Ірі қара туберкулез ауруы
ҚAЗAҚCТAН PECПУБЛИКACЫНЫҢ AУЫЛ ШAРУAШЫЛЫҒЫ МИНИCТPЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Ветеринария факультеті
Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы:Ірі қара туберкулезында мал өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау және бағалау
Дайындаған: Жұмахан Н.
Тобы: ВМ-505
Тексерген: Ергумарова М.О.
Алматы-2022
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1. Ірі қара туберкулез ауруы
2.2. Сояр алдындағы диагностика.
2.3. Сойғаннан кейiнгi диагноз.
2.4. Санитариялық бағалау.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ветеринарияның міндеті мал шаруашылығының ветеринариялық тазалығын сақтау адамдардың денсаулығын мал мен адамдарға ортақ аурулардан қорғау, жоғары сапалы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру территорияның малдардың аса қауіпті ауруларының сақтандыру.
Мал дәрігерлік-санитарлық сараптау - мал шаруашылығы өнімдерін дайындау технологиясын қадағалай отырып, алынған ет пен ет өнімдері сүт пен сүт тағамдары және шикізаттарды, сондай-ақ тағам ретінде пайдаланатын балық, көкөніс, бал, т.б. өнімдерді тиісті санитарлық тексеруден өткізіп, олардың сапасына нақтылы баға беру тәсілдерін толық
Ветеринарлық ғылымның өзекті мәселелерінің бірі - бұл ірі қара малының ауруынан толығымен сауығуы болып табылады. Қазіргі кезде туберкулез ауруы әлі де мал шаруашылығы саласына экономикалық шығын әкелуде және күрделі эпидемиологиялық қауіп тудыруда. Ірі қара туберкулезімен күресу жолының жетістіктері келесілермен анықталады: ауруды зерттеу деңгейімен; диагностикада қолданылатын тиімді әдістер және құрал- жабдықтарымен; ауылшаруашылықтың құрылу мүмкіндігімен; материалдық қамтамасыздандырумен; алдын алу және сауықтыру шараларды ұйымдастырумен.(1882) ашқан болатын, ол ең бірінші рет аллерген- туберкулинді дайындады (1890). 1924 жылы А. Кальметт және С. Герен адам туберкулезін өзіндік алдын алу ҥшін БЦЖ вакцинасын (BCG - Bacterium Calmett-Guerin, Кальметт-Герен бактериясы) жасап шығарды.
Негізгі бөлім
Туберкулез (лат. Tuberculosis, грек. Phthisis) - созылмалы түрде өтетін, әр түрлі мүшелер мен ұлпаларда өзгеше іруге бейім бұдырмақтар (туберкулалар) пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Тарихи деректер. Жер бетінде адамның пайда болуынан едәуір бұрынғы дәуірге жататын археологиялық қазбаларда жануарлар сүйегінде туберкулезге тән өзгерістер табылған. Өте ерте заманда бұл ауру Мысыр, Үндістан, Қытайда белгілі еді. Ертедегі Грекия мен Римде туберкулез туралы жазба деректерді Гипократ (б.д.д. 4 ғ.), Гален т.б. қалдырды. Дәрігерлер сол кезде-ақ бұл аурудың жұқпалы екендігін білген, әсіресе Орта Азиялық дәрігер Әбу Әлі Ибн Сина (11 ғ.) аурудың жұғу жолдарына дейін тәптіштеп жазып қалдырды.
Ғылыми тұрғыдан туберкулез кезінде әр түрлі ағзаларда болатын өзгерістер және аурудың жұқпалылығын эксперимент арқылы дәлелдеу 17-19 ғасырларда кеңінен зерттелді. Бұл зерттеулердің ең биік нәтижесі 1882 ж. неміс ғалымы Р. Кохтың аурудың қоздырушы микробын ашуы болып табылды. Сонымен бірге, Р. Кох 1890 ж. туберкулинді ашты. Басында оны ғалым емдік, кейіннен басқадай пікірге келіп, диагностикалық дәрмек ретінде ұсынды. Ғылымның тағы бір үлкен жетістігі - 1921 ж. Францияда Кальмет пен Гереннің БЦЖ деп аталған туберкулезге қарсы вакцинаны алуы еді. Бұл үшін ғалымдар 13 жыл бойы ауру қоздырушысының сиырға тән түрін ет қосылған глицеринді картопта 230 мәрте ауыстырып сепкен еді. Вакцина адамды туберкулезге қарсы иммундеу үшін қолданылады.
Қоздырушысы. Туберкулездің қоздырушысы Mуcobacterium туыстығына жатады. Бұл туыстыстықта ауру қоздыратын микробтың негізгі үш түрі бар: M.tuberculosis (адамды ауыртады), M.bovis (ірі қараны - I.2-сурет), M.avium (құсты). Сирек кездесетін 4-ші түрі - M.piscium балықты ауруға шалдықтырады. Жалпы алғанда бұл микробтың 31 түрі бар деп есептейді. Олардың 18-і қоректік ортада баяу өседі, 10-ы жылдам өседі, ал үшеуі ерекше жағдай қажет ет етіндіктен жасанды қоректік ортада өспейді.
Микобактериялардың жоғарыда келтірілгендерінен басқа түрлері потенциалды зардапты немесе зардапсыз болып есептеледі. Микробтың атиптік (телімсіз), яғни әдеттегіден өзгеше түрлерге жатқызылатын бұл түрлері адамды микобактериоз деп аталатын дертке шалдықтырады, ал жануарларда параллегиялық реакциялар тудырады. Раньонның жіктемесі бойынша M.avium атиптік микобактерияларға жатады.
Микобактериялар жіңішке, аздап иілген таяқшалар, кейде бұтақтанған, жіпше созылған немесе коктар тәрізді дөңгеленген бөлшектері болады. Грам әдісімен нашар боялса да, грам оң болып есептеледі. Қозғалмайды, спора мен капсула түзбейді. Айрықша қасиеті - қышқылға төзімділігі, ол микробтың құрамында микол қышқылының болу нәтижесі. Циль-Нильсен әдісімен бояудың зор диагностикалық мәні бар. Бұл әдіс бойынша микобактериялар ашық қызыл, ал басқа микробтар көк түске боялады.
Туберкулездің қоздырушысы түбегейлі ауасыбағалы микробтарға жатады. Ол құрамында глицерин бар қоректік орталарда жақсы өседі. Өсіру үшін глицеринді ЕПС мен ЕПА, Петраньянидің, Левенштейн-Иенсеннің, Гельбергтің, Сатонның қоректік орталары қолданылады. Микобактериялар өте баяу өседі: адамға тән түрі 20-30 күн өткен соң, сиырға тән түрі 20-60, құсқа тән түрі 11-15 күнен соң өсін береді.
Төзімділігі өте жоғары. Өсіндіде 8-10 ай өткен соң өледі. Қақырықта 5- 6 ай, ірі қараның тезегінде жазғы жайылымда 2 ай, қысқы уақытта 5 ай, кей жағдайда одан да ұзақ сақталады. Ең төзімді түрі - M.avium. Кептіруге, шіруге, төменгі температураға өте төзімді. Күн сәулесі және жоғары температура тез жойып жібереді.
Туберкулездің қоздырушысы дезинфектанттарға төзімді. Зарарсыздандыру үшін хлорлы препараттар, олардың ішінде хлораминнің 3-5% ерітіндісі, 5% белсенді хлоры бар хлорлы әк, формальдегидтің сілтілік ерітіндісі (3% формальдегид және 3% күйдіргіш натрий) пайдаланылады. Қораны зарарсыздандыру үшін хлорлы және жаңадан сөндірілген әкпен ағартуға болады.
Індеттік ерекшеліктері. Туберкулезге 50-ден астам үй және жабайы хайуандар, 20-дан астам құстар шалдығады, олардың ішіндегі ең сезімталдары: теңіз тышқаны, маймыл, ірі қара және тауық. Бұларға жуық шошқа, марал, түйе, ал терісі құнды аңдардан - күзен тұрады. Сирек ауыратын жануарларға ешкі (табиғи жолмен жұққанда сирек, қолдан жұққанда жиі ауырады), ит, құстардан - қаз, өте сирек ауыратындарға қой, жылқы және мысық жатады. Туберкулезге адам аса бейім келеді.
Инфекция қоздырушысының бастауы - туберкулезбен ауырған жануарлар. Олар микобактерияларды нәжіспен, қақырықпен, сүтпен, сирегірек жағдайда шәуетпен бөліп шығарады. Ауру малдың бөлінділері сыртқы ортаны, қораны, ауланы, жайылымды, суатты ластайды. Сондықтан қоздырушының берілу факторларына жем, су, төсеніш, көң, т.б жатады.
Аурудың жұғуына малдың тығыз орналасуы қолайлы жағдай туғызады, сондықтан инфекция жануарларға қорада ұстаған кезде жұғады. Жайылымда аурудың таралуы сирек байқалады, сөйтсе де егер жаз салқын және жауынды болса, туберкулез жайылымдағы малға да жаппай жұғады.
Микобактериялар сау малдың денесіне ас қорыту жолы және тыныс жүйесі арқылы енеді. Бұзауға негізі сүтпенен алиментарлық жолмен, ал ересек малға сонымен қатар аэрогендік жолмен жұғады. Шошқа мен құсқа негізінен алиментарлық жолмен жұғады. Тауықтың жұмыртқасы арқылы одан шыққан балапанға трансоворияльдық жолмен де беріледі.
Аурудың тарауына ықпал жасайтын факторларға бағып күту жағдайлары жатады. Етті сиырлар жайылымда ұсталғанда өте аз ауырады. Егер оларды қорада байлап ұстаса ауруға төзімділігі күрт төмендеп, туберкулезге бейімділігі артады. Қорада ұстау өзінен өзі туберкулездің себебі болып табылмайды, егер қолдағы малды ретті түрде серуенге шығарып, жайып тұрса, онда мал жайылымдағыдай ауруға төзімді келеді.
Дерттенуі. Денеге енген ауру қоздырушысының төңірегіндегі торшалардың пролиферациялық өсуі және экссудат бөліп шығару нәтижесінде қабыну процестері өрбиді. Ол маңға көп ядролы алып торшалар мен эпителиоидты торшалар шоғырланып, олардың сыртын лимфоидтық торшалар қоршайды. Торшалардың арасында іркілген экссудат ұйып, фибриннен тұратын тор түзеді, соның нәтижесінде тамырсыз туберкулез бұдырмағы - туберкула пайда болады. Бастапқыда оның түсі бозғылт, формасы домалақ болып, үлкендігі түйреуіштің басындай немесе бидайдай болады. Біраздан соң бұдырмақ дәнекер ұлпалы капсуламен қоршалады. Капсуланың ішіндегі ұлпа қоректік заттар келмеген соң және микроб уының әсерінен бөлектеніп, ірімшік тәрізді құрғақ езілген массаға (казеоз) айналады.
Егер бастапқы туберкулез бұдырмағы тек қана қоздырушы енген жерде (өкпеде, ішекте) пайда болса, ондай шектелген ошақ бастапқы эффект деп аталады. Одан қоздырушы әдетте сөл арқылы маңындағы сөл түйініне барады да, онда да дерттік өзгерістер өршиді. Ағза мен оның маңындағы сөл түйінінің бір мезгілде зақымдануын алғашқы толық кешен деп атайды. Егер өзгеріске тек қана маңындағы сөл түйіні ұшыраса, онда процесс толық емес алғашқы кешен деп аталады.
Ауру зілсіз өрбігенде бастапқы ошақ әктеніп қатаяды да, оның сырты дәнекер ұлпалы капсуламен қоршалып, инфекция процесінің одан әрі өршуі шектеледі. Төзімділігі нашарлаған организмде қоздырушының бастапқы ошақта капсуламен қоршалуы әлсіз болады. Дәнекер ұлпаның жеткіліксіз мөлшердегі регенерациясының нәтижесінде туберкулез бұдырмағының қабы ыдырайды да, микобактериялар сау ұлпаға түседі. Оның нәтижесінде көптеген ұсақ, жартылай мөлдір бұдырмақтар пайда болады (милиарлық туберкулез). Ұсақ туберкулалар бір-бірімен қосылып, ірі туберкулез фокустарын түзеді. Бұл фокустардан микобактериялар қанға өтуі мүмкін. Ондай жағдайда дерт бойды жайлап (генерализация) әр түрлі ағзаларда (бауыр, көк бауыр, бүйрек, т.б) үлкендігі әр қилы туберкулез ошақтары пайда болады. Дерт өкпені ұзақ жайлағанда үлкен түберкулез ошақтарымен каверналар (қуыстар) пайда болады, олардың үлкендігі кейде жұдырықтай болады. Олардың айналасында тығыз дәнекер ұлпалы қапшық жетіледі. Туберкулез каверналары бір-бірімен бронхалар арқылы байланысуы мүмкін. Мұндай жағдайда олардың ішіндегі іріміктер жөтелген кезде қақырықпен сыртқа шығады. Туберкулез бойды жайлағанда өкпедегі ауқымды зақымның нәтижесінде газ алмасу бұзылады, эритроцит түзілуі тежеледі, анемия өрбиді, малдың күйі кетіп, өнімі азаяды, арықтап, ақыры өледі.
Сояр алдындағы диагностика. Iрi қараның туберкулезiнде көбiнесе өкпесi, iшектерi, сиырдың желiнi қабынады, сондай-ақ аурудың асқынған (генерализация) түрi кездеседi. Өкпесi ауырған мал қатты әрi ұзақ жөтеледi, әсiресе ол ертеңгi мезгiлде күшейедi, демiгедi, тыңдаған кезде оның өкпесiнен сырыл естiледi, дене қызуы көтерiледi. Плеврасы зақымданған малдың қабырғаларының арасын қолмен басқанда ауырсынады. Iшектерi қабынған мал тышқақтайды немесе iшi қатып шаншиды. Жүнi үрпиiп, малдың ұсқыны кетедi, оның терiсi табиғи жұмсақтығынан айырылып, қатаяды. Мал самарқауланады. Азық жеуi нашарлайды, бiрте-бiрте арықтайды.
Сауын сиырлардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz