгінгі таңдағы жай-күйін ғылыми тұрғыда бағалаланып, ондағы даму үрдістерін анықталды. Отандық сұхбаттық бағдарламалардың жанрлық, тілдік, стильдік ерекшеліктері, ұлттық дәстүрмен сабақтастығы, тақырыптық жаңашылдығы, көркемдік, публицистік деңгейі жан-жақты зерттеліп, тұжырымдалды. Қоғамдық пікір қалыптастырудағы хабарлардың тиімділігін, пәрменділігін арттырудағы шығармашылық ізденістер сөз етіліп, сұхбат бағдарламалардың шын мәнінде жастардың көзі мен құлағы және тілі (А. Байтұрсынов) бола білгендігі, халықтық сипатының басымдығы нақты деректермен дәлелденді. Сұхбат бағдарламалардың ерекшеліктері айқындалды. Сонымен қатар жұмыста сұхбат бағдарлама көрермен сұранысына ие болатын, рейтингтік көрсеткіші алдыңғы қатарда тұратын телеөнім екендігі айқындалып, аталмыш бағдарламалардың бүгінгі таңдағы жай-күйін ғылыми тұрғыда бағалап, даму үрдістерін анықталды. Телеарналардағы сұхбаттық бағдарламаларға барлау жасай отырып, бағдарламалар қызметінде телевизиядағы жаңашыл әдістердің қолданылуы сараланды, сонымен қатар телевизиялық сұхбаттың жанр ретіндегі ерекшеліктері анықталды. Қорыта айтқанда, бүгінде көрермен сұранысы заман ағымымен бірге өзгеріп отыратынына анық көз жеткізуге болады. Қазіргі таңда қазақтың көгілдір экраны сұхбат бағдарламаларының көбін шоу түрінде өткізуге тырысушылық байқалады. Өйткені бұл форматы жағынан көрермен қалауына сай келеді деп айтуға негіз толық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан ұлттық телеарнасы мен тәуелсіз КТК, НТК, 31 телеарналарындағы бағдарламалардың өзіндік ерекшеліктері
Азамат жастар бағдарламасының жүргізушісі
Республикалық телеарналар және олардағы авторлық телебағдарламалар әлеуеті
«Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы ойын-сауық бағдарламалары
Қазіргі қазақ тележурналистикасының тілі
Хабар арнасындағы тележүргізушілер мектебі
Руханият – адам жанының азығы
Ток - шоудың басқа бағдарламалардан артықшылығы
Телеарнадағы денсаулық бағдарламалары
Қазақстан телеарналарында сөз жанрларының прагмастилистикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz